Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет10/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

ДІР-ДІР <~ ет: дірілдеп, қалшылдап тоңуды бейнелейтін еліктеуіш> 
*Атақ алған соң да дір-дір етіп тұрғандарың (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 
166). *Өзі ашу-ызадан дір-дір етіп тұрды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 20).

79
- Е -
ЕБЕЛЕК-СЕБЕЛЕК  <1.  адамның,  жануарлардың  елпек  қағып 
қалбалақтап,  ұшқалақтап,  қолды  аяққа  тұрмайтын  беймаза  әрекет-
қимылын  бейнелейтін  еліктеуіш;  2.  ауыс.  сәуленің  әйнекке  шағылысып, 
көрсететін айқыш-ұйқыш өрнектері>
ЕБЕЛЕҢ-СЕБЕЛЕҢ <қара.: ебелек-себелек>
ЕБІЛ-ДЕБІЛ <қара.: ебіл-себіл> *Шалыммен екеуміз осы үйді ебіл-
дебіл  болып  жүріп  салдық  («Жұлдыз»,  2002.  №1.  77).  *Сыбан  молда  ақ 
жайнамаз  үстінде  мүлгіп  отырғанда,  ебіл-дебіл,  омырауы  көз  жасына 
боялып Тасбике жетіп келді (ҚТТС, 3, 252).
ЕБІЛ-СЕБІЛ  <қалай  болса  солай,  берекесіз>  *Хан  ...  көлеңке 
мен  жерошақ  арасында  дедектеп  жүрген  ебіл-себіл  әйелге  қарап  үнсіз 
отырды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 28). *Сүйгенін сүйреткен ебіл-себіл бір хәл 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 153).
ЕБІР-ЖЕБІР <диал. аңғал-саңғал, бас-аяғы араласып, қалай болса 
солай, шашылып жатқан дүние, табиғи құбылыс *Ақыры, міне, қараусыз 
қалған иесіз дүние, бомба түскен үйден, ебір-жебір (ҚТТС, 3, 252).
ЕГІЛ-ТЕГІЛ  <көз  жасын  көл  қылып,  сора-сорасын  шығарып 
жылаудың  сипаты>  *–Бекет,  апам  жоқ  енді!  –  деп  егіл-тегіл  боп,  оны 
құшақтай алдым (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 17).
ЕДІРЕЙЕ-ЕДІРЕЙЕ-  <~  қал:  танымаған,  тосын  біреуді  көргенде 
көзін  ежірейтіп,  өзі  одырайып,  таңдана  қарап  (қалу)>  ...Құбыла  бетінде 
едірейі-едірейе  қараған  Қызылқабақ  шоқылары,  батысына  –  бұлыңғыр 
мұнар, ортасында көгере қарауытқан Темірастау (Ә.Кекілбаев. Yркер, 135).
ЕДІРЕЙІП-ЕДІРЕЙІП <қара.: едірейе-едірейе> *Ең алдымен екі жерде 
едірейіп-едірейіп тұрған бурыл шалған қос жүндес қабағы көрінеді (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 40).
ЕДІРЕҢ-ЕДІРЕҢ <~ ет: біреуге билігін, үстемдігін көрсетіп қожаңдауды 
білдіретін бейнелеуіш еліктеуіш> *Жылқылар құлағын қайшылап едірең-едірең 
етеді... (ҚТТС, 3, 269).
ЕКШЕҢ-ЕКШЕҢ <~ ет: көсемсу, елден бұрын сөз бастап, көзге түсу, 
жалмаңдап сөйлеуді бейнелейтін еліктеуіш>
ЕЛБЕ-ДЕЛБЕ  <алқам-салқам,  қалай  болса  солай  (киіну),  салдыр-салақ 
(адам)>
ЕЛБЕҢ-ЕЛБЕҢ  <~  ет:  елбелектеп,  аяқ-қолы  жерге  тимей,  ұшып-
қонып  жүруді  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Елбең-елбең  жүгірген,  Ебелек  атқа 
секірген, Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, 
Әруағымен жебей көр! (Ауыз әдебиеті.).
ЕЛБЕҢ-СЕЛБЕҢ <қара.: елбең-елбең>

80
ЕЛБЕ-СЕЛБЕ  <алқам-салқам,  қалай  болса  солай>  *Можан...  екі  иығы 
елбе-селбе боп, аулына қарай шаба жөнелді (ҚТТС, 3, 308).
ЕЛЕҢ-ЕЛЕҢ <~ ет: жан-жағына алаңдап, алақ-жұлақ етіп, жалтақтап 
қарауды  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Әли  бұған  ...жан-жағына  елең-елең  қарап, 
сыбырлай сөйледі (ҚТТС, 3, 315).
ЕЛЕҢ-СЕЛЕҢ <селтең-селтең етіп бос жүруді бейнелейтін еліктеуіш> 
*-Иқ, ... талай жыл елең-селеңмен өткен екен де (ҚТТС, 3, 316).
ЕЛП-ЕЛП  <аяқ-қолы  жеңіл,  елпілдеп  ұшып-қонып  жүретін  адамның 
жүріс-тұрысын бейнелейтін еліктеуіш> *– Сен немене, елп-елп етіп жүргенің?! 
Өлген әкең тіріліп келді ме?
ЕЛПЕК-ЕЛПЕК  <~  ет:  елпектеп,  ұшып-қонып  жүруді,  бейнелейтін 
еліктеуіш> *Жетпісбайдың баласы шөпжелке біреуді үйіне кіргізіп, жерден жеті 
қоян тапқандай елпек-елпек етіп жүрген көрінеді (ҚТТС, 3, 323).
ЕЛПЕҢ-ЕЛПЕҢ  <~  ет:  қара.:  елп-елп>  *Онда  үн  жоқ.  Мұрнын  тесіп 
жетелеген қотыр тайлақтай елпең-елпең етеді (ҚТТС, 3, 326).
ЕЛПІЛДЕП-ЖЕЛПІЛДЕП-  <біреуге  қызмет  көрсетуге,  жақсылық 
істеуге бейім, ұшып-қонып тұрған адамның әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> 
*Өзі бір көрімге желғабызелпілдеп-желпілдеп қалған адам (ҚТТС, 3, 327).
ЕЛПІ-СЕЛПІ <қара.: олпы-солпы>
ЕЛ-САЛ <қара.: дел-сал> *Оның түннен бері қарай бойы ел-сал тартып, 
қабағы бір түрлі тырысқан сияқты бола берді (ҚТТС, 3, 327).
ЕЛ-СЕЛ <қардың тез еріп, тарам-тарам болып, су тасқынына айналған 
сәтін бейнелейтін еліктеуіш> *Өлім мен өмір, от пен оқ арпалысында өткен 
қарлы қыс көктемгі алтынкүрек соққан кездегі ел-сел боп еріген қардай тез өтті 
(ҚТТС, 3, 327).
ЕЛТЕҢ-СЕЛТЕҢ  <адамның  ел  алдында  жеңіл  мінез,  ұшқалақтық 
танытып, қалай болса солай, ұшып-қонып, тәлтек болып жүруін бейнелейтін 
қос сөз> *Ардан  безіп, арақ ішіп, шылым тартып жас күнін елтең-селтеңменен 
өткізіп жүрген жастарды тым жиі көретін болдық («Қазақ әдебиеті», 3.10.95, 15).
ЕЛІН-ПЕЛІН  <не  істерін  білмей,  ойы  онға,  санасы  санға  бөлініп, 
тығырыққа  тірелуін  білдіретін  бейнелеуіш>  *Ол  нақ  бір  ертедегі  аңыз-
әңгімелердегі тоғыз жолдың торабына келіп, енді қайда жүрерін, қалай басарын 
білмей, аң-таң болған саяхатшы, жиһангездер тәрізді елін-пелін боп, жол үстінде 
тұра берді (ҚТТС, 3, 335).
ЕМПЕҢ-ЕМПЕҢ <ілгері ұмтылып, біреуді басып озуға ынтығып, асығыс-
үсігіс әрекет етуді бейнелейтін еліктеуіш> *Жанарында ашу-ыза ұшқындап, 
қазығын емпең-емпең айналады (ҚТТС, 3, 347).
ЕНТІГЕ-ЕНТІГЕ<қатты жүгіруден, тез-тез жүрістен жүрегі соғып, 
ентіге-ентіге (жету)> *Қалың тоғайдың ішінен шығып, Сарысудың қабағымен 
төмен қарай ентіге-ентіге жүгіріп, ...үйіне қайтып барды (ҚТТС, 3, 365).

81
ЕҢК-ЕҢК  <адамның  еңкілдеп,  барша  денесін  жоғары-төмен 
қозғап,  қатты  күлуін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Арасында  еңк-еңк  етіп 
күлісіп те алады (З.Шашкин. Таңд. шығ., 140).
ЕҢІРЕЙ-ЕҢІРЕЙ-  <көз  жасын  көл  етіп,  қайғылы-қасіретке 
булығып  (ағыл-тегіл  жылау)>  *Еңірей-еңірей  көз  жасы  да  әбден 
сарқылып  біткен  тәрізді,  құр  кемсеңдеп  булыққанымен  көзінен  жөнді 
жас шықпайды (ҚТТС, 3, 381).
ЕҢІРЕП-ЕҢІРЕП-  <қара.:  еңірей-еңірей  (жылау)>  *Yлкендердің 
өздері де еңіреп-еңіреп жіберісті (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 137).
ЕРБЕҢ-СЕРБЕҢ  <адамның  т.б.  жанды  заттардың  аяқ-қолын 
көтеріп, әртүрлі әрекетке келтіріп ербеңдетуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЕРБЕК-СЕРБЕК  <ербеңдеп,  қалай  болса  солай  шайқалып,  көзге 
елестеп тұратын қисық-қыңыр нәрселер> *Алғаш оған таудың қатпар-
қатпар тарғыл тастары да, ербек-сербек қисық-қыңыр ағаштары да, ... бір 
түрлі сұсты, сиқырлы, жабайы көрінді (ҚТТС, 3, 388).
ЕРБЕҢ-ЕРБЕҢ  <қолын  аспанға  көтеріп,  ербеңдетіп,  әртүрлі 
әрекеттенуді  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Әлжуаз  қолдар  бірдеңе 
іздегендей ербең-ербең етеді (ҚТТС, 3, 389).
ЕРБИІП-ЕРБИІП-  <әр  жерде  бір  басы-қолы  ғана  қылтиып 
(көріну)> *Жермешел шым үйдің жанындағы өлі қаңқадай ербиіп-ербиіп 
тұрған аз ғана жеміс ағаштарының түбін қопсытты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс 
топырақ,  75).  *Құлазыған  қу  тақыр,  қызыл-шақа  тас-тас  түзде  ербиіп-
ербиіп  сирек  өскен  бұта  аңызақты  жаз  айларында  көңілді  жүдетеді 
(Ә.Нұршайықов. Менің Қазақстаным, 113).
ЕРБИІП-СЕРБИІП<қара.: ербиіп-ербиіп>
ЕРЕК-СЕРЕК  <жоғары  қарай  тікірейіп  «қалқиып  тұратын» 
заттың (ат құлағының) бейнесі>
*Құлағы арғымақтың ерек-серек,
Жапанда жалғыз біткен сен байтерек;
Өзің де елде жалғыз ер екенсің,
Наурызбай атың сенің неге керек? («Қазақ әдебиеті», 99. 3.12. 3).
ЕРЕҢ-СЕРЕҢ  <~  ет:  серең-серең  етіп,  тайтаңдап,  тарпақ 
басуының  бейнесі>  *...Бойы  шешесімен  бірдей  Ақзия  ерең-серең  етіп, 
арсалаңдап жүгіріп, мойнынан құшақтай алды (ҚТТС, 3, 394).
 - Ж -
ЖАБЫР-ЖҰБЫР 
<тұс-тұстан 
қаптап, 
жапа-тармағай 
қаумалап жабылып кетуді бейнелейтін еліктеуіш> *Сол жабыр-жұбыр 
жапатармағай жөңкілістің қақ алдында қойқаңдап қонтайшының өзі де 
жүгіріп барады (Ә.Кекілбаев. Yркер, 72).

82
ЖАҒАЛ-ЖАҒАЛ  <ақ  сары,  қарақошқыл  сары  түсті  (ешкі,  құс, 
т.б.)  >  *Пешті  жағал-жағал  етпей,  ағартып  қою  қолдан  келер  шаруа 
ғой, - деді Әмір (ҚТТС, 3, 491).
ЖАЙРАҢ-ЖАЙРАҢ  <~  ет:  шат-шадыман  болу,  жайнаң-жайнаң 
етіп  көріну>  *Дәмелі  бұрынғыдан  да  сұлуланып,  кеткен  тәрізді,  екі  беті 
қызарып, қарақат көзі күлімдей түсіп, жайраң-жайраң етеді (ҚТТС, 3, 537).
ЖАЛАҚ-ЖАЛАҚ  <айғыз-айғыз,  тілім-тілім>  *Бет-аузы  ылғи 
сортаң жердей жалақ-жалақ болады да жүреді (ҚТТС, 3, 558).
ЖАЛАҚ-ЖҰЛАҚ  <~  қара.:  адамның,  жануардың  жан-жағына 
қайта-қайта, алма-кезек қарай беру қалпы> *Ызалы қасқырдың көзіндей 
қанталаған көзі жан-жағына жалақ-жұлақ қарайды (ҚТТС, 3, 558).
ЖАЛАҢ-ЖАЛАҢ ~ ет: жалап-жұқтап қоятындай жалмаңдауды 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Таңертең  тұрсам,  Ақтай  әлдеқашан  жуынып 
алған, аш тазыша жалаң-жалаң етеді (ҚТТС, 3, 563).
ЖАЛАҢ-ЖҰЛАҢ <қара.: жалаң-жалаң>
ЖАЛБА-ЖҰЛБА <киім-кешектің сау тамтығы қалмаған, пәре-пәре 
болып  жыртылған  қалпы>  *Дәл  сондай  күн  күйдірген  ақ  жем  ұзын  тіз 
киімінің жалба-жұлба балағынан жалаңаш тілерсегі көрінеді (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 201). *...Жарты ғаламды жалаң аяқ, жалаң бас жаяу аралап 
келе жатқан жалба-жұлба дәруіштер... (Ә.Кекілбаев. Yркер, 167).
ЖАЛБАҢ-ЖАЛБАҢ <~ ет: етек-жеңін  жел үрлете жалбыратып, 
алды-артына  қарамай  жалбаңдауды  білдіретін  еліктеуіш;  2.  ауыс
жағымпазданып,  өтірік  қошемет  көрсетіп  жалбалақтау>  *Yлкенге  де, 
кішіге де жалбаң-жалбаң етіп, желге ұшып кетпей жүргеніңе де, шүкірлік 
(ҚТТС, 3, 567).
  ЖАЛБАҢ-ЖҰЛБАҢ  <қара.:  жалбаң-жалбаң>  *Елібай  ат  үстінде 
отырып қалды. Қарақшылар тырым-тырақай жалбаң-жұлбаң қаша жөнелісті 
(М.Сатыбалдиев. Жартастағы жазулар, 13).
ЖАЛБЫР-ЖАЛБЫР  <сабалақ-сабалақ,  жан-жағы  шашырап, 
жалбырап-салбырап тұрған заттың бейнесі>
ЖАЛБЫР-ЖҰЛБЫР <қара.: жалбыр-жалбыр> *Қарасам шалбарыңа 
жалбыр-жұлбыр...  (ҚТТС,  3,  568).  Қарасам  шалбарыңа  жалбыр-жұлбыр, 
Алдағанда көнесің надан қалжыр. Әншейін келемеж қып, кел дегенге, Келуін 
шын өңмеңдеп құдай алғыр (Қаз.әдеб.хрест., 405).
ЖАЛҒАУ-ЖАЛҒАУ  <үзік-үзік  нәрселердің  өзара  жалғанып,  қырық 
құрау болып тұрған қалпы>
ЖАЛМАҢ-ЖАЛМАҢ <алдына келген ас-тамақ, азық-түлікті асыға-
толтыра асап, шайнап-жұтып, тойымсыз көзбен жан-жағына алаңдау> 
*Жел  өтіне  көлденеңдей  шөгіп  жатқан  аруана  жалмаң-жалмаң  күйсеп, 
тағдырының ендігі ноқтасына көндіккендей (ҚТТС, 3, 579).

83
ЖАЛП-ЖАЛП <1. шамның, оттың жел үрлеп, бірден өшуін бейнелейтін 
еліктеуіш; 2. ауыс. адамның, малдың қатты жүгіріп келе жатып тосыннан 
қайта-қайта құлауын бейнелейтін еліктеуіш> *Тап соларға не қыла қойғанын 
кім білсін, ауылдың шәуілдек иттері де көп дүбірге өре түрегеліп, жалп-жалп 
үріп  жатыр  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ,  273).  *Құйын  үйірген  көңілдің 
жаңағы бір әсем сәулелері де жалп-жалп өшіп жатыр (С.Сматаев. Елім-ай, 226). 
ЖАЛП-ЖҰЛП <шамның, оттың бірде өшіп, бірде сөніп тұрған қалпын 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Жалп-жұлп  етіп  сығырайып  жанған  май  шамның 
жарығы қуыс-қуысқа жете бермейді (ҚТТС, 3, 584).
ЖАЛТАҚ-ЖАЛТАҚ  <адамның,  жан-жануарлардың  жан-жағына 
қайта-қайта алаңдап, алақтап қарай беруін бейнелейтін еліктеуіш> *Бижан 
Бәйеділдің  сөзін  жалтақ-жалтақ  қарай  отырып,  ықыласпен  тыңдады 
(Ғ.Ахмедов. Жем бойында, 35). *Қара бала әкесіне жалтақ-жалтақ бұрылып 
қарап қойып, қонақтардың алдынан салды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 24).
ЖАЛТАҚ-ЖҰЛТАҚ  <қара.:  жалтақ-жалтақ>  *Сиыр  айдаушыларға 
жеткенше артына жалтақ-жұлтақ қарап барады (С.Жүнісов. Ақан сері, 34).
ЖАЛТАҢ-ЖАЛТАҢ  <қара.:  жалтақ-жалтақ>  *Кер  бие  құлағын 
қайшылап, не болса соған жалтаң-жалтаң қарап елеңдей береді (ҚТТС, 3, 
590). 
ЖАЛТАҢ-ЖҰЛТАҢ  <қара.:  жалтаң-жалтаң>  *Жігіттер  жалтаң-
жұлтаң Әлібиге көз тастап қояды (ҚТТС, 3, 591).
ЖАЛТ-ЖАЛТ  <~  ет:  асыл  тас,  алтын,  күміс,  т.б.  жалтылдайтын 
заттардың  күн,  жарық  сәулесімен  шағылысуын  бейнелейтін  еліктеуіш> 
*Жұрт оның сөзіне сенер-сенбесін білмей, жалт-жалт қарап тарай бастады 
(Ә.Кекілбаев. Yркер, 397). *Қос елі былғары құйысқанға құйма күмістен өрнек 
сапты, күн көзінде жалт-жалт етеді (С.Сматаев. Елім-ай, 145).
ЖАЛТ-ЖҰЛТ  <қара.:  жалт-жалт>  *Құдайдың  бір  қиын-қыстау 
жерлерінде  жанары  жалт-жұлт  жанып,  аруақтанып  алады  (Ә.Кекілбаев. 
Yркер, 139). *Ханның қадірі қонақтарының алдында сақшылар күнге жалт-
жұлт етіп, тағзым етеді (Ә.Кекілбаев. 57).
ЖАЛТЫР-ЖАЛТҰР  <асыл  тас,  алтын  күміс,  т.б.  заттардың 
жалтырап  көрінетін  қасиетін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Не  көрсе  соған 
талпынып,  жалтыр-жалтұр  еткен  болса,  оған  қызығып,  ...  тыныштық 
көрмейді (ҚТТС, 3, 594).
ЖАЛТЫР-ЖҰЛТЫР <асыл тас, алтын, күміс сияқты заттардың әр 
қырынан бір құбылып, жылтылдап көрінуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЖАҢ-ЖҰҢ <айқай-шу...> «Ат қайда ? .. Ұмтыл !.. Шап!..» деген жаң-
жұң, қарбалас... жанталас, жүгіріс (Ж.Аймауытов. Шығ., 87).
ЖАПАҚ-ЖАПАҚ  <көзін  жыпылықтатып,  жаутаңдап,  жалтақтап 
қарауды бейнелейтін еліктеуіш> *Аңтарылып, аңырып, қолбасыларға жапақ-

84
жапақ қарасады (С.Сматаев. Елім-ай, 1, 108). *Мен оған пір тұта жапақ-жапақ 
қарай берем (ҚТТС, 3, 658).
ЖАПАЛАҚ-ЖАПАЛАҚ <ірі-ірі болып жауатын жаңа қардың сипаты 
немесе  біреуге  қайта-қайта  қарай  беру>  *Мен  кірген  соң  ол  да  бетіме 
жапалақ-жапалақ қарай берді (Б.Нұржекеев. Таңд. шығ., 2, 173).
ЖАПЫР-ЖҰПЫР  <бір  нәрсенің  үстіне  екіншілерінің  баса-көктеп, 
үйме-жүйме  болып  топырлауын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Yй  маңында 
жапыр-жұпыр дауыстар көбейді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 324).
ЖАП-ЖАЛТЫР <барлық жері түгел жалтырап, жалтылдап көрінетін 
заттың бейнесі>
ЖАП-ЖАМАН  <бір  дұрыс,  оңған  жері  жоқ,  барлық  жері,  тұтас 
көрінісі жаман заттың сипаты> *– Апа, менің осы Тәуір кемпірден, сүйегі 
ауыр кемпірден туғаным рас па?- деп, бетін қол сүрткен қағаздай жап-жаман 
қып жіберді (Ү.Уайдин. Қазақ әдебиеті, 4). *Аузыма түтіннің жап-жаман ыс 
дәмі келеді (С.Соқпақбаев. Менің атым Қожа, 38).
ЖАПЫР-ЖҰПЫР <қаптаған қалың, көп нәрсенің жапырлап, құжынап 
бір жерге жиылып, топырлауын бейнелейтін еліктеуіш> *Түу, жапыр-жұпыр 
неткен мол жұлдыз! (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 91). *Ерте сәске шағы болса да, 
халық жапыр-жұпыр сеңдей соғылысады (ҚТТС, 3, 668).
ЖАРБАҢ-ЖАРБАҢ  <далбаң-далбаң  етіп,  епсіз-ебдегейсіз  әрекет 
етудің,  біреудің  артынан  қалмай  жүруін  бейнелейтін  әрекет  сипаты>  *...
Баламен  бала  болып,  жарбаң-жарбаң  алысқанша,  жұмысыңды  істесейші... 
(ҚТТС, 3, 684).
ЖАРБАҢ-ЖҰЛБАҢ  <қара.:  жарбаң-жарбаң>  *Итаяқ  ...  құрдас  деп 
Күнтаймен жарбаң-жұрбаң ойнай беретін (ҚТТС, 3, 684).
ЖАРҚ-ЖАРҚ <~ ет: жалт-жұлт етуді бейнелейтін еліктеуіш>
*Нояндар легінде ...жарқ-жарқ еткізіп наркескен семсерін жалаңдатқан 
сайыскерлер, үстеріне тоғыз қабат сауыт киіп, иықтарына орама мылтықтарын 
асынған мергендер шықты (Ә.Кекілбаев. Yркер, 71).
ЖАРҚ-ЖҰРҚ <қара.: жылтырдың, әшекейлі т.б. заттардың сипаты > 
*...Жарқ-жұрқ етіп әлем-жәлем болып, қызыл-жасыл жамылып өте шыққан жаз 
кіруі мүмкін (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 176). *Отқа жақын жердегі аттардың 
ерінің басына ілулі қынаптар түнгі алаудың шұғыласы түскенде жарқ-жұрқ 
ете қалады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 84).
ЖАРҚЫЛ-ЖҰРҚЫЛ <жарық-әқулемен шағылысып, жарқ-жұрқ етіп 
көрінетін айшықты, әшекейлі заттардың сипаты> *Ол ... жарқыл-жұрқылға, 
көңілі шуылға толы мынау шадыман тобырға таңданбайды (ҚТТС, 3, 691).
ЖАРҚЫН-ЖАРҚЫН  <ашық-жарқын,  айқын  шығатын  дауысты, 
мінез-құлықты  бейнелейтін  сипат>  *Хадишаның  даусы  жарқын-жарқын 
өктем шықты (Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім түспейді, 134).

85
ЖАУТАҢ-ЖАУТАҢ  <адамның,  сондай-ақ  кейбір  жануарлардың 
бір  нәрсеге  дәметіп  (сыйлық,  жәрдем,  ас-дәм  т.б.)  үміттене  көзін  сүзе, 
қайта-қайта  қарай  беруін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Жанары  ботаның 
көзіндей  жәудіреп,  адам  көрсе  бір  жәрдем  тілегендей  жаутаң-жаутаң 
еткенде, жаның шырылдап, жүрегің жылағандай болады (Ш.Мұртазаев. Ай 
мен Айша, 109).
ЖӘУТЕҢ-ЖӘУТЕҢ  <  қара:  жаутаң-жаутаң  >  *...Yнсіз  қалған 
шешеннің шалынан медет тілеп, жәутең-жәутең қарайды («Ана тілі», №8, 
27.02.03, 9).
ЖЕЛДІРТІП-ЖЕЛДІРТІП<астындағы атын біраз жерге желдірте 
шауып (алу)> *Күн сайын далаға шығарып желдіртіп-желдіртіп әкеледі 
(З.Ақышев. Шынардың шыбығы, 17).
ЖЕЛЕГЕЙ-ЖЕЛПІ <үсті-басына жабынған киімінің тыс киім емес, 
жұқа жеңіл киім екендігін білдіретін сипаттама>
ЖЕЛЕҢ-ЖЕЛЕҢ  <етек-жеңі  кең-мол  тігілген  киімнің  қатты 
жүргенде желмен желбіреп, желкілдеуін бейнелейтін еліктеуіш> *Көнетоз 
шапанының етегі желең-желең етеді (З.Шашкин. Т.Бокин, 258).
ЖЕЛК-ЖЕЛК <~ ет: аттың жалы, түйенің шудасы, т.б. сол сияқты 
(шаш, жүн, қалың шөп т.б.) заттардың жүргенде, жел соққанда жайқалып, 
шайқалып,  қайта-қайта  желк-желк  етуін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Атан 
түйелердің  желке  шудалары  желк-желк  етіп,  желіп  келе  жатқандары 
(Ә.Кекілбаев. Yркер, 187).
ЖЕЛП-ЖЕЛП  <сал:  желк-желк>  *Елік  анадай  жерге  барып,  танауы 
желп-желп етіп тоқтап, артына бұрылып лағын күтіп алды (Ш.Мұртаза. Ай мен 
Айша, 104).
ЖЕЛПІП-ЖЕЛПІП<ұсақ заттарды (мыс. бидай, тары, т.б.) қабығынан, 
қауызынан айыру үшін, не салқындату үшін жел екпініне ұстау, екшеу > *...
Қолындағы  желпуішін  желпіп-желпіп  қояды  (Д.Исабеков.  Таңд.  шығ.,  1,  73). 
*Қамыс боғаттың жүйке-жүйкеңді шымырлатар ызың әуенін тыңдап жатыр еді 
(Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 144).
ЖЫБЫР-ЖЫБЫР  <адамның  тынбай  қыбырлаған  күйкі  тірлігін, 
жәндіктердің өте баяу қозғалыс, жүріс-тұрысын бейнелейтін еліктеуіш> *...
Түлкінің аяғы қысқа екен, жыбыр-жыбыр етеді, бірақ жүрісі өнімді боп шықты, 
жеткізер емес (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 184). *Қыбыр-қыбыр қипақтасып 
қап,  жыбыр-жыбыр  жорғалаған  саусақтарымен  шоқша  сақал,  қырма  сақал, 
қауға сақал, қауырма сақалдарын сипаласқан болады (С.Сматаев. Елім-ай, 246).
ЖЫҚ-ЖЫҚ  <~  бол:  ұсақ  насекомдардың  (құрт-құмырсқалардың  бір 
жерге үймелеп, құжынап кетуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЖЫЛМАҢ-ЖЫЛМАҢ  <~  ет:  1.  бір  нәрсенің  (мыс.,  жыланның  басы, 
тілі  т.б.)  қайта-қайта  көрініп,  жасырынып  тұратын  әрекетін  бейнелейтін 

86
еліктеуіш;  2.  ауыс.  адамның  біреудің  алдында  сумаңдап,  жылпостық  мінез 
танытуын бейнелеу> *Сақал-мұртын қырған, иіс жаққан, абақтыға түсті дейтін 
емес, тазының күшігіндей жылмаң-жылмаң етеді (З.Шашкин. Таңд. шығ., 312).
ЖЫЛМЫҢ-ЖЫЛМЫҢ <қара.: жылмаң-жылмаң>
ЖЫЛП-ЖЫЛП  <~  ет:  1.  сырты  жылпылдаған  майлы  нәрсенің  қолға 
тұрмай, жылп-жылп етуін бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. біреудің алдында 
жағымпазданып жалпаңдауы> *Ол өтірікті суша сіміріп, ыстық шайдан алып 
майға малған қалайы қасықтай жылп-жылп етті (ҚТТС, 4, 292).
ЖЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ  <~  ет:  жылпыңдады,  жылпың  қағып, 
жағымпазданды>  *Сонымен  айналып  балаға  қарадым.  Теке  көз  бала 
жылпың-жылпың етеді (Б.Қыдырбекұлы. Шойынқұлақ, 108).
ЖЫЛТ-ЖЫЛТ  <жылтырақ  нәрселердің  (асыл  тастар,  алтын, 
күміс,  т.б.)  жарық  сәулесімен  шағылысып  жалт-жұлт  етіп  көрінуі> 
*Әжім  торлаған  жүзге  тер  іркіліпті,  кешкі  шапақ  тары  дәніндей 
тамшыларда жылт-жылт ойнап тұр (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 78). *Әсіресе, 
түн баласында тұрып қарасаңыз – жер ошақтағы оты жылт-жылт еткен 
үйлердің ақ отауы қайсы, қараша лашығы қайсы, ажыратуы қиын (О.Бөкей. 
Өз отыңды өшірме, 14).
ЖЫЛТЫҢ-ЖЫЛТЫҢ  <~  ет:  бір  нәрсенің  көп  рет,  қайта-қайта 
көзге жылт етіп көрініп, қайта жасырынып қалуын бейнелейтін еліктеуіш> 
*Yпірлі-шүпірлі балалары да түсі басқа кісілерге үрпиісе қарап кішкентай қоңыр 
жаппаның есігінен жылтың-жылтың етеді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 772).
ЖЫМЫҢ-ЖЫМЫҢ  <қайта-қайта  жымыңдасуды  бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Әрине,  бір-біріне  жымың-жымың  қарасып  та  қояды 
(А.Сейдімбеков.  Күңгір-күңгір  күмбездер,  127).  *Бала  бұларды  көріп 
жымың-жымың етті де, үйіне қарай қуана жүгірді (ҚТТС, 4, 309).
ЖЫҢ-ЖЫҢ <көп адамның бас қосып, құж-құж қайнап, у-шу болып 
отырған қалпын бейнелеу> *Құжынап құмырсқаның илеуіндей, жың-жың 
боп үйдің іші толып отыр (Батырлар жыры, 67).
ЖЫП-ЖЫП <қимыл-әрекеттің тез-тез, өте жылдам жүзеге асуын 
бейнелейтін еліктеуіш> *...Әлгі жіп байлаған тастардың біреуін әрі, біреуін 
бері жып-жып алмастырып ши тоқиды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 353).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет