Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет12/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

ҚАРАҢ-ҚАРАҢ  <~  ет:  алыстан  анық  емес,  қараңдап  көріну> 
*Босқындар қосынынан дәл осы мезетте ай жарығымен қараң-қараң етіп, 
еш  сыбдырсыз  екі  көлеңкенің  сытылып  шығып,  ...  үлкен  жолға  қарай  бет 
алғанын бірде-бір жан көрген де, білген де жоқ (Ә.Әлімжанов. Жаушы, 79).
ҚАРАҢ-ҚҰРАҢ <алыстан қараңдап (айқын емес) көрінетін заттың 
күңгірт бейнесі> *Кеңсенің алды қараң-құраң адам (ҚТТС, 6, 80). *Қараң-
құраң назарына іліне қоймаған соң, тебініп қалып, алғашқы бағытын бетке 
ұстады (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 94).
ҚАРБАҢ-ҚҰРБАҢ  <адамның,  кейбір  малдың  аяқ-қолын  арбаңдатып, 
қорбаңдатып жүруін бейнелейтін еліктеуіш>

95
ҚАРҚ-ҚАРҚ <~ ет: 1. қарғаның қайта-қайта қарқ-қарқ етіп шығарған 
дауысы; 2. адамның қарқ-қарқ етіп күлуі> *– Мұны көрген кім бар десеңші, – 
деп, қарқ-қарқ күлді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 55). *Файзолла қарқ-қарқ күлді 
(Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 273).
ҚАРС-ҚАРС <~ айыр: заттардың (мыс.: қауын, қарбыз, асқабақ т.б.) 
ортасынан қарс-қарс еткізіп айыру>
ҚАРТАҢ-ҚҰРТАҢ <қара: кәрі-құртаң>
ҚАРТ-ҚҰРТ <қара.: қартаң-құртаң>
ҚАРШ-ҚАРШ  <1.  ~  шайна:  қаршылдата  шайнау;  2.  қатты  затты 
(мыс., тісті) егеумен егегенде шығатын дыбыс сипаты> *Азу тістер қарш-
қарш егеліп, жақ етте толқын жүгірді (С.Сматаев. Елім-ай, 2 кітап, 9). *Екі ат та 
шиыршық атып, ауыздықтарын қарш-қарш шайнайды (Ә.Әлімжанов. Жаушы, 
190).
ҚАСПАҚ-ҚАСПАҚ <сүт, ботқа, т.б. тамақ пісірген ыдыстың түбінде 
жабысып, қатып қалған маңызды қалдықтардың кір-қожалақ, сатпақ-сатпақ 
болып қалған көрінісі>
ҚАТЫР-ҚҰТЫР  <қатты  затты  басып,  уатқанда,  шайнағанда 
шығатын дыбыстың сипаты>
*Артқаным бір қоянға бес қап тұз-ды,
Басады қатыр-құтыр жалтыр мұзды.
Екі күн жүрсем-дағы ішін тартпай,
Қампиып қардың бетін қарны сызды (М.Тоқбергенов. Жыл он екі ай, 32).
ҚАУДЫР-ҚАУДЫР <теріден жасалған шалбардың, тонның күнге кеуіп 
кетуіне  байланысты  ұстағанда,  кигенде  қаудырлап  шығатын  дыбысының 
сипаты> *Кітап, қағаздарым қолтығымда. Сулықтың жер сызған екі шалғайы 
қаудыр-қаудыр етіп, аяғыма оралады (Б.Соқпақбаев. Балалық шаққа саяхат, 65). 
*Екеуі  соған  кеп  жайғасты.  Бақанның  үстіндегі  плащы  қаудыр-қаудыр  етеді 
(М.Сүндетов. Ескексіз қайық, 111).
ҚАУЖАҢ-ҚАУЖАҢ <~ ет: тісі жоқ адамның тамақты қызылиегімен 
қаужаңдап жеуін бейнелейтін еліктеуіш> *Дәл осындай сымбат пен осындай 
сүйкімділікпен үйге кіріп келгенде қаужаң-қаужаң кешкі тамақ ішіп отырған 
Құлахмет  ағай  көмейіндегі  тамағын  әрі  қарай  жұта  алмай  түйіліп  қалды 
(Д.Исабеков. Қара шаңырақ, 10).
ҚАУҚИҒАН-ҚАУҚИҒАН-  <көлемі  үлкейіп,  ісіп-кеуіп,  қауқайып 
көрінген  үлкен-үлкен  заттар>  *Күн  төбеден  ауа  бергенде  бұлар  бүгін 
қауқиған-қауқиған  сары  шағырдан  басқа  шөбі  жоқ  шағыл  құмға  килікті 
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 803).
ҚАУҚЫЛ-ҚАУҚЫЛ <диал. ауық-ауық, анда-санда>
ҚИҚАҢ-ҚИҚАҢ  <~  ет:  айтқанға  көнбей,  бұйырғанды  істемей, 
қиқақтап,  тайсақтай  беру>  *–  Не  бұйырасыз?  –  деп  қисық  ағаштай 

96
қыңырая біткен тырбың белін қиқаң-қиқаң еткізді (Б.Тоқтаров. Таудағы ән, 64). 
*Сонда арқаңызды бүрге жеген адамдай қиқаң-қиқаң етпей, тып-тиыш отырасыз 
(Қ.Сатыбалдин. Қараторғай, 320).
ҚИҚАҢ-СИҚАҢ <қара.: қиқаң-сиқаң>
ҚИҚ-ҚИҚ <~ ет: кейбір құстардың қайта-қайта қиқылдап шығаратын 
дыбысына еліктеу> *Бәсе, бәсе комсомолдар өстеді. Кәне, қарап тұрайын, қандай 
өнеге көрсетер екенсің? – деп қиқ-қиқ күлді (Е.Қоңырбаев. Тиек, 23). *Нук-Нүкен 
қиқ-қиқ күледі (М.Айымбетов. Көгілдір соқпақ, 53).
ҚИҚЫ-ЖИҚЫ  <қалай  болса,  солай;  тәртіпке  түспеген,  жүйесіз;  бірі 
олай, бірі бұлай> *Асқақтап тұрған Тәңіртау да сиықсыз қиқы-жиқы (Ш.Мұртаза. 
Ай мен Айша, 191). *Бөркін алып, қарасаң, бас терісі ағаш соқамен жыртылған 
жердей қиқы-жиқы (Б.Майлин. Шығ., 5, 1963, 283).
ҚИҚЫЛДАП-ШИҚЫЛДАП-  <адам,  жан-жануарлардың  қыспаққа 
түсіп,  қиналып,  булығып,  дауысын  қиқылдап-шиқылдап  (шығаруы)>  *Мұның 
артынан мылқау сері болып Әбдінің Омары, өзінің серіктері Ысқақ, Мұстафа, 
Алатай,  Төлеуқанды  ертіп,  салдарша  айбақ-сайбақ  киініп,  балдыр-бұлдыр  тіл 
қатып, қиқыл-шиқыл ән салып, алуан түрлі әсем ойындар көрсетті (С.Бегалин. 
Замана  белестері,  187).  *Кейде  көзімізден  жас  парлап  қиқылдап-шиқылдап 
жатқанымыз (С.Сарғасқаев. Тәмпіш қара, 150).
ҚИҚЫЛ-СИҚЫЛ  <ірі  заттардың  сынып,  уақталып,  майдаланып, 
орнында қалған қоқым-соқымы, жырымдалған, жыртылған қалдықтары>
ҚИПАҢ-ҚИПАҢ  <бір  нәрсені  өзі  істеуге,  айтуға  бата  алмай,  мазасы 
кетіп, кібіртіктеп, қипалақтай беруді білдіретін еліктеуіш>
ҚИСАҢ-ҚИСАҢ <~ ет: адам, т.б. жануар, хайуандардың бір қалыпта 
тұрмай,  қисалаңдап,  қиралаңдап  әрекеттеуін  білдіретін  еліктеуіш>  *Ернін 
бояғанда аузы қисаң-қисаң етіп қандай жарасты екен…(Мәдениет және тұрмыс, 
№6, 1975, 13). *Жазу жазып отырғанда, Нұрымбайдың бетіне қарап тұру біртүрлі 
қызық. Еріндері қисаң-қисаң етіп, жазған әріптерінің ыңғайына қарай жыбырлап, 
ылғи да қозғалумен болады (Б.Соқпақбаев. Өлгендер қайтып келмейді, 55).
ҚИСАЯ-ҚИСАЯ<тік тұрған заттың бір жағына қисая-қисая (құлауға 
айналуы)>  *Қалжырап  жеткен  кісілер  қараңғы  баракқа  кіре  сала  киімшең 
бойымен қисая-қисая кетеді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 382). 
ҚИТ-ҚИТ <~ сөз: біреуді біреуге айдап салып, қоздырып, жел беретін 
өсек аяң>
ҚИТ-ҚИТТА <біреуді біреуге айдап салу, жел беру>
ҚОДАҢ-ҚОДАҢ  <~  ет:  біреуге  өктемдігін  танытып,  үстемдігін 
жүргізіп, билік айту, қодаңдау, қодыраңдау>
ҚОДЫРАҢ-ҚОДЫРАҢ <қара.: қодаң-қодаң>
ҚОЖАҢ-ҚОЖАҢ <~ ет: біреудің үстінен өктемдігін танытып, билік 
айтып, қоқаңдау, қожалық жасауға тырысу>

97
ҚОЖ-ҚОЖ қара.: құж-құж> *Көз көрімде ел жоқ: тек ұзын сонар 
қож-қож тастар (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 315).
ҚОЙҚАҢ-ҚОЙҚАҢ  <~  ет:  адамның,  семіз  малдың  кеудесін 
көтеріп,  аяғын  алшақ  басып,  жүруін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Кейде 
қойқаң-қойқаң етіп, екі жағына кезек ауытқып қояды (Ғ.Мүсірепов. Қазақ 
солдаты, 133).
ҚОЙТ-ҚОЙТ <екі қошқарды, не екі текені сүзістіру үшін, оларды 
ерегестіре түсу үшін қолданылатын кәделі сөз>
ҚОҚАҚ-СОҚАҚ  <біреуге  күш  көрсететін,  қоқаңдауды,  орынсыз 
доңайбатты, қоқан лоқыны сипаттайтын сөз>
ҚОҚАҢ-ҚОҚАҢ  <~  ет:  біреуге  күш,  үстемдік  көрсетіп,  қайта-
қайта қоқаңдау>
*Сәлемін жақсы құптап алғаннан соң,
Жолдастары қасына жетіп келді.
Қалай деп қоқаң-қоқаң еткендерің,
Таулардан  мәні-жайын  сұрады  енді  (Батырлар  жыры,  2  том,161). 
*Қарақшылар  жолымды  бөгеп,  қоршап  алды.  Кеуделерімен  қағып, 
қылыштарын  көтере  ұстап,  қоқаң-қоқаң  етеді.  (Б.Соқпақбаев.  Бастан 
кешкен, 147). 
ҚОҚАҢ-СОҚАҢ  <біреуге  күшін,  үстемдігін  көрсетіп,  жөнсіз 
қоқаңдауды білдіретін сөз>
ҚОЛҚ-ҚОЛҚ  <арық,  күтімсіз,  ашқарын  аттың  желгенде  іші-
ішіне соққанда шығатын қолқылдаған дыбыс > *Арық аттың құйымшағы 
мазасын  алып,  қолқ-қолқ  желісіне  іші  түйіліп,  тынышы  да  кетіп  келе 
жатыр (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 73).
ҚОЛП-ҚОЛП  <кең  етік  киген  адамның  жүргенде  қайта-қайта 
қолпылдап  шығатын  дыбысының  сипаты>  *Айырын  тастай  сап,  керзі 
етігін қолп-қолп еткізіп келіп қолымдағы шөлмекті алып тоқталмай бір-
ақ сіміре салды (О.Тәжиева. Жетім қыз, 56). * Ал етекті жалғыз жаппа 
іргелігі желпілдеп, қолп-қолп етеді. Жаппаның жартысына жуығын алып, 
сұлай түсіп қария жатыр (Т.Есімжанов. Аяулым, 36).
ҚОМПАҢ-ҚОМПАҢ  <1.  ат  мініп  шапқанда  да  бөксесін  көтере 
беретін  әрекетін,  қайта-қайта  қомпаңдауын  бейнелейтін  еліктеуіш; 
2.  ауыс.  біреуге  өкпелеп,  өзінше  қомпаңдап  мінез  танытушы  адамның 
әрекеті> *Ересек балаларға еліктеп қомпаң-қомпаң секірген де болады 
(М.Сүндетов. Ескексіз қайық, 193).
*Қазанатын мінісіп,
Қомпаң-қомпаң желісіп,
Жағасыз көйлек киісіп,
Көк шай салып су ішіп (Ж.Жабаев. 1 томдық шығ.,190).

98
ҚОМП-ҚОМП  <~  ет:  біреуге  өкпелеп,  ренжіп,  аузын  бұлтитып, 
бірнәрсе айтып қомпылдауды бейнелейтін еліктеуіш> *Қабағын түйіп, 
қомп-қомп  етіп,  түкірігін  шашырата  сөйледі  (З.Жәкенов.  Таң  самалы, 
117).
ҚОПАҚ-ҚОПАҚ  <қара.:  қопаң-қопаң>  *Бұл  Карпов  жасағы  болып 
шықты.  Шолақ  құйрық  күрең  айғыр  мінген  хорунжий  алдында  келе 
жатыр. Ат үстінде қопақ-қопақ етеді, шынында да ашулы қара бура тәрізді 
(І.Есенберлин. Қаһар, 50).
ҚОПАҢ-ҚОПАҢ  <отырған  орнынан  қайта-қайта  көтеріліп, 
қопаңдап, қозғалақтап отыра алмауды бейнелейтін еліктеуіш> *Ол желіп 
келе  жатқан  ат  үстіндегі  адамдай  қопаң-қопаң  етеді  (З.Шашкин.  Т.Бокин, 
280).
ҚОРБАҢ-ҚОРБАҢ  <икемсіз,  қолапайсыз,  ебедейсіз  аюдай  қайта-
қайта қорбаңдайтын қозғалысты бейнелейтін еліктеуіш> *Ермекбай ши 
қалпақтың соңынан қорбаң-қорбаң етіп жүгіріп барады (Д.Исабеков. Қара 
шаңырақ,  154).  *Сонан  соң  Ыбыш  әрбір  басқан  жері  жарылып  кетер  деп 
қауіптенгендей ақырын қорбаң-қорбаң етіп келіп, баяғы қара тастың жанына 
келіп тұра қалды (Д.Исабеков. Мазасыз күндер, 129).
ҚОР-ҚОР  <ұйықтаған  адамның  қайта-қайта  қорылдағанын 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Yш  жігіт  басын  басып  кетсе  де,  қың  етіп  сезер 
емес, өлі ұйқы қылғындырып, қор-қор етеді (О.Бөкеев. Құм мінезі, 156).
ҚОРҚ-ҚОРҚ  <ұйықтаған  адамның,  не  басқа  бір  құбылыстың 
қайталап, қорқыраған дауысын бейнелейтін еліктеуіш> *Ал торы мәстек 
тізгін  босасымен-ақ  өле  жығылып,  ілгері  ұмтылды  да  лай-мылайына 
қарамастан суды қорқ-қорқ сіміре бастады (А.Нұрманов. Құланның ажалы, 
10).
ҚОРС-ҚОРС  <1.  шошқа,  қабан  хайуандар  шығаратын  қорсылдаған 
дыбысты  бейнелеуші  еліктеуіш;  2.  ауыс.  адамның  оқыс  мінез  көрсетіп 
шошқаға ұқсап, шығаратын дыбысы> *...Оспан әуелі күліп алып, артынан 
өтірік қорс-қорс етіп жылаған болды (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 70).
ҚОРТИЫП-ҚОРТИЫП<бойы аласа адам, т.б. заттардың майда-
майда болып (көрінуі)> *Өзіміздікілер қортып-қортиып отыра бере ме деп 
қорқамын (Ш.Мұртазаев. Қыл көпір, 451).
ҚУТЫҢ-ҚУТЫҢ  <қайта-қайта  қутыңдап,  ойнақылану;  біліп 
тұрып,  білмегенге  салыну>  *...Бәрінің  де  пішіні  қутиыңқы,  тақымдары 
қысыңқы, жаңа жөнелген жауды түсіретін кісіше бәрі де қутың-қутың етеді 
(Ж.Аймауытов. Шығ., 55). *Жымың-жымың етісіп, қутың-қутың қимылға 
көшті («Жұлдыз», 20027 №5.  77).
ҚҰЖ-ҚҰЖ  <бір  жерге  жинақталып,  бірінің  үстіне  бірі  үйіліп, 
шоғырланған  заттардың  (адамның,  мал,  тас,  т.б.)  сипаты>  *Сол  кезде 

99
қозы өрісіндей жердегі жазықта құж-құж болып жатқан қалың тас қорымды 
көрдім (А.Сейдімбеков. Күңгір-күңгір күмбездер, 8). * Қазақта әнші құж-
құж  қайнайды  –  кіл  қатардағылар.  Қолқаласаң  қиқыл-шиқыл  менен  де 
шығады (Б.Нұржекеев. Күтумен өткен ғұмыр, 11).
ҚҰЛТ-ҚҰЛТ <~ ет: бір жерге тұрмай, ойнақшып, бұлтылдап қозғала 
беретін  заттың  әрекетін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *...Сосын  көз  ұшында 
құлт-құлт жөңкіліп бара жатқан біздің әскеріміздің соңының ақ бұрқылдақ 
шаңын көретін болсын (Ә.Кекілбаев. Yркер, 295).
ҚҰНЖЫҢ-ҚҰНЖЫҢ <еркін қозғала алмай кібіртіктеп, бүгжеңдеп, 
қайта-қайта  құнжыңдап  әрекеттенуді  білдіретін  бейнелеуіш>  *Құдай-
ау,  мынау  Ердес  жанымның  дәл  өзі  ғой!  –  Әпкем  таяғына  сүйенген  бойы 
құнжың-құнжың  етіп  жүгірмекші  болды  (Қ.Мүсірепов.  Гүлжазира,  64). 
*Құнжың-құнжың  қимылдап,  бүкіл  тұла  бойымен  «сөйлеп»,  өз  ойын 
ұқтырып, ұғындырып жатқаны (С.Сматаев. Алау, 112).
ҚҰРАЙТ-ҚҰРАЙТ 
<айғырдың 
күйін 
келтіріп, 
еліктіру, 
шабыттандыру үшін айтылатын ишарат сөз>
ҚҰРЖЫҢ-ҚҰРЖЫҢ <бір нәрсені бүкшең-бүкшең етіп, құржыңдап 
істегендегі әрекет бейнесі; сал: құнжың-құнжың>
ҚҰРУ-ҚҰРУ <жылқының құлындарына желіге, жемге шақыру үшін 
айтылатын ишарат сөз> *Құру-құру… жануар – деп Еркебұлан жақындап, 
аттың  жалына  қолын  тигізе  бергенде  жылқы  секіріп  кетті  (Ә.Тарази.
Құйрықты жұлдыз, 75). * Құру, құру! Так-так…– Дауысы анық естіліп тұр. 
Құндақбай жылқы қорасына қарай беттеді (Қ.Сәрсекеев. Қараша қаздар, 42).
ҚҰРЫЛДАП-ШҰРЫЛДАП-  <қарны  ашқан  адамның  іші-қарнының 
шығаратын  (құрылдаған-шұрылдаған)  дыбыстарының  сипаты>  *Іші 
құрылдап-шұрылдап, қарын ашып шыдамы таусылып барады (Т.Дқуренбеков. 
Таң атып келеді, 9).
ҚЫБЫР-ЖЫБЫР  <жыбырлап  ояна  бастағандар...>  *Ұйқысынан 
қыбыр-жыбыр ояна бастаған ауылды етекке қалдырып төбе басына шықты 
(О.Бөкей. Өз отыңды өшірме, 14).
ҚЫДЫҢ-ҚЫДЫҢ  <~  ет:  біреуге  өктемдік,  үстемдік  жасап,  доқ 
көрсетіп,  қоразданып,  қоқилануды  қайта-қайта  қодаңдауды  бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Сонан  соң  көк  сауыр  кебістің  қазық  өкшесін  қыдың-қыдың 
басып, тезірек озып барып алдынан ілтипатпен есік ашады (Ә.Нұрпейісов. 
Қан мен тер, 818).
ҚЫЖ-ҚЫЖ  <1.  ішкен  тамақтың  жақпауынан  адамның  кеудесін 
тырнап,  жүрегін  ашытып,  көңілін  бейжай  етуді  бейнелейтін  еліктеуіш; 
2.  көп  адам  жиналған  жерде  болатын  пысынау,  ыстықтау>  *Бөлмені 
қыж-қыж қайнатып, ... қасқыр тәбетті қос серігі сорпаға тойып мәре-сәре 
боп қалатын (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 51). *Ол ойлағанда іші қыж-қыж 

100
қайнап, тісін шықырлата тістеніп, «Әй әкеңнің-ай...» деп кіжінді (Ә.Ақпанбет. 
Қатын қашқан, 51).
ҚЫЛАҢ-ҚЫЛАҢ  <~  ет:  қылаңдап,  әр  жерден  бір  ағараңдап  көріну> 
*Сол күйінде дөңгелене берсе екен деп, – тіледі балалар. Ұсақ-ұсақ бел-белес, 
ойпаңдардың  қылаң-қылаң  еткен  елесі-ақ  қызық  еді-ау!  (Ғ.Қайырбеков.  Жел 
қайық,  12).  *Бірақ  миллиондаған  ұрпақ  бесігіне  бөленеді.  Енді  төрт-бес  айда 
қылаң-қылаң етіп жүзе жөнеледі (Ғ.Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне, 94).
ҚЫЛҚ-ҚЫЛҚ  <~  жұт:  адамның  сұйық  асты  (қымыз,  сүт,  шай, 
айран,  сусын)  үсті-үстіне  мол-мол  етіп  жұтқанда  естілетін  дыбысқа 
еліктеу> *– Шөлмек мінекей, – деп Нұрлан жымиған бойда жақын барды. 
  -  Көп  жаса,  шырағым.  –  Ахметхан  «Зубровканы»  аузынан  ұрттап,  қылқ-
қылқ еткізіп бір-ақ сімірді де, маңдайын ұстап. – Ия, атам Барақ, өзің жар 
бола көр, – деді (Ж.Молдағалиев. Ескі дос, 306). * Суық қар араласқан жылы 
тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады (М.Әуезов. Қараш-қараш, 383).
ҚЫЛҚЫҢ-ҚЫЛҚЫҢ <~ ет: қайта-қайта мойнын қылқыңдата беру> 
*Мойнын  қылқың-қылқың  еткізіп  бір  орнында  шырқ  айналды  (А.Нұрманов. 
Құланның ажалы, 11).
ҚЫЛМЫҢ-ҚЫЛМЫҢ  <~  ет:  қайта-қайта  біреуге  күлімдеп  қарап, 
ұнауға,  көңілін  аударуға  тырысып,  қылмыңдау>  *Қып-қызыл  күн  қылмың-
қылмың күліп қояды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 254). 
* Асқан болдым бірдеме,
Көк оттың салып шекесін.
Әлде, өзің құрмысын?
Қылмың -қылмың етесің... (Б.Майлин. Шығ., 135).
ҚЫЛМЫҢ-СЫЛМЫҢ <қара.: қылмың-қылмың>
ҚЫЛП-ҚЫЛП  <~  ет:  бір  жерге  тұрақтап  отыра  алмай,  арт  жағы 
қылпылдай беру> *– Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді 
қойшы осы!..-деді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 81).
ҚЫЛТИҒАН-ҚЫЛТИҒАН <бір нәрсенің (жердің, судың, т.б.) бетінен 
сәл ғана ұзарып, көтеріліп шығып тұратын заттардың көрінісі, қалпы> *Тек 
тары  сабақтарының  қылтиған-қылтиған  түбірі  ғана  көрінеді  (Т.Дәуренбеков. 
Таң атып келеді, 24).
ҚЫЛТ-ҚЫЛТ <~ ет: бір заттың ұшы, төбесі, басы бір көрініп, бір 
көрінбей, қылтылдап тұрған қалпы> *Күшік қалың шөп арасынан басы ғана 
қылт-қылт  етіп,  секіре  жүгіріп,  Әділдің  соңынан  салбақтап  бара  жатады 
(М.Мағауин.  Таңд.  шығ.  ІІ  том,  13).  *Жанталасып  ұстады  ат  жалынан, 
балағаз  да  ұмтылды  тез  жалма-жан,  Ат  пысқырып,  алқынып,  қылт-қылт 
етіп,  Жүзіп  барад  жануар  алға  таман  (И.Байзақов.  Құралай  сұлу,  134). 
*Дүниенің осыншама ақтығынан шығар, Мамайға әлгі бір қылт-қылт етіп 
қарайған бастар әзірейілдей көрінді (Ш.Мұртазаев. Мылтықсыз майдан, 52).

101
ҚЫЛТЫҢ-ҚЫЛТЫҢ <~ ет: бір заттың басы, ұшы, төбесі, не басқа 
бір  бөлшегі  қайта-қайта  көрініп,  жоқ  болып  кетіп,  қылтыңдап  тұруы> 
*Әріректе  бірнеше  топ  адам,  биік  қардан  бастары  ғана  қылтың-қылтың 
етіп, мола қазып жатқан сияқты (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке, 164). *Бөренеге 
байлаусыз қондырған бүркіт, топшасын аздап қана жазып, етті көріп мойнын 
қылтың-қылтың еткізді (С.Мұқанов. Ботагөз, 134).
ҚЫЛТЫҢ-СЫЛТЫҢ  <~  ет:  адамның  біресе  былай,  біресе  олай 
қылтыңдап, әртүрлі қылық көрсетіп, құбылуы> *Курск алқабының күзі ерке 
келіншектің мінезіндей ... қылтың-сылтың (Х.Әдібаев. Таңбалы адам, 11).
ҚЫМЫҢ-ҚЫМЫҢ <~ ет: біреуге көңіл-күйін қылмыңдап, ойнақы түрде 
білдіру>
ҚЫҢҚ-ҚЫҢҚ  <~  ет:  баланың  ұйқыдан  оянып,  мазасызданып,  қайта-
қайта қыңқылдап жылауы> *Алғашында әдеткі еркелігіндей қыңқ-қыңқ етті де, 
артынан Шеген оқыс шыңғырып жіберді (Б.Нұржекеев. Бір өкініш, бір үміт, 36).
ҚЫРҚ-ҚЫРҚ <~ ет: қайта-қайта қырқылдап үн шығарды (жөтелді)>
ҚЫР-ҚЫР  <~  ет:  дауысы  қайта-қайта  қыр-қыр  етіп,  қырылдап 
шықты> *Шалдың бұлқынуға шамасы келген жоқ. Қыр-қыр етіп қылғынып, 
демнің арасында жүріп кетті («Жұлдыз», №2, 2002, 25).
ҚЫРПЫҚ-ҚЫРПЫҚ  <кірпік-кірпік,  жапырақ-жапырақ  болып 
жауған  қардың  қалпы;  қара:  қылпық-қылпық>  *Жағалай  иін  тірескен 
қырпық-қырпық қотыр тас бетінен үңірейіп үңгір көрінеді (Ә.Кекілбаев. Бір 
уыс топырақ, 200).
ҚЫРТ-ҚЫРТ <~ шайна: қытырлақ, қатырлақ нәрсені (тары, жүгері, 
бидай, кепкен нан т.б.) шайнағанда шығатын дыбыс бейнесі> *Әншейінде 
аузы-аузына  жұқпайтын  Жатыпатар  бүгін  мыңқ  етер  емес.  Қолындағы 
тұрқы  қысқа  қылпылдаған  кішкене  балтамен  білеудей  бұтаны  дөңкиген 
жаңғырықтың үстіне көлденең салып, аспай-саспай қырт-қырт шауып отыр 
(О.Сәрсенбаев. Таңбалы тас, 156).
ҚЫРТЫҢ-СЫРТЫҢ  <~  ет:  біреудің  айтқанына  көнбей,  теріс  мінез 
танытып, қыртыңдау, тыртыңдау>
ҚЫРТЫС-ҚЫРТЫС  <киімнің  әбден  мыжылып,  қыртыстанып, 
қатпарланып қалған қалпы> *Қыртыс-қыртыс қисық әжім, шүлгеленген кіржік 
маңдайынан өнебойы қызыл жолақ кетпейді (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 53).
ҚЫРШ-ҚЫРШ <кепкен, қатты, қатырлақ тамақ түрін тістегенде, 
шайнағанда  шығатын  дыбысты  бейнелеу  еліктеуіш>  *Оның  бар  мейірі 
қанып  тыңдайтыны,  жылқының  кісінегенінен  басқа,  пысқырған  мұрны, 
шөпті жинағанда қырш-қырш, күрш-күрш еткен тісі болар еді (С.Мұқанов. 
Теміртас, 81).
*Алпысы шабуылдап қырдан асты,
Асығып аттарына қамшы басты.

102
Тұтқындар бармақтарын қырш-қырш шайнап,
Ызалап көздерінен төкті жасты (О.Шипин. Екі дастан, 105).
ҚЫРЫЛДАП-СЫРЫЛДАП  <көбінесе  суықтан,  қарттықтан  даусы 
қарлығып, тамағынан қайырып (сөйлейтін адамның дауысы)>
ҚЫРЫЛ-СЫРЫЛ  <тамағы  қарлыққан  адам  сөйлегенде  әдеттен 
тыс  барқырап  (қыр-қыр  етіп)  шығатын  дыбыс>  *Бала  күнімнен  әбден 
таныс  қоңырқай  ашық  даусына  да  қырыл-сырыл,  жарықшақ  араласпапты 
(А.Бекбосынов. Ауылым әнім менің, 131).
- Л -
ЛАП-ЛАП <~ ет: қатты жанған оттың тоқтаусыз лапылдап жануын 
бейнелейтін еліктеуіш>
ЛАУ-ЛАУ <1. өрттің, оттың желмен үрленіп, тоқтаусыз лапылдап, 
лаулап жануын бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. қыза түскен қңгіме-дүкеннің 
ду-дуын бейнелейтін еліктеуіш>
* Кел айналық, кел лау-лау 
Түнде лагерь қасында (С.Бегалин. Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары, 
99). *– Қайда бұл, түге, осы елдің еркегі?! – деген сөздер кәрі-жас, ұлы-кішінің 
аузында шалқып жанған өрттей болат, лау-лау етті (М.Әуезов. Қилы заман, 
49).
ЛОҚ-ЛОҚ <қара.: лақ-лақ> * «Вездеход» лоқ-лоқ желеді (Т.Әлімқұлов. 
Шежірелі сахара, 54).
ЛОҚСЫП-ЛОҚСЫП<ішкен асын қайта-қайта кейін қайырып (құсып 
жіберуге  бейімделіп  ұмтылу>  *Абай  бір  уақытта  жылау  үстінде  лоқсып-
лоқсып булығып кеп, құсып-құсып жіберді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 35).
ЛYП-ЛYП <~ соқ: адам жүрегінің бір қуанышты (не ренішті) хабар 
күтіп,  соның  боларын  сезіп,  жүрегінің  алып-ұшып,  үсті-үстіне  дүрсілдеп 
соғуын бейнелейтін еліктеуіш> *Өз жүрегімнің лүп-лүп қатты толқын ырғағы 
(М.Әуезов. Абай жолы, 1, 118).
ЛЫҚ-ЛЫҚ <~ тол: көп жиналған адамға үй іші, ғимарат, зал, т.б. аузы 
мұрнынан шығып кетуі> *Шағындау келген залдың іші ақ бандыларға лық-
лық етеді (Терең тамыр, 185). *Емдеуші мұндай көп болар ма, үйге сыймай, 
лық-лық етеді (С.Торайғыров. Мағынасыз мешіт, 55).
ЛЫП-ЛЫП  <~  ет:  өте  шапшаң,  көзді  ашып-жұмғанша,  тез-тез 
істей салуды, лыпылдап тұруды бейнелейтін еліктеуіш> *Лып-лып жанған 
сексеуілдің шоғына темір ұстап, күні бойы ұсталық құрады (Ә.Кекілбаев. Бір 
уыс топырақ, 221).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет