Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет29/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37

ЖАУТАҢ е л і к.Жаутаңдаған, мөлдіреген. Қапылыста шыққан сұсты 
дауыстан зәрем зәр түбіне кетіп, мен жалт бұрылуға айналған едім, серігімнің 

228
әлгі жаутаң қарасы аяғыма тұсау тастады (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Бал 
махабаттың наз үнін, Ұғындым жаутаң жанардан (А.Нысаналин, Көзайым).
Жаутаң  етті  [еткізді].  Мөлдірей  қарады,  жаутаңдады.  Жараса  ма 
дегендей  жанары  бір  жаутаң  етті.  Мейір,  нұр,  шуақ,  шұғыланы  ондай 
жинаған көз жанарын көргенім сол (Б.Нұржекеев, Күй.). Ол менің бетіме 
жаутаң етіп жалт қарады (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.). Школға бардым. 
Оны көрдім. Жәкім екеуі тұр екен. Басымды идім. “Мен сенің құлыңмын” дедім 
ішімнен. Ол көзін жаутаң еткізді. Неткен сүйікті, жылы көз! (Ж.Аймауытов, 
Шығ.).
Жаутаң  көз.  а)  Жаутаң-жаутаң  еткен,  жалтаң  көз.  Бір  тамағың  үшін 
жаутаң көз болудан жаман қорлық бар ма еді? – деді Бұланбай (Ғ.Мүсірепов, 
Оянған өлке). Жаутаң көз жетім баладан, Өсіпті жігіт ағасы (Ж.Молдағалиев, 
Жиырма  бес).  ә)  Жаудыраған,  мөлдіреген  көз.  Үйге  орта  бойлы,  қыр  мұрын, 
жаутаң көз қыз кірді (А.Сатаев, Аққу.). Қазақтың қара торы жаутаң көзі, Өзім 
де онан артық сұрамаймын (Б.Әбдіразақов, Жарық дүние).
Жаутаң  қақты.  Жаутаң-жаутаң  қарады.  Анда-санда  ғана  алдында 
отырған судьяларға жаутаң қағады (К.Қозыбаев, Дәуір.). Сонда оның жерге 
сүйретілген  қос  бұрымы  бұлғаңдай  қозғалып,  тұрымтай  көздері  жаутаң 
қағады (Ә.Көшімов, Қысталаң.). Күн шығады, күн қызады, Ұямызды кім бұзады. 
Алматыға жаңа келіп, Жаутаң қағып тұрмыз әлі (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
ЖЕЛЕҢ-ЖЕЛЕҢ  е  л  і  к.  Желеңдеген,  желпілдеген  қимылды 
бейнелейтін сөз.
Желең-желең  етті.  Желбеңдеді,  желп-желп  етті.  Көнетоз  шапанының 
етегі желең-желең етеді (З.Шашкин, Тоқаш Бокин).
ЖЕЛК-ЖЕЛК  е  л  і  к.  Желкілдеген,  желпілдеген  қимыл-әрекетті 
бейнелейтін сөз.
Желк-желк етті. Желп-желп етті, желкілдеді. Екі өркеші баладай, шудалары 
желк-желк еткен қара буралар қаптап шыға келді (Ә.Кекілбаев, Дала.). Шошақ 
найзаларының  шашақтары  желк-желк  етеді  (О.Сәрсенбаев,  Сағым).  Қалың 
нөкер қасында жолдасы бар, Басылмаған адуын арындары. Піл үстінде барады 
қолбасшылар, Желк-желк етіп шашақты қарулары (С.Мәуленов, Жаз ерке).
ЖЕЛП  е  л  і  к.  Жел  тұрғанда,  самал  ескендегі  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз.
Желп  етті.  Оқта-текте  желпілдеді,  желбеңдеді.  “ҮҺ!  Пәруадіргер-ай!” 
деп, күңіреніп қатты күрсінгенде қараша үйдің түндігі желп ете түскендей 
болды  (О.Бөкеев,  Қамшыгер).  Аулың  сенің  белде  еді,  белтұрғанда,  Орамалың 
желп етер жел тұрғанда (Қаз. әндері). Сабырлы, саналы, Ойлы адам секілді, 
Жалт етіп қарады, Желп етіп кекілі (Ғ.Малдыбаев, Қырым қызы).
ЖЕЛПЕҢ е л і к. Желп-желп еткен, желпеңдеген қимылды бейнелейтін сөз.
Желпең  етті[қақты].  а)  Желп-желп  етті,  желпеңдеді.  Киіз  есікті 

229
желпең еткізіп ашып сыртқа шықты (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Терек тұр 
тәкаппарсып кекірейген, Жел соқса жапырағы желпең қағып (А.Тоқмағанбетов, 
Өмір.).  Бұлқынса  анда-санда  ала  бура,  Жетісу  желпең  қағып  селкілдейді 
(І.Жансүгіров, Шығ.). ә) Елпілдеді, ұшқалақтады. Бұл іспен бойға мақтан кірді 
тантық, Әркімнің әлі бар деп алар андық. Жеңгеніміз желіктік желпең қағып, 
Жеңілгенді жер болған атқа таңдық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
ЖЕЛПЕҢ-ЖЕЛПЕҢ  е  л  і  к.  Желпілдеген,  желпеңдеген  қимылды 
бейнелейтін сөз.
Желпең-желпең  етті.  Желпеңдеді,  желпілдеді.  Дөңге  шыққан  екі  әйелдің 
жаулығы желпең-желпең етеді (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Енді қазір қарасаң, 
сол  жасау-жабдығы  жарасқан  отауыңыз  жел  соқса  желпең-желпең 
ететінжырым-жырым қара лашыққа айналды (“Қаз. әдеб.”).
ЖЕЛП-ЖЕЛП е л і к. Желпең қаққан, жел қаққаннан болатын қимылды 
бейнелейтін сөз.
Желп-желп етті. Желпеңдеді, желпілдеді, қалбалақ қақты. Зәуреш қорқатын 
емес, тұлымы желп-желп етіп кетіп барады (Н.Сералиев, Қанат). Желп-желп 
еткен ала ту, Жиырып алар күн қайда? (Махамбет, Өлеңд.). Бантигі көбелектің 
желп-желп етіп, ерсілі-қарсылы жүгіріп жүретін (Б.Шаханов, Жоғалған.).
Танауы [мұрны] желп-желп етті. Ентікті, жиі-жиі дем алды. Ол танауы 
желп-желп етіп тағы сөйледі (О.Тәжиев, Жетім қыз). Тер дегенің алты тарам 
болып ағып, тынысы тарылғанның белгісі тәрізденіп танаулары желп-желп 
етеді  (Б.Соқпақбаев,  Бастан  кеш.).  Салбыраған  қапталды  қос  қолдап  көтере 
ұстап, танауымыз желп-желп етіп, үйге келдім (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
ЖЕЛПІЛ е л і к. Жел соғу, жел қағудан болатын қимылды бейнелейтін сөз. 
Желпіл  қақты.  Желпілдеді.  Алты  күн  айтылмай  келген  “Майра” 
шырқалғанда әр үйдің түндігі желпіл қаққандай (Д.Әбілов, Арман.).
ЖЫЛМАҢ-ЖЫЛМАҢ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  қылмаң-қылмаң,  сумаң-
сумаң еткен қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. Қожайын: “Апыр-ау, Бабай, 
біраз аунап-қунап жатсаңызшы. Тай алдырып сояйын”, – деп батырға жылмаң-
жылмаң қарайды (Б.Тоқтаров, Тауда.).
Жылмаң-жылмаң етті. Жылмаңдады, жылмаң қақты. – Сүйінші, жігітің 
шақырып тұр, – деп хабар жеткізген Бағила жылмаң-жылмаң етеді (Т.Ахтанов, 
Дала сыры). Сақал-мұртын қырған, иіс су жаққан, абақтыға түсті дейтін емес, 
тазының күшігіндей, жылмаң-жылмаң етеді (З.Шашкин, Тоқаш Бокин).
ЖЫЛП  е  л  і  к.  Жылмақай,  тайғанақ  заттың  жылпылдап 
тұрмайтындығын бейнелейтін сөз.
Жылп берді. Зып етті, жылпылдап тұрмады. Бюрократизм құрғырды 
ұстау қиын, балықтың құйрығындай қолыңнан жылп беріп шығып кетеді 
де,  “жұмыс  көп”,  “қол  тимейді”  деген  қоқсықтың  астында  құжынап 
жата береді (С.Төлешов, Түрлі бас.).

230
Жылп  етті.  а)  Жылпылдап  тұрмады,  зып  ете  түсті.  Рульден  әбден 
ұстап  үлгермеген  Тоқаның  қолы  жылп  етіп  шығып  кетті  де,  артқы 
дөңгелектің  астына  түсті  (Е.Домбаев,  Ғашықтық.).  Бірінші  қағыстан 
кейін арақтың көмекейден қалай жылп етіп өтіп кеткенін Сарқыз сезбей 
де қалды (Б.Тілегенов, Көктем.). Қынапқа салса жылп еткен, Суырып алса 
қылп  еткен  (Үш  ғасыр.).  ә)  Тез  қимылдады.  Жылп  етіп  тар  ұңғыдай  бос 
үңгірден, Зуылдап су түбіне тосын кірген Ажалдың сол жазуын тас атқылап, 
Ақыры біржолата өшірдім мен (Ж.Жұматаев, Ләйлә).
ЖЫЛП-ЖЫЛП е л і к. Жылмақай заттың қайта-қайта жылпылдап 
тұрмағанын бейнелейтін сөз.
Жылп-жылп етті. Жылпылдап тұрмады, лыпылдады. Ол өтірікті суша 
сіміріп, ыстық шайдан алып майға малған қалайы қасықтай жылп-жылп 
етті (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). Асаудай аптық басып арындайсың, 
Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың. Терідей сабын жаққан жылп-жылп 
етіп,  Шіркін-ай,  қонған  жерден  табылмайсың  (XVIII-XIX  ғ.  қаз.  ақын.). 
Ербол  Нұрқан  сөзіне  мән  бермеген,  елемеген  адам  тәрізді  бұрынғыдай: 
“Мәке, Мәке!” деп жылп-жылп етеді (З.Шашкин, Сенім). Асаудай аптық 
басып арындайсың, Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың. Терідей шыбын 
жаққан  жылп-жылп  етіп,  Шіркін-ай  қойған  жерден  табылмайсың 
(Ә.Найманбаев, Шығ.).
ЖЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ:  е  л  і  к.  Жылмаңдаған  жылп-жылп  еткен 
қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз.
Жылпың-жылпың  етті.  Жылпыңдады,  жылпостанды.  Сонымен 
айналып  балаға  қарадым,  Теке  көз  бала  жылпың-жылпың  етеді.  –  Ия, 
қандай оқуға түспексің? – Қандай болса да, сіз түсіргенге (Б.Қыдырбекұлы, 
Шойынқұлақ).
ЖЫЛТ 2 е л і к. Бір нәрсенің кенет жылтырап көрінуін бейнелейтін 
сөз.
Жылт етті. а) Жылтырады. Шүбірек шалбардың тақымынан от жылт 
етті (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Жылт етіп жарық көрінсе, жұрт лықсып 
солай  қарай  ұмтылады  (“Лен.  жас”).  Жұлдыздар  бізге  біресе  жылт  ете 
түсіп, біресе нашарлап, әр түспен құлпырып тұрғандай (Ә.Әбішұлы, Халық 
астрон.). Тұнба мен батпақ бүрмепті, Алмады тастан жүзін бұл. Бір сәтте 
судан жылт етті, Жылт етті ғажап қызыл нұр (Ж.Жұматаев, Ләйлә). ә) 
Оқыстан шыға келді, пайда болды. Бұрыштан жылт етіп, орысша киінген 
бір жас жігіт шыға келді (Б.Майлин, Таңд, шығ.). Ойда жоқта Асылбектен 
тағы  да  бір  хат  жылт  ете  қалды  (Ж.Жұмаханов,  Жазылым.  кітап).  Күн 
жылт  етсе,  төрт  түлік  мал  қарағайлы  қарт  Алтайдың,  Алтай  сынды 
анасының  көкірегін  аймаласып,  тыраңдасып,  мәйек  басып,  мамырласып 
жатқаны (Ж.Аймауытов, Шығ.).

231
Жылт  еткен.  Көрінген,  азғана,  болмашы.  Шаруашылықтың  жылт 
еткен  табысының  өзі  мал  өнімдеріне  байланысты  (“Лен.  жас”).  Уәсила 
жылт еткен жаңалықты қалт жібермей қадағалап отырады (Сауыншы 
шамшырақ.).
Жылт етпе [жылт етер]. Бір көрме, жылт етіп жоқ болатын. Кеншімбай: 
“Жұмабек  дегенің  әншейін  жылт  етпе  екен  ғой,  мықты  суретші  мұнан 
шықты”,  –  деп  әдейі  бұған  естірте  сыбырлады  (Т.Ахтанов,  Дала  сыры). 
Өмірде бір көргенде сыр бермес жылт етер дүмшелер де бар (“Соц. Қаз”).
Жылт қазы. э т н. Әр жерінен ағарып майы білінетін қазы. Майы әр 
жерде ғана бар қазыны “жылт қазы”, одан семіздеу төсетек шандырының 
беті шарбылана, тұтаса жатса, оны “бұлт қазы”, кейде “шарбы” деп те 
атайды (Д.Қатран, Қаз. ас-тағам.). Жыланқарақ сөзінің неден шыққанын 
түсінуге  менімше,  қазының  жылт  аталуы  жол  сілтейтін  сияқты 
(Қ.Салғарин, Қасапшылар).
ЖЫЛТ-ЖЫЛТ е л і к. Қайта-қайта көрінген жарықты бейнелейтін сөз.
Жылт-жылт 
етті. 
Жалт-жұлт 
етті, 
жылтырады.Қар 
бетіндегіқабыршақ  мұз,  пырт-пырт  сынып,  әйнек  сынығындай  жылт-
жылт  етеді  (С.Бақбергенов,  Қарға  там.).  Жұлдыздар  да  алыста,  ұзақ 
ұшқын шашылғандай, сәл ғана жылт-жылт етеді (М.Әуезов, Шығ.). Жал 
қидың қасында, тасқа шоқиып: “Мен қайдамын тауып ала қойшы?” деп, қу 
жігіт боп, құйрығы жылт-жылт, дауысы шырт-шырт етіп, ақкөт торғай 
отыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Алыстан қарағанда көз жіберіп, Көрінеді от 
жарығы жылт-жылт етіп, Екі атты тал түбіне матастырып, Еңбектеп 
екі батыр қалды кетіп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
ЖЫМЫҢ е л і к. Жылт еткен, ақырын бір нәрсенің шетін көрсеткен, 
миығынан  күлген  т.б.  қысқа  қимылды  бейнелейтін  сөз.  »Жымың  етті.// 
Жымың-жымың  еткендік,  жымыңдағандық.  –  Онда,  –  деп  Сәнтай  сұқ 
қолын  шошайтып,  көзінің  астымен  аса  құпиялы  жымың  кейіппен  тесіле 
қарады (О.Сәрсенбаев, Сағым). Күз я болсын жаз айы, Болсын айлы ашық 
түн. Аспанның күмбез сарайы, Тұндырсын жұлдыз жымыңын! (С.Мұқанов, 
Замандас.).
Жымыңға  басты.  Жымың-жымың  етті,  жымыңдай  берді.  –  Ә!  Сіз 
бе  едіңіз?  –  деп,  жоғың  табылғандай  қуанып,  сен  де  жымыңға  басасың 
(Б.Майлин,  Шығ.).  Жымың  етті.  а)  Жымиды,  күлгендей  болды.  Қыз  ойға 
шомып  кеткен  Хасенге  біраз  күлімсірей  қарап  тұрды  да  кенет  жымың 
етті (І.Есенберлин, Қатерлі.). Тағы көңілім мұздайды тұрпатымнан, Қыз 
ұрғандай бетімнен тыржың етіп, Тағы көңілім тасиды келе жатып, Қыз 
көрінсе қойсам деп жымың етіп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Оның әңгімесін 
тыңдап, дастарқандағы шыны-шәйнекті жинап жүрген келіншек жымың 
етіп  қойды  (Д.Жанботаев,  Шыңдағы  шынарлар).  Көкем  қағаздарын 

232
ақтарып отырып арасынан бір адамның адресін тауып алып, жымың етті 
(С.Жүнісов, Өшп. із). ә) Жылт етіп көрінді. Тыныс кезінде тысқа шығып 
ем, қатар есіктен Күлән жымың етіп, жылт етті (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Жанғазы жымың етіп есіктен шыға жөнелді (Б.Нұржекеев, Жау жағадан.).
Жымың  қақты.  а)  Күлімсіреді,  езу  тартты;  жымың-жымың  етті. 
–  Дегенмен,  бір  сөзімді  өткізермін,  –  деді  председатель  жымың  қағып 
(З.Камалиденов,  Фермаға  кел.).  Мынау  тапқаным  саған  сөз  жоқ  ұнайды! 
Байқап көрші өзің, – деп, жымың қақты ол (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). 
ә) Жарқырап көрінді, жалт-жұлт етті. Аспан әлемінде сансыз жұлдыздар 
жымың қағады (С.Омаров, Дала қызы). Болаттан Теміртауым алқа таққан, 
Жұлдыздай электрі жымың қаққан (Пернедегі терме.).
ЖЫМЫҢ-ЖЫМЫҢ е л і к. Жымыңдап күлген қимылды бейнелейтін 
сөз.  Жымың-жымың  күліп  Сергей  Петрович  Балжанның  қасына  келді 
(Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Жымың-жымың күлесің, Сенбегендей сен маған. 
Жалған айтпас, білерсің, Диқан бабаң мен болам! (Ғ.Орманов, Ой қанаты).
Жымың-жымың  етті.  Күлім  қақты,  жымыңдады.  –  Ойбай,  жаздым-
жаңылдым, мұғалімеке, беделің түсе көрмесін, – деп Сапар жымың-жымың 
етіп,  көзді  бір  қысып  қойып,  орнынан  тұрды  (М.Иманжанов,  Көк  белес). 
Бала  бұларды  көріп  жымың-жымың  етті  де,  үйге  қарай  қуана  жүгірді 
(Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Мұхаң тұрып киініп жатты. Жымың-жымың 
етеді (Біздің Мұхтар). Ибаш оның бетіне қарап мәз болып жымың-жымың 
етеді (Т.Ахтанов, Таңд.).
Жымың-жымың  қақты.  Қылмыңдады,  жымыңдады.  Қылжақбас  қара 
капитан Шелестов ежелгі әдетінше жымың-жымың қағып, майордың не 
айтпағын  сезіп  отырған  кісідей,  мысқылмен  күлімсірейді  (С.Бақбергенов, 
Қарға  там.).  Мәлік  қалтасына  үш  сом  ақша  түскеніне  жымың-жымың 
қағып күліп бара жатты (К.Қазыбаев, Ызғар).
ЖЫПЫР-ЖЫПЫР  е  л  і  к.  Быж-быж  етіп,  құж-құж  қайнаған, 
жыпырлаған  қимылды  бейнелейтін  сөз.  Жер  бетінен  сексен  алты  метр 
биікке  көтерілген  екенбіз.  Батыста  –  жыпыр-жыпыр  шахта,  түстікте 
кеншілер қаласы – Никольск (“Қаз. әдеб.”).
Жыпыр-жыпыр  етті.  а)  Жыпырлады,  құж-құж  қайнады.  Қақпаның 
арғы беті иін тіресіп, сыңсыған халық, Жыпыр-жыпыр етеді (Б.Тілегенов, 
Аққайнар).  ә)  Құжынады,  қаптады.  Аспанда  жұлдыздар  жыпыр-жыпыр 
етеді (“Лен. жас”).
ЖЫРҚ е л і к. Оқыс күліп жібергендегі дыбысты бейнелейтін сөз.
Жырқ етті. Оқыс күліп жіберді. Шет жақтағы жастардың бірі күлкіге 
шыдамай  жырқ  етіп  қалды  (Ғ.Мұстафин,  Дауыл.).  Қоян  жырық  есіктен 
кірген бойы үйдегілерді түгендей бір қарап алды да: – Аман ба, әй, қатын! – 
деді. Қасындағысы жырқ етіп қалды (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

233
ЖЫРҚ-ЖЫРҚ  е  л  і  к.  Қайта-қайта  жырқылдап  күлген  дыбысты 
бейнелейтін сөз. – Оның есесіне отағасының басынан кешкенін сәлден соң 
бір-біріне айтып, ұлдары да жырқ-жырқ, қызы мен келіні де жырқ-жырқ 
(Т.Нұрмағамбетов, Мешкей.). 
Жырқ-жырқ  күлді.  Қайта-қайта  жырқылдай  берді.  Шық,  бері  шық, 
Кінәлайсың  жұрт,  Неге  жырқ-жырқ  күлесің?  (М.Жұмабаев,  Шығ.). 
Қайдағы  бір  қаңқу  сөздерді  қағып  әкетіп,  соған  жырқ-жырқ  күліп,  сөз 
айта алатын адамсып, сөз ұғатын кісімсіп қаншалар жүр?! (Б.Нұжекеев, 
Жау  жағадан.).  Бірі  өзінің  еппен  сездіргенін  аңғартып,  Ордабайға  қарап 
жырқ-жырқ етіп күледі (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Бұлар үйге кіргенде 
ыржақтасып  жырқ-жырқ  күліп  отырған  екеуі  ыңғайсызданып  қалды 
(Ә,Қалмырзаев, Қарлығаш.).
ЖЫРТАҢ-ЖЫРТАҢ  е  л  і  к.  Ыржың-ыржың  етіп  қылмыңдаған, 
жыртақтап  орынсыз  күлген  қимылды  бейнелейтін  сөз.  Салақ,  олаң, 
ойнасшы,  керім-кербез,  Жыртаң-жыртаң  қызылдан  шығады  ерек  (Абай, 
Тол. жин.). Бұртаң-бұртаң, Жыртаң-жыртаң. Ой, сезім жоқ көк есек. Бұқа 
мойын,  тұтым  бойын  көрмеген  мен  –  көбелек  (М.Жұмабаев,  Шығ.).  Енді 
келіп оның баласымен қатар отырып жыртаң-жыртаң күлуге ұялсаң етті 
(М.Дүйсенов, Гүлжан.).
Жыртаң-жыртаң  етті.  Жыртақтады,  қылмыңдады.  Ойбай,  бетім-ау, 
әлгі  жүзің  күйгір,  жүзі  қара  жыртаң-жыртаң  етіп,  шыбжыңдап  тағы 
келді (Б.Тілегенов, Көктем.).
ЖЫРТЫҢ-ЖЫРТЫҢ  е  л  і  к.  Жыртыңдап  күлген,  тұштаңдаған 
қимылды бейнелейтін сөз. Бәрінің де қағанағы қарқ, сағанағы сарқ дегендей 
үйде де жыртың-жыртың, түзде жыртың-жыртың! (С.Мұқанов, Мөлдір 
махабб.).  Тиянақсыз,  байлаусыз  байғұс.  Қылпың,  не  түсер  құр  күлкіден 
жыртың-жыртың. Ұрындырар кісіге кез келгенде, Пыш-пыш демей қала ма 
ол да астыртын (Абай, Тол. жин.).
Жыртың-жыртың етті. Жыртыңдап күлді, тұштаңдады.
-З-
ЗАР-ЗАР е л і к. Зарылдаған дыбысты бейнелейтін сөз. Бірің – күн де, 
бірің күң, Бір кемеге салса да, Сыйысу жоқ, зар-зар! Сүйіп алғанға шықтар 
Қылдай жерде қалса да, Қиысу жоқ, зар-зар! (С.Торайғыров, Шығ.).
Зар-зар етті. а) Зарылдады, зарылдаған дыбыс шығарды. ә) Зар жылады. 
Мәкен өзі де тұла бойын өрт шалғандай жылаған үнін ірікпестен зар-зар 
етеді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). – Ағаекем, кеше гөр, – десіп кеп зар-зар етеді. 
Көздерінен шын өкініш жастары ағыл-тегіл шығады (М.Әуезов, Шығ.).
Зар-зар  жылады.  Ұдайы  еңіреп  жылады,  көз  жасын  төкті.  Жалғыз 
қарындасын өлімге қия алмай, көзінің жасын тия алмай, зар-зар жылап отырып 

234
Жанатқа Болаттың айтқан ғазалы еді дейді (Дастандар). Екі бүйірін таянып, 
Зар-зар жылап еңіреді, Қылует қайда білгізбей (Бабалар сөзі, Діни дастан).
Зар-зар  қақты.  а)  Зар-зар  еткен  дыбыс  шығарды,  үздіксіз  шырылдады. 
Осы  кезде  тағы  да  екінші  телефон  зар-зар  қағып  сылдырлап  ала  жөнелді 
(Т.Қойшыбаев,  Тынымсыз  жандар).  ә)  Бажылдап  безілдеді.  Шыдамайсың 
ойынға, Бажылдап зар-зар қағасың. Сайтан келіп қамасын, Бақаңменен құрдас 
боп, Білмей жүрген шамасын (Бақтыбай ақын, Жыр.).
ЗЫМП е л і к. Зып еткен, тез қимылдаған қозғалысты бейнелейтін сөз.
Зымп берді. с ө й л. Зып берді, зып етті. Оспанбай дейтін бала бір кезде 
зымп беріп, үйіне кіріп кеткенде, өзімнің ауыл ортасына келіп қалғанымды бір-
ақ байқадым (Б.Соқпақбаев, Балалық шақ.). Жеңгейден сескенген жәндік атып 
тұрып, ініне зымп беріп, кірді де кетті (“Балдырған”).
ЗЫМП-ЗЫМП  е  л  і  к.  Зуылдаған,  заулаған  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз.
Зымп-зымп етті. с ө й л. Зу-зу етті, зырылдады. Тұстарынан түрлі-түсті 
жеңіл  мәшинелер  зымп-зымп  етеді  (З.Шүкіров,  Ізгілік.).  Көше  тып-тыныш. 
Анда-санда зымп-зымп етіп таксилер өтеді (Н.Сералиев, Қаңтар).
ЗЫҢ е л і к. Шың еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Зың  етті.  а)  Зу  етті.  Зың  етіп,  қанжар  барып  тұмсығымен  құмға 
шаншылып, теңселіп тұрып қалды (М.Жұмағұлов, Қыран.). Кузовтың теміріне 
тиген оқ зың етіп ұшып кетіп жатыр (Қ.Қайсенов, Жау тылы). ә) Басы зеңіп 
ауырды, дың ете қалды. Бұл сөзден басы өз-өзінен зың ете түсті (М.Дүзенов, 
Ақәже).
ЗЫҢ-ЗЫҢ  е  л  і  к.  Даң-дұң,  у-шу,  зу-зу  еткен  дыбысты  бейнелейтін 
сөз.  Ұста  дүкендерінде  ертеден  кешке  дейін  зың-зың,  у-шу  болып  жататын 
(Қ.Әміров, Жастық.).
Зың-зың етті. а) Қайта-қайта зыңылдады. » Қайт-қайта зың-зың етті. 
ә) Зыңылдап ауырды, дыңылдады. Басым зың-зың етеді, араның ұясы секілді 
(С.Жүнісов, Өшп. із.).
ЗЫҢҚ е л і к. Саңқ еткен дыбысты бейнелейтін сөз. – Мен, – деді қарт 
даусын зыңқ еткізіп (Ә.Әбішев, Замана.).
Зыңқ  етті.  Саңқ  етті.  Бір  әйелдің  даусы  қостың  сыртынан  зыңқ  етті 
(Б.Майлин, Шығ.).
ЗЫП е л і к. Тез, шапшаң қимылды бейнелейтін сөз.
Зып берді [қойды]. Жүрісіне көз ілеспеді, жалт берді, өте шапшаң қозғалды. 
Жаңыл  ауыз  үйден  зып  беріп  сыртқа  шықты  (Т.Ахтанов,  Дала  сыры).  Мен 
шыдай  алмадым,  бұлаққа  қарай  зып  бердім  (Т.Бердияров,  Солдат.).  Үйдегілер 
өздерімен-өздері болып, әбігерленіп жатқанда, зып беріп тысқа шығып кеттім 
(Б.Соқпақбаев, Бастан. кешкен). Қалады-ау деп жұрт көріп, Қымсынған жоқ, 
тік келіп, Өз үйіндей торғайың Кіріп кетті зып беріп... (С.Жиенбаев, Алтын 

235
қалам). Қара жерге табаным тиген соң қуанып кетсем керек, зып қойып кеп 
қалың ағашқа сүңгіп кеттім (Ғ.Сыланов, Замана.).
Зып дегізді. а) Білдірмей қағып кетті, іліп кетті, сып еткізді. Қарауыл 
шал  кепеде  отырғанда  кішкене  бала  бір  қауынды  зып  дегізіп  үзіп  алды 
да қашты (“Лен. жас”). ә) Тез айта қойды. Естіген жаңалығын  ойланып 
жатпай-ақ екінші біреуге зып дегізетін келіншектер де бар (“Лен. жас”).
Зып  етті.  Тез  қимылдады,  лып  етті.  Зып  етіп  үйге  кіріп  кеткен 
Мағрипа көпке дейін шықпай қойды (З.Асабаев, Ар соты). Бимағамбет екі 
граната  алды  да  зып  етіп,  ағаш  арасымен  бұқпантайлап  алға  ұмтылды 
(М.Сатыбалдиев, Жартас.).
ЗЫП-ЗЫП е л і к. Зуылдаған дыбысты бейнелейтін сөз.
Зып-зып  етті.  а)  Зу-зу  етті,  зуылдады.  Екі-үш  оқ  қолтығымның 
астынан  зып-зып  ете  түсті  (С.Бақбергенов,  Алтын  күрек).  Тоқыманы 
қағар қылыш та зып-зып етеді (Б.Қыдырбекұлы, Өмір.). ә) Жып-жып етті, 
зыпылдады, тез сөйледі. – Үзіліс бітті, кірсін деп жатыр, – деп зып-зып 
етті (Б.Аманшин, Жар мұңы).
ЗЫР е л і к. Шыр айналған кезде шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Зыр айналды. Тез жүрді. Күрмеліп тілің байланған, Қолында тағдыр 
шынжыры. Әшейінде зыр айналған, Машина баяу жылжыды (С.Мәуленов, 
Алыс кет.).
Зыр  айналдырды.  Шыр  айналдырды,  шыр  көбелек  айналды. 
Қарамағындағы  жауынгерлер  зеңбіректі  зыр  айналдырып  жатты 
(М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).
Зыр ете қалды. Азар да безер болды, бедеу қақты. – Ойбай, атай көрме, 
қарағым,  бүлдіресің!  –  деп  Нұреке  зыр  ете  қалды  (С.Мұқанов,  Шығ.). 
Өтетін малды сатып бітірейік десем: “Алла сақтасын, айта көрме” деп 
зыр ете қалады (С.Мұқанов, Есею жыл.).
Зыр  еткізді.  Мәшинемен  жетіп  келді,  тез  жетті.  “Волгамен”  зыр 
еткізіп жетіп келсек, бала ес-түсін білмей сұлқ жатыр (Ә.Нұршайықов, 
Махаббат.).
Зыр етті. Мәшинемен келді, тез жетті. Аяққалқан бармақ болып Өмірбек 
деген досыммен зыр етіп Көктөбеге келе қалдық (Б.Қожабеков, Көктөбе).Бір 
кездеартынан зыр етіп, жеңіл мәшине шыға келді (С.Мұқанов, Шығ.).
Зыр желді. Ат бірқалыпты шапты, желді. Шал Антон бишік бұлғап, 
божы қақты, Зыр желді кермедегі ат, шеткі ат шапты, Өткенін қанша 
уақыт пайым етпей, Владимир тым терең ой ойлапты (Шәкәрім, Өлеңд. 
поэма.).  Зыр  жүгірді.  Тыным  таппады,  әбігерге  түсті.  Бірнеше  дәрігер 
жандары қалмай зыр жүгіріп мені емдеп, жазды (Ә.Нұршайықов, Батыр.). 
Екеуі және жүрді зыр жүгіріп, Кез болды бір өзенге талай жүріп. Жарлы 
бала өзеннен балық алды, Таспаны бау, инені қармақ қылып (Ш.Құдайбердиев, 

236
Шығ.).  Қандай  бақыт!  Күн  сайын  Күн  шыққаны:  Тіршіліктің  зыр  қағып 
ұршықтары,  Әженің  таусылмаған  түйдегіндей,  Домаланып,  иіріп, 
тыншытпауы (М.Мақатаев, Шығ.).
Жастық шақ зыр қақты. Жастық тез өтіп кетті, өмір тез, лезде өте 
шықты. Ал ана бір Берік деген түйетабан дәу немең, Институтқа бір баруға 
келісіпті Зәуремен, Олардың да өздерінше бар шығар-ау есебі, Күмісбек те 
Райкүлге сөз айтып жүр деседі, Өтер сенің жастық щағың, өтер әлі зыр 
қағып, Өкінбесең жарар еді жақсы қыздан құр қалып (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет