Аллергиялық реакциялар Орындаған: Болат Арна 405 топ



бет4/4
Дата04.05.2023
өлшемі64,69 Kb.
#89839
1   2   3   4
Клиникалық көрінісі. Ангионеврозды домбықпа организм аллергенмен қатынасқа кіріскеннен кейін аз уақытта (5-10 минут өткен соң) дами бастайды және дененің кез-келген аймағында орналасады. Бет-жақ аймағында орналасқан кезде еріндер, мұрын аймағы, қабақ, тіл, кеңірдек және ауыз кілегей қабығы домбығып кетуі мүмкін.
Домбықпа кезінде лоқсу, құсу, бас ауруы, домбыққан аймақтың қатты қышуы, ысып-күюі, дірілдеп-қалтырау сияқты ыңғайсыздық белгілері мазалайды. Тілдің және ауыз кілегей қабығының домбығуы, дәм сезудің, сөйлеу және ас қабылдау қызметтерінің бұзылуына әкеп соғады. Тері мен кілегей қабық түсі аса көп өзгермейді, ал кейде қызарып немесе бозғылттануы мүмкін.
Жұмсақ таңдай, таңдай имектері, көмейдің кілегей қабығы домбыққан кезде тыныс алу қиындап, дауыс қарлығып, кейде дыбыс шықпай қалады. Дауыстың қарлығуы-көмейдің домбығуының ең ерте белгісі. Бұл кезде науқасты шұғыл аурухананың арнайы бөліміне жіберу немесе трахеотомия жасау керек.
Аллергиялық домбықпаның өзіндік ерекшелігі – біржақты (ассиметриялы) орналасуы, бір шыққан жеріне қайталап шыға беруі, және антигеннің әсері тоқтаған соң бірнеше сағаттан немесе 1-2 күннен кейін өз бетімен толық жойылып кетуі.

Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы (контактный аллергический стоматит-stomatitis contactilis allergic) Ауыздың жанаспалы аллергиялық қабынуы – баяу типті аллергиялық реакцияға жатады. Ауыз іші тіндерінде аллергиялық қабынуды туындататын көптеген себептерді атауға болады. Олар: металқұрамды пломбылар (көбінесе күміс амальгамасынан қойылған), тіс протездерінің құрамына кіретін металдар (кобальтпен, хроииен, палладиймен үйлестірілген никель), алмалы-салмалы протездер дайындайтын акрилді пластмассалардың құрамына кіретін заттар (мономер, бояулар, гидрохинон, үштік аминдер). Жанаспалы аллергия еріндер жиегінде косметикалық заттардан (ерінге жағатын далаптардан, майлардан), ауыз ішінде тіс тазалайтын ұнтақтар мен қойыртпақтардан, эликсирлерден дамуы мүмкін. Клиникалық көрінісі. Жанаспалы аллергиялық реакция көбінесе 5-7 күннен кейін, кейбір кездерде аллергенмен алғашқы қатынастан кейін бірнеше айдан соң дамиды. Аллергенмен жанасқан аймақта кілегей қабық қатты қызарып, ісінеді, ұсақ қан құйылу ошақтары (геморрагиялар) да байқалады. Кейде қызарған ошақтарда ұсақ көпіршік немесе күлбірек бөрткендер пайда болып, кейіннен жарылып, эрозиялы аймаққа айналады. Науқас адам ауыз ішінің белгілі бір аймағында ысып-қызу, күю, ашу, құрғау сияқты сезімдердің мазалайтынына, ал эрозияланған ошақтар пайда болған кезде ауыратынына шағымданады. Емі. Аллергиялық реакция туындатқан аллергенді организмнен аластату керек және болашақта организмге әсер ету мүмкіндігін болдырмауға тырысу керек. Ол үшін металқұрамды пломбылардың орнына басқа материалдардан пломба қойып, жаңа протездер (аллергендік қасиеті аз материалдардан) дайындау қажет. Десенсибилизациялаушы дәрілер тағайындап, жергілікті емді жарақат ошағындағы патологиялық үрдістің ауырлығына байланысты жүргізеді (ол шаралар ертеректе айтылған).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет