Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет27/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37

ДҮҢК-ДҮҢК е л і к. Тарсылдамай, сартылдамай шыққан соқтығыстың 
тұншығып  естілетінін  білдіретін  сөз.  Енді  күпәйкесін  шешпестен,  керзі 
етігімен  тақтай  еденді  дүңк-дүңк  басып  төргі  бөлмеден  бір-ақ  шықты 
(Д.Досжанов, Тұлпар.) Рахымбай қатты жүрістен әбден жалықты. Оның 
үстіне дүңк-дүңк еткен қара-көк аттың желісі іші-бауырын солқылдадып 

213
барады (“Лен. жас”). 2. а у ы с. Жүректің соғуын бейнелейтін сөз. Сағаттың 
түк-түк  тырсылы,  Жүректің  дүңк-дүңк  дүрсілі.  Естіледі  бөлмеде, 
Сөйлемеймін мен неге? (Ж.Смақов, Тамшы). 
Дүңк-дүңк  етті  [естілді].Ел-жұртқа  алып-қашпа  сөз  тез  жетіп, 
кеңінен  тарады.  Байлардың  малын  кедейге  тартып  әпереді,  өздерін  жер 
аударады, деп дүңк-дүңк етеді жұрт (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Райханды алып 
қашуға келгендер қара беттер екен деп жұрт дүңк-дүңк етті (С.Жүнісов, 
Жапанда.) Гүпілдеген өсек, гуілдеген сөз басылмай-ақ “Қаппас үйленіпті” 
деген сөз де елге тағы да дүңк-дүңк естілді (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). 
Дүңк-дүңк хабар. Алыпқашты сөз, дақпырт. “Пәленшеден он саулық, 
түгеншенің отарынан жиырма бес өліпті” деген, аяздан да ызғарлы хабар 
дүңк-дүңк  естіліп  жаттыр  (Жалғыз  салт  атты).  Бұл  дақпырт  ауданға 
ертеңінде-ақ таралып, “жаңа басшылар тәртіп жөнінен қатты кетіпті” 
деген дүңк-дүңк хабар жан-жаққа тарап жатты (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
ДҮП 2 е л і к. Дүпілдеп естілген дыбысты бейнелейтін сөз. Төбеден дүп 
етіп секіріп жерге түсті (“Жұлдыз”).
ДҮР5  е  л  і  к.  Дүрс  еткен,  гүр  еткен  дыбыс,  үнді  бейнелейтін  сөз. 
Төсек  қатты  сықырлап,  кітаптарды  ала  беріп,  дүр  құлады  (К.Оразалин, 
Ақ жазық.) Байқайсыздар ма, қотанға сырттан жат біреу келсе, қой дүр 
үркеді (Шопан серігі).
ДҮР-ДҮР1 е л і к. Гүр-гүр, дар-дар, ду-ду еткен дыбысты бейнелейтін 
сөз.  Дүрілдейді  трактор  Көк  барабан  дүр-дүр  (І.Жансүгіров,  Шығ.). 
Аттардың аяқтары жерді дүр-дүр басады (М.Әуезов, Шығ.). Дүр-дүр қол 
шапалақ,  жапыр-жұпыр  үдере  түрегеліп,  бір-біріне  жөнеді  (“Қаз.әдеб.”). 
Сырттан дүр-дүр еткен машина даусы естілді (“Лен. жас”).
ДҮРС  е  л  і  к.  Гүрс,  Тарс-тұрс  еткен  дыбысты  бейнелейтін  сөз. 
Қазақстанда  өндіріс,  Күшейіп  келед,  бұл  ырыс.  Паровоздар  бұрқылдап 
бұрқылдап,  Машиналар  дүр  те  дүрс  (Ғ.Малдыбаев,  Балға-Орақ).  Жүрегім 
неге тоқтамай, дүрс те дүрс соғады? Елеулі елді жоқтамай, Құлағым нені 
ұғады? (Үш ғасыр.). 
Дүрс еткізді. Ойланбай айтып салды, қойып қалды. Сазанбай жайсыз 
хабарды Досайға бірден дүрс еткізді (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). 
Дүрс етпе [етпелік].Қоңқ-қоңқ етпе, дөкір мінезді (адам). Ұзағалы баяғы 
тоң мойнындағынан, дүрс етпелігінен танбады. Жас әйелдің тәтті қиялын 
түсінбеді (“Лен. жас”). 
Дүрс етті. Гүрс етті, тарс етті. Сумканың терезеден жерге дүрс ете 
түскен дыбысына балалардың бәрі елең ете түсті (С.Бегалин, Жеткіншек). 
Дүрс еткен зеңбірек үнінен кейін жұрттың бәрі ентелеп, танкілер жаққа 
қарады  (Ә.Нұршайықов,  М.Қайырбаев).  Дәл  осы  сәтте  есікке  бір  нәрсе 
соғылғандай дүрс ете қалды (А.Мекебаев, Құпия қойма).

214
ДҮРС-ДҮРС е л і к. Гүрс-гүрс, тарс-тарс еткен дыбысты бейнелейтін 
сөз. Еденді ойып жіберердей дүрс-дүрс басып менің кабинетімнің алдына 
келді  (“Қаз.  әдеб.”).  Алдымыздан  да,  артымыздан  да  дүрс-дүрс  снаряд 
жарылды (“Қаз. әдеб.”). Басы айналғандай Қаншайымның құлағына дүрс-
дүрс бір үн ғана келеді (Ш.Құмарова, Қос шынар). 
Дүрс-дүрс [етті] соқты. а) Тарс-тұрс қағылды, гүрсілдеді. Оның үстіне 
енді шыға берем дегенде, әйнек дүрс-дүрс соғылып тағы да Қайкеннің даусы 
шықты  (С.Жүнісов,  Өшпейтін.).  Поезд  доңғалақтары  рельсті  дүрс-дүрс 
соғып, алға қарай тынымсыз зырлап келеді (“Лен. жас”). Есік дүр-дүрс етті 
(Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Шабдар ат осқырып қалып, алдыңғы аяғымен 
жерді дүрс-дүрс еткізіп тарпып-тарпып жіберді (С.Сейфуллин, Әңг.). ә) 
Жүрек  лүп-лүп  етіп,  қатты  жұмыс  істеді.  Жігіттің  жүрегі  дүрс-дүрс 
соғып, аттай тулап кетті (Н.Ғабдуллин, Өмір.). Енді Нарботаның жиілей 
түскен дем алысы оның оң құлағының түбінен, дүрс-дүрс соққан жүрегі ту 
сыртынан  анық  білініп  тұр  (А.Әлсеров,  Таң  алдында).  Жүрегі  дүрс-дүрс 
етіп, қапелімде тамағына тас тұрып қалғандай епетейсіз жұтына берді 
(Қ.Найманбаев, Беймезгіл.). Өзім әлі үйір болмаған жат мектепке жүрегім 
дүрс-дүрс етіп, толқып келе жатырмын (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
ДҮСІР-ДҮСІР е л і к. Тасыр-тұсыр, дүбір-дүбір, түсір-түсір еткен 
дыбысты бейнелейтін сөз. Кенет ойда-жоқта үй сыртында дүсір-дүсір 
жүріс  көбейіп,  тарс-тұрс  мылтық  атылды  (О.Сәрсенбаев,  Жалғыз.). 
“Қоймас, – деп, – құлқы жаман бақыт нүсір”. Қашумен қалғандары барды 
Мысыр,  Шандақ  боп  шараптты  сондай  шаһар,  Шабылды  ат  күні-түні 
дүсір-дүсір  (Т.Ізтілеуов,  Рүстем.).  Жүрсінкүл  дастарқан  жайып,  кебеже 
самаурынды  әкелгенде  аяқтарын  дүсір-дүсір  қағып,  түс  қайта  оқитын 
баласы кірді (М.Байғұтов, Шілде).
ДЫБДЫР-ДЫБДЫР  е  л  і  к.  Дыбырлаған,  дыбыр-дыбыр  еткен 
дыбысты бейнелейтін сөз. Аға, мен ауылға бармаймын. Иә, бармаймын. 
Өлтірсе де бармаймын, – деп дыбыр-дыбыр етіп сөйлеп келеді (С.Бегалин, 
Сәтжан). Жұмағұлдың асығып-үсігіп дыбдыр-дыбдыр айтқан сөзінен еш 
нәрсе түсінсем бұйырмасын (Ауызекі).
ДЫБЫР-ДЫБЫР е л і к. 1. Дыбыр-дүбір, күбір-күбір. Көрші үйдегі 
адамдар  түнімен  дыбыр-дыбыр  етіп  ұйықтатпай  қойды  (Ауызекі).  2. 
Былдырақтау. Әйтеуір, Мұрт жыбыр-жыбыр етіп, Кекештеніп дыбыр-
дыбыр етіп үшке ілікті. Оның өзі күшке ілікті (С.Кенжеахметов, Қуырдақ).
ДЫЗ-ДЫЗ е л і к. Қыз-қыз, шым-шым. Күні бойы суды кешіп келіп, 
артынан  дыз-дыз  қайнап,  таң  ата  қайта  мұздап  шыға  келетіні  бар 
еді  (Ә.Кекілбаев,  Бір  шөкім.).  Табандары  дыз-дыз  ауырып  және  тасқа 
тие  берді  (К.Ахметбеков,  Жеңіс.).  Әй,  қыз,  үйің  дыз-дыз  қайнайды  ғой 
(Р.Әутәліпов, Қыр әңгім.). 

215
Дыз-дыз  етті.  а)  Дызақтады,  шыж-быж  болды.  Жұрт  үн-түнсіз 
қол  қойып  бере  салады.  Шыж-быж  олай  етпейді,  дыз-дыз  етіп  алады 
(“Қаз. әдеб.”). ә) Қыз-қыз қайнайды. Бейшеннің ыстық демі дыз-дыз етіп, 
ернімнің ұшында тұр (І.Жақанов, Қайта орал.). б) Ыз-ыз, ыс-ыс етті. Бас 
көтеру мүмкін емес, снарядтар алаңның тасын аударып, оқтар дыз-дыз 
етіп  себелеп  тұр  (Ә.Жәмішев,  Армысың.).  в)  Удай  ашып  ауырды.  Дәрі 
жаққан  сайын  аяғының  жарақаты  дыз-дыз  етіп  ауыратынын  балаға 
ескеріп алдарқатты (“Қаз. әдеб.”).
ДЫҚ-ДЫҚ е л і к. с ө й л. Тық-тық. Қожан бір күні жолдастарымен 
мәжіліс құрып отырса, аяғын дық-дық басып, бір солдат қыз өтіп барады 
екен  (Т.Бердияров,  Солдат.).  Бала  байғұс  тұншығып  қалмасын,  –  деді  де 
аяғын  дық-дық  басып  шығып  кетті  (Ж.Еділбаев,  Тергеуші.).  –  Маржан! 
–  деген  сырттан  шыққан  дауысқа  елең  етіп,  қыз  алақанын  еппен  ғана 
босатып алып, дық-дық басып жүріп кетті (К.Баялиев, Дегелек.).
ДЫҢ2 е л і к. Кенет даң етіп шыққан қатқыл дыбысты бейнелейтін 
сөз. Қайрат кеміп қалжырап, Бір жығылып, бір тұрам. Құлағы шулап, дың 
болып, Қарға адым жер мұң болып (Ө.Тұрманжанов, Сұңқар.). 
Дың етті. а) Домбыра ішегі шыңылдап, дыбыс шығарды. Түн ортасы 
ауғанда, үй ішінің шырт ұйқысын бұзып, иесі домбырасын дыңеткізгенде, 
ала күшік іргеде жатып шәуілдеп қоя берер еді (М.Сатыбалдиев, Жартас.). 
Тәкәппарлық  сезім  бұлқып  бүйірді,  Домбыраның  бар  пернесі  қиылды.  Қос 
ішекті дың еткізіп күйші әнді, Наралдына бір тізерлеп иілді (М.Сатыбалдиев, 
Шула. толқын). ә) Шық ете қалды, дыңылдады, дың-дың етті. Дәл құлақ 
шекеден  дыңеткізген  темірдей  алақанның  қыры  қалпақтай  ұшырды 
(С.Мұратбеков, Көкорай). б) Дық етті, ауыртты. Жасқанып та үлгермедім, 
дың  еткен  ауыр  соққы  шекемді  шарт  еткізіп,  жарып  түскендей  болады 
(Б.Соқпақбаев,  Балалық.).  в)  Сап  ете  қалды,  еске  түсті.  “Міне  үйрендің. 
Енді күнде мініп тұрасың. Әрі-беріден соң бәйгеге шабатын боласың”, – деп 
айтқан атайдың әнеукүнгі бір сөзі құлағымда дың ете қалды (“Лен. жас”). 
Дың қылды.Даң қылды, мазасын алды. Шәшкемді неге менің сындырдың 
сен? Ойрандап қостың ішін бүлдірдің сен! Көрмеген тумысымда қорлықты 
істеп, Ызамен бір басымды дың қылдың сен (Б.Ізтөлин, Өмірі.).
ДЫҢ-ДЫҢ е л і к. 1. Қайта-қайта дыңылдаған дыбысты бейнелейтін 
сөз. Қабырғада шықылдап тұрған үлкен сағат дың-дың соқты (Ж.Тілеков, 
Жоңғар.). Аспаннан бар екпінімен заулап түскен шымыр бұршақтар тақыр 
шекеге  дың-дың  тигенде,  таспен  ұрғаннан  бір  кем  емес  (Б.Соқпақбаев, 
Балалық.).  2.  а  у  ы  с.  Мыңғы-дыңғы,  мең-зең.  Құрбанның  сусар  бөрік 
астындағы сеп-семіз дөңгелек басы дың-дың (Р.Райымқұлов, Түйелі адам). 
Дың-дың еткізді. а) Дыңылдатты, дыңғыр-дыңғыр үн шығарды. Шолпан 
домбырасын алды. Дың-дың еткізіп бір-екі қайырып жөндеп қойып, асығыс 

216
бір күйді бастай кетті (“Қаз. әдеб.”). ә) Ұрды, тартып-тартып жіберді. 
Еңсебай  молда  кейбір  балаларды  таяғымен  шекеден  дың-дың  еткізгені 
есіңнен кетпейді дедім мен (Қ.Шөкенов, Біздің Ілияс). 
Дың-дың етті. Дыңылдады, шыңылдады, басы ауырды. Сәлменнің буы-
буыны  құрып,  біреу  алқымын  сығымдап  өңменінен  итергендей  басы  да 
көтертпейді,  дың-дың  етіп,  шаншып  ауырады  (Б.Тілегенов,  Аққайнар). 
Ішке қарай ып-ыссы көк түтінді сылқытып-сылқытып жіберді. Көз алды 
мұнар тартып, басы дың-дың ете түсті (С.Бақбергенов, Адам.). Құлағым 
дың-дың  етеді.  Маңдайдан  ағып,  көзіме  құйылған  кермек  терді  қайта 
сүртіп, жан-жағыма қарадым (С.Бақбергенов, Алтын күрек).
ДЫҢҚ  е  л  і  к.  Кенет  дыңқылдаған,  тыңқ  еткен  қысқа  дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Дыңқ  еткізді.  Дыңқылдатты,  тыңқылдатты.  Біздің  әкейге  сәлем 
айт, – деді ол, хатты оқып болғаннан кейін, талпақ танауын дыңқ еткізіп, 
– қарауында жеті жүз әскері бар мен сияқты офицер мұндай атқосшыға 
зәру  емес  (Ә.Әбішев,  Терең  тамыр.).  Екі  тілмәштің  аузында  тыным 
жоқ. Эгенсонда анда-санда танауын бір дыңқ еткізгеннен басқа үн жоқ 
(Ә.Әбішев, Сәуле.) 
ДЫҢҚ-ДЫҢҚ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  дыңқылдаған  дыбысты 
бейнелейтін  сөз.  Мұндай  жерді  бұрын  көрмегендіктен  бе,...  Ойран 
шоқысын  ажал  тауындай  көріп  тұра  қалған  сайын  олар  танауларын 
дыңқ-дың еткізеді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). Манадан бері сабырлық етіп, 
домбыраның шегін дыңқ-дыңқ еткізіп, бұлардан көзін айырмай отырған 
Қазбектің жүрегі де әлденені сезгендей мұздап сала берді (Ә.Әбішев, Жас 
түлек.).
ДЫР-ДЫР е л і к. Дырылдаған дыбыс, дарылдаған үнді бейнелейтін 
сөз.  Сонымен  кілем  жасауға  бел  байладық.  Әбден  тозығы  жеткен 
дүниелер  сабын  салғанның  өзінде  дыр-дыр  айырылады  (Қ.  Найманбаев, 
Шығ.). Көрікті жаз шырайы көктем келді, Тігісін қалың тонның дыр-дыр 
сөгіп (Пернедегі терме). О да бұған ұмтылды, Бұл да оған ұмтылды. Екеуі 
киген ақ сауыт Бояқтай дыр-дыр жыртылды (Батырлар жыры). 
Дыр-дыр еткізді. Дырылдатқызды, дар-дар дыбыс шығарды. Тұмарбай 
сыбызғы тартқан кісіше, ұзын кеңірдегінен күр-күр, дыр-дыр еткізіп бір 
әуез шығарды (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Дыр-дыр етті. Дырылдады, дарылдады. Тек ылдида дыр-дыр етіп, діріл 
қағып, түтін саңғып бара жатқан трактор ғана бұрын бұл атыраптың 
түсіне  кірмеген  нәрсе  (Т.Әлімқұлов,  Ақбоз  ат).  Мәшинем  кешеден  бері 
дыр-дыр етіп тартпай қалғанды шығарды (М.Хасенов, Қайсар). 
Дыр-дыр қасыды.Денесін тырнап тастады. Ерден аяғын сылбырлау 
басып,  байталға  қарай  бара  бергенде  омырауын  дыр-дыр  қасынып 

217
Жылқыбай шықты (С.Мұқанов, Теміртас). Құнанын шешіп алып, мінгелі 
жатқанда, келіншегінің қойнынан жаңа тұрған ағасы жалаң аяғына кебіс 
іліп,  бір  қолымен  тақылжырын  дыр-дыр  қасып,  бір  көзін  сығырайтып: 
“Уай, сен қайда барасың?” – деп еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Малайлардың 
шам  жарығынан  бет  бейнелері  азар  көрінеді.  Мұрындарының  пысылы
дыр-дыр қасынғаны анық естіледі (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
ДІК  е  л  і  к.  Заттың  қатты  қатты  нәрсеге  қадалғанда,  тигенде, 
секіріп түскенде шығатын қысқа дыбысты бейнелейтін сөз. 
Дік етті. а) Дәл түсті, тез жетті. Ұяның тұсындағы мұрыншақ тасқа 
құрықшасын  тіреп  Сәтжан  мысықша  тырмысқан  ептілікпен  дік  етіп 
түсе  қойды  (С.Бегалин,  Таңд.  өлеңд.).  ә)  Топ  етті,  дық  етті.  Тірсектен 
бір қаққанда ат жер құшты. Жалп ат үстінен дәу ұшты; Сонда да сұлап 
түсіп сылқ етпеді, Дік етіп тікесінен жерге түсті (Ә.Әленов, Әлімқара). 
Жауынбай  ауылдың  дәл  ортасындағы  үлкен  ақ  ордаға  –  әке  үйіне  кеп  ат 
басын тіреді. Ауыр денесін ықшам қозғап дік етіп аттан түсті (С.Сматаев, 
Елім-ай). б) Қыдыңдады, дікіңдеді. Кәне, есеп бер, – деп дік етті комсорг 
(“Лен. жас”). в) Көңілге келді, ойға түсті. 
Көңілге  [жүрекке]  дік  қылды  [етті,  тиді].Көңілге  қаяу  түсті,  көңілге 
келді, өкпелең кіреді. Жас немелер, көп болса оңашалап сүйісіп алып сөйлескен 
шығар.  Қойшы,  не  болса  соны  көңілге  дық  қыла  бермейін  (С.Досымов, 
Директорлар). Балапан бай бәсекеге келген өзге рулар көңілдеріне дік етіп 
қала ма деп, Байсалдардың қасында көп тұрмады (Ә.Кекілбаев, Дала.). Екі 
бірдей жолдасымды ренжітіп алдым-ау деген күдік дік ете қалды жүрегіне 
(А.Байжанов,  Асан).  Не  болып  кеткенін  онша  да  түсіне  қоймай,  жылап 
қалған  апасына  жаны  ашып,  атасының  бетінен  де  сүймей,  “бара  бер” 
дегені көңіліне дік тиіп, артына жалтақтап бала бір-екі рет сүрініп кетті 
(Б.Нұржекеев, Бір өкініш.).
ДІК-ДІК е л і к. 1. Тамырдың, жүректің лүп-лүп соғуын бейнелейтін сөз. 
Жұмыр кеуденің қуысында дік-дік соққан жүрек қанша рет сыздап, қаншама 
рет жарыла қуанды десейші (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). Қотыр басып кеткен 
білегіне Еркебұлан қолын апарып еді, тамыры дік-дік зіркілдеп жатыр екен 
(Ғ.Мүсірепов, Кездесп. Кет.). 2. Бір нәрсені қатты екпінмен ұрғанда шығатын 
дыбысты  бейнелейтін  сөз.  Кіжіне  тиген  сойылдың  дік-дік  дыбысы.  Жылқы 
шұрқыры. Ию-қию көп ың, көп дыбыс. Бұл соның бәрін құныға тыңдайды (“Лен. 
жас”). 3. Жүгіргенде, секіргенде, жүргенде шығатын тық-тық, дық-дық еткен 
дыбысты бейнелейтін сөз. Біреу жүгіріп келеді. Қадамы жеңіл, дік-дік етеді 
(Т.Ахтанов,  Дала  сыры).  Біздің  дыбысымыздан  сезіктенген  не  бұғы,  не  тау 
ешкісінің дік-дік етіп секіріп қашып бара жатқанын ғана көреміз (Қ.Қайсенов, 
Жау тылы.). Төбесі ашылып қалған қыстаудың қабырғасы үстіне тырмысып 
шығып, сосын жерге секіреміз. Құмға бәсекелесе дік-дік түсіп жатқанымыз 

218
сол (Ө.Қанахин, Жербас.). 4. а у ы с. Нақпа-нақ, тұп-тура, дәлме-дәл. Шумақ 
пен ұйқасты алған соң, өлең аяғының ұйқастары босаң болмай, нық-нық, дік-дік 
түсіп отыруы қажет (“Лен жас”). 
Дік-дік  етеді.Қылқылдады,  дікеңдеді,  дікің-дікің  етті.  Арамтамақ, 
бойкүйез неме, осыңды қоймасаң, арам бездей сылып тастармын деп, дік-
дік  етеді  (Ғ.Мұстафин,  Миллионер).  Өлгеннің  жанын  ұрады,  Тірінің  несі 
кетеді. Молдасы қолда Құраны, Нәменгер дік-дік етеді (І.Жансүгіров, Шығ.).
ДІҢГІЛ-ДІҢГІЛ е л і к. Діңкілдеген жіңішке үн бейнелейтін сөз.Діңгіл-
діңгіл етіп, өз шаруасын айтып жатты (“Жұлдыз”).
-Е-
ЕДІРЕҢ  2  е  л  і  к.  Аяқасты  шошып  не  жақтырмай  қарағанды 
бейнелейтін сөз қолданыс. 
Едірең  етті.  Жалт  қарады,  көзі  шатынады.  Ол  қазақтардың  аты 
өзіне  құлақтарын  селтите  қарап  едірең  ете  түскенін  анық  байқады  (Х. 
Есенжанов,  Ақ  Жайық).  –  Е,  мектеп  болса  қайтушы  еді?  –  деді  едірең 
етіп Жарекең, бәтеңкесінің бауын еңкейіп байлап жатып (Қ.Сатыбалдин, 
Қараторғай).  Медет  жасы  құрбы  біреу  емес,  әкесіндей  кісінің  тым  тіке 
кеткенінен ұялап не дерге білмей жалт беріп еді, қара шұбар қызараңдап 
едірең ете түсті (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). 
Едірең қақты. Едірең-едірең етті. Орай бір кезде түсінен шошынғандай, 
едірең қағып, еңсесін көтеріп алды (М.Хасенов, Нартәуекел).  
ЕЖІРЕҢ  е  л  і  к.  Едірейіп,  адырайып  қараған  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз. 
Ежірең етті. Ежірейе қарады, едіреңдеді. Түрегеп тұрып-ақ ішейін деп 
жанынан өткен күпшектей жуан келіншектен екі бөтелке сыра сұрап еді, 
анау құбыжық көргендей ежірең етті (Н.Сералиев, Қаңтар).
ЕЖІРЕҢ-ЕЖІРЕҢ  е  л  і  к.  Жақтырмай,  ұнатпай  қараған  қимыл-
қозғалысты бейнелейтін сөзқолданыс. 
Ежірең-ежірең  етті.  Көзін  аларта  жақтырмай  қарады,  ежіреңдеді. 
Мұның ұсқынынан сескеніп қалған Омаш, бет жүзі құбылып, көзі ежірең-
ежірең етті (Е.Қонарбаев, Жол басы.).
ЕЛБЕК е л і к. Жалпылдаған, елбелектеген қимылды бейнелейтін сөз. 
Елбек  қақты.  а)  Жалп-жұлп  етті,  бұлғақ  қақты,  елбектеді. 
Жағалаудың  селдір  сары  қамысы  суылдап,  шайқалып,  суық  жел  астында 
елбек қаға бастады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Көшенің екі жағын бойлай 
өскен  алуан  түрлі  ағаш  жапырақтары  елбек  қағып,  басын  шұлғыпты 
(Ә.Шәріпов, Паризан.). ә) Тез-тез қимылдады, дедек қақты, ұшып-қонды. 
Қап-қара борбайлары дедектеп, жалаң аяқ, жалаң бас күйде елбек қағып, 
ұшып жортып жүр (М.Әуезов, Индия очерк.).

219
ЕЛБЕК-ЕЛБЕК е л і к. Жалп-жұлп етіп, қайта-қайта елбек қаққан 
қимылды  бейнелейтін  сөз.  Астындағы  Тайбурыл  Елбек-елбек  жортады, 
Ерні төмен салынып, Қара терге малынып (Батырлар жыры).
ЕЛБЕҢ-ЕЛБЕҢ е л і к. Елбеңдеп, қаңғалақ қаққан қимылды белгілейтін 
сөз.Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген. Арғымақтан туған асылды 
Баптап мінер күн қайда? (Махамбет, Өлеңд.). Елбең-елбең жүгірген, Ебелекті 
боз далам. Ұйып тұрған іңірді Ұясынан қозғаған (Ө.Нұрғалиев, Нөсер). 
Елбең-елбең етті. а) Ербеңдеді, селтеңдеді, қараң-құраң етіп көрінді. 
Шаһар  жақтан  бір  адам,  Елбең-елбең  етеді.  Ат  қоялық  қырық  жігіт,  Ат 
қойсақ неміз кетеді (Батырлар жыры). Күте-күте жан жара... Дариға, қашан 
жетеді?! Әлдеқайда бір қара Елбең-елбең етеді (М.Жұмабаев, Шығ.). ә) Жаны 
қалмады, бәйек болды, құрақ ұшты. – Бүгінгі самолетпен өзім апарам Сағаға, 
құлан таза жазылып кетесің, – деп, елбең-елбең етті (З.Қабдолов, Жалын).
ЕЛП е л і к. Желп еткен жеңіл қимылды бейнелейтін сөз. 
Елп  ете  қалды  [түсті].Келісе  кетті,  лып  етті.  Ықсақ  елп  ете  қалған 
жоқ. Сырт айналып төрдегі құрақ көрпенің үстіне барып жайлана жатты 
(М.Сүндетов, Ескексіз.). Ол елп ете қалмайды, жүрісі жай, ілбіп жақтырмай 
барады  (Д.Досжанов,  Тұлпар.).  Әр  нәрсеге  асығыс  елп  ете  түспей,  соңын 
шыдаммен күткен қалпын байқатты (М.Дүзенов, Әке бол.). 
Елп етті. а) Желп етті. Оқта-текте елп еткен жібек желмен ойнағандай 
бастарын шұлғып қап теңселіп тұрған көк майса үстінде асыр сап ойнап жүрміз 
(Р.Райымқұлов,  Бұрылыс.).  ә)  Байқалды,  білінді,  сезілді.  Алмадай  қызарған 
кішкене қыз жүзінде қуаныш күйі елп етті (З.Шүкіров, Ғажайып.). б) Лып ете 
қалды; тез жауап қатты, қоштады. Құдайберген елп етіп: – Сен білмеуші ме 
едің?  Алдыңғы  жылы  қыс  қатты  болып,  бізде  мал  қырылды  ғой  (Т.Ахтанов, 
Дала.). Мына қатындар не айтса да елп етіп қостап, “кәзір”, “кәзір” дейді 
(Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
ЕЛПЕК-ЕЛПЕК е л і к. Ұшып-қонған, елпілдеген көріністі бейнелейтін сөз. 
Елпек-елпек етті. Елпектеді, жаны қалмады; ұшып қонды. Жетпіспайдың 
баласы шөпжелке біреуді үйіне кіргізіп, жерден жеті қоян тапқандай елпек-
елпек етіп жүрген көрінеді (“Қаз. әдеб.”).
ЕЛП-ЕЛП  е  л  і  к.  Елпілдеген,  елпек  қаққан  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз. 
Елп-елп етті. Елпілдеді, елпектеді, елпең қақты. – Сен немене, елп-елп етіп 
жүргенің жүргенің?! Өлген әкең тіріліп келді ме? Сонша құрақ ұшатын әулие ме 
еді Қанипа! (Н.Ғабдуллин, Сар. Жапырақ).
ЕЛПЕҢ-ЕЛПЕҢ  е  л  і  к.  Елпеңдеп,  құрақ  ұшқан  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз.
Елпең-елпең басты. Елп-елп етті, елпеңдеді. Аруақ ұрған Әулеке, Ауа көшіп 
тайыпты. Елпең-елпең басыпты, Еркеш-Тамнан асыпты (Манас). 

220
Елпең-елпең етті. Елпеңдеп тез жүрді, елпең қақты. Онда үн жоқ. Мұрнын 
тесіп  жетелеген  қотыр  тайлақтай  елпең-елпең  етеді  (С.Бақбергенов,  Қарға 
там.). Ол елпең-елпең етіп жүгіре түседі (Р.Райымқұлов, Қызайна).
ЕМПЕҢ-ЕМПЕҢ  е  л  і  к.  Елпеңдеген  қолайсыз  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз. Жанарында ашу-ыза оты ұшқындап, қазығын емпең-емпең 
айналады (С.Елубаев, Ойсыл қара). Жетектеп емпең-емпең сайға асыпты, 
Алатаудың  бүйрегіне  жайғасыпты.  Бір  жеті  буып  қойып,  шешісе  алмай, 
Күнде-күнде “соямен”сайласыпты (С.Баймолдин, Монолог).
ЕҢК-ЕҢК  е  л  і  к.  Еңкілдеген,  кеңкілдеген,  солқылдаған  дыбысты 
бейнелейтін  сөз.Еңк-еңк  ақырды.  Есек  қатты  солқ-солқ  дыбыс  шығарды. 
Қанаттың сыртқа шыққанына қуанғандай үй жанында байлаулы тұрған көк 
есек еңк-еңк ақырды (Н.Сералиев, Ыстық күлше). 
Еңк-еңк күлді.Еңкілдеп сылқ-сылқ күлді. Тегі әнеугі мақала бас инженердің 
шамына тиген-ау – деп, Базаров еңк-еңк етіп күліп апты деседі (З.Шашкин, 
Теміртау).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет