Алматы “Жазушы” 2013



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

96
кеткен соң, Қырмызы кию не керек. Бұл өмірдің мысалы, 
Кешегі көрген бүгін жоқ, Ұшып кеткен көбелек» немесе 
«Бұл  дүниеде  не  жетім?  Кім  керексіз  болса  сол  жетім. 
Хакімі әділ болмаса, Бұқара байтақ ел жетім. Басшысыз 
қалған  шәр  жетім.  Бақыты  тайған  би  жетім,  Қатынсыз 
қалған үй жетім. Сатып алған құл жетім, Құлдықта қалған 
ұл жетім»; «Рақатын көрмей жиған мал, Ұйқыда көрген түс 
«деген»; Жетпістен жасы асқанда, Сексенге аяқ басқанда, 
Жастар іздеп келмесе, Келіп сәлем бермесе, Күнінде асыл 
десең де, Қартайған соң ер жетім».
Қашаған  Күржіманұлының  поэзиясы  ХІХ  ғасырдың 
екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы өмір шындығын 
көркем  шындыққа  айналдырғандығымен,  қазақ  халқына 
жүргізілген  отарлау  саясатын  ащы  тілмен  сынауымен, 
тәуелсіздік идеясын көтеруімен құнды. Ақынның бейнелі 
образ жасауы, өлеңдерінде көркемдік құралдардың көптеп 
қолданылуы  ақын  шығармашылығының  көркемдік-
эстетикалық жетістігі.
Қ.Сыдиқов,  Х.Сүйіншәлиев  [7],  Ж.Тілепов,  А.Шәріп 
[8], М.Қосымбаев, А.Бүркітбаева және т.б. зерттеушілердің 
арқасында шығармалары ғылыми айналымға түсіп, ақын 
туындылары  халық  игілігіне  қызмет  етті.  І.Шыртанов, 
А.Әбдіров, С.Назарбекұлы және т.б. ағаларымыз жоғалт-
қанымызды түгендеп, Қашаған ақынның да шешен сөздерін 
жинап, ел игілігіне ұсынды.
Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар 
мен  сараң  байларды  аяусыз  әшкерелеп  («Есқали  сұпыға 
айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді 
(«Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік 
пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Із-
басқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай 
тегі»,  «Әзірет  Ғали»  дастандарында  халықтың  көне  ше-
жіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкел ген 
табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне ал-
ды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рө лін 
түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін 
ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын 

97
мол білген. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын 
«Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырларды ел 
арасына таратқан. Қашаған ақын шығармалары мерзімді 
баспасөз беттерінде («Әдебиет майданы», 1935, № 6, 75-
78  б.,  «Батыс  Қазақстан»,  23.ІХ.1964,  №  227,  т.б.)  және 
«Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Алматы, 1967), «Ақберген» 
(Алматы, 1972), «Өсиет наме» (Алматы, 1982), «Үш ғасыр 
жырлайды»  (ІІ  том,  Алматы,  1984),  «ХІХ  ғасырдағы 
қазақ поэзиясы» (Алматы, 1985), «Бес ғасыр жырлайды» 
(Алматы, 2-том, 1984, 1989) жинақтарында жарияланған. 
«Сараң  сұпыға»,  «Ұзатылып  бара  жатқан  қызға  берген 
батасы»  –  Жетібай  елді  мекенінің  тұрғыны,  Қашаған 
ақынның  немере  інісі  Көшен  Өсербаев  айтуы  бо йынша 
және  жазушы  Қажығали  Мұханбетқаливтың  ел  аузы нан 
жинаған нұсқасы бойынша жарияланып жүр. «Нұрым мен 
Қашаған айтысының» толық нұсқасы 1968 жылы Гурьев 
облысының Ембі ауданында тұратын шежіреші, жыршы 
Қайшыбай  Боқановтың  айтуынан  жазылған.  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясының  Орталық  ғылыми  кітапханасы 
қорында айтыстың екі үзіндісі сақтаулы (398-папка, 95-97 
б.,  жинаған  И.Ұйықбаев,  40-і  папка,  2-дәптер,  17-20  б.). 
«Атамекен»  жыры  алғаш  «Ақберен»,  кейін  «Үш  ғасыр 
жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жария-
лан ды.  Ақынның  інісі  Қ.Өсербаев  1928  жылы  ақынның 
өз айтуынан үйренген. Ерлер мінген сәйгүліктерді сурет-
теудегі  «Ебейдей  төсі  салынған,  Егеудей  тісі  жанылған. 
Шеңбердей белі бүгілген, Еңіреудей көзі үңілген», – деген 
жолдар Маңғыстау қазақтарының ауызекі тілін зерттеуші, 
филология  ғылымдарының  докторы  Сапарғали  Омарбе-
ков жинаған деректер бойынша толықтырылған. «Топан», 
«Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Ақберен» жинақтарында 
жарық көрді. Бұл дастанды да жаздырған Қ.Өсербаев 1928 
жылы  Қашағаннның  өз  айтуынан  үйренген.  Қазақ  ССР 
Ғылым академиясының ғылыми кітапханасы қорында сақ-
таулы. 1939, 1947 жылдардағы Маңғыстау экспедициясы 
материалдары бойынша толықтырылды: «Адай тегі». Қазақ 
ССР Ғылым академиясының орталық кітапханасы қорынан, 

98
398-папка, 102-122 беттер. Аңыз-хиқаяға мынадай түсінік 
берілген: «Кіші жүздегі Таз руынан шыққан» Қашқынбай 
ақын ел әкімдерінің көз қырына ілініп, біраз жыл бойы та-
салап, елге оралған соң, Көкжар жәрмеңкесіне келеді. Өзі 
Адайға жиен екен. Адайдың бір топ билері оның келгенін 
естіп амандасуға барады.
–  Е,  Қашқынбай,  сіз  көрмеген  есік-тесік  бар  ма?  Не 
көріп,  не  білдіңіз,  әңгіме  айтыңыз,  –  дейді  Мәтжан  би. 
Сонда Қашқынбай:
– Әңгіме сұрап отырған кісіні танымадым ғой, – дейді.
– Бұл Мәтжан деген ағаң, – дейді отырғандар.
–  Мәтжан  аға,  шежірешілер  Адай  мен  Таз  егіз  туған 
деседі. Кез келген адам Адайдың тегін сұрап жүргізбеді. 
Жеті-сегіз жыл есік-тесік қоймай шежіре іздедім, таба ал-
мадым. Ол жайында өзіңіз не білдіңіз?
– Екі-үш күннен соң билер базарға беттеп, кыдырып келе 
жатса, бір бұрыштан Қашқынбай шыға келіп:
–  Адай  билері,  кешегі  сұрағаныма  қашан  жауап  бе-
ресіңдер?– дейді. Екі жарылып, төрден орын береді. Сол 
кезде:
– «Жыршы, жыршы» деп төрден орын беріңдер, жыршы 
болса шежіре білетін болар. Адайдың тегін айтып берсін, – 
дейді.
– Құлағынды сал, Қашқынбай, мен қазір айтып бере-
йін, – деп Қашаған жырлай жөнеледі.
«Бекес байға» Қазақ ССР Ғылым академиясының орта-
лық  кітапханасы  қорынан,  398-папка,  152-153  беттер. 
1947 жылы тапсырған Ш.Үсембаев, жинаған И.Ұйықбаев. 
«Жұттан кейін», «Замана халі». 1964 жылы Көшен Өсер-
баев айтуымен жазылған. «Қарасай-Қази» (Қашаған жыр -
лаған нұсқасы). Қашағанның немере інісі, Маңғыстаулық 
жыр шы Шадыман Үсембаев айтуынан 1964 жылы хатқа 
түскен. Осы жырдың бір жазбасы Қазақ ССР Ғылым ака-
де миясы ның Орталық кітапханасында сақтаулы (398-пап-
ка).  Шәдіман  «Қарасай-Қазиды»  ақынның  өз  айтуымен 
үйренген. Ел арасында бұл жырдың Қашағаннан үйреніп, 
Мұса,  Мұрын  жыраулар  айтқан  басқа  да  нұсқалары 
кездеседі.  Қашаған  шығармаларын  өз  айтуынан  естіп, 

99
хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев 
пен Шадыман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали 
Күнтуғанов  секілді  жинаушылар.  Әсіресе  ақынның  мол 
мұраларын  жинақтауда,  қағаз  бетіне  түсіруде  әрі  ҚР 
ҰҒА-ның  қолжазбалар  қорына  өткізуде  ақын  Сәттіғұл 
Жанғабылұлы көп еңбек сіңірген. Қашаған шығармаларын 
Қ.Өсербаевтан,  Қ.Боқановтан,  Қ.Мұханбетқалиевтан, 
С.Омарбековтан,  Ш.Үсембаевтан  жазып  алып,  жинаған 
белгілі зерттеуші Қ.Сыдиқов. 
1991 жылы Маңғыстауда ақынның туғанына 150 жыл 
то луына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтіл ді. 
Ақын бейітіне сәулетті күмбез – кесене (бас шебері сәу-
лет ші  М.Нұрқабаев)  орнатылды.  2009  жылы  Маңғыстау 
облысының  орталығы  Ақтау  қаласында  ақынның  жаңа 
мүсіні орнатылды. Биыл атамыздың туғанынан 170 жыл 
толуына орай республикалық ауқымды шаралар жоспар-
ланды.
Қашаған Күржіманұлы – қазақ жырының кәусар бұлағы. 
Оның  жырларынан  халқымыздың  салт-дәстүрі,  тарихы, 
арман-мұңы бой көрсетіп, оқыған мен тыңдағанды еліктіре 
түседі. Өлеңдеріндегі өзіндік мінез қайсар ақынның алып 
тұлғасын аңғартып, адамды биікке жетелегендей болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сыдиықов Қ. Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі. Қашаған. 
Топан: Шығармалары. – Алматы: Жалын, 1991. – 3-25-бб.
2.  Қашаған. Топан: Шығармалары. – Алматы: Жалын, 1991. – 
176 б.
3.  Маңғыстау мұралары, Алматы, 1993 – 52 б.
4.  Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы: Білім, 2000. – 
368 б.
5.  Кекілбаев Ә. Жырдария // Егемен Қазақстан. 26 қыркүйек, 
1991 жыл.
6.  Бес ғасыр жырлайды. Алматы: Жазушы, 1989.– Т.2. – 496 б.
7.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 
1997. – 928 б.
8.  Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Алматы: Бі-
лім, 2000. – 336 б.

100
Әділет ҚАБЫЛОВ,
филология ғылымдарының 
канди даты,  Ш.Есенов  атындағы 
КМТжИУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
кафедрасының меңгерушісі
 
ҚАШАҒАН ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ СЫНШЫЛДЫҚ НАЗАР
Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығы – өзінің терең 
ойшылдығымен де, нәзік сыршылдығымен де, өткір сын-
шылдығымен  де  ерекшеленетін  көркем  бір  әлем.  Онда 
халқымыздың  рухани  болмысы  жан-жақты  көрініс  тау-
ып,  халықтық  шығармашылықтың  поэтикалық  тынысы 
мейлінше  жарқырап  танылады.  «Қазіргінің  талай  елін 
қайран  қалдырған  осынау  байтақ  кеңістікті  кернеген 
поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде 
шектелмеген, – деп атап көрсетеді Елбасымыз өзінің «Тарих 
толқынында» атты кітабында, – Ол жаңашылдықтың жалы-
нын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық 
шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер 
бар. Содан да болар, қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы 
философиямен шендесіп жатады» [1, 26].
Ақындық  талант  –  қоғамның  халін,  ұлттың  ұятын, 
адам дық болмысты тұтас қамтып, адамшылықтың темір-
қа зығына бағдарлай толғайтын, ақынның ішкі тебіренісін 
адресаттың жан әлемімен етене жақындастыра өрнектеп, 
ерекше леппен шындықты бүкпесіз жайып салатын бірегей 
құбылыс. Адами тірліктегі ірілі-ұсақты барша түйткілдер-
дің ешқайсысы да ақын назарынан тыс қалмақ емес.
Жыр  жүйрігі  Қашаған  Күржіманұлының  жыр-тол-
ғауларында  да  өмір-тірлік  шындығы  тек  өз  заманының 
ғана  емес,  қандай  замандардағы  да  адам  баласына  тән 
мәңгілік  адамгершілік  мәселелерін  қамти  отырып,  түрлі 
мысалдармен  дәйектеп,  түйдектете  төгіп,  өзара  салы-
стыра сараптап, өткір де өршіл назармен пайымдауымен 

101
ерекшеленеді. Ә.Кекілбаев айтқандай, «Қашаған үшін кез 
келген жұмыр басты пенденің көз алдындағы қылығы мен 
құлығы  тек  оның  бір  басымен  шектелмей,  күллі  қазақ, 
күллі  адам  нәсілін  қамтып  жатқан  құбылыстай  көрініп, 
таусыла толғанып, күйзеле тебіренеді. Бәлкім, оған тек өз 
заманының ғана емес, бағзы замандардың да шындығын 
жеріне жеткізе жақсы білгендігі себеп шығар [2, 130].
Қашаған жырларының қозғаушы күші – халықшылдық, 
ақын қашан да бұқара халық мүддесі тұрғысынан жырлай-
ды, адамгершілікті, адамның еңбегі мен жасампаздығын 
жоғары  қояды.  Ақынның  поэзиядағы  сыншылдық  по-
зициясы  да  осы  мақсаттан  өріс  алып  жатады.  Ақындық 
машықтанудағы  алғашқы  қадамынан  бастап-ақ  өмірдің 
қиындықтарын бастан кешкен өз тағдырынан сыншылдық 
сыр түйіп толғаса, келе-келе үлкен әлеуметтік мәселелерді 
адамгершілік,  кісілік,  имандылық  тұрғысынан  тереңнен 
қамтып, шабыттана жырлайды.
Ақындық стихия қашан да сыншылдық қуаттан қуат ала-
ды. Ақын өзі өмір сүріп отырған қоғамға, айналасындағы 
адамдардың  ой-ниеті  мен  іс-әрекетіне,  өмір-тіршіліктің 
мәні мен мазмұнына сыншылдық көзімен қарап, парасат 
тұрғысынан  баға  береді.  Асыл  сөздің  парызы  тек  барды 
бағалап,  көзге  түскен  көріністерді  көркем  кестелеу  ғана 
емес, оларды адамшылық арнасынан, тектілік тұрғысынан, 
жоғары интеллектуальдық инерциямен пайымдау болып та-
былады. Ал пайымдау мен баға беру қашан да сыншылдық 
сипатымен ерекшеленеді. Сыншылдық сарын не бар деп 
емес, қалай болу керек деп, жеткен жеріміз осы деп емес, 
жетпек межеміз қайсы еді деп аласұрады, ол барды базар-
лаумен қатар, жоғымызды түгендеуге атсалысып, түйіндеп 
айтар жоғары азаматтық парыз бен жауапкершіліктен туын-
дап жатады. Сыншылдық сарын тек өкініш пен сөгуден, сы-
нау мен сықақтаудан, мінеу мен кекетуден ғана тұрмайды, 
шыншыл байлам мен сыншыл пайыммен, өксікті өкініш пен 
өршіл толғамдармен де өрнектеліп отырады.
Қашаған жырларындағы сыншылдық назар түрлі поэ-
тикалық  ракурста  көрінеді.  Өмірдің  өксікті  кермегін 
шын  шылдықпен жырлаған реалистік толғамдар, сиықсыз 

102
құ  былыстар  мен  адам  міндерін  жеріне  жеткізе  сынаған 
өткір сықақ пен зілді кекесін, заман ағымы мен қоғам ты-
нысын тап басып, ұрпаққа үлгі ұсынар байыпты байламдар 
ақынның асқақ рухты биік өресін, сыншылдық позициясын 
танытады. Бұл туралы: «Асқақ рух, терең ой, уытты сезім-
нің Қашаған жырларындағыдай жайсаң жарасымын сирек 
кездестіреміз», – деп жазады Ә.Кекілбаев [3,145].
Ақын қайсыбір құбылысты жырласа да, жалаң бейне-
леуге бармай, кеңінен қарпи сөйлейді. Айтар ойының әсерін 
арттыру үшін түрлі аналогияларға барып, суретті өткірлей 
түседі. Табиғаттың түрлі көріністерінен, құбылыстарынан 
мысалдар  келтіре  отырып,  шендестірулерге  сүйенеді. 
«Байларға» өлеңінде:
Жауын жауып, көл толса,
Көлде ойнайды құрбақа.
Көл суалып ортайса,
Бір шұңқырға жиналып,
Шоғырланып қуанар,
Аспаннан жауын бір тамар, –
дей келіп:
Кейбір байды қарасаң,
Қорасында мал толы,
Үйінде ішір тағам жоқ,
Тағам жоқтан жаман жоқ.
Көре тұра ішпеген,
Рахатсыз көрген мал –
Ұйқыда көрген түс деген [3, 345], –
деп, жиған малын өзге түгіл өзіне қимаған сараң байдың 
әлеуметтік бейнесін өткірлікпен сомдайды.
Ақын жырларында әлеуметтік теңсіздікті көрсетіп қана 
қоймай, бүгінгі тоқтыққа алданып, адамгершіліктен ажыра-
мауды ескертеді, бай мен жарлының теңелетін күні туарына 
сенім артады. Жалпы, Қашаған жырларында теңдік ұраны 
алдыңғы орынға шығып, әлеуметтік әділеттілік мәселесі 
өзектілікпен көрініп отырады:
Шіркін, байлар, мақтасып,
Қызарақтап боқтасып,,

103
Қарқылдасып күлесің.
Алдыңда не бар, білесің?
Байға жарлы теңеліп,
Тартарсың малдың кересін.
Есікте жүрген жалшының
Қызығын сонда көресің! [3, 345].
«Замана халі» толғауында өз кезіндегі қазақ қауымының 
арасында  орын  алған  кейбір  келеңсіздіктер  жайынан 
сөз  қозғап,  атадан  келе  жатқан  әдет-ғұрып,  жөн-жоба-
ның  бұзылып  бара  жатқанына  налиды,  адамгершілік  қа-
си еттердің  орнын  пайдакүнемдік,  арамдық  басып  бара 
жатқанына алаңдайды. 
Ағасынан айырылып,
Іні кеткенге ұқсайды.
Тілінде бар жақсының 
Діні кеткенге ұқсайды. 
Өтірік сөздер көбейіп,
Шыны кеткенге ұқсайды...
Көбісі жұрттың осы күн,
Харамға басты қадамды.
Жан екен тіпті демеді
Байлар жарлы адамды...
Ай менен күн қауысып,
Күн орнынан ауысып,
Қаңбақтай қара жер зыңырап,
Болмағай дағы еді бір қауіп, –
деген  ақын  ойлары  бүгінгі  күннің  де  қоғамдық  пробле-
маларымен  өзектес,  жалпы  адамгершілік  нормалардың 
бұзылуына деген қауіптен сақтандыратынын көреміз.
«Бұл  өмірдің  мысалы»  өлеңінде  қазақтың  ақын-жы-
рауларының дәстүрімен өмір-тіршіліктің жарасымын, сол 
жарастықты  тірліктегі  әр  нәрсенің  өз  орнында  болуын 
ескертіп, адамгершілік қасиеттерді, рухани құндылықтарды 
жоғары қояды. «Бұл дүниеде не жетім» толғауында өмір 
жайлы толғанып, тірліктегі жарасымдылықты жырлайды, 
жастық шақтың базарын кәріліктің қадірсіздік көріністерін 
суреттеу  арқылы  көз  алдымызға  елестетеді.  «Жетімдік» 
ұғымының мәнін өмір-тіршіліктегі түрлі толымсыздықтар 

104
мен орынсыздықтардың суреттері арқылы концептуальдық 
пайымға жетелейді.
Ақын жырларында өмір сырларын халықтың түсінігіне 
орай арыдан қозғап, түрлі адамгершілік сипаттарды шен-
дестіре толғап, өлең сөздің өрімімен, ақындық асқақ ша-
бытпен, жыршылдық мақаммен түйдектете төгіп, түйінді 
ойларға  жетелеуге  шебер.  Сөйтіп  өмір  философиясын 
ұлттық ұғымға сай тебіренте төгеді:
Өмір бір дулы шәр болар...
Біреу кем, біреу хан болар;
Басына қайғы түспеген,
Сәл нәрсеге таң болар.
Ашу деген – көк бөрі,
Ақылың – қорған, тал болар.
Тәуекел – қайық, сал болар.
Ойлап кетсең жеткізбес,
Бойлап кетсең шыққызбас, 
Уайым деген – жар болар.
Ақыл деген – қой болса,
Ашу деген – көк бөрі,
Бөрі қойға жолықса –
Дүние қиғаш шаң болар,
Арты айықпас лаң болар...
Қашаған  шығармаларының  ерекше  сипаттарының 
бірі  –  оның  сатирасы.  Ақын  шығармаларында  қазақтың 
ха лық  шығармашылығындағы  ілкіден  желі  тартып  келе 
жат қан  сын-сықақ,  әзіл-әжуа,  кекесін-мысқыл  молынан 
кез деседі.  Ауыз  әдебиетіндегі,  кейінгі  ақын-жыраулар 
шы ғармашылығындағы сатира мен юморлық дәстүрлерді 
Қа шаған сәтті жалғастырып, өз кезеңінің шындығына сәй-
кес  дамыта  білді.  Ол,  әсіресе,  Абыл  ақынның,  Шернияз 
бен  Махамбеттің  сатиралық  дәстүрлерінен  үйреніп,  оны 
жалғастырған сыншыл ақын. Ақын жыр-толғаулары мен 
айтыс-дастандарының қай-қайсысында да бұқара атынан 
сөйлейді,  еңбек  адамын  жырлайды,  сараң  байлар  мен 
әділетсіз билерді, жебір болыс пен дүмше молдаларды ая-
усыз шенейді, екіжүзділік пен тоғышарлықты әшкерелеп, 

105
келеке  қылады.  Бұл  туралы  белгігі  ғалым  Қ.Сыдиықов: 
«Қашаған мұрасынан айқын аңғарылатын сыр – оның бұл -
тақсыз бұқара жыршысы, асқақ дарынды айтулы ақын екен-
дігі. Ол үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, әр кез кем  тар 
қауым атынан жырлайды», – деп жазады [4, 102]. 
Мысалы, ақынның «Есқали сұпыға айтқаны» – адамның 
бойындағы жағымсыз әдет-мінездерді аяусыз шенеген, өз 
тұжырымдарын білімдарлықпен дәлелдеп, өнерді қорғап 
шыққан ерекше шығарма. Онда ақын сұпының екіжүзділігі 
мен  қатыгездігін,  сараңдығын  әшкерелеп,  домбыраны 
«қу ағаш» деген сөзін іліп әкетіп, домбыраны қорғай жыр 
төге ді. Ағаш туралы өз ойын дәлелдеу үшін оның түрлі 
қа сиет терін өмірлік деректермен жан-жақты дәйектеу си-
паты ақын ның асқан білімдарлығы мен ділмарлық шебер-
лігін көрсетеді. Сөйтіп, ақын ақпа-төкпе арынмен сопы ның 
жер-жебіріне  жете  екіжүзділігін,  надандығын,  дүниеқо-
ңыздығын бетіне басады, өмірдің әр саласынан мы салдар 
келтіре  отырып,  қасиетсіздігін  масқаралайды.  Мұн дай, 
тақырыпты жеке детальдық тірекке табан тірей оты рып да-
мыта әкету, оны түрлі комбинациялық тәсілмен шен дестіре 
түйдектету – Қашағанның шеберлік тәсілдерінің бірі.
Қашаған  жыр-толғауларында  сыншылдық  ойдың  сы-
ғындысын түрлі салыстырулар арқылы түйіндеп беру жиі 
ұшырасады. Есқали сұпыға айтатын:
Сұпеке, ашу қандай, ақыл қандай?
Болмаса тентек қандай, мақұл қандай?
Атаңнан қонақ ұлы деген жоқ па еді,
Жақсылар айтып кеткен нақыл қандай?
немесе «Сақыпқа айтқанындағы»:
Қара қарға қалбағай,
Қаз бен үйрек, қарақұс,
Олар да таласпайтын еді ғой
Бүркіттің жейтін жеміне.
Алыстан көрсе қарасын,
Балапан үйрек баласы,
Көзі түссе жаутаңдап,
Қысса да қайрат қаусаңдап,

106
Қорқып келмейтін еді ғой
Бүркіттің, сірә, шеміне.
Кесіртке менен жыландар
Жоламайтын еді ғой
Айдаһардың деміне.
Қаршыға аққуды алғанда,
Жапалақ тышқанды басып қалғанда,
О да арланбайтын еді ғой
Дәрежесінің кеміне, –
деп, ұсынар ойын негіздеу үшін оны түрлі жағдаяттармен 
нақты  айқындап  алып,  қарсыласының  шегінерінге  жер 
қалдырмай орап әкетеді. Қарапайым өмірлік мысалдардан 
бастап, бірте-бірте өзімен екеуінің арақатынасына ойысып, 
ақырында тікелей тиісе сөгіп, ит сілікпесін шығарады:
Иә болмаса, шырағым,
Қашағандай ағаңа
Бұрын-соң көңілің қалды ма?
Иә болмаса, шырағым,
Қашаған – кәрі, сен – жас деп,
Бір жаман ақыл салды ма?
Иә болмаса, шырағым,
Ағаңды жеңіл көрдің бе?
Иә өзіңе сендің бе?
Иә болмаса, шырағым,
Көбелек қуып құтырған
Мәтөктігің жеңді ме?
Ақын  шығармаларында  өзі  мен  қарсыласын  түрлі  те-
ңеулер,  эпитеттер  мен  метафоралар  арқылы  салыстыра 
бейнелеп,  тұқырта  түседі.  Мысалы,  ақынның  Ізбаспен 
айтысындағы үстемеленген метафоралық түйдектер өмір-
тұрмыстық суреттермен, өткір шендестірулермен қарсы-
ласының мысын басып, сабасына түсіреді:
Мен – мұхит жатқан тереңмін,
Шамшырақ жанған түбімде.
Сен – бір жабы, мен – тұлпар,
Сен – қарға да, мен – сұңқар,
Тоғыңды шайқап бүлінбе.
Сен – өзекте жүрген бөлдірке,

107
Мен – теңіздегі кемемін.
Басармын да кетермін,
Батарсың да кетерсің.
Қашаған  ақын  айтар  ойын  айқындап,  образдылығын 
артырып,  әрін  аша  түсу  үшін  көбінесе  өмірлік  деректер 
мен  мысалдарға  сүйенеді.  Бұл  тыңдарманның  танымы 
мен талғамына терең әсер ететін әрі объектінің адамдық 
бейнесін  мейлінше  бейнелі  сипаттауға  жеткізетін  тәсіл 
болып табылады:
Күйкентай деген құс болар,
Далада жүріп мақтанса,
Қайраты бұтпен бұт болар.
Қарға деген азғын құс,
Қасиеті оның жоқ болар.
Құс жаманы жапалақ,
Кесіртке, тышқан жедім деп,
Қырғидың күшін көрмесе
О да жүрер есіріп.
Шөже деген бір торғай,
Ұясында жатқанда,
Көкті тіреп жатсын деп,
Аяғын жатар көсіліп.
Қырғи құсқа жолықса,
Төрт бөлініп төс еті,
Қанаты қалар кесіліп...
Қулық  пен  сұмдықты  өміріне  өзек  еткен  саудагерлер 
мен дүмше молдалар, даңғой атқамінерлер мен әділетсіз 
билерді  де  сын  семсеріне  іледі.  Сараңдық  пен  суайттық 
секілді сиықсыз мінездерді сынағанда Қашаған көбінесе 
зілді кекесінді пайдаланып отырады. Мысалы, «Оразалы 
байға  айтқанында»  әуелі  байдың  іс-әрекеттерін  баяндай 
отырып, «Қарашы, біздің шіркін бай / Шаруаның құлқын 
табуын!» деп көтермелей түскендей болады. Ал ақынның:
...Бет терісін түлетіп,
Төбесінен күн өтіп,
Шыбын жанын пида етіп,
Шаруаға жанды жүдетіп

108
Жүргенде кетпесе игі еді
Біздің аршыланға тіл өтіп, –
деген  жолдарында  бір  қарағанда  жанашырлық  танытып 
отырғандай  көрінгенмен,  қайырсыз  байдың  дүниеқоңыз, 
сараңдығын тілдеген өткір кекесін жатыр. Демек, ақынның 
ирониясы өзіндік әдіс ретінде өрнек құрап, діттеген жерін 
дөп түйрейді.
Ақын адам бойындағы міндерді, тоғышарлық көрініс-
терін әрқашан өлтіре сынап, күлкі етіп отырған. Қашаған 
шығармаларында күлкімен сынаудың түрлі реңктері кез-
деседі.  Оның  өлеңдерінде  ащы  сықақ,  зілді  кекесін  де, 
уытты мысқыл мен ізгілікке шақырған ойлы сын да жиі 
ұшырасады. Бір топ өлеңдерінде («Оразалыға», «Байларға», 
«Бекес  байға»,  «Көптілеу  байды  тілдеуі»,  «Қарашұбар 
ала  ешкі»,  т.б.)  сараң,  дүниеқоңыз  байлардың  жиынтық 
бейнесін жасайды. «Томпы байды тілдеуі», «Мұстахқа», 
«Қуаңдаған  қу  Бисен»,  «Бекес  байға»,  «Сараң  сұпыға» 
секілді  өлеңдерінде  де  сыншылдық  сарын  зілді  сықақ, 
мысқыл түрінде беріледі.
Ақынның «Топан» шығармасы өзі көрген, куәсі болған 
оқиғаның  желісіне  құрылған.  Дастан  Каспий  теңізінің 
ғаламат  тасқынға  ұшырауы  салдарынан  орын  алған  ха-
лықтық трагедияға арналған. Төрт бөлімнен тұратын да-
станда Каспий теңізінің бұрынғы бейнесі, теңіз жағалауын 
жайлаған елдің тасқынға дейінгі жағдайы, ертеректе өтті 
делінетін  құтырған  құрт  себеп  болған  бір  оқиға-мысал, 
тасқын оқиғасы мен ақынның қорытынды пікірі беріледі. 
Ерекше назар аударатын бір нәрсе – ақын менмендіктің, 
ысырапшылдықтың, мастанушылықтың соңы үлкен кеса-
патқа соқтырады деген концепцияны алға тартып, тасқын 
оқиғасын сонымен байланыстырады, әділетсіздік пен зор-
лықты  сынайды.  Яғни,  ақынның  ұсынайын  деп  отырған 
негізгі  концептуальдық  түйіні  –  адамның  иманасының 
тасуын, астамшылық індетке жолығуын сынау. 
Тәкаппарлар көп еді,
Төгілуге, сірә, дөп еді.
Бұл арада мал тапқан
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет