Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет13/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

- М -
МАЙМАҢ-МАЙМАҢ <~ бас: аяғы ауру, ақсақ адамның, хайуандардың 
да, түзу де нақ басып жүре алмай, ирелеңдеп, қиралаңдап басуы> *Маймаң-
маймаң басып барып ер-тоқымын алады (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 167).

103
МАЛЖАҢ-МАЛЖАҢ  <тісі  жоқ,  не  тісі  түсіп,  тозған  адамның 
ішкен  тамағын  жұту  үшін  қызылиегіменен  ұзақ  шайнауды  бейнелейтін 
еліктеуіш> *Жұманнан көздерін алмай, арқамызды босаттыр саңшы дегілері 
келгендей, ауыздарын түйелер малжаң-малжаң еткізеді (Ғ.Мүсірепов. Таңд. 
шығ. ІІ том, 48). *Жалпақ тұмсықты кең аузын ашып малжаң-малжаң етті 
(С.Мұқанов. Сырдария, 137).
МАҢҚ-МАҢҚ  <~  ет:  1.  төбет  иттердің  жуан  дауысымен  қайта-
қайта маңқылдап үруін бейнелеу; 2. ауыс. адамның да (итке ұқсап) қайта-
қайта жаман сөз айтып, ұрсуын сипаттау> *Жастықтан басын көтеріп алып, 
сыртқа құлақ түрді. Күлкі де жоқ, ешкім де жоқ. Қотанда қойдың, үй маңында 
сиырдың ұйқы пысылы ғана естіледі. Шерияздан үйінің сар қасқасының даусы 
болар, маңқ-маңқ үріп, әне ,о да тынды (Д.Әбілов. Арман жолында, 144).
МАҢ-МАҢ  <~  бас:  адамның,  әсіресе  түйенің  асықпай-саспай, 
шайқалып,  аяғын  жайлап  қана  басып  жүруін  бейнелеу>  *Аяқтарын  маң-
маң басып, ханның алдына жақындады. (Ә.Кекілбаев. 55). *– Түйелер кетіп 
барады.  Бір  асықпайды-ау  жануарлар  маң-маң  басып...  (Ә.Әлімжанов. 
Отырардан жеткен сый, 36).
МИҚЫ-ЖИҚЫ <әр жағына қисайып, қыңырайып, бас-аяғы араласып, 
бейберекеті шыққан заттардың көрінісі>
МИҚЫ-СИҚЫ <қара.: миқы-сиқы>
*Көлеңке миқы-сиқы боп ұзарып кетіпті (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 66).
МИТЫҢ-МИТЫҢ <өнімсіз, нәтижесі төмен әрекеттің, қол ұшын ғана 
қыбырлатып істейтін тірліктің сипаты> *Буырыл ат қой маңырап, ит үріп 
ызы-қызы болып жатқан ауыл жаққа қарай ентелей басады да, ертесіне қосқа 
қайтқандай мойыны салбырап, митың-митың мандымай қояды (Ә.Кекілбаев. 
Бір  уыс  топырақ,  229).  *Дика  үй  иесінің  қабағынан  ығып  жүреді.  Қалелді 
танымайтын  адамдай,  онымен  тілдеспей,  митың-митың  өз  шаруасымен 
болады (С.Жүнісов. Жапандағы жалғыз үй, 32).
МОЖА-МОЖА  <әбден  қартайып,  бет-аузының  бәрі  мыржым-
тыржым болған, мылжа-мылжасы шыққан адамның сипаты, сырт бейнесі>
МОНШАҚ-МОНШАҚ  <~  тер:  қатты  терлегенде  жіпке  тізілген 
моншақтай болып, бүртіктеніп, тізіліп аққан тер тамшыларының көрінісі> 
*Көзінен  моншақ-моншақ  ыстық  жасын  төгіп  жіберіп  тоқтады.  (М.Әуезов. 
Абай жолы, 1, 460).
МОX-МОX  <жылқы  малын  жемге,  желіге  шақырғанда  қайталап 
айтылатын ишарат сөз> *Қара күрең айғырға дорбасын ұсынып моx-моxлап 
еді, ол ойқастап келе қоймады (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 213).
МӨЛТЕҢ-МӨЛТЕҢ <~ қара.: біреуге екі көзін жәудіретіп, мөлтиіп, 
жаутаңдап  қайта-қайта  қарай  беру>  *Бірақ,  моп-момақан  боп  мөлтең-
мөлтең ағып жатқан суды көреді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 111).

104
МӨЛТ-МӨЛТ  <~  ет:  екі  көзінен  аққан  жастың  мөп-мөлдір  болып 
тамшылауын  бейнелеу>  *Мөлт-мөлт  жылап  тұрған  мөлиме  суға  қараса, 
қысып  тұрған  ашу  күйреп  кетердей,  ілбіп  басып  бақша  жаққа  қараған 
терезенің алдына келді (Ә.Кекілбаев. 43). *Кейбіреулердің көзінен жас мөлт-
мөлт тамады (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл. 209).
МӨҢКІП-МӨҢКІП-  <асау  жылқының  үстіне  алғаш  мінген  адамды 
аяқ-қолын  бауырына  алып,  тулап-тулап  (жығып  кету)>  *Мөңкіп-мөңкіп, 
орысты лақтырып тастап, тауға бірақ тартты (З.Шашкин. Т.Бокин, 367).
МЫҢҚ-МЫҢҚ  <~  ет:  бір  нәрсені  айқын,  ашық-жарқын  емес, 
мұрнының астынан, мыңқылдап, кібіртіктеп бір нәрсе айтуы>
МЫРС-МЫРС  <~  күл:  жымың-жымың  етіп,  мырсылдап  күлу> 
*Құрышпай мырс-мырс күлді (З.Шашкин. Т.Бокин, 166). *Басыңа күн туған 
екен ғой бақыр! – деп мырс-мырс күлді (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 76).
МІҢГІР-МІҢГІР <~ ет: сөзін ашық, айқын етіп айтпай, мұрнының 
астынан  міңгірлеп  сөйлеу>  *Шоқты  көзі  де  сөніңкі,  тіпті  Зәуреге  түсер 
емес, төмен қараған қалпы, мұрнынан міңгір-міңгір етті (О.Қабдолов. Өмір 
ұшқыны, 225).
ОДЫРАЯ-ОДЫРАЯ-  <~  қара.:  біреуге  көзін  адырайтып,  қайта-қайта 
ожырайып, адыраңдай қарау> *Дьяковты көргенде үстеріне түйе кіргендей, елең 
етіп, одырая-одырая қалысты (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 534).
ОПЫР-ТОПЫР <көп адамның бас-аяғы араласып, қалаймақан, бейберекет 
жүріс-тұрысын бейнелейтін қайталама қос сөз> *Тәсібек орнынан опыр-топыр 
атып тұрды (С.Сматаев. Елім-ай, 26). 
- Ө -
ӨКІРІП-ӨКІРІП-  <1.  сиыр  малының  азан-қазан  болып,  күжілдеп, 
мөңіреп (дауыс шығаруы); 2. ауыс. адамдардың қатты-қатты дауыстап, 
жылап-жылап  (алуы).>  *Балалар  шыдай  алмай,  өкіріп-өкіріп  есіктен  ата 
жөнелді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 222).
ӨҢК-ӨҢК <1. ~ жыла: өңкілдеп, жуан дауысын шығарып (жылау); 2. 
~ ет: денесін қорбитып, өңкеңдей қозғалу>
*Қайкен үсті-үстіне төпейді 
Бәйгешолақ одан сайын өңк-өңк желеді (С.Жүнісов. Өшпейтін іздер, 62). 
* Сиыр бір асам шөпті суырған күні жалт беріп, өңк-өңк етіп, қаша жөнеледі 
(Б.Соқпақбаев. Өзім туралы повесьім, 107).
- П -
ПАШЫР-ПАШЫР  <~  шайна:  қатты,  қатқыл,  құрғақ  затты 
қатырлатып шайнау> *Yстін-үстін бассаң, пашыр-пашыр етеді (Т.Дәуренбеков. 
Таң атып келеді, 125).
ПАШЫР-ПҰШЫР  <қара.:  пашыр-пұшыр>  *Қу  сүйектің  өзін  балғадай 
тістерімен пашыр-пұшырын шығаратын (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 51).

105
ПЫР-ПЫР  <~  ет:  пырылдаған  дыбыстың  қайта-қайта  шығуы> 
*Дәл жолдың жиегінен пыр-пыр етіп бір топ құс жер бауырлап ұша жөнелді 
де, көп ұзамай қана кетті (Ш.Мұртазаев. Ақсай мен көксай, 36). «Әйелінен 
тракторды жақсы көреді», – дейтін құрбылары. Жұмыстан қолы босаса тоя 
ішіп, пыр-пыр ұйықтап жататын. Енесі Нәзи кемпір ше? (Е.Рахимов. Сүрі 
қар, 117).
ПЫР-ПЫРЛА <~ ет: қайта-қайта пырылдау, пыр-пыр ету>
ПЫСҚЫРЫП-ПЫСҚЫРЫП<жылқының қайта-қайта пысқырған 
дыбыс шығаруы> *Көк есекке бәрібір, құйрығын шыжбыңдатып пысқырып-
пысқырып қойды (Ш.Мұртазаев. 24).
ПЫС-ПЫС  <мұрнынан  қайта-қайта  пысылдап  шығатын  дыбыс 
сипаты>  *Ақлақ  арғымақтығына  басты.  Кең  танауы  делдиіп  пыс-пыс 
пысқырып, есіп келеді (С.Сматаев. Елім-ай, 310).
ПЫШ-ПЫШ <1. қайта-қайта пышылдап шығатын (мыс., мұрнынан) 
дыбыс  сипаты>  *Бірде  болмаса  бірде  ұсақ-түйек  реніш,  келіспеушілік, 
«жанашыр ағайынның» пыш-пыш қаңқу сөздерінің де нысанаға дөп тиетін 
кездері болып жатады... (А.Әшімұлы. Майраның әні, 99). *Қыс түсе тапал 
сары Сейісті қасына шақырып ап көп пыш-пыштады. (Ә.Кекілбаев. Бір уыс 
топырақ, 293).
ПЫШ-ПЫШТА <өсек-аян сөз тарату, ғайбат айту> *Қыс түсе тапал 
сары  Сейітті  қасына  шақырып  ап,  көп  пыш-пыштады  (Ә.Кекілбаев.  Бір 
уыс топырақ, 293). *Іргелі ел емес, айдалада бас қосқан, пыш-пыштасқан 
қашқын-пышқын сияқты (Ә.Кекілбаев. Yркер, 66).
- С -
САҚ-САҚ <~ күл: қайта-қайта, ұзақ сақылдап күлу> *Оспан сақ-сақ 
күліп, иттерін өшіктіріп:
– Ар..р! деп, өзі тап-тап беретін (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 32).
САҚЫР-САҚЫР <самауырындағы, қазандағы судың сақырлап қатты 
қайнауын бейнелейтін дыбыс> *Тыныштық. Қардан үкі тағынған ағаштар. 
Тағалы аттар жолдың шыны қарын сақыр-сақыр басып, оқта-текте пысқырып 
қойып, келе жатады (Б.Соқпақбаев. Өлгендер қайтып келмейді, 133).
САҚЫР-СҰҚЫР  <қара.:  сақыр-сұқыр>  *Сүт  сақыр-сұқыр  қайнап 
шыға  келеді  (Ш.Мұртазаев.  36).  *Әлдекімдер  өртенген  үйді  сақыр-сұқыр 
құлатып жатқандай (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 284).
САЛДЫР-ГYЛДІР <қаңғыр-күңгір, тарсыл-тұрсыл дыбыс сипаты> 
*...Салдыр-гүлдір  жүк  машинаға  мінгізіп  әкелмей,  Жұмажан  легковоймен 
тасыса,  қандай  мәртебелі  болар  еді  дейді  (Ш.Мұртазаев.  Жүрекке  әжім 
түспейді, 219).
САЛДЫР-САЛДЫР  <қайта-қайта,  тынымсыз  салдырлауды 
бейнелейтін еліктеуіш>

106
САЛДЫР-СҰЛДЫР  <қара.:  салдыр-гүлдір>  *Ақтөс  шынжырын 
салдыр-сұлдыр  еткізіп  жұлқынып  тағы  үріп  қойды  (Т.Дәуренбеков.  Таң 
атып келеді, 186).
САЛПАҢ-САЛПАҢ  <сабылып,  етек-жеңі  салпылдап  бейберекет 
жүруді бейнелейтін еліктеуіш>
САМБЫР-САМБЫР  <көп  адамның  бір-бірімен  самбырлап, 
саңқылдап қатты-қатты сөйлегенін сипаттайтын еліктеуіш>
САҢҚ-СҰҢҚ  <~  ет:  саңқылдаған  үннің  қайталанып,  жаңғырып 
естілуінің сипаты>
САРҚ-СҰРҚ  <самауырындағы,  қазандағы  судың  (жалпы 
сұйықтықтың)  сарқылдап,  бұрқылдап  қатты-қатты  қайнауын 
бейнелейтін дыбыс еліктеуіші>
САР-САР <мол судың (басқа да сұйықтықтың кернеуінен (жиегінен, 
жағасынан)  асып,  тасып,  сарылдап,  сарқырап  құйылуынан  шығатын 
дыбыс сипаты>
САРТ-САРТ  <екі  нәрсенің  өзара  қатты-қатты  соқтығысуынан 
шығатын дыбыс бейнесі > *Темір бетоны плотинаны жайратып жіберердей 
сарт-сарт  сабалады  (Ш.Мұртазаев.  Интернат  наны,  238).  *Қара  күшке 
басып, аяқ-қолдары сарт-сарт айқасты (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 38).
САРТ-СҰРТ  <қара.:  сарт-сарт;  сарт-сарт  еткен  дыбыстың 
өзгеріп шығатын жаңғырығы> *Бір үйір аң қалың жынысты сарт-сұрт 
жапырып,  жағаласып  ойнақ  салғандай  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ, 
84). *Ұзын ағашты екі кісінің иығына асып қойып, сол ағашта аяғының 
басымен  сарт-сұрт  жорғалаған  сұмдық  бишілер  болды  (Қ.Байсейітов. 
Құштар көңіл, 95).
САТҰР-СҰТЫР  <сатыр-сатыр  шыққан  дыбыстың  өзгеріп 
естілетін жаңғырығы> *Әлгі тоғай шетіндегі сатыр-сұтыр жым-жылас 
жоғалды  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ,  84).  *Бір  кезде  шөптің  арасы 
сатыр-сұтыр еткендей болды («Тылсым дүние» газеті, №136 2002).
СЕКЕК-СЕКЕК <~ ет: ұшқалақ мінез көрсетіп, секектеп, селтеңдеп 
(бір орында тұрмау)>
СЕКЕҢ-СЕКЕҢ <қара.: секек-секек>
*Қарғалар  тобымен  даланы  тінтіп  секең-секең  етеді  (А.Нұрманов. 
Құланның ажалы, 308).
СЕКСИІП-СЕКСИІП-  <шашы,  бас  киімі  қалай  болса  солай,  жан-
жаққа  селтиіп,  селтеңдеп  (оғаш  көрінуі)>  *Жүгіріп  келе  жатқандар 
сексиіп-сексиіп тұрып қалды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 263).
СЕКІРЕ-СЕКІРЕ-  <секең-секең  етіп,  жүгіре  басып  (бір  орында 
тұрмай  қозғалу)  >  *Оспан  есік  алдында  қайқаңдап,  секіре-секіре  түсіп, 
шеткі үйлер жаққа қарай зыта жөнелді (М.Әуезов. Абай жолы, 38).

107
СЕЛК-СЕЛК <~ ет: қорқып, шошып, қатты тоңып, әлсін-әлсін селкілдеу> 
*Апасының иығы, тіпті, селк-селк етеді (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 43).
СЕЛ-СЕЛ  <~  бол:  1.  әбден  шылқып  терлеуді,  көз  жасы  көл  болуды 
бейнелейтін сөз; 2. сел жүргендей, мол судың сай-сала толып ағуы>
СЕЛТИІСІП-СЕЛТИІСІП<әр жерде бір состиып, қозғалмай, қалшиып 
тұрып  (қалған  адамдардың  сырт  бейнесі)>  *Барлық  машинистер  селтиісіп-
селтиісіп қалт тұра қалды (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 257).
СЕРЕҢ-СЕРЕҢ  <~  ет:  аяқ-қолын  сораңдатып,  сораң-сораң  еткізуді 
бейнелейтін еліктеуіш> *Көшенің ортасымен серең-серең етіп біреу келе жатыр 
(З.Шашкин.  Т.Бокин,  152).  *От  қасында  серең-серең  етіп  әлденеше  адам  жүр 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 84).
СЕРПІП-СЕРПІП<күшпен, екпінмен өзінен әрі итеріп-итеріп тастауды 
бейнелейтін етістік сипаты> *...Көз алдында шумақталып тұрып қалған көк 
түтінді қолымен серпіп-серпіп жіберді (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 40).
СОЛҚ-СОЛҚ  <~  ет:  денесін  қайғы-қасірет  билеп,  қатты-қатты 
солқылдап,  қалтырап-дірілдеп  жылаудың  түрі>  *Жылау  артынан  ықылық 
атқандай, денесі дірілдеп, солқ-солқ етті. (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 35). *Бұлардың 
үстіне солқ-солқ жылап Данаш келе жатады (Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай, 122).
СОРАП-СОРАП <желінді, емшекті сораптап, қайта-қайта сорып емгенді 
бейнелейтін еліктеуіш> *Мәселен, суатқа келгенде су ішкізу үшін жылқыға 
мо-мо,  ірі  қараға  шау-шау,  түйеге  сорап-сорап  сияқты  сөздер  айтылатын 
(Х.Арғынбаев. 31).
СОРП-СОРП  <~  ет:  қайта-қайта  сораптап  емуді  бейнелейтін 
еліктеуіш>
СУДЫР-СУДЫР <~ ет: 1. әбден кепкен, қатқан, қураған заттарды 
қайта-қайта  қозғағанда  шығатын  сусылдаған>  *Шеңгелдің  құрақ 
қоңыраулары төгіліп, судыр-судыр үн шығарады (О.Сәрсенбаев. Таңд. шығ., 
2, 96).
СУМАҢ-СУМАҢ <~ ет: бір есіктен шығып, екінші есікке кіріп, сумаң 
қағу>
СҰҢҚ-СҰҢҚ  <~  ет:  мақалдатып-мәтелдетіп  сөйлеу;  сұңқылдау> 
*Кабинетінде отырып әмір еткен комиссарша маңғазданып, оқта-текте аққу 
сұңқ-сұңқ етеді (Ж.Аймауытов. Шығ., 43).
СYЙРЕҢ-СYЙРЕҢ  <~  ет:  қайта-қайта  сүйреңдей  беру,  жылмың 
қағу> *Сөз таба алмағанда қаламы сүйрең-сүйрең етіп қағазды тесіп алардай 
болады (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалары, 2, 56).
СYМЕҢ-СYМЕҢ <~ ет: бір жерді тесіп өтіп, екінші жерді тесуге 
ыңғайлану>
СЫБДЫР-СЫБДЫР  <~ет:  қайта-қайта  сыбдырлаған  дыбыс 
шығару>

108
СЫБЫР-ЖЫБЫР <ел арасында болатын сыбырлаған, жыбырлаған 
(өсек-аяң,  әртүрлі  жасырын  әрекет)  қимыл-қозғалыстардың  бейнелі 
сипаттары> *Солардың сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін, елдің біразын 
сол елге кірістіру керек (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 125).
СЫБЫР-СЫБЫР  <қайта-қайта  сыбырлаудың  көп  сыбырдың 
бейнелі сипаты > *Айлы аспанның астында ұзақ қыдырып, сыбыр-сыбыр 
сырласқан (О.Бөкеев. Мынау аппақ дүние, 81).
СЫҚ-СЫҚ <~ күл: қара.: сылқ-сылқ>
СЫҚЫР-СЫҚЫР 
<заттардың 
бір-біріне 
үйкелісінен, 
соқтығысуынан  қайталап  шығатын  дыбыс  еліктеуіші>  *Аяғының 
астында  шыныланған  қатқыл  қар  сықыр-сықыр  етеді  (М.Әуезов.  Абай 
жолы, 1, 75). *Аяқ асты сықыр-сықыр етеді (М.Мағауин. Таңд. Шығ. ІІ том, 
17).
СЫЛДЫР-СЫЛДЫР <темір заттардың (сырға, шашбау, қоңырау 
т.б.)  қамыстың  өзара  соқтығысуынан  шығатын  қайталама  дыбыс 
сипаты>  *Тұма  бұлақ  сылдыр-сылдыр  ағып  жатыр  (Ә.Кекілбаев.  21). 
*Сылдыр-сылдыр шолпының үні шықты (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 15).
СЫЛҚ-СЫЛҚ <~ күл: наздана, рахаттана сыңғырлай дауыс шығара 
күлу> *– Атаң ғой, атаңа сәлем бер, – деп мысқыл еткендей сылқ-сылқ күлді 
(М.Әуезов.  Абай  жолы,  1,  77).  *Күлсім  теріс  айналып  сылқ-сылқ  күледі. 
Құштиын босанысымен тайып тұрады (Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай, 286).
СЫЛП-СЫЛП <сұйық тамақты қайта-қайта жұтқанда, шалшық 
суды малшып басқанда шығатын дыбыстарға еліктеу> *Сылп-сылп аяғын 
сүйрете басып, шалдың өзі келді (З.Шашкин. Т.Бокин, 267).
СЫҢҒЫР-СЫҢҒЫР  <~  ет:  қайта-қайта  сыңғырлау,  сыңғырлап 
күлу > *...Таза-тұнық бұлақтар мен бастаулар ма, әйтеуір сыңғыр-сыңғыр 
күледі-ай («Қазақ әдебиеті», №30, 23.07.99).
СЫПСЫҢ-СЫПСЫҢ  <1.  сыпылдаған,  сып-сып  етіп  қайталаған 
дыбыс  бейнесі;  2.  ауыс.  күңкіл-сүңкіл,  сыбыр-сыбыр,  сумаңдаған  өсек-
аяң>  *Күні-түні  сол  бір  сыпсың-сыпсың  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ, 
111).  *Алапат  сарайдан  дөңгелек  хауыздың  сыпсың-сыпсың  дыбысынан 
басқа құлақ селт еткізер үн де жоқ (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 111).
СЫП-СЫП  <~ет:  қайта-қайта  сып-сып  етіп  шыққан  дыбыс 
сипаты>
СЫР-СЫР <~ ет: қайта-қайта сыр-сыр еткен дыбыс шығару> *Бір 
жылтылдақ темірлер бұның әр адымын аңдып сыр-сыр етеді (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 291).
СЫРП-СЫРП  <~  ет:  сыртылдап  қайталап  шыққан  дыбыстарға 
еліктеу>  *Тас  астауға  мойындарын  салып,  сырп-сырп  сораптап  ұзақ 
тұрысты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 237).

109
СЫРТ-СЫРТ <тырсылдап қайталап тамған тамшының дыбысын 
бейнелейтін еліктеуіш> *...Қос қабат терезеге қиыршық қар сырт-сырт 
соғады (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 110).
- Т -
ТАҚ-ТАҚ  <екі  заттың  бір-біріне  соқтығысуынан  тақылдап 
шығатын  дыбыс  сипаты>  *  «Қазақта  би  жоқ,  болмаған»,  –  дегенде, 
таңдайлары  тақ-тақ  ететіндердің  талайы  сол  слеттен  кейін  ойлап 
сөйлейтін болды (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 94). *Поездың тақ-тақ 
үні аза бойын қаза етіп, безгегі ұстағандай өз-өзінен дірілдеп-қалшылдап 
шошынатын мүшкіл халге жеткізді (О.Бөкей. Өз отыңды өшірме, 6).
ТАҚ-ТҰҚ <ауыс: ас-тағамның, азық-түліктің бірде жетіп, бірде 
жетпейтін, болар-болмас аз мөлшері> *Ол мынау тақ-тұқ жаңғырып 
жатқан тас қабаттың астында (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 251).
ТАҚЫЛ-ТАҚЫЛ  <1.  қайталана  беретін  тақыл-тақыл  дыбыс 
сипаты; 2. ауыс. мән-мағынасы жоқ тақылдаған бос әңгіме, құры сөз>
ТАҚЫЛ-ТҰҚЫЛ <жетер-жетпес, бірде жетіп, бірде жетпейтін, 
болмашы  дүние  сипаты>  *Қару  жағы  да  тақыл-тұқыл  жетіспей  қап 
жатады.(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 628). *Төлебайдың тапқаны, тақыл-
тұқыл тамаққа ғана жарайды (С.Мұқанов. Таңд. шығ., 233).
ТАҢҚ-ТАҢҚ  <1.  «тарс-тарс»,  «таңқ-таңқ»  етіп  қайталап 
шыққан  (мылтық,  зеңбірек  т.б.)  дыбыстарға  еліктеу;  2.  ауыс.  қопал 
дауыс шығарып күлудің сипаты>
ТАПЫР-ТҰПЫР <көп адамның (жан-жануарлардың да) бір жерге 
жиналып,  бейберекет,  топырлап,  тапырақтап,  қалаймақан  етуін 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Асыр  салып  ойнаған  тай-құлындай  тапыр-тұпыр 
дүрлігіп, көңіліңді еліктіріп барады (Ә.Кекілбаев. Yркер, 383). *Желіп келе жатып 
томаршаға сүрінген арық аттай тапыр-тұпыр етіп күрс беріп, жығылуға айналып 
қалады (М.Әуезов. Таңд. шығ., 59).
ТАРПАҢ-ТАРПАҢ <асау, шайпау мінез білдіріп, тарпаң-тұрпаң, тасыр-
тұсыр басатын жылқының, түйенің қимыл-әрекетін бейнелейтін еліктеуіш>
ТАРПАҢ-ТҰРПАҢ <қара.: тарпаң-тарпаң>
*Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы (Ә.Кекілбаев. 32).
ТАРП-ТАРП  <аяғын  жер  сүре,  тарпылдатып  басатын  адамның, 
жылқының жүрісін бейнелейтін дыбыс сипаты> *Жұмабайдың аяғы тарп-
тарп етіп қаздаңдап, тымағы, тақиясы да ұшып түсіп қалған-ды (М.Әуезов. 
Абай жолы, 20).
ТАРП-ТҰРП <қара: тарп-тарп>
ТАРС-КYРС  <тарсылдаған:  күрсілдеген  дыбыс;  атылған  мылтықтың, 
соғылған дабылдың, т.б. соқтығысқан кейбір заттардың дыбысын бейнелейтін 
етістік> *Тарс-күрс, бұл не қылған алыс-жұлыс? (А.Жұмағалиев. ҚТС, 620.)

110
ТАРС-ТҰРС  <қара.:  тарс-тұрс>  *Сыралғы  қарсыластар  аңдысып 
жатпады.  Сатыр-гүтір,  тарс-тұрс  соқты  («Егемен  Қазақстан»,  №44. 
25.04.2003, 6).
ТАРСЫЛ-ТҰРСЫЛ <қара.: тарсыл-тарсыл> *Медведев шыққасын көп 
кешікпей далаң үйде тарсыл-дүрсіл молайып, есік кең ашылды да, жүз басыға 
ілесіп бөлмеге түлкі тымақ, сенсең ішік киген, қамшыларын екі бүктеп қолдарына 
ұстаған үш қазақ кірді (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш, 167).
ТАСЫР-ТҰСЫР <тарс-тұрс еткен дыбыстар> *Арна бойындағы қалың 
жыныстың тасыр-тұсыры тым көбейіп кеткен тұста барып бас уәзірге иек қақты 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 194).
ТЕПЕҢ-ТЕПЕҢ  <адамның  шаршаған,  болдырған  атын  аяғымен  екі 
бүйірінен түрткілеп, әрең жүргізуін бейнелеу> *Қуығынан шаншыла отырып, 
байталының  құйрығын  сипалақтатып,  тепең-тепең  етіп  біреу  келе  жатыр 
(Ж.Аймауытов. Шығармалары, 79).
ТИПЫҢ-ТИПЫҢ <тез-тез, жылдам-жылдам, жиі-жиі майда қадаммен 
басып жүруді бейнелеу>
ТОҢҚ-ТОҢҚ <~ ет: 1. қайта-қайта тоңқылдап шыққан дыбысқа еліктеу; 
2. ауыс. біреуге өкпелеп, өзінше мінез танытып, жағымсыз сөздер айту>
ТҰҒЖЫҢ-ТҰҒЖЫҢ <~ қақ: денесін толық игере алмайтын жас баланың 
икемсіз,  қолапайсыз  әрекетін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Бәрі  де  Бұланбайды 
көрмеген болып, тұғжың-тұғжың етеді (Ғ.Мүсірепов. Таңд. шығ., 2, 402).
ТҰТЫҒА-ТҰТЫҒА-  <тілі  күрмеліп,  өз  ойын  анық  айта  алмай, 
кекештеніп (қиналу)> *Тұтыға-тұтыға бірауыз сөзді азар айтты (Ғ.Мұстафин. 
Қарағанды, 32).
ТYЙДЕК-ТYЙДЕК  <бір-бірімен  байланыса,  ұйыса  топтасқан, 
шиеленіскен  шоғырлар  (топ,  айтылар  өлең  т.б.)>  *Сонда  арасында  түйдек-
түйдегімен сөнбеген кокс жүреді (Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 174). *Арғы-
бергіден  шетінемей,  селкеулемей  түйдек-түйдек  жеткен  ел  құдіреті,  ыстық 
сәлемі де ме екен?! (С.Сматаев. Елім-ай, 7).
ТYТЕ-ТYТЕ-  <тұтас  заттың  жүндей  түтіліп,  быт-шыты  шыққан 
қалпы> *Түте-түтесі шығатын еді, қаңсылаған дыбысты естіп жүгіріп шыққан 
әжесі арашалап қалды (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 38). *Түсе қалса, жабылып 
ұрып, түте-түтесін шығарар едік (А.Әшімұлы. Майраның қні, 46).
ТЫҚ-ТЫҚ  <бір  нәрсенің  екінші  бір  нәрсеге  ақырын  ғана  тықылдап 
тигенде  қайталанып  шығатын  дыбысы>  *Алдына  өзгерген  аспаптың  күрең 
тақтайына  тық-тық  тиген  шынашақ  екпіні  басылуын  күтіп  ұзақ  отырды 
(С.Сматаев. Елім-ай, 2, 14).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет