Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет28/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

ЕРБЕҢ-ЕРБЕҢ е л і к. Бір нәрсенің әрі-бері немесе жоғары-төмен жылдам, 
кейде ебедейсіз қозғалысын білдіретін бейнелеуіш сөз. Ербеңдеген, шошаңдаған, 
селтиген. Енді қайтып тырнағын адамның кеудесіне іліктіре алмай, алдыңғы 
аяғы ербең-ербең етеді (Т.Ахтанов, Дала сыры). Екі қолы ербең-ербең етіп, кейін 
шегініп  кетті  (Б.Мұқаев,  Жалғыз  жаяу).  Ербең-ербең  жүгірген,  ебелек  отқа 
семірген (Батырлар жыры).
ЕРБЕҢ-СЕРБЕҢ е л і к. с ө й л. Ербең-ербең. Жаралылары да біздің елге 
істеген жауыздығы жанын қинағандай қолдарын ербең-ербең еткізіп, бірінен 
соң бірі бақырып өтіп жатыр (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). Атылған қасқырдың 
аяқтары ербең-сербең етіп, жанталасып жатыр (Ауызекі).
-Ж-
ЖАЙНАҢ-ЖАЙНАҢ е л і к. Ойнақшып, мың құбылған, жайнаң қаққан 
қимылды бейнелейтін сөз. 
Жайнаң-жайнаң етті.Ойнақшып, жайраңдады, жайраң қақты. Ал Жәнібек, 
Ақбақайдың ат болып жаралғаны анық болса, соныңның бағын сынайтын кезің 
келді-ау, бауырым, – деп Бозшатай жайнаң-жайнаң етті (Е.Тұрысов, Ақбақай).
ЖАЛАҢ-ЖАЛАҢ  е  л  і  к.  Жалаңдаған,  жалмаң  қаққан  қозғалысты 
бейнелейтін сөз. 
Жалаң-жалаң  еткізді.  Жалаңдатты,  жалмаң-жалмаң  еткізді. 
Шиыршықтала  иретіліп,  басын  жоғары  көтеріп  шуақтап  жатқан  шұбар 
жылан балалардан сескенгенмен, жайлы орнын қимағандай “ыс” деп екі айыр 
қап-қара тілін жалаң-жалаң еткізеді (Ақ көгершін). 
Жалаң-жалаң  етті.Жалмаң-жалмаң  етіп  жалақтады.  Тап  беруге  бата 
алмады,  өйткені  Қызыл  отау  кісілері  мылтықтарын  кезеніп:  Тырп  етсең 

221
атыласың! – деп жалаң-жалаң етеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Таңертең тұрсам, 
Ақтай әлдеқашан буынып алған, аш тазыша жалаң-жалаң етеді (Б.Аманшин, 
Жар мұңы). Қағып жіберейін десе, қолы қимылдамайды. Ақ алмас жалаң-жалаң 
етеді (Ә.Кекілбаев, Дала.).
ЖАЛАҢ-ЖҰЛАҢ е л і к. ү с т. Жалаңдаған, алақ-жұлақ еткен қимыл-
қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Арыз  құмар  болғандар  опыр-топыр,  шақ-
шұққа.  Түспей  жүр  ме  көрдің  бе,  жалаң-жұлаң  тақ-тұққа  (Абай,  Тол. 
жин.).  Жалаң-жұлаң етті. Жалт-жұлт, жарқ-жұрқ етіп көрінді. Қайрала-
қайрала  әбден  жіңішкеріп  қалған  орақ-пышақтар  жалаң-жұлаң  етеді 
(Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл). /632 б/
ЖАЛБАҢ е л і к. Ебедейсіз, икемсіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. 
Жақындық, жарастықты жалбаң біліп Жанымды жаралама жалған күліп. 
Ес білмес, ермек қуған бала емеспін, Жұбантар ойыншықпен алдандырып 
(Ә.Оңалбаев, Өсиет).
ЖАЛБАҢ-ЖҰЛБАҢ  е  л  і  к.  Жалп-жалп  етіп  ебедейсіз,  икемсіз 
қозғалған  қимылды  бейнелейтін  сөз.  Елбай...  ат  үстінде  отырып 
қалды.  Қарақшылар  тырым-тырақай  жалбаң-жұлбаң  қаша  жөнелісті 
(М.Сатыбалдиев, Жартас.).
ЖАЛМАҢ-ЖАЛМАҢ  е  л  і  к.  Тынымсыз,  дамылсыз  жалмаңдап, 
ебедейсіз қозғалған қимылды бейнелейтін сөз. Жел өтіне көлденеңдей шөгіп 
жатқан  аруана  жалмаң-жалмаң  күйсеп,  тағдырының  ендігі  ноқтасына 
көндіккендей  (О.Бөкеев,  Үркер).  Орлақ  Қодарқазғанның  суын  көп  ішті. 
Шөпті де жалмаң-жалмаң шайнайды (М.Тиесов, Дала.). 
Жалмаң-жалмаң  етті.Жалмаңдады,  жалақтады,  жалаң  қақты.  Кәне, 
қалқатайлар,  қайсымызды  қаласаңыздар  да  –  пожалуйстаңыз,  –  деп 
жалмаң-жалмаң етіп тұр (А.Бекбосынов, Ауылым.).
ЖАЛП е л і к. Жалпылдаған, қобыраған қимыл-қозғалысты бейнелейтін 
сөз. 
Жалп етек. Жағымпаз, жарамсақ. Қазан нөкеріне: Жап аузыңды жалп 
етек, Жалынып өскен жаппар құл! Қобылан, Қазан тұрғанда Алшағыр ма 
еді айдынды (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Айдаркин қонақ үй кілтін ұстап жалп 
етек болуды өзіне кемшілік көрсе де басшылар алдында қызмет көрсетіп 
көрінгені бедел болар деп есептеді (С.Бегалин, Уақыт.). 
Жалп еткізді. Лақтыра салды, тастай салды. Екі көзі жасқа толып, 
жарық күн шымылдық құрғандай бұлдырап тұман боп кетті. Сол тұманның 
ішінде басы ағарған адамдар қолтығынан ұстап, сүйемелеп әлде бір жерге 
әкеліп, үп-үлкен бір адамның үстіне жалп еткізді. Ақбілек жылай берді... 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Жалп еткізіп сөндірді. Кенеттен, аяқ астынан өшіріп тастады. Біреу 
есікті тырс-тырс шертіп еді, Эгенсон болар деген оймен сол жақта тұрған 

222
шырақты  жалп  еткізіп  сөндіре  сала,  есікке  қарай  ұмтылды  (Ә.Әбішев, 
Замана.).
ЖАЛПАҢ  2  е  л  і  к.  а)  Бәйек  болып,  ілтипат  көрсетті.  Жауапқа 
жас  тұтқынды  алып  келді,  Барлаушы  тәлтіректеп  талып  қалды.  Жаны 
ашып  тұрғандай-ақ  жалпаң  қағып,  Тергеуші  бір  жұтым  су  алып  берді 
(Қ.Жармағамбетов, Дәурен). Қазаққа жолың түсіп, қалсаң барып, Жайылып 
төсек  болып,  жалпаң  қағып,  Төрінен  орын  берер  қошемет  қып,  Бағзы 
бір  дәстүрімен  дархан  халық  (Ш.Мұхамеджанов,  Көңіл  ашар).  ә)  Құрдай 
жорғалап, жағымпазданды. Тезекбай коньякты ма, шампанды ма, қайсысына 
тәбетіңіз шабады деп жалпаң қағушы еді, енді бүгін ол да орнынан бір атып 
түрегелді де, орнына қайта отырды (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш). – Тегі бәрі 
дайын болды, жаным – деп жалпаң қағып жатырмын. Осы бар ма, төбеме 
көтеріп аламын. Көресің әлі күйеуіңнің кереметін (“Лен. жас”).
ЖАЛП-ЖАЛП е л і к. 1. Қайта-қайта жалпылдаған, Қалбалақтаған 
ебедейсіз қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. Найзасының ұшында бір уыс 
жылқы құйрығы мен ал қызыл шүберек желбіреп барады. Иығына қонақтаған 
сұңқары жалп-жалп ұшып қанат қағып қояды (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). 
2.  Кенеттен  гүрс-гүрс  етіп  құлаған  қимыл-қозғалысты  бейнелейтін  сөз. 
Исатайдың  қасындағы  шаруалар  еденге  маңдайларын  тигізе  жалп-жалп 
құлап, ханға тағзым етті (Б.Аманшин, Жар мұңы). Келе-келе Гүлжанның 
жалп-жалп жығылуы көбейіп кеткен соң, мен альбомды тездетіп ақтарып 
шықтым да, әрі ысыра салдым (“Лен. жас”). 
Жалп-жалп етті. а) Жалпылдады, қалбалақьтады. Жапалақ, құр, сақау 
көкек, Жалп-жалп етіп о да ұшқан. Аспанға атып жалын түтеп, Қалың 
орман  от  ұшқан  (Ж.Сыздықов,  Асулар).  ә)  Желбіреді,  желп-желп  етті. 
Әне көше бойымен сіздің үйге қарай жүгіре басып бір кемпір кетіп барады. 
Қуалай соққан желге етегі жалп-жалп етеді (С.Сейфуллин, Әңгім.). б) Бір 
өшіп, бір жанды, қайта-қайта жыпылықтады. Забой іші лас, белуардан су. 
Мойнымызда: асқан панар шам жалп-жалп етіп, өше береді (Р.Тоқтаров, 
Терістік).  Терезе  алдындағы  май  шам  керосині  бітейін  деген  бе,  әйтеуір 
терезеден  кірген  жел  тлқынмен  өшейін-өшейін  дегендей  жалп-жалпетіп 
барып  өшпеді  (“Лен.  жас”).  в)  Жағымпазданды,  жарамсақтанды.  Жұрт 
оны сол жалп-жалп мінезі үшін Жалбағай деп атап кеткен (Р.Райымқұлов, 
Болат.).
ЖАЛП-ЖҰЛП  е  л  і  к.  Біресе  жалпылдап,  біресе  тоқтаған  қимыл-
қозғалысты бейнелейтін сөз.
Жалп-жұлп  етті.  а)  Желп-желп  етті,  желпілдеді.  Ескі  үзіктің  өрім-
өрім  етегін  жұлқылаған  күз  желі  Нартайлақ  аттанысымен  тағы  да 
басталды. Шаңырақтағы түндік жалп-жұлп етеді (А.Жүнісіов, Өмір). ә) 
Бір өшіп, бір жанды, жалпылдады. Жалп-жұлп еттіп сығырайып жанған 

223
май шамның жарығы қуыс-қуысқа жете бермейді (С.Мұратбеков, Жабайы). 
Кей терезедегі сәуле жалп-жұлп етіп, қаннен қаперсіз қара қара торғайлар 
ұшып келе жатты (“Соц. Қаз.”). 
Үміт оты жалп-жұлп етті.Үміті, сенімі біресе күшейді, біресе жоғалды. 
Назирамен  екеуінің  жайы  не  болмақ?  Бір-бірін  адал  сүйіп,  қосыламыз  ба 
деген дәмелері бар еді, үміт оты қайта-қайта жалп-жұлп етіп сөне берді-
ау (Б.Тілегенов, Аққайнар).
ЖАЛТАҚ-ЖАЛТАҚ  е  л  і  к.  Жалтаң-жұлтаң,  елең-елең  етіп 
мазасызданған, алаңдаған қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. Жаздыгүні 
ақ бөркі бүктелмейді, Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ. Керегеге сабауды 
шаншып  қойып,  Бөркін  іліп,  қарайды  жалтақ-жалтақ.  Кабинаның  ашық 
терезесінен  жолдың  екі  бетіне  жалтақ-жалтақ  құмарта  көз  тастайды 
(Ә.Қалмырзаев,  Қарлығаш).  Жалтақ-жалтақ  сөйлегенге  теріс  қарап,  кісі 
өлтірсе де бетке айтқан кісіні іші тартып тұрады (М.Есмағалиев, Аққу.). 
Жалтақ-жалтақ етті. Қайта-қайта қарап жалтақтады, жалтаңдады. 
Әкесі мен шешесіне балалардың көздері жалтақ-жалтақ етіп жаудырады 
да тұрды (С.Бақбергенов, Алтынемел.). 
Жалтақ-жалтақ  қарады.  Қайта-қайта  қарады,  алаңдады.  Жаздыгүні 
ақ бөркі бүктелмейді, Қолында бір сабау бар о дағы аппақ. Керегеге сабауды 
шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ (Абай, Таңд. шығ.). Әлгі 
жігіт өзінің бір жатқа үйренген үш ауыз өлеңін бітіріп алып, Жамалдың мына 
сөзіне муафик жауап қайтара алмай ұялғаннан қызарып, манағы өлең үйреткен 
жігіттерге жалтақ-жалтақ қарай берді (М.Дулатов, Шығ.). ә) Имене, тілене 
қарады. Шеке тамырлары көгеріп, көзі аларып, кіріптар пішінмен жалтақ-
жалтақ  қарайды  бізге  (С.Омаров).  б)  Жалтақтады,  мазасызданды.  Бір 
жайсыздықты  сезінген  Айша  қызының  бетіне  жалтақ-жалтақ  қарағаны 
болмаса, тіл қатуға ыңғайсызданып отыр (М.Дүйсенов, Гүлжан.). 
Жалтақ-жалтақ  қарау.Қайта-қайта  алақ-жұлақ  етіп  қарау.  Тазыға 
қарағанда түлкі құйрығы бұлаңдап, артына жалтақ-жалтақ қараумен ап-
анық көрініп барады (С.Бақбергенов, Қарға там.).
ЖАЛТАҚ-ЖҰЛТАҚ  е  л  і  к.  Жалтақтап,  мазасызданған  қимыл-
қозғалысты бейнелейтін сөз. 
Жалтақ-жұлтақ етті. с ө й л. Жалтаңдады, мазасызданды. Қаншықта 
зәре жоқ. Көзі жасаурап жалтақ-жұлтақ етеді (С.Жүнісов, Ақан сері). 
Жалтақ-жұлтақ  қарады.  а)  Жан-жағына  алақ-жұлақ  етіп  қарады. 
Сол екі арада мына сарайдан бір жаяу шыға келіп, жан-жағына жалтақ-
жұлтақ  қарап  алып,  қыстаққа  қарай  зыта  жөнелді  (С.Сейітов,  Сөз 
сұрайды.).  ә)  Мазасызданып,  қайта-қайта  қарады,  алаңдады.  “Әлде 
қайтеді” деп күдіктеніп келген басым, төрт баламның шешесі Гүлназымға 
жалтақ-жұлтақ қарай берем (Ғ.Сыланов, Домбыра.).

224
ЖАЛТ-ЖАЛТ е л і к. Жалтылдаған, жарқыраған қимыл-қозғалысты, 
қалып-күйді бейнелейтін сөз. 
Жалт-жалт  етті.  Жалт-жұлт  етті,  жарқ-жұрқ  етті,  жарқырады. 
Жал-жал болып, жапырылып барып қайта көтерілгенде, сары алтын жалт-
жалт ете қалып, жасылданып кетеді де, күреңіте береді (Ш.Мұртазаев, 
Табыл. Теңіз.). Ол калошты сән үшін де киетін тәрізді, әсіресе, өңін кірбің 
шалмаған  жаңа  калош  аяқта  жалт-жалт  етіп  тұрса,  ғажап  емес  пе 
(Б.Соқпақбаев,  Бастан  кеш.).  Қараңғы  қоста  отырып  қалғандікі  ме,  дала 
күмістей жалт-жалт етеді (Р.Тоқтаров. Ертіс.). Хисамединнің қолындағы 
шырағдан шағылысып жалт-жалт етеді (Д.Досжанов, Жібек.). 
Жалт-жалт  қарады.  а)  Қайта-қайта  қарады,  алаңдады.  Апа-ау,  артына 
жалт-жалт қарап шауып барады. Әжесі қандай қуанар екен? (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Жас жігіттер әңгіме арасында есік ашылған сайын жасырын үміипен 
жалт-жалт қарап отырса да көрмек болған кісісі бұл үйге келген жоқ (М.Әуезов, 
Қараш.).  6-кластың  есігінен  басын  қылтитып  жалт-жалт  қарап  тұрған 
Бектай кабинеттен шыққан Жақыпбек пен Күдеріні көрді (М.Иманжанов, Көк 
белес). Тайшабай Айнаштың бөлме жағына жалт-жалт қарап, жыртылған 
кітаптарды  тезірек  жинастырды  (Қ.Сатыбалдин,  Қараторғай).  ә)  Жаутаң-
жаутаң етті, үміттенді. Абай мен қарттарға жалт-жалт етіп кезек қараған 
Дәмежанның үлкен көздерінде әдемі ұшқын, шұғылалы сәуле бар (М.Әуезов, 
Абай.). Боз көзделі бетінде, ақбоз аттан түсіп, қолын ұзақ жайып, тілеу тілеп 
ақбас әкесін Аман қозы көш жер ұзағанша көріп бара жатты, артына жалт-
жалт қарап бара жатты (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). 
Көзі  жалт-жалт  етті.  Көзінен  от  шашты,  құтырды.  Оның  көзі  күн 
нұрымен  жалт-жалт  етеді,  сақалының  бітімі  де  әдемі  екен,  күмістей 
жалтырап  тұр  (К.Қазыбеков,  Ызғар).  Қалың  шаштың  арасынан  екі 
көзіжалт-жалт  етіп  от  шашады,  аяқ-қолдары  өте  ұзын,  өте  қуатты 
(М.Етекбаев, Алтын.).
ЖАЛТ-ЖҰЛТ  е  л  і  к.  Жарқыраған,  әртүрлі  болып  жалтылдаған 
қалып-күйді бейнелейтін сөз. 
Жалт-жұлт  етті.  а)  Жарқ-жұрқ  етіп  сәуле  шашты,  жарқылдады. 
Ашулы  алыптың  көз  жанарындай  болып,  жалт-жұлт  етіп,  найзағай 
жарқылдайды (Ә.Нұршайықов, Алтын,). Бұл кезде күн де көтерілді. Аппақ 
қардың бетіндегі сан мыңдаған ұсақ жұлдызшалар жалт-жұлт етіп, неше 
құбылып көзді аштырмайды (С.Жүнісов, Ақан сері). ә) Жарыққа шағылысып 
жарқырады, жалпылдады. Тауасар жүзі жалт-жұлт еткен сұр қанжарды 
Бала  шешеннің  алдына  тастайды  (Ө.Хасенов,  Алтынарық.).  Ай  сәулесіне 
шағылысып, әр жерде жалт-жұлт еткен күректер таң атқанша тыным 
таппады  (“Лен.  жас”).  Батар  күннің  қиялай  түскен  сәулесіне  шағылып, 
жел қаққан жапырақтар күмістей жалт-жұлт етіп тыпыршып ойнайды 

225
(Т.Ахтанов, Махаббат.). Тау қойнауынан төмен қарай сарылдай аққан мұздай 
бұлақтардың мөлдір суы күн сәулесімен шағылысып, төрге тастаған күміс 
белбеудей жалт-жұлт етеді (І.Есенберлин, Алмас.). 
Жалт-жұлт  қарады.  Алақ-жұлақ  етіп  қарады,  қайта-қайта 
қарағыштады. Кейде ол сыймай әлем аумағына Көз тастап жалт-жұлт 
қарап жан-жағына. Қол сермеп қара шашын қарсы серпіп, оқиды өлеңдерін 
алдарында (С.Мәуленов, Таңд.). 
Көзі  жалт-жұлт  етті.Көзінен  от  шашты,  нұрланды.  Кенбай  бетіндегі 
ызғар жоғалып, қызыл көрген бүркіттей екі көзі жалт-жұлт етіп, ерекше 
бір от шашқандай екен (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Самұрат дудыраған бұйра 
шашты,  үлкен  ала  көзі  жалт-жұлт  етіп,  тістері  ақсиып  халыққа  күле 
қарады (Т.Ахтанов, Махаббат.).
ЖАҢ-ЖҰҢ е л і к. с ө й л. Шаң-шұң. “Ат қайда?.. Ұмтыл!.. Шап!..” 
деген жаң-жұң, қарбалас... жанталас, жүгіріс (Ж.Аймауытов, Қартқожа). 
Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұң (Ж.Аймауытов, Ақбілек). 
Жиырма  жылдай  үйімде  жаң-жұң  болып  көрген  жоқ  еді,  енді  үйімнің 
мазасын алатын қатын берсе алданың ылайықтағаны да, бірақ күн бұрын 
сенің  есіңе  салғаным:  елім  маған  “асау  үйреткіш”  –  деп  ат  қойып  еді 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Түн қараңғысы қоюланған сайын құлып маңындағы 
жаң-жұң дауыс ұлғая берді (Б.Майлин, Шығ.).
ЖАПАҚ-ЖАПАҚ е л і к. Көзін жыпылықтатып, жасқана қарауды 
бейнелейтін сөз. Мықыны сыпырық па, бос байланған ба, тері шалбарының 
ышқырын көтере түсіп жатқан әйелге бір, екі қызға бір жапақ-жапақ қарай 
береді (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Мен оған пір тұта жапақ-жапақ қарай 
берем (Ө.Қанахин, Жер бас.). Біразға дейін үндемеген Абдолла өзінің ерекше 
бірдеме айтқысы келгендегі әдетімен жапақ-жапақ етіп, шешесінің бетіне 
жаутаң-жаутаң  қарады  (С.Ғаббасов,  Ана.).  Әлдекім  есікті  шалқайта 
ашып, шәлкес басып, шаптыға сөйлеп, шатынап кіріп келе жатқандай-ақ, 
есікке жапақ-жапақ қарайды (Ғ.Қабышев, Мінездеме).
ЖАПАЛАҚ-ЖАПАЛАҚ  2  е  л  і  к.  Жапақ-жапақ.  Көзі  жапалақ-
жапалақ етеді, шағын денесі бір уыс боп, жиырылып алыпты (М.Сүндетов, 
Ескексіз.).
ЖАРБАҢ  е  л  і  к.  Бір  нәрсенің  жалпылдап,  далпылдап,  қолайсыз 
қимылдағанын бейнелейтін сөз. 
Жарбаң етті. а) Жарбаң ете қалды, жалпылдады. “Не боп қалды” деп 
жарбаң етіп ұшқан жапалақтар көздері бақырайып, көр тоғай ішінде кезіп 
жүр  (С.Жүнісов,  Ақан  сері).  Жарда  ұшып,  жарбаң  етіп  жас  жапалақ, 
Сұр бөрі жүгіреді тал тасалап (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар). ә) Жарбаңдады. 
Айтқаныңның  айна-қатесі  жоқ,  тақсыр!  –  деп,  жарбаң  ете  қалды 
қатарында отырған Ақшұнақ шал (О.Дастанов, Мұрагер.).

226
Жарбаң  қақты.  Жарбаңдады.  Бейне  бір  қамқоршы  болып,  қорғап-
қоршап жүретін адамдай-ақ енді, міне, жаны ашығансып, жарбаң қағады 
(Ғ.Сыланов, Гүл.).
ЖАРБАҢ-ЖАРБАҢ е л і к. Далбаң-далбаң еткен қимылды бейнелейтін 
сөз.  Ой,  есалаң  неме,  баламен  бала  болып,  жаман  түйенің  жабуынша 
жарбаң-жарбаң  алысқанша,  жұмысыңды  істесейші,  –  деп  үйге  қуып 
тығады (С.Жүнісов, Жапанда.).
ЖАРБАҢ-ЖҰРБАҢ е л і к. с ө й л. Далп-далп еткен орашалақ қимылды 
бейнелейтін сөз. Итаяқ көрінген ұрғашымен, әсіресе, құрдас деп Күнтаймен 
жарбаң-жұрбаң  ойнай  беретін  (С.Мұқанов,  Аққан  жұлдыз).  Осы  арада 
бойжеткен  қыз  бар,  оңаша  кездессе-ақ,  мен  сонымен  қылжақтасып, 
жарбаң-жұрбаң алысам да жүрем (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).
ЖАРҚ е л і к. Күн сәулесінің, жарықтың жылтыр, айналы, әйнекті 
жерге  шағылысуынан  шығатын,  жарқылдатудан  туатын  көріністі 
бейнелейтін сөз. 
Жарқ берді. с ө й л. Жалт берді. Бір-екеуі жығылғандарға айналақтап, 
өзгесі кейін жарқ берді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жарқ  етті.  а)  Кенеттен  жалт  етті,  ұшқын  атты.  Өткенде  бір  мұң 
жаңбырдай  Жауып  бір  жауып  тоқтаған,  Жарқ  етіп,  көзім  алдында 
Жалынға сүңгіп кетті ағам (С.Жиенбаев, Алтын қалам). ә) Ұшқын атты, 
көзге түсті. Тасқа тисе таңдағым қараңғыда жарқ еткен Мен бір шапқан 
назбедеу,  Сулығын  шайнап  өрленіп!  “Сөйле”  десең,  сөйлейін,  Көңіліңді 
сөзбен делбейін (Базар жырау, Шығ.). Құлпырды дүние, атырап, Гауһарын 
шашты сақтанбай, Жарқ етті әрбір жапырақ, Сәуледен шырақ жаққандай 
(К.Салықов,  Жезкиік).  б)  Ыстық  көрінді,  оттай  басылды.  Көптен  қолға 
ұсталмаған  көне  қуыршақ  алғаш  көргенде  ескі  досындай  көзіне  жарқ 
етті  (Т.Ахтанов,  Дала  сыры).  Жалғыз  атты  жадау  күй  жарлы  кешкен! 
Аңсағаным  атамнан  арғы  кештен  –  Жарқ  еткенде  жиреннің  маңдай 
шамы, Нокдаунға кеткендей тандым естен (Ж.Жұматаев, Ләйлә). в) Көзге 
түсті,  танылды,  шалынды.  Істің  соңы  не  болар,  Күте  берді  зарығып... 
Большевикті,  қызылды,  Ел  қолдады  бағынып  Аласапыран  соғыста;  Бұлар 
да шықты жарқ етіп, Қызыл жұлдыз тағынып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
Беу, қаракөз! Жасқанбашы, Жарқ етіп, Бермен қарай нұр жүзіңді бұруға. 
Тула  жүрек  Жас  кезімдей  тулаған,  Өтер-кетер  дүние-дүрмек,  шулы 
ағын  (К.Салықов,  Жезкиік).  г)  Туды,  атты,  келді.  Арманда  боп  әзірге 
сандаласың. Ондай адам болған ғой, болар тағы, Өмірлік барлық ісі – елдің 
қамы.  Ер  еңбегі  жалпыға  бірдей  ортақ,  Жарқ  етер  әлі-ақ  бір  күн  бақыт 
таңы  (С.Торайғыров,  Алаш  ұраны).  ғ)  э  к  с  п  р.  Жарық  көрді,  басылып 
шықты.  Дәл,  1934  жылы  “Еленбеген  ерлік”  атты  Құдайберген  Қуанұлы 
Жұбановтың күрделі мақаласы жарқ ете қалды (С.Талжанов, Ұлдай.). д) 

227
Ойламаған  жерден  көрінетін  болды,  сап  етті.  Телевизордан  жарқ  ететін 
болдық, арғысын көре жатармыз (“Соц. Қаз”). Тимесе де өзгеге Жарты тиын 
пайдасы, Жарқ етсін бұл кезде де Көңілімнің айнасы (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
Жарқ етті Қостанайда жан талабы, Ахметті көрген адам тамсанады. Астана 
көпірінде қос жолбарыс Ашқандай ел ажарын, қарсы алады. Елорда ашық алаң 
төріндегі, Не деген таңғажайып өмір еді! Бір бала көп фонтандар арасында 
Кішкентай Төлеш болып көрінеді (К.Салықов, Жезкиік). е) Орала кетті, еске 
түсті.  Бұлардың  мына  тұрысын  көрген  қыздың  көңілінде:  –  “Көктем  менің 
қателескен екен” деген қуанышты сезім жарқ ете қалды (І.Есенберлин, Айқас).
Көзі  жарқ  етті.  Көзі  шырадай  жанды,  айналаны  тегіс  көрді.  Астына 
қанатының  бізді  тығып,  Қуанып  табылғандай  қалағаны.  Қырандай  түлеп 
ұшқан  тұғырдағы,  Тартқанда  көз  жарқ  етті  томағаны  (К.Әзірбаев,  Таңд, 
шығ.).
ЖАРҚ-ЖАРҚ  е  л  і  к.  Найзағай  ойнағанда,  күн  сәулесі  шағылысқанда, 
жалт-жұлт, жарқылдаған көріністі бейнелейтін сөз.
Жарқ-жарқ етті. а) Жалт-жұлт етті, жалтылдады, шағылысты. Астында 
ақ  күміс  ер-тоқымы  күнмен  шағылысып,  жарқ-жарқ  етеді  (С.Сейфуллин, 
Тар  жол.).  Мұз  қиыршықтары  жаңа  көтеріліп  келе  жатқан  күн  сәулесімен 
жарқ-жарқ  етеді  (“Лен.  жас”).  Артынша  жарқ-жарқ  еткен  нажағадай 
шартылдайды, күледі де жылайды (С.Бақбергенов, Адам.).
ЖАРҚ-ЖҰРҚ  е  л  і  к.  Жалт-жұлт,  жарқыл-жұрқыл  еткен  көріністі 
бейнелейтін сөз. Зал іші шапырлаған жарқ-жұрқ электр шамы. Би әлі бастала 
қоймаған шақ (Б.Аманшин, Жар мұңы). Тек жаңа ғана тұтанған прожекторлар 
сәулесі  жарқ-жұрқ  көкті  кезеді  (І.Есенберлин,  Алтын  құс).  Шығыс  жақ 
нажағайдай жарқ-жұрқ, сатыр-күтір (Майдан).
Жарқ-жұрқ  етті.  а)  Жалт-жұлт  етті.  Боран  ашылды.  Жарқыраған  күн 
шықты, Далада басқан қар жұлдыздай жымыңдап, ақ оқадай жарқ-жұрқ етіп 
жатыр (М.Жұмабаев, Шығ.). ә) Жарқылдады. Кере қарыс маңдайы, Басында көне 
далбағай. Секілді екен көздері Жарқ-жұрқ еткен найзағай (О.Шипин, Дастан). 
Жаз жетіп, қарлар кетті, сулар ағып, Күн де тұр жарқ-жұрқ етіп нұрын жағып, 
Құлпырып, жүз құбылып жердің жүзі, Қуанбас жан-жануар бұған нағып (С. 
Торайғыров,  Алаш  ұраны).  Жарқ-жұрқ  етіп  жүруді  Нажағайдан  үйренгем. 
Шадыман-шат боп жүруді Күн мен айдан үйренгем (Қ.Аманжолов, Шығ.). б) 
Жалтылдады. Келіп жетті жартасқа, қанаттарын керіп ап, пәрменмен дем 
тартып, жарқ-жұрқ етіп көздері, құлап кетті алдыға (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жарқ-жұрқ  ойнады.  Мың  құбылып,  аударылып-төңкерілді.  Өңі  нұрлана 
түсіп,  қисық  көздері  жарқ-жұрқ  ойнап  кетті  (Ғ.Сыланов,  Шалқар).  Құздың 
айналасында ақ бауыр шағалалар жарқ-жұрқ ойнап жүр (Тұлпар).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет