Алматы «Жібек жолы» 2009



жүктеу 1.77 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата06.03.2017
өлшемі1.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

* * *
Талдан таяқ жас бала таянбайды-ай,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды-ай...
Анасының  басу  айтқанына  қарамастан, «Байқап 

63
қайтайыншы»  деп  сыртқа  шыққан  Еділ  көшені  жағалай 
тізілген  үйлердің  көршілес  орналасқан  бірінің  қашасына 
сүйеніп  алып, «əндетіп»  тұрған  Нұрахметті  көрді. «Бір 
баланың»  соңын  жұтып  қойған  жігіт  əлдебір  əнді  есіне 
түсіргісі келген жандай ыңылдай бастаған.
Жаным, қайдасың? Өзіңді... сағындым...
Ойына  түсіре  алмай  біраз  қиналған  Нұрахметтің  төзімі 
тез түгесілді.
–  Əй,  қойшы...  Менен  бəрібір  Төлеген  шықпайды... 
Бекежандар  всегда  мықты  болған... – Көктегі  біреумен 
тілдескендей болып күбірлеп, айға қолын бір сілтеген жігіт 
«Бір  баланы»  қайта  барылдатып,  тəлтіреңдей  басқан  күйі 
үйіне  қарай  беттеді.  Оны  тыстан  бақылап,  мелшиіп  тұрған 
Еділ болса денесі қатты тоңазығанда ғана тұтқаға жабысты. 
Қыздары  жатқан  бөлме  есігінің  алдында  сəл  кідіріп  қалған 
жігіт артынша ілби басып, өз төсегіне жеткенде Зибаш ары 
аунап  түсті.  Байқамағандай  болып,  көрпеге  сүңгіген  Еділ 
жастығының  дымқылданып  қалғанын  сезген.  Көшенің  ба-
сына жетіп қалған Нұрахметтің дауысы талмаурап естіледі.
Шаңыраққа ие болып қалатын...
Еділ ауыр күрсінді.

64
БЕЙБIТ САРЫБАЙ
              
1983  жылы  Алматы  облысы  Райымбек  ауданы  Жамбыл  ауылын-
да  дүниеге  келген.  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
журналистика  факультетін  бітірген. «Парасат»  журналында, «Дала  мен 
Қала»  газетінде,  Қазақ  радиосында  қызмет  атқарған.  Қазіргі  уақытта 
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасында жастар əдебиеті бөлімінің 
кеңесшісі. «Айна» атты өлеңдер жинағы көрген. Өлеңдері мен əңгімелері 
республикалық  басылымдарда  жарияланып  тұрады.  С.  Торайғыров 
атындағы арнайы сыйлықтың иегері.
БЕЙКҮНƏЛАР
 
 Ей, самалет, самалет! Алматыға ала кет.
Көбелек қуып ойнап жүрген балалар əдеттегiдей аспан-
да  ұшып  бара  жатқан  самалеттiң  артынан  тұра  жүгiрдiк. 
Бiздiң ауылдың төбесiнен күнде осылай самалет ұшады. Бiз 
күн  сайын  сол  ұшақтың  артынан  тұра  жүгiремiз.  Жəне  əр 
кез  осы  бiр  жаттанды  сөздi  айтамыз.  Барлығымыздың  да 
дауысымызда кəдiмгiдей жалыныш бар. Алматы түгiлi мына 
тұрған  аудан  орталығына  да  ала  кетпесiн  бiлемiз.  Бiрақ 
бiздiң бойымыздағы сол бiр «бiрде болмаса бiрде ала кететiн 
шығар»  деген  үмiтiмiз  сөнген  емес.  Сол  үмiттiң  жетегiмен 
тағы  да  аспандап  ұшып  бара  жатқан  самалеттiң  артынан 
жүгiрiп  бара  жатырмыз.  Амал  не,  атаңа  нəлеттiң  самалетi 

65
қанша  жалынышпен  айқайға  басып  артынан  қусақ  та  бiздi 
бұл жолы тағы да ала кетпедi.
Жүгiре-жүгiре шаршап барлығымыз да ауылдың сыртын-
дағы  жалғыз  теректiң  көлеңкесiне  отыра  кеттiк.  Бəрiмiз 
үнсiзбiз. Тек қияли Дарын ғана əр нəрсенi армандап отыр. Өзi 
бiр бұтағына қонақтап алған теректi нұсқап: – Шiркiн, мына 
терек  жай  ғана  терек  болмай,  алма  ағашы  болғанда  ғой, – 
дедi.  Ол  айтып  ауыз  жиғанша  Ербол: – Ол  ағаштың  алма 
ағашы болмағаны да дұрыс болды. Бəрiбiр сен ол алмалар-
ды көктей жеп тауысар едiң, – дедi. Оның ол кекесiнiн Ерлiк 
жалғады: – Сен  iшiңе  ие  бола  алмай,  шешең  байғұс  күндiз-
түнi сенiң шалбарыңды жуумен əуре-сарсаң болар едi.
Ерболдың кекесiнiнiң жаны бар едi. Бiздiң ауылда алма 
өскен емес. Бiр де бiр үйде алма ағашы жоқ. Тек Əбiн атаның 
үйiнде  ғана  өрiк  өсетiн.  Сол  өрiктiң  ең  құрымаса  бiр  жыл 
сарғайып  пiскенiн  көрген  емеспiз  ғой.  Гүлi  түсiп,  тастаған 
түйiншектер  сəл  үлкейе  бастаған  кезiнде  бiз  ұрлықты  бас-
таймыз  да  теректiң  ұшар  басындағы  соңғы  өрiктi  жеген 
түнi  аяқтаймыз.  Əбiн  ата  қанша  қорыса  да  өрiктерiн  жау-
дан  қорғап  қала  алған  емес.  Бiз  түннiң  жарымынан  бастап, 
таң  шолпаны  туғанға  дейiн  жүрсек  те,  əр  түн  сайын  оннан 
бестен  жесек  те,  айналасы  екi  аптаның  iшiнде  тауысып 
бiтетiнбiз,  сол  бейшара  өрiктердi.  Егер  бiзге  «өзi  қышқыл, 
өзi  көк»  деген  жұмбақ  жасырсаңыз  бiз  оны  тез  тауып  ала-
мыз.  Оның  жауабы,  əрине,  өрiк.  Сол  өрiктердi  көктей  жеп 
тауысып жүргендiктен шығар бiздiң ұғымымызда өрiк деген 
көк болады. Жəне оның дəмi тəттi емес, қышқыл болады деп 
түсiнетiнбiз. Өрiктiң тəттi болатынын жəне оның түсiнiң көк 
емес, сары болатынын, Ерлiктiң Шонжыдағы əпкесi келгенде 
ғана бiлiп, таң-тамаша болғанбыз. Мiне, Ерболдың Дарынға 
айтқан кекесiнiнiң осындай сыры бар едi. 

66
Күн  төбеге  көтерiлгенде  ыстыққа  шыдамай  суға 
түспек болып, ескi көпiр жаққа қарай бет алдық. Бұлардың 
iшiндегi  ең  кiшiсi  мен  едiм.  Басқалары  менен  бiр  жас, 
екi  жас  үлкен.  Тiптi  төрт  жас  үлкендерi  де  бар.  Дегенмен 
көршi  болғандықтан,  барлығымыз  дос  болып  ылғи  бiрге 
жүретiнбiз. Содан болса керек, олар маған ылғи əлiмжеттiк 
жасап жүредi. Дарын күндегiдей жүгiрiп келiп арқама мiнiп 
алды. Ара-тұра: – Шүу, сары есегiм, – деп тебiнiп қояды. 
Оны  көтермеске  менде  шара  жоқ.  Көтермеймiн  десең 
ұрады.  Таяқ  жегеннен  көрi  осылай  мықшыңдап  көтергенiм 
артық.  Ол  менiң  арқама  жайғасып  алып,  жанында  ерiп 
келе  жатқан  «жаяу  əскерлерге»  сұқ  саусағын  шошайтып, 
маңғазданып əңгiме соғып келедi. Дауысы өзiнше салмақты: 
–  Дарвиннiң  iлiмiне  сүйенетiн  болсақ,  бiздiң  барлығымыз 
да маймылдан жаратылғанбыз. Менiң де, сенiң де, оның да 
арғы  аталарымыз  маймыл  болған.  Еңбектiң  арқасында  бiз 
осылай адам болып қалыптасқан екенбiз. 
– Оттапсың, – дедiм шыдамай кетiп, оны үстiмнен ауда-
рып тастап.
Мiне,  содан  басталған  талас  бiз  өзен  бойына  жет-
кенге  дейiн  жалғасты.  Балалардың  бiразы  менi  қостап, 
бiразы  Дарынның  жағына  шықты.  Дарын  мен  Дарвиннiң 
iлiмiн  қостаған  Ерлiк: – Мен  де  солай  ойлаймын.  Өйткенi 
Ерболға қараңдаршы, – дедi. Барлығымыз Ерболға қарадық. 
Шындығында  Ербол  досымыз  бетi  томпайып,  құлағы 
қалқайып,  жақ  сүйектерi  шодырайып  маймылға  ұқсайтын. 
Жəне  теректен  терекке  секiргенде  оған  ешкiм  iлесе  алмай-
тын.  Онысы  аздай,  өзi  сəл  бүкшиiп  еңкiштеу  жүретiн.  Бiр 
қызығы оны барлығымыз атын атамай «маймыл» деп келеке 
қылатынбыз.  Кейде  еркелетiп  маймыш  дейтiнбiз.  Ол  дəлел 
ретiнде соны алға тартты. 

67
Бiз  ары  таласып,  берi  таласып  бiр  шешiмге  келе 
алмадық. Тура биге жүгiнген даушылар құсап, барлығымыз 
өзен жағасында қой бағып жүрген Тойболды молдаға барып, 
дауымызды  айтып,  шешiп  беруiн  сұрадық.  Тойболды  ата 
Дарыннан: – Адам маймылдан жаратылған дегендi саған кiм 
айтты? – дедi. Дарын: – Биологиядан беретiн Қырмызы апай 
айтты, – дедi.  Сол  кезде  ашуына  мiнiп  алған  молда  атамыз 
Дарынға: – Онда  сен  биолог  апайыңа  айтып  бар.  Маймыл-
дан  бiр  жаратылса  ақылы  соған  жеткен  Қырмызы  апайың 
мен сондай адамды келiн қылып отырған соның коммунист 
қайын атасы жаратылған шығар. Басқаларымыз топырақтан 
жаратылғанбыз. Балшықтан иленгенбiз, – дедi.
Сонымен дауымызды шешiп алып, суға түсiп жатқанбыз. 
Дарын  өзен  жағасындағы  балшықтармен  ойнап  отырған.  
Қасына  жақындап  барсақ  балшықтан  адамның  сұлбасын 
жасап  жатыр  екен.  Кəдiмгiдей  аяқ-қолы,  басы  мен  кеудесi 
бар  адамның  пошымын  жасапты.  Өзiнiң  арғы  атасынан 
қан  арқылы  келген  мүсiншiлiк  қасиетiн  барынша  салса  ке-
рек,  мына  балшық  адамының  бет-бейнесi  де  құдды  тiрi 
адамдiкiндей екен. 
Бiз қайтып бара жатқанда ол бiзге: – Ей, құдайшылдар. 
Мiне,  балшықтан  иледiм  адамдарыңды  əдемiлеп.  Ертеңге 
дейiн  тұрсын.  Имам  аталарыңның  айтқаны  рас  болса  ертең 
осы  бала  бiзбен  бiрге  суға  түсiп,  ойынымызға  қосылады. 
Атын  Адам  деп  қоямыз.  Содан  кейiн  ол  өзiнiң  бiр  тал 
қисық  қабырғасын  суырып  алып,  өзiне  Хауа  Ана  жасайды. 
Сол  екеуiнен  сендер  сияқты  көп-көп  ұрпақ  тарайды, – деп 
кекесiнмен күлдi. Бiз барлығымыз үйге қарай кеттiк. 
Ертесi күнi төрт көзiмiз түгел шомылуға келдiк. Жол бо-
йында Дарынның балшық адамын сөз қылдық. Бiз барғанда 
бiр бала суға шомылып жүретiн сияқты көрiнiп кеттi. Барсақ 

68
Дарынның  адамы  сол  кешегi  балшық  қалпында  екен.  Тiптi 
оның үстiне ат аунаса керек, быт-шыты шығыпты. Бiз соны 
əңгiме  қылысып  тұрғанда  молда  атамыз  келдi.  Мен  ол 
кiсiге кешелi бергi тiрлiгiмiздi баяндап бердiм. Ол кiсi бiзге 
қамшысын  алып  тұра  ұмтылды. – Атаңа  нəлет  күнəһарлар. 
Сендер адам жарататындай Құдай емессiңдер. Сендерге он-
дай  құдiреттi  кiм  берiптi.  Құдай  ғана  жарата  алған, – деп 
барлығымызды қамшының астына алды. Арасында күнəсi жоқ 
мен де кеттiм. Бiз сол қамшыдан кейiн «адам операциясын» 
қайтып жасаған емеспiз. Топырақтан жаратылғандығымызға 
имандай сендiк. Тек кейiн қайтадан топыраққа айналатыны-
мызды  ойлағанда  көңiлiмiз  құлазып  қалды.  Шiркiн,  адам-
дар өлмей жүре беретiн болсашы. Менiң балаң түйсiгiм сол 
кезде  топыраққа  деген  құдiреттi  сезiнгендей  болды.  Егер 
бiз  топырақтан  жаратылған  болсақ,  бiз  неге  сол  топырақты 
таптап жүрмiз. Менiң бойымда белгiсiз бiр қорқыныш пайда 
болып,  топырақты  таптауға  батылым  бармады.  Таптамасқа 
тағы  амал  жоқ.  Адамдардың  топырақта  iзi  қалатыны  сол 
екен-ау.  Бiз  топырақтан  жаралдық.  Жəне  тағы  топырақтан 
нəр алдық. Топырақсыз бiздiң күнiмiз қараң. Мен жерден бiр 
уыс топырақ алып маңдайыма бастым. Ал, достарым болса 
өзен жағасында бiр-бiрiне су шашып ойнап жүрдi.
Айтпақшы,  суға  түсуге  бiзбен  бiрге  қыздар  да  келетiн. 
Əрине,  қыздар  сырт  киiмдерiмен  түседi.  Бiр  күнi  бiздiң 
ауылға  аудан  орталығынан  Сүйрiк  есiмдi  қыз  келдi.  Ол  да 
бiздiң  көршi  қыздарға  қосылып,  суға  түсуге  барып  жүрдi. 
Жəне  неге  екенiн  қайдам,  сол  қыз  басқаларды  менсiнбей 
жүрiп, маған көңiлi түстi. Мүмкiн жүзiм жылы болған шығар. 
Əлде ешкiмде жоқ «Адидасыма» қызықты ма екен. Əйтеуiр 
сол қыз маған жақын жүрдi. Ол келгелi берi Дарын да маған 
тиісуiн  қойып,  тынышталып  қалған.  Бұзық  болып  көрiнгiсi 

69
келмеген  шығар.  Бiз  шомылатын  өзен  ауылдан  қашықтау 
едi. Сол өзенге барғанша жəне қайтар жолда да мен Сүйрікті 
құшақтап жүрдiм. Құшақтағанда салмақ салмай, оң қолымды 
оның  иығына  тастап  қоямын.  Басқа  қызықтың  дəмiн  тата 
қоймаған мен үшiн соның өзi үлкен лəззат едi. Дарын шiркiн 
соны  да  қызғанып,  жан  таппайды-ау.  Бiр  қызық  жерi  суға 
түсiп  болғаннан  кейiн  Сүйрiк  маған  калготкиімді  сығысып 
жiбершi дейтiн. Екеумiз тоғайдың iшiне кiрiп, тасалау жерге 
барып,  соның  калготкиін  сығатынбыз.  Күн  сайын  сығысып 
жүрдiм.  Ендi  оның  ыңғайсыздау  екенiн  бiлемiн.  Адамның 
намысына келетiн ұяттау тiрлiк екенiн балаң көңiл сезбейдi 
емес,  сезедi.  Дейтұрғанмен  өзгелердiң  iшiнен  сенi  таңдап 
алып,  өзiн  құшақтатып  жүрген  қыздың  айтқанын  қалай 
орындамассың.  Оның  үстiне  шынымды  айтсам,  колготки 
сығысу  өзiме  де  iштей  ұнайтын  сияқты.  Осылай  күндер 
өте  бердi.  Бiр  күнi  тыныш  жүрген  Дарын  маған  қайтадан 
тиiсудi  бастады.  Сөйтсем,  оған  қызғанышы  маза  бермептi. 
Күндегiдей  өзенге  бет  алып  бара  жатқан  кезiмiзде  ол  менi 
жеке шақырып алып: – Қашанғы сен сығысасың. Сүйрiктiң 
калготкиін  бүгiн  мен  сығысамын.  Сен  сығыспаймын  деп 
айт, – дедi. Мен келiсiмiмдi бердiм. Ендi ше, ұрып үйренген 
жұдырық  қаңғып  жүрiп,  тағы  да  тиiп  кетуi  мүмкiн  ғой. 
Əдеттегiдей  шомылып  бiткен  кезде  Сүйрiк  маған  қарап: – 
Бұйрабас, калготкиімді сығысып жiбершi, – дедi. 
–  Жоқ,  өзiң  сығып  ала  салшы.  Неге  екенi  сығысқым 
келiп тұрған жоқ, – дедiм. Шынтуайтына келсек, сығысқым 
келiп-ақ  тұр  ғой.  Бiрақ  «синари»  бойынша  осылай  iстеуiме 
тура  келiп  тұр.  Сыққызбасым  сыққызбас  болып  тұр  да. 
Осы  сəттi  пайдаланған  Дарын  орнынан  ұшып  тұрып: – 
Онда  мен  сығысайын, – деп  Сүйрiктiң  жанына  жетiп  бар-
ды.  Бiрақ  Сүйрік  ол  күткендей  iстеген  жоқ.  Керiсiнше  ба-

70
сын  маңғаздана  көтерiп: – Рахмет.  Бүгiнше  сықпай-ақ  кие 
салайын, – дедi  де,  бұрылып  кетiп  қалды.  Ол  менiң  бұлай 
iстеуiмнiң  себебiн  бiлгендiктен  де  солай  iстеген  болуы  ке-
рек. Дарын болса тұрған орнында қатты да қалды. 
Қайтар жолда Сүйрiк маған ертең кететiнiн айтты. Мен 
үнсiз  жолың  болсын  дегендей  қылдым.  Ал  ол  болса  менiң 
бұл немқұрайдылығыма өкпелегендей болып: – Сен не менi 
жақсы көрмейсiң бе? – дедi. Мен оған өзiмнiң жақсы көретiн 
«алтыншы б» класында оқитын қызым туралы айтып бердiм. 
Сүйрiк  бiраз  жер  үнсiз  жүрдi  де: – Ол  қызды  қайтесiң.  Ол 
сенен  үлкен  ғой.  Оның  үстiне  оның  жiгiтi  бар  екен, – дедi. 
Мен оған: – Мейлi бола берсiн. Мен оны жақсы көрiп жүре 
берем.  Кейiн  жiгiтiмен  ұрсысып  қалғанда  менiмен  жүредi. 
Соған дейiн күтемiн, – дедiм. Бiр кезде Сүйрiк менiң көзiме 
көзiн қадап тұрып: – Түнде мен сенi түсiмде көрдiм, – дедi.
– Не iстеп жүр екенбiз? 
– Айтпаймын, оны қайтесiң.
–  Жəрайды,  айтпасаң  айтпай-ақ  қой.  Тек  сол  түсiңде 
көргенiңдi  өңiмiзде  қайталайық, – дедiм.  Сүйрік  күлiп 
жiбердi де: – О-о-о... қуын қара… – дедi. 
Бiз  сол  түнi  таң  атқанша  ұйықтаған  жоқпыз.  Клуб 
жақтағы  парктiң  iшiндегi  сəкiде  отырдық.  Таң  атып  келе 
жатты.  Сол  кезде  ғана  менiң  батылсыздығымнан  шаршаған 
Сүйрiк: – Сен менiң түсiмдегiнi өңiмiзде қайталайық деп едiң 
ғой, – дедi. Мен оған: – Иə, солай деп айтқанмын. Түсiңде не 
болып едi? – дедiм. Ол маған күле қарап: – Бетiмнен сүйiп 
алғансың, – дедi.  Мен  оның  бетiнен  сүймек  болып  ұмсына 
бергенiмде, ол маған жалт қарап едi, ернiм оның бетiне емес 
ернiне тиiп кеттi… 
Арада  ай  өттi  ме,  жыл  өттi  ме,  күн  өттi  ме  бiлмеймiн. 
Мүмкiн  санаулы  минуттар,  тiптi  секундтар  өткен  болар. 

71
Əйтеуiр  ұзақ  та  қысқа  тəттi  сəт  өттi.  Ол  маған  асылып 
тұрған қалпында көзiн ашып: – Сен менiң түсiмде ернiмнен 
сүйген  жоқ  болатынсың, – дедi.  Ендi  өң  мен  түстiң  орта-
сында тұрған адам ненi ажыратып жарытсын, жарқыным-ау. 
Мүмкiн осылай шатасқанымыз да жақсы болған шығар.
Екеумiздi осынау шырын сəттен оның апасының айқайы 
оятты.  Етегiне  сүрiнiп  жығылып: – Иттiң  ғана  қызы-ай, 
қайда жүрсiң. Түнi бойы сенi iздеп ұйқтамадым, – деп аттан-
датып келе жатыр екен. Қасында менiң шешем бар. Екеумiз 
қаша  жөнелдiк.  Екiншi  көшенi  айналып  барып,  екеумiз  де 
үйдi  үйiмiзге  кiрiп  кеттiк.  Бұл  түнi  бiз  Сүйрік  екеумiз  ғана 
емес,  оның  апасы  мен  менiң  шешем  де  ұйықтамады.  Бұл 
түн  осы  көз  iлмеген  төртеудiң  екеуi  үшiн  лəззатқа,  екеуi 
үшiн  азапқа  толы  болды.  Ол  сол  күнi  өзiнiң  ауылына  кетiп 
қалды.  Қатты  жақсы  көрмесем  де,  кəдiмгiдей  бауыр  басып 
қалыппын.  Шомылуға  барғым  келмей  ерiксiз  бардым.  Суға 
түсiп  жүргенде  Дарын  маған  соқтығып,  дауысын  актерлар-
ша  құбылтып: – Төлегенжан,  Жiбек  кетiп,  Жайықтың  суы 
тартылғандай  болып  отырсың  ба?  Құлазыған  көңiлiңе  ем 
болар, кел суға түс, – деп тиiстi. Мен Дарынның келекесiне 
қалғым келмей, кетiп қалудың амалын таппай тұрғам. Аспан-
нан  тағы  да  самалет  ұшып  бара  жатты.  Бұл  жолғы  бағыты 
бiздiң ауыл жақ екен. Мен соны пайдаланып, самалеттiң ар-
тынан тұра жүгiрдiм.
– Ей, самалет, самалет, Алматыға ала кет.   
СИЛУЭТ
– Шешiнiңiз, – дедiм.
Ол  бетiме  қарап  үнсiз  тұрып  қалды.  Қапелiмде  аузына 
сөз  түсер  емес.  Сəлден  кейiн  ғана  есiн  жиғандай  болып: – 

72
Келмей жатып сiздiкi қызық екен… Ентiгiмiздi басып алсақ 
болар  едi.  Əлде  ақшаң  төленген  деп  басынып  тұрсыз  ба? – 
деп бетiме тiктеп қарады. 
–  Кешiрерсiң,  мен  сəл  асығыстық  жасаптым.  Бөлменiң 
есiгiн кiлттемеппiм де ғой. Мүмкiн кофе iшiп шөлiмiздi ба-
сып алармыз. Содан кейiн асықпай кiрiсермiз. 
– Алғаш рет болған соң ба, өзiмдi жайсыз сезiнiп тұрмын. 
Бiр-бiрiмiзге етiмiздi үйретiп алсақ жарар едi. 
–  Айтқаның  болсын.  Алайда  сен  менiң  алдымда 
мұншалықты  қысыласың,  бүкiл  бiр  топқа  ортақ  болып 
келсең,  мүлде  қиналып  қалғандай  екенсiң.  Оның  үстiне  бiз 
топқа ортақ қылып алған қыздармен аудиторияда-ақ жұмыс 
жасай  беремiз.  Ал,  жатақханада  екеумiз  ғанамыз.  Кiмнен 
қысыласың?..
***
Бала күнiмнен арманым болған суретшiлiк өнердi шын-
дап қолға алған кезiм едi. Университеттiң суретшi-дизайнер 
факультетiнiң 3-курсында  оқитын  мен  үшiн  қыздардың 
жалаңаш  тəнiн  көру  соншалықты  таңсық  емес.  Алғашқы 
курстарда əсерi болғаны рас. Кейiн келе барлығымыздың да 
етiмiз  өлiп  кеткен.  Ең  бiрiншiсiнде  қызық  болған.  Өзiмiздi 
əлдеқашан классиктердiң қатарына қосып қойған бiр топ сту-
дент бес қаруымызды сайлап алып отырғанбыз. Мұғалiмiмiз 
бүгiнгi  күнi  натурщицамен  жұмыс  iстейтiнiмiздi  ескерткен. 
Бiраз  уақыт  өткеннен  кейiн  ұстазымыз  талдырмаш  бой-
лы  əдемi  қызды  ертiп  келдi  де  бiзден: – Дайынсыңдар  ма? 
–  деп  сұрады.  Бiз  бiр  ауыздан  дайын  екенiмiздi  жеткiздiк. 
Бiздiң  дайын  екенiмiзге  көз  жеткiзген  соң: – Ал,  онда  iске 
кiрiсiңдер. Үлгермей қалуларың мүмкiн. Бiр сағатқа ғана ал-

73
дым, – дедi де, қызға қарап: – бастай берiңдер, – дедi. Натур-
щицамыз бiзден бұрын да талай суретшiмен жұмыс iстеген 
болса керек, еш қысылмастан үстiндегi бар киiмiн сыпырып 
тастады  да,  лыпасыз  тұрған  қалпында: – Сiздерге  қалай 
отырғаным  ыңғайлы? – дедi.  Бiз  сол  кезде  ғана  есiмiздiң 
жиып,  бiр  ауыздан  «бiзге  бəрiбiр»  деп  шулап  сала  бердiк. 
Тiсқаққан  қыз  бiздiң  бақырайған  көзiмiзге  қарап,  бiр  күлiп 
алды да орнына жайғасты. 
Мiне,  сол  алғашқы  натурщицадан  берi  нешеме  қыздың 
жалаңаш  тəнiн  суреттедiк.  Бiр  ғана  қызды  қатар  отырған 
алты  бiрдей  суретшi  кескiндеймiз.  Əрине,  əрқайсымыздiкi 
əртүрлi  болып  шығып  жатады.  Алайда,  мақтанғаным  емес, 
солардың  бiр  де  бiреуi  менен  асырып  əспеттей  алмаған. 
Басқа жанрларда жақсы жаза алмасам да, алдыма əйел кел-
генде шабытым қысып, қаламым озып сала бередi.
Оның  үстiне  өзiмнiң  сүйiп  таңдап  алған  жанрымның 
өзi де портрет жанры едi. Кейiн келе даңқты батырлар, ұлт 
ұранына айналған қазақтың бiртуар ұлдары мен қыздарының 
портретiн  жасаумен  айналысып,  көп  уақытымды  соған  ар-
нап  жүргем.  Əйтсе  де  менiң  ең  жақсы  шығармам  əйел 
тақырыбына арналған дүние сияқтанады да тұрады. 
Сол ең ұлы туындымды жазамын деп қаншама кейiпкер 
ауыстырдым  екен.  Өмiрдiң  бар  қызығынан  баз  кештiм  деп 
айтпай-ақ қояйын. Бiрақ, өмiрдiң мен үшiн ең бiр мағыналы 
да мəндi кездерi сол ұлы кейiпкерiм мен үлкен туындымды 
iздеп,  əдемi  əйелдердiң  тəнiн  сызбалап  отырған  сəттерiм 
екенiн  айтсам,  бiреу  сенiп,  бiреу  сенбес.  Менiң  қандай  да 
бiр  мерекенi  жақсы  өткiзуiм  үшiн,  мерекенi  мереке  деп 
сезiнуiм үшiн осылай сурет салып отыруым керек едi. Бiрақ 
мен  күткен  кейiпкер  де  табылмай,  үлкен  туындым  да  жа-
зылмай, талай əуре сарсаңға түстiм. Курстас достарым мей-

74
рамханалар  мен  түнгi  клубтарды  жағалап  кеткен  түндердiң 
барлығында  да  мен  бар  қаржыма  натурщица  жалдап  алып, 
табиға сұлулықты кескiндеумен отыратынмын. 
Бүгiн  де  сол  оймен  үлкен  дүнием  жазылар  ма  екен  де-
ген үмiтпен мына қызды алып келгенмiн. Келе салысыммен 
асығыстық  жасап, «шешiнiңiз»  деп  шошытып  алғаным  да 
сол. Құштарлығым шыдатпай бара жатса қайтейiн. 
Ол  кофе  iшiп  үнсiз  отыр.  Мен  асай-мүсейiмдi  дайын-
дап алып, өз орныма отырдым. Қыздың орнын да жақсылап 
жасап  қойғанмын.  Шығарма  композициясына  лайықтап 
жасалған  орынның  өзiне  арналғанын  қыз  кiрген  бетте-
ақ  сезген.  Байқауымша,  сол  жерге  отыруға  жүрексiнетiн 
сияқты. Тiптi батылы бармай бiраз уақыт тұрды. Шөлi қанса 
да  кофенi  қайта-қайта  сiмiре  бердi.  Бар  мақсаты  уақытты 
соза түспек. Оған менiң шыдамым жетер емес.
– Шешiнiңiз, – дедiм. 
Ол  өз  орнына  келдi  де  бiртiндеп  шешiне  бастады. 
Бiрiншi  үстiндегi  жеңiл  кофтасын  шешiп,  қасында  тұрған 
орындықтың арқалығына iлдi. Тағы да бiраз уақыт қимылсыз 
тұрып қалды. 
– Мен сiздi күтiп отырмын.
Қоңыр  барқыт  шалбарын  шештi.  Шалбарының  iшiнен 
жұқалтаң калгөткi киген екен. Бетiме бiр қарап, калгөткiсiне 
бiр қарап үнсiз отыр. 
– Оны да шешiңiз.
Шештi.  Осы  отырысында  құдды  бiр  аш  қасқырдың  ал-
дында  отырған  бейкүнə  көжек  сынды  едi.  Тағдыр  жазды, 
мен  көндiм  дегендей  ақыр  соңында  лыпасыз  қалды.  Сол 
кезде  ғана  мен  оның  жанына  бардым  да  қалай  отыру  ке-
рек  екендiгiн  көрсетiп  берiп,  өз  орныма  келiп  жайғастым. 
Қозғалмау керек екендiгiн ескерттiм. Өзiм болсам ұзақ жол-

75
дан, сахарадан шөлдеп келiп, сусынға бас қойған жолаушы-
дай өз iсiме құныға кiрiстiм. 
Иə,  бұл  қыз  мен  ойлағандай  болып  шықты.  Мен  бұл 
перiштенi  алғаш  рет  бас  корпустың  үшiншi  қабатынан 
кездестiргенмiн.  Көктемнiң  жазға  ұласар  мамыражай 
шағында  көргенмiн.  Абитуренттердiң  келе  бастаған  кезi 
едi.  Сабағын  онша  менсiнiңкiрей  бермейтiн  бiр  академик 
шал  болған.  Сол  шалдың  кесiрiнен  соңғы  сынақтан  екi 
алып қалып, соның əуресiмен жүргенмiн. Курстастарымның 
барлығы  да  ауылдарына  əлдеқашан  аттанып  кеткен-тұғын. 
Мен сол академик атамды iздеп келiп, кафедраның алдында 
тұрғанда  көргем  осы  сұлулықты.  Жеңiл  басып  бара  жатқан 
қыздың  соңынан  қалай  ерiп  кеткенiмдi  өзiм  де  байқамай 
қалдым.  Аяқ  басысына  дейiн  тартып  барады.  Қолында 
кiшкентай сөмкеше мен кiтаптар бар. Емтиханға дайындығы 
жаман  емес  деп  түйдiм.  Мiнезiнен  хабарым  жоқ.  Дегенмен 
тал бойынан тарыдай мiн табылмасы белгiлi. Аллатағаланың 
шеберлiгiне  таңданбасқа  шараң  жоқ.  Өз  қалағанын  мiнсiз 
қылып  жарата  алатын  Жаратушы  иенiң  арманы  жоқ-ау! 
Тəңiрiмiздiң  жақсы  күнi  жаратқан  сұлулығын  тамаша-
лап,  есiм  кеткенi  соншалық,  академик  ақсақалды  да,  оның 
сабағынан бүгiн соңғы мүмкiндiк берiлген сынағын да ұмыт 
кеткендей едiм. Менiң қиялымдағы перiштенiң жер бетiндегi 
бейнесi  жолдың  қарсы  бетiндегi  саябақтағы  бос  сəкiлердiң 
бiрiне  барып  жайғасты.  Мен  оның  қасына  барып  отырдым 
да,  қалтамнан  шылым  алып  тұтаттым.  Ал,  оның  кiтапқа 
берiлгенi соншалық, маған мүлде назар аударар емес. Қажет 
қылмасын  бiлдiм  де,  онсыз  да  аз  қадiрiмдi  жоғалтпайын 
деп  кетiп  қалдым. Iштей  бiр  үмiттiң  жетегiнде  жүрдiм.  Ол 
қыздың  мынадай  дайындығы  далада  қалдырмас.  Қайтсе  де 
осы университетке түседi деп сендiм. Ал, бұл университетке 
келсе болғаны, қалғанын көре жатармыз дегем де қойғам.

76
Үмiтiм  алдамапты.  Күз  келiсiмен  мен  бұл  қызды  iштей 
iздей  бастағанмын.  Ақыры,  философия  факультетiнiң 
студентi  болғанына  көз  жеткiздiм.  Алайда,  өткен  ғасырдың 
жетпiсiншi жылдарындағы ескi модамен киiнетiн, қаладағы 
қаптаған  шаштараздарға  жылына  екi-ақ  мəрте  бас  сұғатын 
сабалақ  шашты  маған  қарайтындай  сыңай  танытпағасын 
үмiт үзгенмiн. 
Мен оған ғашық емес едiм. Сөз айтып мазасын алсам де-
ген де ойым жоқ. Тек көп аңсаған, зарыға күткен кейiпкерiмдi 
тапқандай ғаламат бiр əсерде жүргенмiн. Бiрақ ауылдан кел-
ген, таң тазалығындай мөлдiрлiгiн жоғалтпаған ботанакөзге 
менiң  алдыма  келiп  жалаңаш  отыршы,  мен  сенiң  суретiңдi 
салайын деп қайтiп айтпақпын. Батылым бармаған. 
Құдай  сəтiн  салса  тез-ақ  екен.  Кезектi  бiр  сабақ  бары-
сында  тағы  да  натурщицамен  жұмыс  iстеуiмiз  керек  едi. 
Ұстазымыз  нысаналыққа  тұратын  сұлуымызды  ертiп  кел-
ген. Бастапқыда қарындаш ұштап отырып аңғармаппын. Бiр 
кезде  басымды  көтерiп,  қарағаным  сол  едi,  есiмнен  танып 
қала жаздадым. Мынау сол ғой… Сол қыз ғой, Құдай-ау. Иə, 
соның  дəл  өзi.  Бұл  жерде  не  қып  жүр  сол  болса.  Бiр  күш 
менi орнымнан тұрғызып жiбердi. 
– Бүгiнше натурщицамен жұмыс iстемей-ақ қояйық. Бұл 
менiң  қарындасым, – дедiм  де,  оны  сыртқа  ертiп  шығып 
кеттiм.  Онсыз  да  есi  кiресiлi-шығасылы  болып  тұрған  қыз 
аң-таң  қалпында  маған  ерiп  шықты.  Сыртқа  ертiп  шығып 
бара  жатқанда  бұл  қызды  алып  келген  ұстазым: – Кешiр, 
мен  бiлмедiм.  Бұл  қыздың  ақшасы  төленiп  қойған  едi, – 
дедi.  Əртүрлi  тапсырыстар  орындап  жүретiндiктен,  қалтам 
құрғамайтын.  Көктен  iздегенiмдi  жерден  тауып  берген 
көкеме керегiн ұстатып жүре бердiм. 
Иə,  бiз  натурщицаларға  қомақты  қаржы  төлейтiнбiз. 
Бiр  сағаттай  алдыңда  жалаңаш  отырып  бергенi  үшiн  жас 

77
мұғалiмнiң бiр айлығы көлемiнде ақша алады. Əрине, олар 
үшiн де көп еркектiң ортасында жалаңаш отыру оңай емес. 
Бiрақ, бұл өнер ғой. Оның үстiне суретшiлер жабайы емес. 
Бəрiне  де  салқынқандылықпен  қарап  үйренген.  Мына  бей-
шара қыз да амалсыз келген екен. Сыртқа шыққаннан кейiн 
бiраз  жер  үнсiз  келе  жатты  да: – Сiз  жаман  ойлап  қалған 
шығарсыз, – дедi.
– Бiздер жаман ойлай алмаймыз.
– Ақша керек болған соң келiп едiм. 
– Ақша елдiң бəрiне қажет. Ешкiм ерiккенiнен емес, бəрi 
ақша табу үшiн келедi бұл жерге. 
–  Жоқ,  маған  аяқ  астынан  өте  қажет  болды…  Тез  ара-
да табу керек болған соң… Құрбыларымның ешқайсысында 
болмады.  Жалғыз  жол  осы  болды, – деп  үзiп-жұлқып 
бiрнəрсе дегендей болды.
Өзiнiң  айтысына  қарағанда  бұл  қыздың  сабақ  үлгерiмi 
жақсы болған. Өзiне сенiмдi болғандықтан, қысқы сессиядан 
қиналмай  өтемiн  деп  жүрген.  Сақтық  жасап  өзге  курстас-
тарынша  сынаққа  беремiн  деп  ауылдан  ақша  сұратпаған. 
Сұратқан  күнде  де  шалғайдағы  əке  мен  шешенiң  жағдайы 
белгiлi  едi.  Соларды  қинағысы  келмеген.  Əйтпесе  жоғарғы 
курстағылар  «басқа  сабақтардан  өз  күштерiңмен  алсаңдар 
да  Есiмжан  Қасымжановтың  сабағынан  ала  алмайсыңдар. 
Соған  береселерiң  қалталарыңда  жүрсiн, – деп  ескертуiн 
ескерткен.  Сөйткен  Есiмжан  ағасы  бұл  қызды  қайдағы  жоқ 
сұрақтарды  қойып  сүрiндiрген  екен.  Тығырықтан  шығар 
жол  осы  деп  үлкен  курстардағы  бiр  қыз  бiзге  жол  сiлтеп 
жiберiптi. Бастапқыда бас тартқанымен тəжiрибелi қыздың: 
–  Былтыр  дəл  сен  құсап  қиналғанда  мен  де  барғанмын. 
Олардан  қорықпа,  олар  өнер  адамдары.  Сенi  жемейдi.  Тек 
суретiңдi  салады,  болды.  Ұялатындай  түк  те  жоқ, – деп 
үгiттеп, көндiрiп алып келген екен. 

78
Содан  берi  доспыз.  Қиналған  кездерiнде  келiп  тұрады. 
Мен  көмегiмдi  аяған  емеспiн.  Тағы  бiр  жолы  көмек  сұрай 
келгенде: – Мен  сiзге  қарыздар  болдым-ау, – деген  едi. 
Мен  сол  кезде  жайлап  қана: – Көңiлiмнiң  хошы  келгенде 
шақырамын. Сол кезде сөзiмдi жерге тастамасаң болғаны, – 
деп жайлап қана құлаққағыс жасағанмын. Содан берi үлкен 
дайындықта жүрген едiм. Соның ретi бүгiн келдi. Мен оны 
шақырдым.  Бастапқыда  қолының  босамайтындығын  ай-
тып,  басқа  күнге  ысырғысы  келгенiмен,  уəдемiз  бойынша 
келiсiмiн бердi. 
Ендi  мiне  алдыма  отырғызып  қойып,  мəрмəр  кейпiн 
ақ  қағазға  көшiру  үстiндемiн.  Төрт  сағат  бойы  қозғалмай, 
отырып  бердi.  Жұмысым  аяқталған  соң  қарап  отырып, 
таң-тамаша  болдым.  Мен  iздеген  сұлулық  осы  едi.  Мен 
кейiпкерiмдi  таптым.  Менiң  үлкен  туындым  дүниеге  келдi. 
Менiң  қуанышымда  шек  болмады.  Ешқашан  бұндай  əсер 
алған емеспiн. 
Ол  өзiнiң  суретiн  көргiсi  келдi.  Қанша  қалап,  қиылып 
сұрағанымен  мен  оған  өзi  əспеттелген  портреттi  көрсеткен 
жоқпын. Жəне оның себебi жоқ емес. 
Ол  мен  үшiн  бар  болғаны  кейiпкерiмнiң  прототипi 
едi.  Ары  кетсе  философия  факультетiнiң  озат  студентi  деп 
қабылдайтынмын.  Сұлу  қыз  екенi  екiбастан  белгiлi.  Басқа 
ойым жоқ едi…
Бүгiнгiдей  аталы  күндi  атаусыз  қалдыруға  болмас  деп 
шештiм. Бiз арзанқол кафелердiң бiрiне барып, дастарханға 
жайғастық.  Өзiме  ең  қымбат  коньяк,  оған  жемiс  шырынын 
алдым. 
Екеуара  əрнəрсенi  сөз  қылып  отырдық.  Ол  маған 
шығармашылық  табыс  тiледi.  Мен  оған  бақыт  тiледiм. 
Осылай  тост  көтерiп  отырдық.  Еркек  болған  соң  сол  да 

79
сəл  қызыңқырап  едiм  өтiрiк  айта  бастадым. «Мен  саған 
ғашықпын»  дедiм. «Сенсiз  өмiр  сүре  алмаймын»  дедiм. 
Мен  бұл  өтiрiктердi  не  үшiн  айтып  отырмын?  Ақымақ  қыз 
не  үшiн  сенiп  отыр?  Осы  өтiрiк  бiз  сыртқа  шығып  баяғы 
мен  оны  алғаш  көрген  саябаққа  жеткенге  дейiн  жалғасты. 
Ол  екеумiз  сол  баяғы  сəкiге  барып  жайғастық.  Мен  оны 
құшақтап  отыр  екенмiн.  Мен  мас  болып  қалыппын.  Ең 
ғажабы  сол – осы  сəттерде  менiң  өтiрiгiм  шынға  айналып 
бара  жатты… «Саған  ғашықпын,  сенсiз  өмiр  сүре  алмай-
мын» дегендерiмнiң барлығы да бiрте-бiрте шынға айналып 
бара жатты. Басында өтiрiк едi.
– Сенiң өнерге деген көзқарасыңды бiлгiм келедi? – дедiм 
оның  шаштарын  саусақтарыммен  салалап  отырып.  Ол  бол-
са  менiң  иығымнан  басын  көтермеген  қалпында: – Бiлгiңiз 
келсе айтайын. Менiң өнерге деген көзқарасым сiздiң өмiрге 
деген көзқарасыңызға қатты ұқсайды, – дедi. 
Каталог: files -> attachments -> biblioteka -> books
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Содержание № Название статьи Стр
books -> О. Е. Есенгазиев родился 10 декабря 1922 года в поселке
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Сборник статей (часть 4) естественно-технические науки алматы 2011 +62 (075) ббк 20+30 я7
books -> Поэма. Алматы: Издательский дом «Жибек жолы»
books -> Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66
books -> Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет