Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет6/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

ТОҒЫЗЫНШЫ МОДЕЛЬ
 -ыр+а- // -ір+е-:
А: абдыра-, аңыра-; Б: балбыра-, барқыра-, болбыра-, бұлдыра-, бұрқыра-, 

47
былбыра-,  былжыра-,  бырқыра-,  бытыра-;  Д:  дабдыра-,  даңғыра-,  дудыра-, 
дүркіре-, дыңғырла-; Ж: жадыра-, жалбыра-, жамыра-, жарқыра-, жаудыра-, 
жәудіре-,  желбіре-;  К:  көлдіре-,  күлдіре-,  күркіре-,  кіркіре-;  Қ:  қалжыра-, 
қалтыра-, қаңғыра-, қаңыра-, қаудыра-, қаужыра-, қолбыра-, қорқыра-, құлдыра-, 
қылжыра-; М: маңыра-, маужыра-, мөлдіре-, мөңіре-, мыңғырла-, міңгірле-; С: 
салбыра-, самбырла-, сансыра-, сарқыра-, саудыра-, селдіре-, солбыра-, судыра-, 
сылбыра-,  сырқыра-,  сіркіре-;  Т:  тентіре-,  тұқыра-,  тырқыра-,  тітіре-;  Ш: 
шарқыра-, шұрқыра-, шырқыра-; Ы: ыбыра-, ылбыра-;
ОНЫНШЫ МОДЕЛЬ
 -ыр+ла- // -ір+ле-:
А: абдырла-; Б: балдырла-, быжырла-, былдырла-, бытырла-; Г: гүлдірле-, 
гүмбірле-, гүрсілде-; Д: дабдырла-, дабырла-, далдырла-, дамбырла-, даңғырла-, 
даудырла-, дәлдірле-, дәудірле-, дүбірле-, дүңгірле-, дүсірле-, дыбырла-, дыңғырла-, 
дігірле-, діңгірле-, Ж: жабырла-, жалбырла-, жапырла-, желбірле-, жыбырла-, 
жылтырла-, жыпырла-; З: зырла-; К: күбірле-, күлдірле-, күмбірле-, күмпілде-, 
күңгірле-,  күркілде-,  күтірле-;  Қ:  қаңғырла-,  қыбырла-,  қытырла-,  қышырла-; 
М:  мыңғырла-,  міңгірле-;  П:  пышырла-;  С:  сақырла-,  салдырла-,  самбырла-, 
сатырла-,  саудырла-,  судырла-,  сыбдырла-,  сыбырла-,  сықырла-,  сылдырла-, 
сыңғырла-, сытырла-; Т: тақырла-, тапырла-, тасырла-, топырла-, тықырла-, 
тыпырла-, тысырла-; Ш: шақырла-, шапырла-, шатырла-, шүлдірле-, шүпірле-, 
шықырла-, шылдырла-, шыңғырла-, шыпырла-, шіңгірле-;
ОН БІРІНШІ МОДЕЛЬ
 -ы- // -і-:
А: абыржы-; Б: бекі-, борсы-, босы-, бұлықсы-, быжы-, бықсы-, быршы-; 
Е: елті-; Ж: жаны-, жекі-, жоны-, жосы-, жөңкі-, жұлқы-; К: көкі-, көлгірсі-, 
күмілжі-;  Қ:  қалқы-,  қарпы-,  қасы-,  қоқсы-,  қоқы,-  қылқы-;  Л:  лоқсы-,  лоқы-, 
лықсы-; М: маңы-, мойы-, мұжы-, мыжы-, мылжы-, мыты-; Н: нұқы-, нықы-; 
О: орғы-, осы-; Ө: өксі-, өрбі-, өрші-; С: сүңгі-, сылы-, сыңсы-, сылты-, сілкі-; Т: 
тайқы-, тарпы-, тасы-, телі- тыпыршы-; Ш: шалқы-, шаны-, шапшы-, шарпы-, 
шоқы-,  шоршы-,  шошы-,  шұлғы-,  шылқы-,  шымшы-,  шірі-;  Ы:  ызғы-,  ырғы-, 
ысы-, ыршы-; І: ілбі-, , ісі-;
Еліктеуіш сөздердің лексикографиялық сипаттамасы
Түркі  тілдерінде  имитатив  проблемасының  өзекті  бір  мәселесі 
—  еліктеуіш  сөздердің  лексикографиялық  сипаттамасы.  Еліктеуіш 
категориясы жалпы түрде біршама зерттелсе де, олардың лексикографиялық 
сипаттамасы – арнайы көңіл бөлінбей келе жатқан бір сала. Оның ең басты 
себебі  –  еліктеуіш  құбылысының  өзіндік  ерекшеліктері,  атап  айтқанда, 
олардың  жасалу  жолдары  (үлгілері,  модельдері)  мен  қалыптасу  тәсілдері 
(механизмдері) түркі тілдері бойынша түгел зерттеліп, табиғи сыры толық 

48
ашылмай тұрғанда бұл мәселені сөз ету де оңай болған жоқ. Бұл құбылыстың 
табиғатын тану мәселесінің, басқа тілдік категорияларға қарағанда, кенжелеп 
қолға  алынғандығы,  оған  ғалымдардың  екінші  қатардағы  дүние  ретінде 
қарап  келгендігі  де  белгілі.  Ал,  шын  мәнісінде,  еліктеуіш  категориясы 
имитатив  теориясы  бойынша  алғашқы  лексикалық  қордың  қалыптасуына 
ұйытқы  болған  байырғы  құбылыстардың  бірегейлеріне  жатады.  Оны  біз 
бүгінгі жанды тілдердің сөздік қорынан да анық көре аламыз.
Демек, бұл – қазақ тілінің лексикалық байлығының баршасы болмаса 
да,  негізгі  құрамының  лексикографиялық  сипаттамаға  (он  томдық 
түсіндірме сөздік - ҚТТС, бір томдық қазақша - орысша сөздік, үш томдық 
диалектологиялық сөздік, емле сөздігі т.т.) ие болып үлгірген, бірақ ғылыми 
тұрғыдан  өзіндік  принциптері  анықталып,  сараланбаған,  бүгінге  дейін 
шетқақпай болып келген кұбылыс. Аталған лексикографиялық еңбектердің 
бәрінде еліктеуіш сөздер жүйесіз, бірізділігі жоқ, берілу принципі белгісіз, 
құрастырушылардың өз білгенімен көрсетіліп келеді.
Әрине,  бүкіл  түркология  көлемінде  реттелмеген,  бір  жүйеге  түспеген 
бұл мәселені тек қазақ тілі фактілері негізінде ғана шешіп беру оңай емес, 
бірақ  бұл  мәселе  бойынша  ойланатын  уақыт  жеткен  сияқты.  Оның  басты 
себебі, көптен бері жалпы түркологияда да [1,2,3,4], қазақ тілі бойынша да 
[5,6,7] зерттеліп келе жатқан бұл құбылыстың тілдік табиғатына, қалыптасу 
тәсілдері  (механизмдеріне)  жаңаша  көзқарастың  [8]  қалыптаса  бастауына 
байланысты. Ескерте кетейік, қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің түсіндірме 
сөздіктерде  берілуіне  қатысты  Ш.Сарыбаевтың  бір  мақаласынан  [9]  басқа 
еңбекті байқай алмадық.
Қазақ  тіліндегі  еліктеуіш  сөздерді  лексикографиялық  еңбектерде, 
әсіресе  түсіндірме,  екі  тілді  аударма  сөздіктерде  беру  принциптерін 
тиянақты  шешудің  теориялық  та  практикалық  мәні  аса  зор.  Өйткені  бұл, 
біріншіден, тек қазақ және жалпы түркі тілдеріне ғана емес, жержүзі тілдерінің 
баршасына  тән,  бірақ  ортақ  та  тіларалық  айырмашылықтары  да  бар  әмбебап 
құбылыс; екіншіден, олар түркі тілдерінің баршасында бар, бірақ мағынасы ұқсас 
болғанымен тұлғасында ұқсастық аз, олар әр тілдің өзіндік ішкі заңына сәйкес 
қалыптасқан;  үшіншіден,  ортақ  лексикографиялық,  принцип  болмағандықтан 
олар әр тілдің сөздіктерінде әртүрлі беріліп, басқа тілге аударылып жүр.
Қазақ тілінің сөздік корында, біздің есебіміз бойынша 500-дей бір буынды 
ілкі түбір және солардан өрбіп дамыған 5 мыңнан астам байырғы сөз (туынды 
тұлғалар)  белсенді  түрде  қызмет  атқаруда.  Егер  қазақ  тілінің  сөз  қорындағы 
сырттан енген ауыс-түйістерді шығарып тастап, тек этностың өзіне ғана тән көне 
де байырғы төл сөздерін екшеп алып, жеке қарастырсақ, 500-дей ілкі түбірден 
тараған 5 мыңдай байырғы да түбірлес, ұялас еліктеуіш сөздер қалатыны белгілі. 
Олар имитатив заңы бойынша ұзақ уақыт бойы қалыптасып, дамып, тұлғасы, 

49
мағынасы  күрделеніп,  басқа  сөз  таптарына  ауысып,  тіліміздің  қомақты  сөздік 
құрамын қамтып отыр.
Міне, осының бәрі қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің лексикографиялық 
сипаттамасын  берудің  ғылыми  негіздері  мен  практикалық  тәсілдерін  арнайы 
қарастырудың қажеттігін көрсетеді. Ол үшін ең алдымен еліктеуіштер табиғатын 
имитатив теориясы тұрғысынан танып-білу міндетті.
Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне (1974 – 1986), зерттеушілердің 
(А.Ысқақов,  Б.Қалиев)  мағлұматы  бойынша,  68-70  мыңдай  реестр  сөз  еніпті. 
“Осы сөздердің қаншасы еліктеуіш ілкі (бір буынды) түбірден тараған сөздер?» 
деген  сауалға  әлі  ешбір  тілші  жауап  бере  қойған  жоқ.  Оның  бір  себебі  –  бұл 
мәселе  зерттеудің  болмауына  байланысты  болса,  екінші  себебі  –  еліктеуіш 
түбірден  тарап,  туынды  тұлғалары  басқа  сөз  таптарына  тән  сөздермен  мидай 
араласып кеткен еліктеуіштерді танып-біліп, таратып көрсетудің, қиындығына 
байланысты.
Біз  мақаламызда  осы  мәселеге  арнайы  тоқталып  отырмыз.  Ол  үшін  ең 
алдымен  қазақ  тілінің  10  томдық  түсіндірме  сөздігінен  (аспирант-шәкіртім 
Г.Сартбаева)  сүзіп  алып,  жинап  берген  еліктеуіштердің  сипаттамасын  қарап 
шығайық. Бұл деректе еліктеуіштерге қатысты 315 сөз қамтылыпты. Солардың 
ішінде “еліктеуіш” (қысқартып алынғаны –“ел.”) деген таңбамен (сөздік тілінде 
ол – орысша “помета”) белгіленгендерінің саны – 50, таңбасыз көрсетілгендерінің 
саны –144, мүлдем белгіленбегендерінің саны – 121 единица.
Әрине, бұл дерек еліктеуіш сөздердін, тілдегі реальді болмысын көрсетіп 
тұрған жоқ. Оның себептері де айқын көрініп тұр. Ең басты себебі – еліктеуіш 
сөздерді  Сөздікте  берудің  ғылыми  принципінің  жоқтығы,  яғни  реестр  сөз 
ретінде еліктеуіштердің бір буынды, екі буынды ілкі түбірлерін көрсету керек 
не  (мыс:  дар,  дыр,  зыр,  тыр,  шар  т.б.),  жоқ  әлде  солардың  аналитикалық 
жолмен қосарланып (мыс. қалт-құлт, тыр-пыр, шарт-шұрт, шыж-быж т.б.), 
қайталанып (мыс.: тыз-тыз, быж-быж, қыж-қыж, қыжың-қыжың, мыжың-
мыжың т.б.) тұрған тұлғаларын белгілеп көрсету керек пе? – деген сауалдың 
шешілмеуіне байланысты бұл тұлғалар араласып, бірде беріліп, бірде берілмей, 
бей-берекет болып тұрғанын көреміз. Бұл сауалдың еліктеуіш ілкі түбірлерінен 
тарап, өрбіп, заттанған (мыс.: діріл, қырыл, шырыл т.б.) есімдер мен дыбыстық 
(дарылда-, қырылда-, саңқылда- т.б.) және бейнелік (момпый, қомпый, том пый, 
сомпый т.б.) етістіктерге де қатысты екендігі белгілі.
Он  томдық  түсіндірме  сөздіктегі  еліктеуіштердің  жүйелі  түрде  дұрыс 
берілмеуі тәжірибенің аздығынан да, т.б. себептерге де байланысты болса керек. 
Сөзіміз дәйекті болу үшін бірер салыстырмалы деректер келтірейік. Мысалы, 
Р.Сыздық құрастырған «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, «Елорда», 2000) 
келтірілген сөз тізбектерінен қазақы “Д” дыбысы (263-275-бб.) бойынша берілген 
1036 реестр сөздің (біздін пайымдауымыз бойынша) 244-і еліктеуіш сөз екен. 

50
Бұл дерек байырғы лексикамыздың 25 пайызы еліктеуіш сөз екенін аңғартады. 
Екіншіден, 10 томдық сөздік бойынша жоғарыда келтірілген дерек те және 
оны берудің тәсілі де тілдік құбылыстың реальді қалпын көрсете адмайды 
деген сөз. Бұл салада жүргізілген екі диссертациялық зерттеуде [10, 11] бір 
мыңнан астам бейнелеуіш етістік пен бір мыңнан астам дыбыстық еліктеуіш 
етістік  көрсетілуін  ескертсек,  бұл  категорияның  өрістеп  дамыған,  бойында 
әлі ашыла қоймаған құпия-сыры мол, аумақты құбылыс екенін мойындатады.
Қазақ  тіліндегі  еліктеуіштерді  лексикографиялық  еңбектерде  тұтас 
қамтып, ілкі түбірден өрбіп тараған өрісін, даму үрдісін, өздері сипаттайтын 
мың сан табиғи, қоғамдық, психикалық, әлеуметтік құбылыстардың адамға 
тән  мағына-мәнін,  экспрессивті,  эмоционалды  реңктерін  дұрыс  беру  үшін 
олардың жасалу тәсілдерін (модельдерін), нақтылы үлгілерін білу де артық 
емес.
Біздің зерттеулерімізде [6, 7] көрсетілгендей, қазақ тіліндегі еліктеуіштер 
оның басқа да категорияларымен бірге бәрі “бір қазанда қайнаған”, тұтас бір 
зандылық бойынша дүниеге келген құбылыс. Олар тілдегі екі аналитикалық 
және синтетикалық –сөзжасам модельдері бойынша жасалып, көбейе түскен. 
Аналитикалық  тәсіл  бойынша  қосарлы  қос  сөз  (жарқ-жұрқ,  тарс-тұрс 
т.т.), қайталама қос сөз (қарш-қарш, ирең-ирең), сөз тіркесі ретінде (гүр ет-, 
қылмаң қақ, жалт қара т.т.) жасалып жатса, синтетикалық тәсіл бойынша 
7 негізгі және 13-тей қосымша модель арқылы мыс.: 1) абдыр -, судыра -, 
жылтыра т.б.; 2) қаужыра-, маужыра-, қалжыра - ; 3) барқыр -, тырқыра-, 
сіркіре-т.т.;  4)  салбыра-,  жалбыра-,  болбыра-,  ылбыра-  т.т.;  5)  шоңқай  -  , 
қоңқай - ; 6) мыжырай -, тыжырай -, күжірей -, бедірей -т.б. 7) бұлтақта-, 
тақақта-,  тепекте-,  т.т.;  8)  далбалақта-,  қалбалақта-,  сандырақта-  , 
пышталақта - т.т.; 9) жалтақта -, қалтақта- , дірдекте-т.т.; 10) тойтаңда-, 
қалтаңда- , шойтаңда-, т.т.; 11) ызыңда- , мыжыңда- , кіжіңде -12) қутыңда- 
, жыртында -, бұлтаңда - ; 13) зула-, сула-, зырла-, ула-, шула- ; 14) сарна, 
кісіне-, азына- ; 15) ақыр- , кекір- , зекір- , пысқыр- , түшкір-т.т.; 16) быжы-
, мыжы-, құжы- , бықсы- , қыңсы- ;17) бүрсій-, ырсый-, тырсый-, т.т.; 18) 
шұртій-, бұлтый-, шәнтій-,құнтый -,. шұнтый - ; 19) тымпый-, томпый -, 
жымпый-, момпый -, сымпый - т.т. 20) тыңқый- , шалқый- , қауқый- , сықый 
т.т) жасалатын еліктеуіш етістіктерден тұрады.
Бұларға қосымша еліктеуіш түбірлерінен де, туынды тұлғаларынан да 
туындап, дамып жатқан есім сөздердің саны қаншама: сарқырама, күркіреме, 
әупілдек, қоңырау, жұлдыз, шіңкілдек, тоқылдак, көкек, бытпылдық, қақыра, 
қарға, шымшық, талшық, шалшық т.б.
Еліктеуіштердің  тұлғалық  дамуының  бір  буынды  (моносилаб)  ілкі 
түбір денгейінде (кейбіреулері болмаса, мыс., *ың, *ыз, *ду, *зу, *шу, *жел, 
ың-жың,  быж-тыж,  шыж-быж  т.б.)  де,  екі-үш  буынды  туынды  түбір 

51
деңгейінде де (албыр, жалбыр, тықыр, сықыр, шақыл, дүріл, діріл т.б.) дербес 
қолданылатындары көп.
Міне,  көріп  отырғанымыздай,  о  баста  дыбыс  символы,  қимыл-әрекет 
бейнесі, жарық-сәуле рефлексі ретінде қабылданып, тіл арқылы сипатталған 
табиғат  құбылыстары  мен  жанды-жансыз  заттардың  ерекшеліктері 
идеофондар арқылы алдымен тұйық буынды ілкі түбірлерге айналса, одан 
кейінгі  даму  барысында  әр  дәрежелі  грамматикалық  индикаторларды, 
етістік, есім жұрнақтарын қабылдау арқылы мағына жағынан үстемеленіп, 
тұлғалық  жағынан  сатыланып,  кейде  4-5  буынға  дейін  өсіп,  күрделі  сөзге 
айналып отырғаны белгілі.
Сөйтіп, жеке сөз табына жататын еліктеуіштер, өзіндік грамматикалық 
ста тусы  бола  тұрса  да,  даму  барысында  өз  шеңберінен  шығып,  басқа  сөз 
таптарына  (есімдік,  етістік,  сын  есім)  ауысып,  тіл  құрамы  мен  қатынас 
құралының  белсенді  де  бейнелі,  құнарлы  да  байырғы  бөлшегіне  айналып 
отыр.  Еліктеуіштер  арасында  бірде-бір  шеттен  енген  ауыс-түйістер  жоқ. 
Солай  бола  тұрса  да,  бір  өкініштісі,  қазақ  тілінің  сөздік  корындағы  ұлан-
ғайыр  сөз  байлығының  тек  50-і  ғана  бір  буынды  еліктеуіш  түбірі  ретінде 
(“ел”. қысқартуы арқылы) белгіленіп отыр.
Еліктеуіштерді  сөздіктерде  бұлай  етіп  бермеу  керек  еді,  ал  берген 
екенбіз,  оны  толық  қамту  керек  еді.  Ғылыми  принцип  осыны  талап  етеді. 
Еліктеуіш сөздерді белгілеп көрсетуге байланысты бұл олқылық тек қазақ 
тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне ғана емес, қазақ тілінің, тіпті түркі 
тілдерінің барша лексикографиялық жұмыстарына тән ортақ олқылық.
Дәл осындай қасиет еліктеуіш түбірлеріне де тән. Бірақ туынды тұлғалардың 
ілкі түбірден өрбіп тарау тәсілі бұдан мүлдем басқаша: біріншіден, қазақ тіліндегі 
еліктеуіштердің әдетте, тек бір буынды (ГС, СГС) болып келетін ілкі түбірлері 
кез  келген  сөз  табындағы  өзімен  баламалас  бір  буынды  ілкі  түбірлермен 
салыстырғанда олардан сан жағынан (жалпы саны 500-дей) жүз есе артық деп 
айтуға  болады;  екіншіден,  еліктеуіштердің  басым  көпшілігі  бір  буынды  ілкі 
түбір  деңгейінде  мағынасы  айқын  емес  (ұмыт  болған  деп  есептеуге  болады) 
және жеке-дара сирек қолданылады; үшіншіден, еліктеуіш ілкі түбірінің мағына 
айқындығы  идеофоннан  соң  жалғанатын  бірінші  дәрежелі  грамматикалық 
индикатордан  кейін  (мыс.:  *тар>тарс>,  *кір>кірт,  *шыр>шырт,  *ыл>ылп, 
*шыл>  шылқ-шылқ,  *жыл>жылп-жылп  т,т.)  біліне  бастайды;  төртіншіден
түбір мағынасының еселеніп өсуі оған келесі дәрежелі индикаторлардан кейін 
не етістік, не есім жұрнақтарынан соң байқала береді (мыс.; *тар > *тарс > 
тарсыл > тарсылда > тарсылдақ > тарсылдауық т.т.); бесіншіден, еліктеуіш 
ілкі  түбірінен  өрбитін  туынды  тұлғалардың  баршасы,  басқа  сөз  таптарындай 
емес,  бейне  бір  математикалық  кесте  іспетті,  түбірден  кейін  келетін  әрбір 
грамматикалық  индикаторлардан  кейін,  жеке-жеке  сала  болып  таралады. 

52
Мысалы, қазақ тіліндегі *был ілкі түбірі: 1) [б] индикаторын қабылдап, одан 
туындаған:  былбыр,  былбыра  былбырақ  тұлғаларын,  2)  [ж]  индикаторын 
қабылдап,  одан:  былжыр,  былжыра-,  былжырақ,  былжырақта  тұлғаларын, 
3)  [қ]  индикаторын  қабылдау  арқылы:  былқ,  былқ-былқ,  былқ-сылқ,  былқ-
шылқ,  былқы-,  былқыл,  былқыл-сылқыл,  былқылда-,былқылдауық,  былқылдап-
сыңқылдап,  былқылдақ;[п]  индикаторын  қабылдау  арқылы:  былп,  былп-былп, 
былпыл,  былпылда-,  былпылдақ,  былпылдауық;  [ш]  индикаторын  қабылдау 
арқылы: былш; былш-былш, былши -, былшыл, былшық, былшылда-, былшылдақ, 
былшылбай, сондай-ақ түбірдің өзінен туындаған: быламық былғаныш, былазық, 
былық,  былық-шылық  т.б.  осы  тәрізді  тұлғалардан  көрсетуге  бола ды.  30  -дан 
асатын  бұл  тұлғалардың  баршасы  бір  ілкі  түбірден  тарап,  түбірлес,  ұялас, 
мағыналас топ құрап тұр. Осы тәрізді мысалдарды (30-ға жетпесе де) кез келген 
еліктеуіш ілкі түбірінен келтіруге болады.
Міне,  енді  “осы  еліктеуіш  тұлғаларының  қайсысын  сөздіктерде  қалай 
көрсету керек?” деген сауалмен қайта тоқайласып отырмыз.
Егер  лексикографтар  (сөздік  жасаушы  ғалымдар)  тарапынан  әртүрлі 
(түсіндірме, екі тілдік т.б.) сөздіктерде еліктеуіштерді реестр сөз ретінде басқа 
тұлғаларынан бөліп алып, тек ілкі түбірлерін ғана (мағынасы айқындауларын – 
ду, зу, шу, гу т.б. - ашық түрінде, мағынасы күңгірт, не мүлдем ұмыт болғандарын 
–  *сел>селк,  *қыл>қылқ,  *бүл>бүлк  т.б.  –  шекесіне  жұлдызша  қойып)  беру 
мәселесі ұсынылып жатса, онда ғылыми-лексикографиялық принцип бойынша 
біз айқындап отырған 500-дей ілкі түбірдің бәрі түгел берілуі керек.
Егер  реестр  сөз  ретінде  еліктеуіш  ілкі  түбірлерді  бірінші  дәрежелі 
грамматикалық  индикатор жігінен  бөліп  алып  беру оңтайлы деп қаралатын 
болса, онда да оған ұқсас барша тұлғаларды бір дейгейде, біркелкі етіп алуға 
тура келеді. Мысалы: |т] индикаторын қабылдаған ілкі түбірлерге мына тәрізді 
– *сарт>сартылда-, *сырт>сыртылда-, сарт-сұрт ~ ет-; *шарт>шартылда, 
*шырт ~ ет, т.б. туынды түбірлер, |қ| индикаторын қабылдаған ілкі түбірлерге: 
*қарқ>қарқылда-,  *тарқ>тарқылда-,  *барқ>барқылда-,  *жарқ>жарқылда-, 
*шаңқ>шаңқылда-  ;  *тырқ>тырқылда  -  т.б.  туынды  түбірлер  жатқызылуы 
керек. Бұлар да тілімізде жүздеп саналады.
Бұл ұсыныста да белгілі шарттылық жоқ емес. Реестр сөз ретінде еліктеуіш 
тұлғаларының  қай  вариантын  ұсынбайық,  бірізділік  принципі  сақталуға  тиіс. 
Мүмкін,  мәселенің  қиындығын  ескере  отырып,  “еліктеуіш  сөздерді  белгілеуді 
мүлдем қойып, оларды мағынасы арқылы сипаттау керек” деген де ұсыныстың 
болуы да ықтимал. Онда, егер құдіретіміз жетсе, барша тілдердің сөздіктерінде 
қалыптасып, қағидаға айналған дәстүрді өзгертуіміз керек. Бірақ бұл дәстүрді 
өзгертуте болмайтын себептері де жоқ емес. Ол – еліктеуіш сөздердің арнайы 
жұрнақтар арқылы етістікке, одан соң есімге айналуына дейінгі таза еліктеуіш 
тұлғаларының  (мыс.:  былқ>былқыл,  былп>былпыл,  былш>былшыл  т.т.)  мән-

53
мағынасын сол тілдің өзінде беру де, әсіресе, басқа тілдерге дәл аудару да мүмкін 
емес, аударылса да ол көп сөз арқылы жалпылама түрде ғана берілуі мүмкін. 
Сондықтан  да,  тіл  практикасында  “ел”–  еліктеуіш  (орысша    –  “подр”)  деген 
айдармен  беру  бұл  құбылысты  көрсетудің  ең  оңай,  әрі  қолайлы  тәсілі  болып 
қалыптасқан.
“Бұл құбылысты лексикографиялық тұрғыдан тиімді де дұрыс сипаттауда 
үлгі болар тіл не сөздік бар ма?” деген сауалға жауап беру де оңай емес. Дегенмен, 
туыс тілдердің тәжірибелеріне назар аударып көрейік:
1.Үлкен қазақша-орысша сөздікте:
Қаңқ:~ет. подр. отрывистому звуку, напр, гоготу гусей, визгу’ собак;
Қаңғыр звонкое бренчание; қаңғыр-гүңгір подр. звонкому многократкому 
звуку, издаваемому при ударе по металлическому предмету (473);
Қарқподр. қарканью вороны; ~ет. қаркать;
Қар-қар см. қарқ - қарқ; қарқ- қарқ подр. громкому смеху, хохоту (488);
Жарқподр. слово, выражающее мгновенность действия (о блеске, свете); 
~ет сверкнуть; вдруг блеснуть;
Жарқ-жарқ:~ет - блеснуть, сверкать (неоднократно) т.т. (278).
[Казахско-русский  словарь.  Под  ред.  Р.Г.Сыздыковой,  К.Ш.  Хусаин.  Ал-
маты, 2001].
2.Қырғызша-орысша сөздікте:
Бүлк  подражательное  слово;  бүлк-эт-1)  (о  чем-л.  мягком)  колыхнуться, 
слегка шевельнуться (167);
Жарк  подражательное  слово,  выражающее  мгновенность  действия, 
неожи данно появившийся блеск, свет (235).
Карк звукоподражание громкому и грубому выкрику (251).
Карккарк-карк звукоподражание мурлыканью (251).
Шарт  подражательное  слово,  выражающее  решительное  действие, 
резкое движение... (404).
Тарс звукоподр. стук!; бряк!; тарс эт- сильно стукнуть, бахнуть (209).
[Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. М., 1965].
3. Өзбекше-орысша сөздік бойынша:
Жаранг  звукоподр.  звону  фарфоровых,  стеклянных  предметов,  лязгу 
металла (148);
Жингир-жингирзвукоподр. звону, лязгу (151);
Kарт- қуртзвукоподр. хруп - хруп (звукоподражание хрупанию, хрусту пере-
жевываемого сена) (636);
Карс звукоподражание резкому звуку (напр, треску, выстрелу, хлопку) (636);
Шақ звукоподражание треску, щелканью (560);
Тарс  звукоподражание  треску;  тарс-тарс,  тарс-тұрс  треск,  трескотня 
(424); [Узбекско-русский словарь. Ташкент, 1988).

54
4. Шуашша - орысша сөздікте:
Лак1.подражание глухому стуку, щелканю, хрусту;
2. подр.– о колебании, качании (211);
Лака - лака1. подр. ~ о неритмичном движении, раскачивании;
2. подр. – о сильном неравномерном раскачивании (211);
Какак1. подражание гоготанью гусей...
Какаклат– гоготать (гусях) (136).
Кар1. подражание карканью вороны, крику грача, коростеля; 
2. подражание треску разрываемой крепкий материи, бумаги и т.п.; 3. подр. 
–о быстром действии, движении (144)
[Чувашско-русский словарь М., 1985].
Көріп  отырғанымыздай,  түркі  тілдерінің  аударма  сөздіктерінде 
еліктеуіштерге  берілген  сипаттамаларда  да  бірізділік,  қалыптасқан  қатаң, 
қағида  байқалмайды.  Оның  бір  себебі  еліктеуіштердің  әрбір  тілдің  өз 
табиғатына  сәйкес  қалыптасуы  болса  да,  оларды  сипаттауда  түркологияға 
ортақ ғылыми принциптің қалыптасуында.
Осыған байланысты байқап отырғанымыз: 1) барлық түркі тілдерінде 
еліктеуіштер тұлғалық дамуының қай деңгейінде берілуі керек деген мәселе 
бірдей шешілмеген; олар, әртүрлі (ілкі түбір, индикатор, бұларға қосымша 
қос  сөз)  деңгейлерінде  де  беріліп  келе  жатқандығын  көріп  отырмыз; 
2)  егер  лексикографтар  осы  пәтуаны  мойындайтын  болса,  онда  әрбір 
тілдің  сөздіктеріне  бүгінге  дейін  қамтылмай  келген  жүздеген  еліктеуіш 
түбірлермен  I,II  дәрежелі  индикатор  деңгейіндегі  тұлғаларды  да  қосуға 
тура  келеді:  3)  лексикографиялық  жұмыстардың  бірде-біреуінде  еліктеуіш 
негізі мен одан өрбіп, тараған мындаған туынды тұлғалардың арасындағы 
табиғи  (мағыналық,  тұлғалық  жалғастық  көрсетілмеген.  Демек,  бұл  – 
еліктеуіштердің өзіне ғана тән“еліктеуіштік қасиеттері” тек ілкі түбір мен 
туынды түбірлердің бірінші буыннан аспай, томаға тұйық қалпында қалып 
отыр деген сөз.
Осылардың  бәрі  жинақтала  келе,  еліктеуіштердің  басқа  қырларын 
(мыс.  сөздік  қорының  алғашқы  қалыптасу  оның  ұйытқысы,  мыңдаған 
туынды  тұлғалардың  қайнар  көзі,  шығу  төркіні  болғандығын  т.б.)  былай 
қойғанда, тек олардың тілдік болмысын дұрыс көрсетудің өзі ғана жеке-дара 
лексикографиялық  проблемаға  айналып  отыр.  Дегенмен,  ұсыныс  ретінде 
айтылатын пікірлер де жоқ емес. Олар:
1) еліктеуіштер –табиғаты өте күрлелі құбылыс;
Ол араласпайтын өмір-тіршіліктің саласы кемде-кем; 500 ілкі түбірден 
өрбіп, 5 мың туынды тұлғаға айналуы осының бір айғағы; 
2) еліктеуіштер құрамына шетел ауыс-түйістері араласпаған, тіліміздің 
“тазa”да байырғы құрамдық бөлшегіне жатады;

55
3)  еліктеуіштер  өзінің  сатыланып  дамуы,  еселеніп  баюы  арқасында 
сөздік қорымыздың сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да өсуіне, бейнелі 
де көркем сөз өрнектерімен, экспрессивті-эмоциональды мағына реңктерімен 
толықтырып отырған ерекше құбылыс;
4) қазақ және басқа да түркі тілдеріндегі еліктеуіштерге беріліп жүрген, 
қалыптасып  қалған  лексикографиялық  сипаттамалар  оларды  толық  камти 
алмайды және табиғатын (болмысын) толық аша алмайды.
Сондықтан  да,  қазақ  тілінің  түсіндірме,  екі  тілді  т.б.  сөздіктерінде 
еліктеуіш  сөздерді  тек  бір  буынды  ілкі  түбір  (діp,ыз)  деңгейі  мен  одан 
туындайтын  алғашқы  грамматикалық  индикатор  (дipіл,  ызың)  деңгейінде 
беру принципін өзгертуге болмайтын (стереотип) дәстүр деп қарайтын болсақ, 
осыған байланысты мына үш шарттың шешуін де: 1) “ел”–еліктеуіш таңбасын 
(граммат. памета) тек осы екеуіне ғана қоюды; 2) осы екі деңгейдегі еліктеуіштерді 
бәрін түгел қамтуды және 3) бұлардан туындаған келесі деңгейдегі тұлғалардың 
алдынан  ілкі  түбірді  (*дір>дірілдек,  *жал>жалтыр,  *жыл>жылтыр  т.т.) 
беруді  қажет  деп  білеміз.  Сонда  ғана  еліктеуіш  құбылысының  тілдегі  орны, 
қызметі, ауқымы т.б. айқындала түспекші.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет