Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет8/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

АПЫЛ-ТАПЫЛ <жаңа жүре бастаған баланың аяғын шәлкем-шалыс, 
асығып-үсігіп, тәй-тәй басып жүрісі> *Ол аяғын апыл-тапыл басқаннан-ақ 
түзге талпынып, табиғатпен сырлас, мұңдас болды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 
66).  *Бертінде  апыл-тапыл  жүре  бастағанда  бір  нәрсеге  ызалана,  еденге 
шалқасынан құлаушы еді (Т.Әлімқұлов. Сәби күлкісі, 90).
АПЫЛ-ТҰПЫЛ  <қара.:  апыл-тапыл>  *Қараса  аяғын  апыл-тұпыл 
басқан үш-төрт жас шамасындағы бала (Қ.Исабаев. Ажал құрсауында, 104).
АРБАҢ-АРБАҢ <адамның, жан-жануар т.б. заттардың қолапайсыз, 
қорбаңдаған қимыл-әрекетін, жүрісін сипаттайтын бейнелеуіш еліктеуіш>
АРПАҢ-ТАРПАҢ  <адамның  аяқ-қолын  ербеңдетіп,  тәлтіректеп 
басып  ебедейсіз  әрекеттенуі;  тасыр-тұсыр  жүрісін  бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Кім  біледі,  арпаң-тарпаң  сөйлеп  тұрып,  бірдемені  бүлдіріп 
алсам, сорлағаным ғой сосын (С.Шаймерденов.Әнім сен едің, 167).
АРП-АРП  <иттің  қайта-қайта  арсылдап  үруін  сипаттайтын 
дыбыстық еліктеуіш>
АРПЫЛ-ТАРПЫЛ <аяғын тарпылдата, тырпылдата асығыс басуды 
бейнелейтін еліктеуіш>
АРПЫЛ-ТҰРПЫЛ  <қара.:  арпыл-тарпыл>  *Айтолқын-ау,  аузыңа 
бақ, арпыл-тұрпыл сөйлей берме тәйірі алғыр (Б.Майлин Азамат Азаматыч, 
115)
АРСА-АРСА  <етінен  арылып,  әбден  арықтаған  адамның,  малдың 
әр  жерінен  сойдиып  шығып  тұратын  қу  сүйектерін  бейнелейтін>  *Сәт 
қартайыпты:  өзі  ашаң  жүзді  еркек  бұрынғыдан  да  гөрі  сылынып,  жақ 
сүйектері арса-арса, сорайып шығып тұр (З.Шашкин. Таңд. шығ., 62). *Өне-
бойы  арса-арса,  құр  сүйегі  қалған  шалды  Шумилов  қолынан  ұстап  алып 
шықты (Х.Әдібаев. Таңбалы адам, 34).
АРС-АРС <иттің арсылдап, өршелене, қайта-қайта үрісін білдіретін 
дыбыстық еліктеуіш> *Арс-арс еткен иттерше, бірін-бірі қауып алғандай 
болды (Ж.Аймауытов. Шығармалары, 160). *Орал комбинезонмен сабалаған 
от ұсқынсыз сары ала төбет сияқты, арс-арс етеді (Ш.Мұртазаев. Табылған 
теңіз, 75 ).

64
АРС-ҰРС <қара.: арс-арс> *Қалың қойдың алдыңғы жағынан «арс-ұрс» 
еткен Қойөсердің дауысы естілді (С.Қасиманов. Алтай аңыздары, 39).
АСЫР-ТАСЫР  <тарс  та  тұрс  етіп  жалғасатын  тасырлаған  дыбыс 
еліктеуіші>
АТЫП-АТЫП-  <~  тұр:  ат-  етістігінің  көсемше  (-ып)  тұлғасында 
қайталануы арқылы бірнеше адамның (малдың, аңның) жатқан орнынан ұшып-
ұшып тұруын, не қарғып-қарғып тұра қашуын бейнелеуші қайталама етістік> 
*Yзеңгі  қағысып  тұрған  аттар  алға  қарай  атып-атып  шықты  (Ә.Кекілбаев. 
Бір  уыс  топырақ,  275).  *Шырт  ұйқыда  жатқан  солдаттар  атып-атып  тұрып 
қаруларына жармасты (Х.Әдібаев. Таңбалы адам, 28). *Қалғып отырған кісілер 
атып-атып түрегелген (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 696).
АХА-ХА <1. қақақалап, қарқылдап күлуді бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс
ойын-тамаша, жақсы, көңілді өмір> *Қөдегені аха-ха (ҚТС, 59).
АХА-ХАЛА <уақытын ырду-дырдумен, аха-халап, ойын-күлкімен өткізу>
АХА-ХАУ  <ырду-дырду,  ойын-күлкі>  *  Елубай  Қызылордада  көптеген 
достардың арасында ойын-сауық, аха-хаумен жүріп, мені ұмытты ғой дейсің (Қ. 
Бадыров. Өткендер мен өткелдер, 62).
- Ә -
ӘЛЕЙ-ТYЛЕЙ <табиғаттың аяқ-астынан бүлініп, қатты жел тұрып, 
нөсерлете жаңбыр жауып, қар жауып, аяғы қарлы боранға айналуы; 2. ауыс
шалқып соққан желдей, бірде олай, бірде былай, бірде бие, бірде түйе болып 
өзгеріп тұратын мінез>
ӘЛЕЙІМ-ТӘЛЕЙІМ  <он  сегіз  мың  ғаламның  баршасы  өмір  сүріп, 
тіршілік ететін кеңістік, кең дүние>
ӘЛЕКЕЙ-КYЛЕКЕЙІ <қара.: әлекей-шәлекей; өңкей сақадай сайланғандар 
> *Кеңсенің қасындағы үйлердің де әлекей-күлекейі көбейді (Ә.Кекілбаев. Бір 
уыс топырақ, 283).
ӘЛЕКЕЙ-ТYЛЕКЕЙ  <~  болу:  диал.  алай-түлей  болу,  тас-талқаны 
шығу>
ӘЛЕЙІМ-ТӘЛЕЙІМ <ұйқы-тұйқы, астан-кестен>
ӘЛЕКЕЙ-ШӘЛЕКЕЙ  <диал.  Өзбекстан  қазақтары:  әртүрлі 
мата,  матадан  тігілген  ұсақ-түйек  бұйымдар,  қалай  болса,  солай  киіміне 
жапсырып,  іліп  алған  заттар>  *Үстіндегі  әлекей-шүлекей  қызыл  көйлектегі 
полинезиялықтардың ба, финикиялықтардың ба, кемелерінің суретіне қараған 
шығар (М.Мағауин. Таңд. шығ. ІІ том. 155).
ӘЛЕК-ШӘЛЕК <быт-шытымызды...>
*Солар  болып,  әлек-шәлегімізді  шығармаса,  –  деді  шал  (А.Нұрманов. 
Құланның ажалы, 109).
ӘЛЕКЕЙ-ШYЛЕКЕЙ <қара.: әлекей-шәлекей: салпыншақ, әсемдік үшін 
жабыстырып жасалған айшықты заттар ол ат әбзелдерінде кездесуі мүмкін> 

65
*Еркектерге арналған ер... атқа жатымды, үйлесімді әлекей-шүлекейі аз, сипатты 
болып келеді... («Мұра» 1992. №2 56).
ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ <іші күйіп-өртеніп...> *Анадағы бір күн есіне түскенде 
іші әлем-жәлем боп кететін шығар (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 145).
ӘЛЕМІШ-КYЛЕМІШ <алақ-жұлақ, ала-құла...> *Кіре берістегі әлеміш-
күлеміш бояулы жазуды көрген Байқал риза болғандай (Қ.Тоқмырзин. Байтақ, 
122).
ӘЛЕН-ПӘЛЕН <диалқара.: пәлен-түген>
ӘЛТЕК-ТӘЛТЕК  <адам  баласының  жүрісіне  тән  ерекшелік:  аяғымен 
жерді нық басып жүре алмау, жүргенде біресе олай, біресе былай теңселіп, 
тәлтіректеп жүру> *Арыстан қарт жеңіл киініп жүріп көріп еді, аяғын әлтек-
тәлтек басып сүріне берді (ҚТТС, 2, 620).
ӘЛТІРЕКТЕП-ТӘЛТІРЕКТЕП <мас болған, аяғын тік басып жүруге 
халі жоқ адамның, сондай-ақ жаңа туған төлдің тәлтіректеп (жүруі)>
ӘНТІРЕК-ТӘНТІРЕК <қара.: әнтек-тәнтек>
ӘУКІМ-ӘУКІМ <сиыр малын шақыру, еркелетуге қолданылатын сөз> 
*Жолға түсіп алып құбақан сиыр, жыламсырай «әукім-әукім» деп дедектеп қара 
сирақ бала кетіп барады (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 63).
- Б -
БАҒЖАҢ-БАҒЖАҢ  <~  ет:  біреуге  қорыққан,  үрейленген  түрмен 
қайта-қайта көзін бақырайтып қарау>*Қалғып кеткен адамдар ащы дауыстан 
көздерін бағжаң-бағжаң еткізіп ашып алады (Ш.Мұртазаев. Табылған теңіз, 
14).
БАДАЛ-БАДАЛ <әр жерден бір өскен бұта-бұталар>
БАДАНАДАЙ-БАДАНАДАЙ <бадана тәрізді көптеген көзге түсерлік 
ірі-ірі зат> *Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ 
боп жанып жатыр (Ә.Кекілбаев. 58).
БАДЫРАЙЫП-БАДЫРАЙЫП  <бадырай  етістігінің  көсемше 
тұлғасында  қайталанып  қолдануы  арқылы  сол  етістік  білдіретін  іс-
әрекеттің жүзеге асырылуын аңғартатын ҚҚС> *Бар тамыр бадырайып-
бадырайып шығып тұр (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 201).
БАЖАҚ-БАЖАҚ <~ ет: біреуге үрейлі, қорқынышты көзбен қайта-
қайта қарау> *Дауыс шыға-ақ басын жастықтан жұлып алған бала, сенер-
сенбесін білмей бажақ-бажақ қарап орнынан түрегеле алмады (С.Ғаббасов. 
Ана жүрегі, 173).
БАЖАҢ-БҰЖАҢ  <бақырып-шақырған,  біреумен  қарсыласқан  әр 
түрлі дауыстар> *Ауыл ортасынан бажаң-бұжаң еткен дауыс та шығып 
қалды (І.Жансүгіров. Шығ., 3 , 410).
БАЖ-БАЖ  <адам,  хайуанаттар  (мысық,  ит  т.б.)  тарапынан 
аса  қатты  да  ащы  шығатын  *баж  деген  дауыстың  жиі  қайталануын 

66
білдіретін еліктеуіш ҚҚС> *Аяғымның астындағы қар мауыққан мысықтай 
баж-баж етеді (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 177).
БАЖ-БҰЖ  <«баж-баж»  дауысының  біркелкі  емес,  әркелкі  жуан-
жіңішке болып қайталанып шығу қалпын білдіретін ҚҚС> *Әуелі алдыңғы 
жақтан айқай шыққандай болып еді, енді арт жақтан да баж-бұж дауыстар 
көбейді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 251). *Осы кезде кабинетке баж-бұж етіп бір 
қартаң әйел кіріп келді (М.Гумеров. Хазірет қорғаған ауыл, 51).
БАЙПАҢ-БАЙПАҢ <адамның, жүріс малының жайбарақат майда 
қадам, бір қалыпта ұзақ қозғалысын бейнелейтін еліктеуіш> *Бобкин еркек 
қаздай қисық аяғымен екі жағына кезек аутаңдап байпаң-байпаң басып кеп, 
... генерал Черновтың қолын қысты (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 652).
БАҚЫРА-БАҚЫРА-  <айғайлай-айғайлай,  қайта-қайта  бақырып> 
*Сонымен  екі  інісі  екі  жаққа  бақыра-бақыра  жөнелісті  (М.Әуезов.  Абай 
жолы, 1, 71).
БАҚЫРЫП-БАҚЫРЫП<қара.: бақыра-бақыра>
БАҚЫРЫП-ШАҚЫРЫП-  <қайта-қайта  бар  дауысымен  айқайлап, 
қатты-қатты  сөйлеп  >  *Ол  тіпті  Әліқұлдың  бақырып-шақырған  сөзін 
шыбын шаққан құрлы көріп елеген жоқ (О.Бөкеев. Құм мінезі, 165).
БАЛ-БҰЛ  <кейбір  заттар  мен  құбылыстардың  (мыс.,  оттың, 
шоқтың,  шырақтың,  сондай-ақ  адам  көзінің,  бетінің,  ернінің  т.б.)  күн 
сәулесіне шағылысқандай қан тарап, қызарып, жалт-жұлт етіп көрінуін 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Албыраған  нәрлі  еріндері  оттай  ыстық,  бал-бұл 
жанған  беті  жұп-жұмсақ,  майда  екен  (М.Мағауин.  Қияндағы  қыстау,  249). 
*Барлық жас ажарында бал-бұл жанған бір құбылыс бар (М.Әуезов. Абай 
жолы, 1, 124)
БАЛДЫР-БАЛДЫР  <тілі  жаңа  шығып  келе  жатқан  жас  баланың 
балдыр-бұлдыр  еткен  сөз  ерекшелігін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Әлде 
нені  балдыр-балдыр,  Сөйледі  де  бір  қарманып,  Астыңғы  жан  қалтасынан 
Браунигін қолына алып (С.Бегалин. О баллада, 27). Балдыр-балдыр тіліңнен, 
Сырыңды маған айтасың. Қоңыраудай әсем үніңмен, Үйімде күй тартасың 
(О.Малқаров. Менің ізім, 64).
БАЛДЫР-БҰЛДЫР  <  қара.:  балдыр-балдыр  >  *Кішкене  Халуа 
аяғын  басып,  балдыр-бұлдыр  сөйлейтін  болған  (Ж.Жұмақанов.  Соқпақ 
соңы, 162). Мүшел тойы да болатынын солардың есіне бір салайық дегені 
баланың тіліндей балдыр-бұлдыр болып, құлағына көмескі естілетін тәрізді 
(Ж.Мусин. Үміт, 61).
БАЛПАҢ-БАЛПАҢ <денесі ауыр адамның аяғын теңселе басып баяу 
жүруін, не балпаңдап жүгіруін бейнелейтін еліктеуіш > *– Біздің ауылға 
барасыздар  ма?  Кел  отырыңыздар,  –  деген  баланың  дауысы  маған  таныс 
секілденді. Біз балпаң-балпаң жүгіріп кеттік (С.Мұратбеков. Жабайы алма).

67
БАЛП-БАЛП  <~  сөйле:  аузын  керіп,  кең  ашып,  асықпай  (сөйлеу;  ~  бас: 
аяғын алшақ басып, кең ашып, асықпай жүру> *Ақтөс екі-үш рет ерініп балп-балп 
етіп дыбыс берді (Қ.Сатыбалдин. Қараторғай, 98).
БАРБАҢ-БАРБАҢ <~ ет: аяқ-қолымен қолапайсыз, икемсіз қимыл-әрекет 
бейнелейтін еліктеуіш>
БАР-БАР <~ ет: адамның, т.б. тірі жанның, құбылыстың бар-бар етіп 
қайталанатын барылдаған жаман дауысы> *Бар-бар еткен дауысының ақауы 
бар жігітті топтан шығарып жіберді (З.Шашкин. Таңд. шығ., 303).
БАРҚ-БАРҚ  <*барқ  жағымсыз  дыбысының  қайталануын  бейнелейтін 
еліктеуіш> *Тағы да болса үркіп барқ-барқ еткен жоқ. (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 
179).
БАРП-БАРП-  <жағымсыз  естілетін  барп  дыбысының  қайталануын 
білдіретін еліктеуіш>
БАРТ-БАРТ <барт» дыбысының қайталануы арқылы бір нәрсенің қайта-
қайта жарылысын білдіретін еліктеуіш> *Қара қазанға жүгері қуырып, барт-
барт  жарылған  бадананы  алақанына  салып,  анықтап  жатпаушы  ма  еді  әжеміз 
(Т.Иманбеков. Лен. жас, 7).
БАТЫР-БҰТЫР  <қамшымен,  таяқпен,  т.б.  заттармен  біреуді  жон 
арқасынан сартылдатып соғуды, үзбей атуды бейнелейтін дыбыстық еліктеуіш>
БӘУ-БӘУЛЕ  <  бір  нәрсеге  зарланып  жаны  қиналып,  «бәу-бәу»  деп 
шығаратын  дыбыс  >  *Бәу-бәулет»  маңдайыңнан  сыйпап  желі,  Тербетер 
мейірленіп сонда сені. Ән салып тоқсан түрлі күй тартады, Өнерпаз сауық құсы 
дүниедегі (Ж.Саин. Таңд. шығ., 62).
БЕЗ-БЕЗ <~ ет: зар илеу, азар да безер болу> *Шешеме молданы боқтап 
тұрып жамандадым, ұрғанын, ұрысқанын айтып «оқымаймын» деп без-без етем 
(Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 10).
БЕЗЕК-БЕЗЕК <бір нәрседен безер болудың, безектердің сипаты> *Енді 
мен  бармаймын,  өздерің  барыңдар,  –    деп,  әлгі  бала  ұры  безек-безек  етеді... 
(С.Талжанов. Адам туралы толғау, 106).
БОЛП-БОЛП  <адамның  қимыл-қозғалысының,  жүріс-тұрысының 
ебедейсіздігін бейнелейтін еліктеуіш > *Бөрте лақ болп-болп еткізіп, алаңсыз әлі 
еміп жаты (К.Қазыбаев. Ызғар, 23).
БОРП-БОРП  <ана  емшегін  қатты  сорып  емгенде,  не  сиырдың  желінін 
уыстап, қатты-қатты сауғанда шығатын дыбысты бейнелейтін еліктеуіш > 
*Ақ майса топырақты жалаң аяқ борп-борп басып келеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс 
топырақ, 189). *Нәресте ақ барық төсті қызыл иегімен борп-борп емді (С.Сматаев. 
Елім-ай, 315)
БОРСАҢ-БОРСАҢ  <адамның  домаланған  денесімен  жиі-жиі  басып, 
томпаңдап жүгіруін бейнелейтін еліктеуіш> *Ипподромның үлкен темір есігінен 
Шығай көрінді. Борсаң-Борсаң жүгіріп келеді («Жұлдыз», 2002. №2. 28).

68
БОРС-БОРС  <бортылдап  қайта-қайта  жарылған  мина,  снаряд, 
граната оқтарының дыбыстарын бейнелейтін еліктеуіш> *Дүние адам 
танығысыз.  Көк  ала  түтін,  тарсыл-гүрсіл,  борс-борс...  (Ғ.Сланов.  Замана 
шежіресі, 1970, 165).
БОРТАҢ-БОРТАҢ  <аяқ-қолы  домаланып,  майда  қадаммен 
домаланып жүгіруді бейнелейтін еліктеуіш>
БОРТ-БОРТ  <қыстың  суығында  қалың  қарды  басқан  адамдардың 
аяқ  астынан  шығатын  таптала  бастаған  қардың  дыбысын  білдіретін 
еліктеуіш>  *Қалың  қарды  борт-борт  басып  жұмысшылардың  соңы  да 
жиналды (Р.Нұрғалиев. «Лениншіл жас», 1964.12.02. 3).
БОРША-БОРША  <білем-білем  етіп,  майдаланып  тілінген  шикі 
еттің  сипаты  >  *Мен  борша-борша  боп  терлеп,  қайтадан  талықсып 
кеттім (Д.Исабеков. Таңдамалы шығармалары, 1, 81). *– Міне, осы ендігі 
үйлерің,–деді қарадай борша-борша терлеген Аналық (О.Бөкей. Атау-Кере, 
423).
БУДАҚ-БУДАҚ  <мол  жанған  оттан,  өрттен  будақтап  шыққан 
түтіннің  ыстық,  қатты  қайнаған  судан  атқылаған  будың  көрнісі> 
*Папиросты  шарт  тұтатып,  түтінді  аузынан  будақ-будақ  шығарды 
(Ш.Мұртазаев.  Ай  мен  Айша,  63).  *Қос  танауынан  буы  будақ-будақ 
атқылады (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 340).
БУЛЫҒЫП-БУЛЫҒЫП  <адамның  қатты  қапаланғанда  сөйлей 
алмай,  өзінен-өзі  қысылып,  тұтығып,  қайта-қайта  демігіп  (мазасы 
кетуі)>  *Оқыстан  даусым  шығып  кетті  де,  булығып-булығып  шалдың  ақ 
жейделі кеудесіне басымды тыға түстім (Ш.Мұртазаев. 27).
БҰЖ-БҰЖ  <көп  адамның  бір  нәрсеге  таласып,  өзара  төбелесіп, 
даурыққанда шығатын әр алуан дыбыстарды сипаттайтын еліктеуіш> 
*Ауылдың естиярлары, пысықтары жан ұшыра даурығысып, бұж-бұж үн 
қатысып, төбелесті де зорға басты (Ә.Әлімқұлов. Туған ауыл, 9).
БҰЛАҢ-БҰЛАҢ  <адам  баласының  (қыз-келіншектердің),  жылқы 
малының бойын түзеп, жортақтап, сылаңдап жүрген жүрісінің сипаты> 
*Дәмелі аспан түстес көгілдір көйлекке малына киінген.Қос бұрым жерге 
тиер-тимес болып бұлаң-бұлаң етеді (І.Есенберлин. Айқас, 140). *Бағадаев 
қолындағы жалаушаны балалардың төбесіне көтеріп, бұлаң-бұлаң желпіді 
(І.Қыдырқанов. Еш нәрсе ұмыт болмайды, 4).
БҰЛҒАҢ-БҰЛҒАҢ  <бір  орында  тұрақтамай,  былқ-сылқ  етіп 
тұрған заттың кербезденіп, бой жасап, арылы-берілі жүруді бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Ашамайының  басына  ілулі  томпиған  әлдене  бұлғаң-бұлғаң 
етеді  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ,  82).  *Бірнеше  тракторшы  қыздар 
жатқан сәкінің шетінде бастары бұлғаң-бұлғаң етіп қалғып отыр (И.Салахов. 
Көкшетау даласында, 1969, 25).

69
БҰЛДЫРАП-БҰЛДЫРАП-  <тым  алыстағы  бір  заттың  адам  көзіне 
анық емес, тек ала-көбең қарасы ғана болар-болмас көрініп (қана қоюы)>
БҰЛДЫР-БҰЛДЫР  <1.  ашық-жарқын  емес,  тек  қарауытып  сұлбасы, 
нышаны ғана көрінудің сипаты; 2. ауыс. өтіп кеткен, алыста қалған күндердің 
сағымдай  болып  елестейтін  бейнелері>  *Дем  алар  әрең  зорға  анда-санда, 
көлбеңдеп  көлеңкелер  бұлдыр-бұлдыр  (Д.Еркінбеков.  Шығ.,  1965,  86).  *– 
Е  –  е...  Бұлдыр-бұлдыр  күн  өткен.  Бұрынғыда  кім  өткен?  –  деп,  кішкене 
тақпақтап бастап еді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 41).
БҰЛДЫР-БҰЛАҢ  <ашық,  айқын  емес,  тек  елесі  ғана  көрінетін 
күңгірт  зат  бейнесі>  *Соғыс  кезінде  Қазақстанда  болғаны  бұлдыр-бұлаң 
есінде қалған Лиза сол жерлерді қайта оралып көргісі де келген (Т.Әлімқұлов. 
Ақ боз ат, 52).
БҰЛҚЫНЫП-БҰЛҚЫНЫП<бір нәрседен құтылып кетуге, шығып 
кетуге  өзінен-өзі  талпынып,  әрекеттеніп  (тырысуы)>  *...Бірдеңе  бүлк-
бүлк етіп бұлқынып-бұлқынып қалғанын Ақиқат анық сезді (Ш.Мұртазаев. 
Жүрекке әжім түспейді, 223).
БҰЛТАҚ-СЫЛТАҚ  <бірде  олай,  бірде  былай,  бір  орында  тұрмай 
бұлтақтай  берудің  кекетінді  сипаты>  *Әйел  шіркіннің  қай  бұлтақ-
сылтағы екенін кім біледі (Ж.Аймауытов. Шығ., 168).
БҰЛТАҢ-БҰЛТАҢ <адамның, жан-жануарлардың жүріс-тұрысына 
қатысты, бір қалыпты емес, денесін бұлтаңдатып, бірде тез, бірде баяу 
жүруін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Жігіттерде  үн  жоқ.  Түн  бойы  едәуір 
қалыңдап қалған көбік қарды етіктерімен сызып, бұлтаң-бұлтаң етіп жүріп 
келеді (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан. 1974, 27).
БҰРАЛАҢ-БҰРАЛАҢ <буын-буыны босап, былқ-сылқ етіп, әсемденіп 
жүрудің, желмен бірге шайқалып, теңселіп, бұралаңдап тұрудың сипаты> 
*Арық  бойындағы  тал-шыбықтар  да  бойжеткендей  бұралаң-бұралаң  етеді 
(С.Асанов. «Қазақ әдебиеті», 1971. 05.03.).
БҰРАҢ-БҰРАҢ  <аяғын  тіп-тік,  нақтап  баспай,  бұралаңдатып,  оңға-
солға  теңселіп  басудың  сипаты>  *Қабдол  молдалар  алдында  алтайы  қызыл 
түлкідей жылт-жылт етіп, бұраң-бұраң болады (С.Адамбеков. Көсенің көзі, 1961, 
130).
БҰРҚ-БҰРҚ <1. қазанда, самаурындағы судың зікірлеп, қатты қайнауын 
бейнелейтін еліктеуіш; 2. адамның қатты ашулану қалпы; 3. түтіннің, будың 
бұрқылдап шығуы> *– Жо-о, жо-оқ, –  дейді Петр Иваныч аузынан ақ түтін бұрқ-
бұрқ етіп (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 64). *Тарғыл бүркіттің қасынан бұрқ-
бұрқ шаң ұша бастады (Ә.Кекілбаев. Yркер, 191).
БҰРҚ-САРҚ  <  алай-түлей  болу,  долдану,  бұрқану  >  *...Әлде  бұрқ-сұрқ 
дарияға малшынып жүріп, Әбілқайырдың құлағы бітіп қалып енді ашылып тұр 
ма, мына дыбысты манадан бері бірінші естіп тұр (Ә.Кекілбаев. Yркер, 554).

70
БҰРТАҢ-БҰРТАҢ  <біреуге  өкпелеп,  ренжіген  адамның  соны  сездіруге 
тырысып істейтін әрекеттері, қылықтары> *Әсіресе Әлмен бұртаң-бұртаң 
етіп Болатқа жолар емес (Ә.Қалдыбаев. Шаншар атай, 97).
БYГЖЕҢ-БYГЖЕҢ <~ ет: бойын тік ұстамай, иіліп, еңкілдеп жүруді 
бейнелеуші еліктеуіш> *Солардың ішінде бүгжең-бүгжең етіп бойы бір қарыс 
боп  Маша  да  жүрген  (Р.Тоқтаров.  Терістік  шұғыласы,  1970,  143).  *Аспанда 
асықпай қалықтап ұшқан қаршығаның бет алысына қарай ағаштардың арасымен 
бүгжең-бүгжең жүгірді (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 124).
БYГІЛІП-БYГІЛІП<бір нәрсенің тік тұрмай, басын төмен қарай иіп 
еңкейіп, бүкшеңдеп (тұруы, жүруі)> *Қолдары ербеңдеп, тізелері бүгіліп-бүгіліп 
кететін сияқтанды (Ғ.Мүсірепов. Таңд. шығ., 2, 29).
БYКЕҢ-БYКЕҢ <бүкеңдеген бірқалыпты (қасқырдың, малдың) желісті 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Киімі  қалың,  өзі  бошалаң  жаяу  тартып  өрде  жүгіре 
алмай, бүкең-бүкең етеді (Ә.Көшімов. Қысталаң жыл, 49).
БYКШЕҢ-БYКШЕҢ  <бүкіреңдеп,  еңкеңдеп  жүруді  бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Бүкшең-бүкшең  етіп  кәрі-құртаң  жазғандар  кетіп  бара  жатады 
(Ә.Кекілбаев. Yркер, 64).
БYЛК-БYЛК <~ ет: тірі жандардың жай ғана әрекеттеніп қозғалуын, 
малдың, хайуандардың (иттің) бүлкілдеп жүрген (майда қадам) жүрісін, желісін 
бейнелейтін еліктеуіш> *Иесінің астындағы ат бүлк-бүлк желеді (М.Мағауин. 
Қияндағы қыстау, 192). *Шапанның ар жағындағы бүлк-бүлк қыбыр ғана, оның 
кеудесінде жан барынан хабар бергендей (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ).
БYРСЕҢ-БYРСЕҢ <суықтан тоңған адамның қол-аяғы бүрісіп, берекесі 
қашуын,  бүрсең  қағып  жүргенін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Көк  мылтықтың 
астында көзіңе көк шыбын үймелеп, бүрсең-бүрсең жортқаныңды енді бір көрсем 
арман жоқ,–деді ол (Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін, 1959, 145).
БYРТІК-БYРТІК <1. өсімдіктің сабағында болатын, не сұйықтықтың 
ішінде  ерімей  жүрген  ұсақ-ұсақ  түйіршіктер;  2.  ауыс.  денеге  бөртіп 
шығатын  ұсақ  бөртпелер>  *Ақыры,  бүртік-бүртік  болып  ол  да  бітті 
(М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 199). *Шаруаға қырсыз қожайын терезенің 
ішкі бетіндей бүртік-бүртік тепшіген терден арылмайтын, жалпақ сарыны 
ол танымай қалғандай болды (Ә.Ақпанбет. Қатын қашқан, 33).
БЫҒЫ-ЖЫҒЫ  <қалың  жұрттың  жиналған,  бас-аяғы  белгісіз 
құжынаған шоғыры>
БЫДЫ-БЫДЫ  <ауыздың,  тілдің  белгілі  бір  кемістігінен  сөзді 
дұрыстап (ашық-анық) айта алмаудың сипаты> *Қанша сайрасам да, тілім 
аузымның ішінде домалап жүрген сияқты, бір түрлі быды-быды (Y.Уайдин. 
Ендігісін айтпаймын, 1974, 93).
БЫЖ-БЫЖ  <қайнаған  суға  тигенде,  не  ыстық  таба,  қазанға 
қарығанда,  заттардың  (ет,  көкөніс  т.б.)  бірден  күйіп-пісіп,  қуырылған 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет