Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

1
Алматы 
«Сардар» баспа үйі 
2014 жыл
Қазақ тіліндегі имитативтер

2
Қ 23
ӘОЖ 81 37
КБЖ 81. 2 Қаз - 3
Қ 23
Қайдар Әбдуәли. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тіліндегі 
имитативтер  – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 304 - бет. 2014 ж.
ISBN  978-601 – 7174 - 42- 2 - Т.5 
ISBN  978-601 – 7174 - 47- 7
Монография  қазақ  тілі  деректері  негізінде  ым-ишара  тілінен 
кейінгі дәуірлерде алғашқы сөз қоры ретінде қалыптасып, фоно-морфо-
семантикалық  бір  жүйеге  үйлесіп,  болмыстағы  ұғым-түсініктерді  жай 
ғана емес, эмоциональды-экспрессивті тұрғыдан бейнелейтін жүздеген, 
тіпті мыңдаған туынды тұлғаларға негіз болып, жалпы тілдің дамуына 
қомақты  үлес  қосқан  имитатив  құбылысын,  оның  тілдік  табиғатын 
танып-білуге арналған
ӘӨЖ  81. 37 
КБЖ 81.2 Қаз – 3
© Қайдар Ә., 2014 
© «Сардар» баспа үйі, 2014
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
аясында шығарылды
Жауапты редактор:
филология ғылымдарының кандидаты Э.Ә.Өтебаева
ISBN  978-601 – 7174- 47- 7 - (Т.5)
ISBN  978-601 – 7174 - 42- 2

3
АЛҒЫ СӨЗ
Мемлекеттік  тіліміздің  қоғамда  атқаруға  тиісті  сан  алуан 
қызметтерінің  баршасы  оның  табиғатына  тән  лексикалық, 
грамматикалық  мүмкіншіліктері  мен  байлығын  толық  та 
тиімді  түрде  пайдалана  білуге  байланысты.  Бірақ  ол  үшін  сол 
мүмкіншіліктер мен байлықты тіл қолданушы қауымға жүйелеп, 
табиғатын айқындап, ғылыми негізде дұрыс көрсете білу қажет.
Қазақ  тілінің  байырғы  сөздік  қорындағы  байырғы  лексиканың 
25-30  пайызы  (біздің  есебіміз  бойынша)  имитатив  ілкі  түбірлері 
мен  солардан  туындаған  тұлғалардан  тұрады.  Сөздік  қорының 
бұл  құрамы  өзінің  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жасалу  тәсілдері 
(модельдері) бар, құрамы жағынан өте күрделі, мазмұны жағынан 
құнарлы тіл құбылысына жатады.
Имитатив категориясы, яғни қазақ тілінің еліктеуіш, елестеуіш, 
бейнелеуіш  сөздері,  кейінгі  кездерге  (50-жылдың  басына)  дейін 
одағайлармен  бір  сөз  табы  ретінде  қарастырылып,  оның  өзіндік 
ерекше болмысына онша мән берілмей келді. Бұл құбылыстың тіл 
құрамында өзіндік жасалу заңдылықтары мен қалыптасқан жүйесі 
барлығы,  тіліміздегі  жеке-дара  қолданыста  жүрген  жүздеген, 
мыңдаған  дербес  сөздердің  төркіні,  түптеп  келгенде,  тіліміздегі 
500-дей ілкі еліктеуіш түбірден тарағандығы белгілі.
Қазақ тіліндегі 10 мыңға жуық еліктеуіш сөздердің бәрі бір буынды 
еліктеуіш  ілкі  түбірлерінен  дамыған  деп  айта  салу  оңай,  әрине. 
Мәселенің  теориялық  та,  практикалық  қиындықтары  онда  емес, 
сол алғашқы бір буынды ілкі түбірлердің қалыптасуынан бастап, 
3-4 буынды күрделі сөздерге (мыс.: жалбалақта, қалбалақта т.б.) 
айналуына дейінгі даму заңдылықтарын анықтауда. Мәселен, біздің 
алдын-ала  жүргізген  зерттеуіміз  бойынша:  күрделі  имитатив 
–  еліктеуіш  сөз  бірінен  бірі  туындайтын  5-6  түрлі  деңгейде 
дамитыны анықталып отыр. Олар: 
1) Табиғат құбылыстары мен қоғамдық қарым-қатынастарынан 
дамыған,  атап  айтқанда,  адамдардың  сырттан  естілген 
дыбыстардың  жаңғырығын,  жарық-сәуленің  рефлексін  және 
сан  түрлі  қимыл-әрекет,  процестердің  бейнесін  сезініп,  түйсік 
алып,  естіп  қабылдаудан  пайда  болатын  мағына-мәні  нақты 

4
емес  символдық  нышандарға  мән-мағына  жүктейтін  алғашқы 
идеофондарды қабылдау деңгейі (мыс.: дыр, сыр, шұр, тар, шар, жал, 
сал т.б.).
2) Ілкі түбірлердің бұдан кейінгі тұлғалық даму барысында олар 
міндетті  түрде  имитатив  мағынасының  бір-ақ  рет  жүзеге  асқан 
актысын білдіретін бірінші дәрежелі грамматикалық индикаторды 
қабылдау  деңгейін  басынан  өткереді  (мыс.:  сыр>сырт,  шар>шарт, 
тар>тарс т.б.).
3) Еліктеуіш тұлға бірінші дәрежелі грамматикалық индикатордан 
кейін  түбірдегі  процеске  заттану  мағынасын  жүктейтін  екінші 
дәрежелі  грамматикалық  индикаторды  қабылдайды  (мыс.: 
сар+т>сартыл, қар+с>қарсыл, шар+т>шартыл т.б.).
4)  Көп  жағдайда,  осы  үшінші  деңгейден  кейін,  яғни  табиғат 
құбылыстарының  (дыбыс,  жарық-сәуле,  қимыл-әрекет)  заттанған 
мағынасын  білдіретін  тұлғадан  (яғни  екінші  грамматикалық 
индикатордан)  кейін  міндетті  түрде  етістік  жұрнақтары  (7-8 
моделі)  жалғанып,  көптеген  еліктеуіш  етістіктер  қалыптасады 
(мыс.: қар+с+ыл>қарсылда, шар+т+ыл>шартылда т.т.).
5) Кейбір еліктеуіш түбірлер өзінің тұлғалық-мағыналық дамуын 
етістік  жұрнағынан  кейін  есім  жұрнағын  қабылдаумен  аяқтайды 
(мыс.: сар+қ+ыр+а>сарқырама, жапырақ<жал+б+ыр+а+қ, шіңкілдек 
>шің+к+іл+де+к, тоңқылдақ>тоң+қ+ыл+да+қ т.б.).
Имитатив  лексика  қорының  қалыптасуы  мен  дамуын,  міне, 
осы  көрсетілген  үрдіс,  тәсіл,  заңдылықтардың  жүзеге  асырылуын 
тәптіштеп  зерттеп,  қазақ  тіл  білімінде  бұрын-соңды  арнайы  сөз 
болмаған  бұл  теорияға  осы  тәрізді  ғылыми  үлес  қосудың  да  өзіндік 
практикалық  мәні  бар  деп  білген  жөн.  Бұл  құбылыстың  тілдік 
табиғатын  саралап,  шығу  төркінін,  жасалу  тәсілдерін  талдап-
таратып  көрсету  ең  алдымен  жалпы  сөздік  қорымызды  іштей 
жіктеп  көрсетуге  керек  болса,  екіншіден,  сол  сөздік  қорымыздың 
мағына-мазмұнын  анықтауға  қажет.  Еліктеуіш  сөздер  жалпы  тіл 
заңдарына  сәйкес  қалыптасса  да,  олардың  өзіндік  семантикалық 
ерекшеліктері  де  баршылық.  Олардың  бойынан  әр  уақытта  сезім, 
түйсік,  экспрессия,  эмоция  нышандары  байқалады.  Еліктеуіш 
сөздердің қосарланған, қайталама, т.б. күрделі тұлғалары жеке-дара 
тұрудан да тіркес, сөйлем құрамында тұруға бейім.
Міне, сондықтан да, еліктеуіш сөз қорын арнайы зерттеп, оның 
тілімізге  атқаратын  неше  алуан  қызметтерін  атап  айтқанда, 

5
өмірде  болатын  небір  күрделі  құбылыстың,  бейнелі  әрекеттер 
мен динамикалық процестердің ою-өрнегін, бояу-нақышын келтіре 
суреттеуін  саралап  көрсетудің  мәні  аса  зор.  Бұл  тек  сан  алуан 
еліктеуіштердің ауқымын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар 
мағыналарын да тап басып, дәл көрсету үшін де қажет. Мысалы, 
қазақ тілінде тек күлудің 60 шақты түрі белгілі. Солардың басым 
көпшілігі  дыбыс  еліктеуіштері  мен  бейнелеуіштеріне  байланысты 
қолданылады.  Мыс.:  қарқ-қарқ  күлу,  тарқ-тарқ  күлу,  жырқылдап 
күлу, сылқылдап күлу, шиқылдап күлу, сыңғырлап күлу, сықылықтап 
күлу,  сақылықтап  күлу  т.б.  Сондай-ақ,  шайнаудың  түрлері  де  осы 
еліктеуіштер арқылы бейнеленеді. Мыс.: күрт-күрт шайнау, қырш-
қырш шайнау, күтір-күтір шайнау, қатыр-құтыр шайнау, кірт-кірт 
шайнау т.б.
Әр  елдегі  түркологтардың  имитатив  проблемасын  әр  тілдің 
деректері  бойынша  зерттеудің  себебі  –  ол  барлық  тілдерге  ортақ 
әмбебап  құбылыс,  тілдің  (тіл-тілдердің)  пайда  болуын,  оның 
алғашқы сөздік қорының табиғи жолмен қалыптасуын айқындайтын 
тетігінің  бірі.  Проблеманың  алда  тұрған  өзекті  мәселесі:  санасыз 
(Hominid) этникалық топтардың саналы адамдар қауымына (Homa 
sapiens)  өту  дәуірінде  олардың  ым-ишара  тілінен  («язык  жестов 
и  мимики»)  дыбыстық  тілге  ауысуына  негіз  болған  имитатив 
құбылысының  мағыналы  түбірлерге,  одан  сөз  тұлғаларына  өтуінің 
механизмдерін нақтылы тіл фактілері арқылы дәлелдеу. Ұсынылып 
отырған тақырып осы гипотезалық идеяны анықтауға бағышталып 
отыр. Ол проблеманы жан-жақтан зерттеуші ғалымдардың ізденіс 
үрдісі осы бағытта.
Еңбек  түркология  ғылымында  өткен  ғасырдың  20-жылдарында 
қалыптасқан  имитатив  теориясының  негізінде  қазақ  тілінің 
лексикалық құрамынан қомақты орын алатын еліктеуіш, елестеуіш, 
бейнелеуіш  категориясының  тілдік  табиғатын,  қалыптасу, 
даму  заңдылықтарын  айқындап,  көне  де  байырғы  сөз  қорын 
қалыптастыруда  ұйтқы  болған  ерекшеліктерін  танып-білуге 
бағышталған.  Басқаша  айтқанда,  бұл  жұмыс  саналы  қауымның 
ым-ишара  тілінен  дыбыстық  тілге  ауысу  дәуірінде  табиғат 
құбылыстарының (дыбыс, жарық-сәуле, қимыл-әрекет) нышандарын 
адам тілі арқылы беру барысында қалыптасқан алғашқы бір буынды 
ілкі  түбірлердің  төркінін  айқындауға,  олардың  нақтылы  тілде 
жасалу процестерін саралауға бағышталған теориялық зерттеу.

6
І тарау
ИМИТАТИВ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ
Имитатив теориясының зерттелу тарихы
Жалпы түркітану ғылымында ХІХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары 
қалыптаса  бастаған  имитатив  теориясы  (негізін  салушы  –  проф. 
Н.И.Ашмарин [1]) 30-дан астам түркі тілдеріне ғана емес, жержүзі тілдерінің 
баршасына тән еліктеуіш-елестеуіш құбылысы алғашқы сөзжасам процесіне 
ұйытқы  болғандығын  дәлелдеуге  тырысады.  Бірақ  бұл  теория  өз  кезінде 
әйгілі  түркологтар  (Н.И.Дмитриев  [2],  Л.Н.Харитонов  [3],  Н.А.Баскаков 
[4],  А.Г.Спиркин  [5]  т.б.)  тарихынан  қызу  қолдау  тапса  да,  өзінің  түпкі 
мақсатына жете алған жоқ. Алайда бұл теорияның ғылыми перспективасын 
(болашағын)  зор  деп  танып,  оны  әрбір  түркі  тілінің  нақтылы  деректері 
негізінде  дәлелдеуге  ат  салысып  жүрген  түркологтар  да  баршылық. 
Мысалы,  ностратикалық  теорияның  негізін  қалаушы  А.М.Газов-Гинзберг 
[6], шуаш тіліндегі имитатив құбылыстарын зерттеуші Г.Е.Корнилов [7] т.б. 
ғалымдарды атауға болады.
Бұл жұмыс осы теорияны мүмкін болса, дамытуға, не оған байланысты 
жаңаша  көзқарасты  түркі  тілдерінің  бірі  –  қазақ  тілінің  көне  де  байырғы 
түбір  сөз  қорының  ұйытқысы,  негізі  болып  тұрған  еліктеуіш,  елестеуіш, 
бейнелеуіш ілкі түбірлерінің пайда болу, қалыптасу және пайда болу тарихи 
эволюциялық процестерін талдап-тарату арқылы дәлелдеуге бағышталады.
Жұмыстың  теориялық  негізі  жалпы  тіл  білімінде  қалыптасқан 
тұжырымдардың  бірі  –  «адамзат  қауымының  дамуында  болған  о  бастағы 
ым-ишара  тілінің  («язык  жестов  и  имитации»)  біртіндеп,  дыбыстық  тілге 
өту  дәуірінде,  яғни  табиғаттағы  жай  дыбыстардың  мағыналы  дыбыстарға 
(идеофондарға)  айналу  барысында,  дүниеге  келе  бастаған  алғашқы 
лексикалық элементтердің бір саласы еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш ілкі 
түбірлер болған» деп түсіндіретін идея болып саналады.
Сөздерді  тап-тапқа  бөліп  таптастыруда  оның  сан  жағынан  жіктелу 
жүйесі мәселесінде қазақ тіл білімінде бірыңғайлықты байқаймыз. Мысалы, 
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу т.б. сияқты сөз таптары 
қазіргі күйіндегідей кеңес дәуірінің бас кезінен-ақ  жеке, дербес сөз таптары 
болып  танылып,  барлық  оқулықтар  мен  жеке  еңбектерде  де  жүйелі  түрде 
беріліп келген. Бір кездері сөз таптарының қатарында «бейтарап сөздер» деп 
аталатын бір топ сөздердің жиынтығы да аталып жүрді. Бірақ ол кейіннен 
сөз таптары қатарынан шығарылып тасталды. Тек сөз таптарының қатарына 
кейіннен  ендірілген  өзіндік  лексика-семантикалық  да,  грамматикалық  та 
ерекшелігі бар бір бөлек дербес сөздер тобы – еліктеу сөздер болды.

7
Тілдің  ғасырлар  бойындағы  тарихи  дамуы  барысында  оның  сөздік 
құрамы мен грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің 
лексикалық  табиғатында  да,  грамматикалық  табиғатында  да  алуан  түрлі 
өзгерістер  болады,  олар  қолданылу  ыңғайына,  атқаратын  қызметіне  қарай 
сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөздердің топтары 
сараланып,  сөз  таптары  жасалады  да,  олардың  әрқайсысы  өзіндік  жалпы 
мағынаға ие болады: морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөз тудырушы 
және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір 
синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында 
біртіндеп  жасалғандығын,  әсіресе,  үстеулердің  сөз  табы  ретінде  жасалып 
қалыптасуынан,  әсіресе,  ашық  айқын  көрінеді.  Зерттеушілер  индоевропа 
тілдерінде  зат  есімдер  мен  сын  есімдердің  септік  жалғаулы  түрлерінің 
сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында олардан үстеулердің 
жасалғандығын айтады. Сөз таптарының бірден емес, тілдің тарихи дамуы 
барысында жасалып қалыптасқандығын, әсіресе, үстеулердің түрлі тілдерде 
сөз табы ретінде пайда болуы мен даму жолдары дәлелдей түседі. Үстеулер 
сөздердің  сөйлемде  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалуы,  осы  қызметтің 
оларға  әбден  үйреншікті  болып  телінуі  және  сөздердің  құрамындағы 
түрлендіруші аффикстердің өзінің бастапқы қызметтері мен мағыналарынан 
айрылып көнеленуі, түбірлерге әбден сіңісіп кетуі нәтижесінде жасалған. 
Сөздерді тапқа бөлу тіл білімі жайлы жазған зерттеулер мәліметтеріне 
сүйенсек,  тіл  білімінің  өз  алдына  дербес  ғылым  болып  қалыптасуынан 
көп  бұрын,  біздің  заманымыздан  бұрынғы  ІV-V  ғасырдан  басталады.  Сол 
дәуірдің  ойшылдары  Платон  тілдегі  сөздерді  есім,  етістік  деп  екі  топқа 
бөлсе,  Аристотель  оларға  жалғауыш  дегенді  қосып,  үш  топқа  ажыратады. 
Бұл екеуі де сөздерді логикалық категорияларға сүйеніп, тапқа бөлген еді. 
Жоғарыда аталған үш топ (есім, етістік,  шылау) құрамы бірде сегіз, бірде он 
бір болып отырады. 
Түркітанушылар  да  осы  үлгіге  сүйенді.  Олардың  алғашқылары  деп 
Гиганов пен Казамбекті, Бетилигті атауға болады. Келе-келе бұл жолға қазақ 
тілін  зерттеушілер  де  түсе  бастады.  Еліктеу  сөздер  жеке  сөз  табы  ретінде 
соңғы жылдары ғана бөлініп шықты. Оның қазақ тіл білімінде жеке сөз табы 
болып даралануы тікелей байланысты деп айтуға болады.
А.Ысқақов [8] қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» деген өзгеше бір 
сөздердің тобы бар екенін сонау 1948 жылдың өзінде-ақ «Халық мұғалімі» 
деп  атталатын  журналдың  6-шы  санында  «Еліктеу  сөздер  туралы»  деп 
аталатын мақаласында айтқан болатын.
Бұдан кейінгі кездері еліктеу сөздер өзге де ғалымдардың көңіл аударып, 
зер салған тақырыбына айнала бастады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары 

8
бұл тақырып диссертациялық зерттеу объектісі болып, Б.Катембаева «Қазақ 
тіліндегі еліктеу сөздер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 
Қай  кезде  болмасын  ғылыми  ізденістер  мен  зерттеулер  нәтижесінде 
объектілікке, нақтылыққа ұмтылу басқа ғылымдар қатарында гуманитарлық 
ғылымдарға да, соның ішінде тіл біліміне де тән болып отыр. Тіл – қоғамдық 
құбылыс. Ондағы сөздердің тууы тұрмыс-тіршіліктен туатын табиғат көрініс 
құбылыстарынан пайда болатын тілдің динамикалық дамуының жемісі.
Имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарас
Жалпы  адамзаттың  (оның  бiр  тұлғасы  –  қазақ  этносының)  қалыптаса 
бастаған  сонау  балаң  дәуiрiнде  ым-ишара  тiлiмен  қабаттаса,  не  соған  iле-
шала  барлыққа  келген  дыбыстық  тiлдiң  жобалы  болмысын  бiр  сәт  көз 
алдымызға елестетсек, “сол алғашқы тiлжасам процесiне белсене қатысып, 
оның дербес тiл болып қалыптасуына негiз болған тiл элементтерiнiң бiрi – 
елiктеуiш сөздердiң о бастағы iлкi түбiрлерi емес пе?” деген идеяның ойға 
орала беретiнi рас.
Бұл, әрине, қияли болжам емес; онымен бiзден бұрын да талай ғалымдар 
айналысып, оны теориялық тұжырым ретiнде ұсынып келгенi де белгiлi. Ол 
тұжырымдарда,  мәселен,  санасыз  (Hominid)  адам  дәуiрiнен  саналы  (Homa 
sapiens) адамның қалыптасу дәуiрiне дейiнгi аралықта миллиондаған жылдар 
өткенi  жайында,  сол  саналы  адамның  өзi  алғашында  ым-ишара  (“язык 
жестов  и  мимики”)  тiлi  арқылы  қарым-қатынас  жасағанына  және  онымен 
жарыса дами бастаған дыбыстық тiлдiң сөз тiлiмен (“язык речи”) алмасуы 
сияқты күрделi процестерге мыңдаған жылдар кеткенi баяндалады. Басқаша 
айтқанда, жалпы саналы Адам мен жеке тiл қауымның дүниеге келуi ұзақ 
даму эволюциясының нәтижесi болғаны сияқты, олардың сөйлеу тiлi де бас-
аяғы түгел қалыптасқан дап-дайын күйiнде, бiр сәтте емес, ұзақ эволюциялық 
дамудың нәтижесiнде, бiртiндеп, сатылы түрде дүниеге келгендi белгiлi.
Мiне,  осы  бiр  ұзақ  дамудың  барысында,  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынас  тәсiлдерiнiң  бiрi  –  дыбыс  тiлiнiң  алғашқы  элементi  –  елiктеуiш 
сөздердiң iлкi түбiрлерi арада қанша ғасырлар өтсе де, әрбiр этнос болмысы 
мен тiлiнде күнi бүгiнге дейiн көненiң көзiндей сақталуда. Мысалы, қазақ 
қауымында  өзiндiк  мағына-мәнi  бар:  көз  қысу,  бас  шайқау,  бас  изеу,  бет 
шымшу, желке қасу, қол қусыру, мұрын шүйiру, тiлiн шығару, тiзе бүгу, қол 
шапалақтау,  жұдырық  көрсету,  сақал  сипау,  таңдай  қағу,  қол  алысу  т.б. 
осы сияқты жүздеген имитациялық әрекеттердiң сақталуы сияқты: момпи-, 
томпи-,  сомпи-,  ақырай-,  әкiрей-,  кекiрей-,  ежiрей-,  едiрей-,  сүмiрей-, 
жалтыра-,  қалтыра-,  қарқылда-,  тарқылда-,  барқылда-,  тарсылда-  т.б. 
осы сияқты мыңдаған елiктеуiш сөздердiң (имитативтердiң) осы күнге дейiн 
қолданылуы көне дәуiрдiң болмыс пен тiлдегi елестерi iспеттi.

9
Имитатив  теориясының  негiзiн  салушы  Н.И.Ашмариннiң  бұл 
құбылыс жөнiндегi идеяларын
1
 түркiтануда есiмi белгiлi ғалымдардың бiразы 
(Н.К.Дмитриев,  Н.А.Баскаков,  Л.Н.Харитонов,  А.Г.Спиркин,  А.М.Газов-
Гинзберг, Г.Е.Корнилов т.б.) қолдайды және: “В России первым создателем 
собственно лингвистического учения о мимемах был выдающийся тюрколог-
чувашевед,  член-корреспондент  АН  СССР  Н.И.Ашмарин...”  деген  пiкiрге
2
 
қосылады.
Имитатив  табиғатына  байланысты  Н.И.Ашмарин  идеяларынан  бiз 
мына  пiкiрлердi  атап  көрсеткiмiз  келедi:  1)  Имитатив  тек  түркi  тiлдерiне 
ғана тән емес, ол барлық тiлдерде бар әмбебап (универсалды) құбылыс; 2) 
ол  әрбiр  этностың  өзiне  ғана  тән,  бiрге  туып,  бiте  қайнасқан  құбылыс;  3) 
шығу  тегiне  қарай  имитативтер  бес  топқа:  а)  дыбысқа  елiктеу,  ә)  қимыл-
қозғалысқа; б) дыбыстық бейнеге; в) жарық-сәулеге және г) бала сөздерiне 
елiктеу  –  жатады;  4)  табиғаттағы  дыбыс  пен  әрекеттi  өз  дауысымен 
ұқсатып  келтiру  хайуанаттарға  ғана  тән  құбылыс  емес,  оны  адам  да 
қайталай  алады;  5)  кейбiр  имитативтер  ым-ишара  тiлiнiң  элементтерi 
болуы  мүмкiн;  6)  елiктеуiштердiң  ертеде  аз  болуы  олардан  көпмағына 
мен омоним қатарларының көптеп тууына себеп болды; 7) жарық-сәулеге, 
қимыл-әрекетке  байланысты  елiктеуiштер  адамның  көру  қабiлетiне, 
дыбыс  елiктеуiштерi  –  жүйке  түйсiгiне  (раздражение)  байланысты;  8) 
әрбiр  дыбыстың  өзiндiк  ерекшелiгiн  (мәс.,  металдың  сыңғырына,  музыка 
аспабының дыңғырына, ыңырануға, ызылдауға, шегiртке шырылына, айғай-
шуға  т.б.)  тiлдегi  белгiлi  дыбыстар  атқарады;  9)  егер  әдеттегi  фонеманың 
бүгiнгi  тiлдерде  мағына  айырғыш  қасиетi  болса,  көне  дәуiрде  олардың 
мағына бейнелеуiштiк (“смысловыразительная”) ерекшелiгi болған; басқаша 
болған жағдайда адам баласы өз тiлiн құдайдан дайын күйiнде алған болып 
шығар  едi;  10)  елiктеуiштер  өзiнiң  даму  барысында  адам  баласы  тiлiнiң 
қалыптасуына  негiз  болып,  одан  кейiн  ғана  екiншi  қатардағы  құбылысқа 
айналған; 11) “елiктеуiш сөздер – табиғи дыбыстардың тiлдегi жаңғыры” дей 
келiп, оны автор былайша: “Как рефлекторные, так и сопутствующие звуки, 
издаваемые голосовыми органами человека при  различных настроениях и 
биологических процессах, напр., удивление, горе, плаче, питье, смехе, еде, 
нюхании,  засыпании  и  пр.  пр.  послужили  к  образованию  особых  мимем, 
которые  я  называю  отпечаточными  словами  (ибо  естественные  звуки, 
их  порадирование,  являются  как  бы  отпечатками  соответствующих  им 
процессов)” - деп түсiндiредi; 12) Жас баланың былдырлауына елiктеуден 
1 Ашмарин Н.И. Подражание в языках Среднего Поволжья. Вып. I-IV. - В кн.: Известия АзГУ. 
Баку, 1925. Обществ. науки I-II, С. 143-157; III-IV С. 75-99.
2 Дмитриев Н.К. К изучению турецкой мимологии; Очерк южнотюркской мимологии // Строй 
тюркских языков. М., Наука 1962 С. 59-108.

10
туған  елiктеуiштер  “бала  сөздерi”  (“детская  речь”)  деп  аталады  (мама, 
тетя,  баба,  дядя,  папа  т.б.);  13)  әртүрлi  тiлдердегi  ұқсас  елiктеуiштер 
адам баласының табиғат құбылыстарын танып-бiлу, әсер алуындағы ұқсас 
қабiлеттерiне  байланысты  (мыс.,  түркi  тiлiндегi  жылан//илан  және  немiс 
тiлiндегi schlange); 14) елiктеуiш сөздердiң бiр ғана [Г] дауысты дыбыстан, 
екi  [ГГ]  дауысты  дыбыстан,  [ГС]-дауысты  және  дауыссыз  дыбыстар 
тiркесiнен және [ГС+Г,С] - дауысты, дауыссыз дыбыстар мен суффикстерден 
тұратын  115  құрамдық  бiрлiгi  мысал  ретiнде  келтiрiледi  (бұл  iлкi  түбiрге 
қатысты  пiкiр);  15)  көптеген  алғашқы  және  туынды  елiктеуiш  тұлғалары 
үстеуге, сын есiмге етiстiкке және есiмге айналып кетедi және олар өздерiнiң 
о  бастағы  елiктеуiштiк  мағынасын  жоғалтады;  16)  елiктеуiштердiң  негiзiн 
құраушы  алғашқы  дыбыс  -  идеофондар  имитативтердiң  капваленттiгiнiң 
(“поливалентность”)  айғағы  және  ол  құбылысты  алыс-жақын  тiлдердегi 
ортақ,  түбiрлес  сөздердiң  этимологиясын  логикалық  шарықтау  шегiне 
жеткiзе анықтауда мiндеттi түрде ескерген жөн
3
.
Мiне, Н.И.Ашмарин еңбектерiндегi “имитатив теориясына” қатысты 
пiкiрлердiң негiзгiлерi осылар. Бұл пiкiрлердiң көпшiлiгі кейбiр ғалымдардың 
еңбегiнде  қайталанып  жатса,  ендi  бiразы  жеке  тiл  фактiлерi  негiзiнде 
толықтырылып,  басқа  қырынан  қаралып,  өз  дамуын  тапқанын  көремiз. 
Мәселен, елiктеуiш проблемасын (гагауыз, қырым татар, азербайжан, түрiк 
тiлдерi  негiзiнде)  Н.И.Ашмариннен  соң  iле-шала  жалғастыра  зерттеген 
ғалым  Н.К.Дмитриев  те  өз  тұсынан  бiраз  құнды  пiкiрлер  айтады.  Олар: 
1)  бұл  тiлдердегi  елiктеуiштер  4  топқа  (звукоподражания,  подражания 
явлениям света и движения, подражания явлениям, протекающим в живом 
организме;  подражания  детям,  или  формам  детского  языка)  бөлiнедi;  2) 
елiктеуiштер  тiлдiң  құнарлы  да  аумақты  бөлiгiне  жатады;  3)  мимология 
негiзiн  құраушы  дыбыстық  символика  (нышандар)  әрбiр  халықтың  өз 
тiлiне сәйкес қалыптасады. Демек, бұл – ұлттық психология мен эстетикаға 
қатысты  құбылыс;  4)  мимемалар  –  өзiндiк  жүйе,  ерекше  сөзжасам 
үлгiлерiмен дамитын құбылыс; қалай боғанда да, олар елiктеуiш жүйесiндегi 
дыбыстардың өзiндiк мағына, бейнелеуiштiк ерекшелiгi бар және бiр тiлдiң 
өзiне ғана тән құбылыс екендiгiн көрсетедi; 5) елiктеуiштер эмоционалды-
экспрессивтi  бейнелеуiш  ұғым-түсiнiктiң  қайнар  бұлағы  ретiнде  барлық 
жанрда, жалпыхалықтық тiлде қолданыла беретiн элемент; 6) оларды басқа 
тiлге аудару қиын, тек түсiнiктеме беруге ғана болады; 7) егер елiктеуiш сөз 
даму барысында нақтылы заттың атауына айналса, ол сол атауға қатысты басқа 
сөзбен жақын бола алмайды; 8) әрбiр елiктеуiш дыбысталуы жағынан өзiнше 
айқындалып, дараланып тұрады; 9) елiктеуiш сөздердiң қалыптасуында сол 
3 Ашмарин Н.И. Подражание в языках Среднего Поволжья. Вып. I-IV. - В кн.: Известия АзГУ. 
Баку, 1925. Обществ. науки I-II С. 143-157; III-IV. С. 75-99.

11
тiлдiң негiзгi ережелерiне қайшы келетiн тұстары да болды; 10) елiктеуiш 
сөздер әдеби қолданысында көптеп кездессе, жалпыхалық тiлiнде одан да 
көп кездеседi; 11) дыбыстық комплекс негiзiнде, әдетте, ономатопоэтикалық 
теория бойынша дыбысталуы (әуездiлiгi) жағынан елiктеп отырған табиғат 
құбылысына  жақын  дыбыстардың  бiреуi  тұруы  мiндеттi;  12)  =ла=//=ле= 
етiстiк  жұрнағы  елiктеуiш  түбiрлердiң  бәрiне  бiрдей  жалғана  бермей,  тек 
[P],  [Л]  дыбыстарына  аяқталғандарына  ғана  жалғанады;  13)  елiктеуiш 
етiстiктердiң құрамындағы белгiлi бiр тәртiппен орналасқан форманттардың 
бәрiн  бiрдей  айқындау  қиын;  14)  елiктеуiш  түбiрлерден  етiстiк  тұлғасына 
айналғандар  мiндеттi  түрде  зат  есiм  мен  сын  есiм  мiндетiн  атқарады;  15) 
елiктеуiш түбiрге =мақ=//=мек= жұрнағы бiрден (аралық аффикссiз – “без 
промежуточных аффиксов”) жалғануы арқылы жасалатын етiстiк тұлғалары 
екiншi типтегi елiктеуiштер (мыс.: кек+мек - “кекештену”, гiнi-мек - “кiрпiк 
қақпақ” т.б.) т.т. 
4
.
Көрiп отырғанымыздай, Н.К.Дмитриев “имитатив теориясы” бойынша 
Н.И.Ашмариннiң идеясын жалпы түрде қолдай отыра, оған бiрқатар жаңа 
пiкiрлер қосқан.
Аталмыш  теорияны  жалғастырушы  және  жаңа  қырынан  қарап, 
дамытушылардың  бiрi  –  А.М.Газов-Гинзберг
5
.  Ол  өзiнiң  “Был  ли  язык 
изобразителен в своих истоках?” деп аталатын белгiлi еңбегiнде имитатив 
проблемасын  семит  тiлдерiнiң  негiзiнде  қарастырса  да,  түркi  тiлдерiне 
байланысты  айтқан  құнды  пiкiрлерi  бар.  Солардың  кейбiреуiн  атап 
өтейiк.  Н.И.Ашмарин  идеясына  сәйкес  ол  да:  1)  елiктеуiш  сөздердi  адам 
баласының  табиғи  тiлiне  жататын,  оның  ең  алғашқы  дәуiрiнде  дыбыстық 
мағына  негiзiнде  қалыптаса  бастаған  құбылыс  деп  санайды;  2)  ол: 
“Естественным”,  или  звукоизобразительным,  праязыком  человечества 
можно  назвать  те  первичные  зачатки  языка  рода  человеческого,  которые 
были  основаны  на  естественной,  отприродной,  единственно  возможной 
связи  звучания  со  смыслом,  и  следовательно,  были  еще  общи  для 
существовавших  тогда  представителей  человечества”,-  деп  көрсетiп, 
алғашқы  дыбыс  бейнелеуiштердiң  (“первичная  звукоизобразительность”) 
төмендегi  төрт  түрiн  –  1)  “воспроизведение  естественных  устных  звуков” 
(оны “внутреннее звукоизображение” деп атайды), 2) “подражание звукам, 
производимым внешней природой”, т.е. “собственно звукоподражание”, не 
“внешнее  звукоподражание”);  3)  “озвучивание  первоначально  беззвучных 
“подражательных жестов рта и носа”, подражающих движению или форме 
внешних предметов”; 4) “Лепетные детские слова”,- деп бөліп көрсетеді.
4 Дмитриев Н.К. К изучению турецкой мимологии; Очерк южнотюркской мимологии // Строй 
тюркских языков. М., “Наука”, 1962, С. 59-108.
5Газов-Гинзберг А.М. Был ли язык изобразителен в своих истокох? М., 1965, С.3-184.

12
Көрiп 
отырғанымыздай, 
А.М.Газов-Гинзбергтiң 
көзқарасы 
да  Н.И.Ашмариннiң  идеяларымен  жалғасып  жатыр.  Ол  өз  пiкiрiн: 
“Унаследованные  от  животных  предков  звуки  и  послужили  основным 
материалом, или биологической предпосылкой формирования звуковой речи 
человека.  Призновая  генетическую  связь  между  человеком  и  животными, 
мы вообще не можем себе представить иного источника звукового материала 
языка” - деп түйедi. Имитативтердiң тұлғалық дамуын автор 2 стадияға бөлiп 
қарайды: 1-стадия: “бесформенная имитация природного звука”, 2-стадия
“превращение бесформенной имитации в слово”. 
Имитатив теориясына қарасты келелi пiкiр айтқан ғалымдардың бiрi - 
А.Г.Спиркин. Ол өзiнiң “Происхождение языка и его роль в формировании 
мышления”
6
  атты  еңбегiнде  тiлдiң  шығу  тарихына  байланысты  адам  мен 
табиғат  арасындағы  тығыз  байланысқа  ерекше  мән  бередi.  Адам  тiлiнiң 
қалыптасуында табиғаттан, оның бастысы - алғашқы жабайы әулеттен басқа 
бұлақтың жоқтығын айта келе ол, “Вторым, дополнительным, источником 
возникновения  звукового  материала  для  формирования  и  дальнейшего 
развития  речи  послужили  многочисленные  звуки  диких  животных,  а 
также  звуки  природы,  которым  не  могли  не  подражать  первобытные 
люди,  обладавшие,  по  всей  вероятности,  вообще  более  высоко  развитыми 
способностями к подражанию, чем это имеет место у животных, в особенности 
у  обезьян.  И,  наконец,  третьим  источником  уже  развития...  звукового 
материала речи послужили все возможные видоизменения наличных звуков” 
- деп, дыбыс тiлiнiң үш көзiн көрсетедi. Бұлардың алғашқы екеуi негiзгiлерi 
де, кейiнгi үшiншiсi - солардан туындайтын бұлақ.
ЕС-дiң  дыбыстық  ерекшелiктерiне  тоқтала  келiп,  А.Г.Спиркин: 
“Подражание - имитатив - это художественно-музыкальный образ предмета 
или явления действительности, создаваемый с сознательной целью вызвать 
те  или  иные  ассоциации  и  психо-физиологические  реакции  со  стороны 
ближнего.  Первоначальные  слова  первобытной  речи  представляли  собой, 
по  всей  видимости,  одновременно  и  акт  мысли  и  акт  художественного 
(преимущественно музыкального) творчества...” - деп көрсетедi.
Н.И.Ашмарин  идеясын  жалғастырушы,  әрi  дамытушы  ғалымдардың 
бiрегейi,  шуаш  тiлiнiң  маманы,  бұл  проблемаға  бағыштап  арнайы  еңбек
7
 
жазған  ғалым  –  Г.Е.Корнилов.  Оның  осы  аталған  еңбегiнде  имитатив 
теориясына байланысты бiр ғасыр бойы жүргiзiлiп келе жатқан зерттеулерге 
қорытынды  жасалады,  олардың  табыстары  мен  кемiстiктерi  баяндалып, 
оның өз ой-тұжырымдары көпшiлiк назарына ұсынылады.
6 Спиркин А.Г. Происхождение языка и его роль в формировании мышления // Сб.: 
“Мышление и язык”, М., 1957. 
7 Корнилов Г.Е. Имитативы в чувашском языке. Чебоксары, 1984, С. 3-184.

13
Атап айту керек: Г.Е.Корнилов “имитатив теориясының” негiзiн салған 
Н.И.Ашмариннiң  идеясын  iлгерi  дамытушы  әрбiр  этносқа  тән  дыбыстық 
тiлдiң негiзi болып саналатын имитатив құбылысының пайда болу, қалыптасу 
және  даму  процестерiн  жан-жақты  қарастыра  келе,  ол  бұл  теорияны 
дәлелдеудiң бiрден-бiр жолы мен тәсiлi – олардың ортақ түбiрлер бойынша 
топтастырып,  алыс-жақын  тiлдерге  тән  тiкелей  қатысты  деректерiмен 
салыстыра отырып, сол түбiрлердiң этимологиясын айқындауға ерекше мән 
бередi. Мәселен, оның аталған еңбегiнде ЕС-дердiң iлкi және алғашқы туынды 
түбiрлерi мынадай мағыналық-тақырыптық топтарға жiктелiп‚ жетер жерiне 
жеткiзе талданады: 1) “Недовольный выдох” (ерiксiз күрсiну‚ дем алу); 2) 
“Сосание” (сору‚ ему); 3) “Быстрое втягивание жидкости ртом” (ауызбен 
сұйықтықты тез сору‚ сiмiру‚ жұту); 4) “Чмоканье‚ чавканье‚ смакование” 
(сылпылдатып жеу‚ дәмiн тату); 5) “Лакание” (жалау); 6) “Звук глатания” 
(қылқылдата  жұту);  7)  “Плевание”  (түкiру);  8)  “Чихание”  (түшкiру);  9) 
“Кашель” (жөтелу); 10) “Храп” (қорыл); 11) “Звук смеха” (күлкi дыбысы); 
12) “Ворчание‚ рычание” (ырылдау‚ бажылдау); 13) “Топанье‚ топот” (аяқ 
дүрсiлi);  “Шорох‚  шелест”  (сыбдыр)  т.б.  осы  сияқты  жүздеген  елiктеуiш 
сөздердiң тұлғалық және мағыналық ерекшелiктерi көптеген тiл деректерi 
негiзiнде айқындалады.
Мiне‚  түркологиядағы  “имитатив  теориясының”  негiзiн  құрайтын 
бұрын-соңды  айтылып  келе  жатқан  ой-тұжырымдар  осылар.  Көрiп 
отырғанымыздай‚ оларда тiл табиғатындағы бұл феномендi теориялық жалпы 
мәселелерiне көбiрек көңiл аударылғандығы байқалады. Осы мәселенiң ең 
түйiндi жерi‚ сайып келгенде‚ алғашқы этникалық қауымда ым-ишара тiлмен 
жарыса‚ жалғаса дами бастаған дыбыстық тiлдiң iргетасы болып қаланған, 
табиғат  құбылыстарына  елiктеуден  туындаған  елiктеуiш  сөздер  екендiгiн 
мойындау. Аталған ғалымдар өз ой-пiкiрiн сан саққа жүгiртiп‚ қалай айтса да 
осы түйiндi мәселеде бiр жерден тоғысады. Қазақ т.б. түркi тiлдерi бойынша 
жазылған еңбектерде де әңгiме дәл осы көрсетiлген идеялардың төңiрегiнде 
болып келдi. 
Алайда‚ пайымдап қарасақ‚ лингвистикалық күрделi де мәндi теорияға 
айналып‚  оған  негiз  болған  жоғарыдағы  идеялар  мен  ой-тұжырымдардың 
бәрi  қияли  жорамал-жоба  емес‚  реальдi  шындық  екенiн  толық  дәлелдеуге 
жетпей жатқан жақтары да жоқ емес сияқты. “Несi жетпей жатыр?” дегенге 
байланысты  айтарымыз:  теория  “этностың  алғашқы  дыбыс  тiлiнiң  негiзi 
болып  қаланған  тiлдiк  элемент  –  елiктеуiш  сөздердiң  iлкi  түбiрлерi  мен 
туынды  түбiрлерi  болды”  деп‚  эволюциялық  процестiң  жалпы  нәтижесiн 
айтқанымен оның iс жүзiндегi күрделi механизмiн‚ нақтылы әдiс-тәсiлдерiн 
айқындап  бере  алмаған.  Сондықтан  да‚  бұл  теорияның  ғылым  дүниесiнде 
толық  қабылдануына  қажеттi  мына  атрибуттар  айбындалуы  тиiстi  деп 

14
бiлемiз. Олар: 1) теорияның аяқ тiрейтiн концепциясы (тұжырымдамасы); 2) 
қалыптасқан құбылыс ретiнде қалыптасқан заңдылығы; 3) әрбiр этнос тiлi 
үшiн қатал сақталатын қасаң қағидаға негiзделуi; 4) құбылыстың реальдiгiн 
бұлжытпай дәлелдейтiн бай да сан түрлi тiлдiк дәйектер мен деректер.
Бiздiң мақсатымыз  – “имитатив теориясына” ревизия жасап‚ қайта 
қарау емес‚ оның идея ретiнде түп-негiзiмен реальдi құбылыс екендiгiн растай 
түсу.  Ол  үшiн  жоғарыда  санамаланып  көрсетiлген  мәселелерге  тиянақты 
түрде жауап беру және сол арқылы бұл теорияны тереңiрек түсiнуге қажеттi 
көзқарасымыз  бенен  ой-пiкiрiмiздi  ортаға  салу.  Ол  ой-тұжырымдарымыз 
екi топ мәселе төңiрегiнде өрбидi. Бiрiншi топ - “имитатив теориясына” 
байланысты қазақ тiлiндегi елiктеуiштердiң ерекшелiктерiне қатысты кейбiр 
жалпы теориялық мәселелердiң түйiндi-түйiндi сәттерiн айқындауды мақсат 
етсе‚  екiншi  топ  -  о  бастағы  қазақ  этносының  дыбыстық  тiлi  қалыптаса 
бастаған  кезеңiнде  оған  негiз  болған  елiктеуiш  сөздердiң  (қысқаша  -  ЕС) 
тарихи сөзжасам модельдерiнiң iшкi заңдылықтары мен даму онтогенезiнiң 
нақтылы  механизмдерi  (тәсiлдерi)  мен  мотивтерiн  (уәждерiн)  айғақтап, 
танып-бiлу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет