Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет9/37
Дата21.03.2017
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

БЫЖ-ТЫЖ <~ ол: берекесі кету, әуре-сарсаңға түсу> *Бригадир оларды 
атпен  қуып,  быж-тыж  болып  жүр  (О.Бөкеев.  Мынау  аппақ  дүние,  145).  * 
«Пұшық  шіркін  келді  де  быж-тыж  қылды»  деген  екен  біреу  (Т.Әлімқұлов. 
Кертолғау, 185).
БЫЖЫҢ-БЫЖЫҢ  <адамның  міңгірлеп  көп  сөйлеуін  бейнелейтін 
еліктеуіш; қара: мылжың-мылжың>
БЫЖЫР-БЫЖЫР <бет-әлпеті, үсті тегіс емес, кедір-бұдыры, қисық-
қыңыр жерлері көп заттың бейнесі> *Оның өсімдік шөптері быжыр-быжыр 
әріптер тәрізді (М.Қаратаев. Даладағы дабыл,78).
БЫҚ-БЫҚ  <быжынаған,  бірінің  үстіне  бірі  үймелеп,  құжынаған 
көпшілік,  не  қалың  мал,  насекомдар  (шыбын-шіркейі  маса,  құрт-құмырсқа)> 
*Көп столдардың айналасында қонақтаған құстардай дүйім жұрт бық-бық етеді 
(«Қазақ әдебиеті», 1969. 19.07. 4).
БЫЛДЫР-БЫЛДЫР  <жаңадан  тілі  шыға  бастаған  жас  балалардың 
әлі  толық  қалыптаса  қоймаған,  бұзып  айтатын  «шалалау»  тілінің  жалпы 
сипатын білдіретін еліктеуіш>
БЫЛҚ-БЫЛҚ  <~  ет:  заттың,  дененің  жүргенде,  қимылдағанда 
жұмсақтығын, бұралып, былқылдап тұратындығын бейнелейтін еліктеуіш> 
*Жас баланың еңбегі сияқтанып, аяғыңның асты былқ-былқ етіп ойыла жаздап 
жатыр (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 57). *Былқ-былқ басып, бұралып, ханның 
қызы, Жеңгелері жанында, жақындады (Б.Майлин. Шығ., 1958, 209).
БЫЛҚ-СЫЛҚ <1. бойы, бітім-болмысы бос, қатайып тұра алмайтын, 
қалай болса солай, былқылдап тұруын бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. денесін 
бос ұстап, былқ-сылқ етіп, сәнденіп жүру бейнесі> *Аурудың оң аяғы былқ-
сылқ  етеді.  Келіншек  былқ-сылқ  басып  келеді  (ҚТС,  125).  *Күн  сайын  талай 
үйден ет жеп, іркіт ішіп, ер үстінде отыра алмай, былқ-сылқ етіп қалжырап келе 
жатқан (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 86). *Балтаны ұстаған түрін қарашы: тұла 
бойы былқ-сылқ, осылай да ағаш шаба ма екен (Б.Майлин. Шығ.).
БЫЛҚЫЛ-СЫЛҚЫЛ  <босаңсыған    әрекет...>  *Былқыл-сылқылыңды 
көрсетпе, аулақ әкет! –  деді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 25).
БЫЛШ-БЫЛШ <~ ет: 1. су кешкенде, жұмсақ нәрсені қолмен ұрлағанда 
қайталап  шығатын  дыбысты  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Өң  мен  түстің 
арасындай  мұнар  дүние.  Бетіме  былш-былш  шашыраған  балшықты  сезем 
(Т.Ахтанов. Боран, 325). *Ерден Ақботаны қамшының астына алып ұрады. Бас 
демей, көз демей былш-былш ұрады (З.Шашкин. Ақбота, 25).
БЫЛШЫҚ-БЫЛШЫҚ  <көзі  іріңдеп,  былшық  басқан  қалпын 
бейнелеу>

72
БЫЛЫҚ-ШЫЛЫҚ  <су  басып  әрі  былқылдап,  әрі  шылқылдап 
жатқан  (лай-батпақ  жер  сипаты)>  *Бұл  да  былық-шылыққа  үйір 
(ҚТС, 125).
БЫР-БЫР <қорылдап ұйықтағанда қайталап шығатын дыбысты 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *Быр-быр  ұйықтаған  жылқышыны  төбеттің 
анда-санда  маңқ  еткен  даусы,  үйде  қымызға  тойғандардың  күжілі 
дамыл-дамыл аунақшытып қояды (Ғ.Мұстафин. Қарағанды, 1952, 57).
БЫРҚ-БЫРҚ  <1.  қазандағы  қойыртпақ  ботқаның  бырқылдап 
ұзақ қайнағанда шығатын дабысты бейнелейтін еліктеуіш; 2. біреудің 
сыртынан  ұрсып,  айыптап  өзінше  сөйлеуін  бейнелейтін  еліктеуіш> 
*Құйрық жалбырап тағы жыртылады Көнбіс ана бырқ-бырқ ұрса отырып 
тағы жамайды (Б.Соқпақбаев. Бастан кешкен, 1970, 65).
БЫРТ-БЫРТ <малдың көк шөпті үзіп жеп, шайнағанда шығатын 
қайталанып  естілетін,  адамның  арқасын  уқалап,  желін  үзгенде 
естілетін  дабысын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Yйдің  іргесіндегі  отқа 
кенеліп,  оймақтай  аузымен  жас  көкті  бырт-бырт  үзіп  жеп  жатады 
(Ә.Нұрпейісов.  Қан  мен  тер,  15).  *Қыл  арқан  бырт-бырт  кесілді 
(С.Сматаев. Елім-ай, 110).
БЫРТИЫП-БЫРТИЫП<адамның т.б. заттардың әбден семіріп, 
пісіп-толып  домаланған,  быртиған  күйге  келген  қалпын  бейнелейтін 
еліктеуіш етістік> *Башпаларының да быртиып-быртиып ісіп кеткен 
түрі бар (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 218).
БЫРЫСЫП-ТЫРЫСЫП <адамның, жан-жануарлардың әртүрлі 
сыртқы  да  ішкі  әсерден  дене  мүшелерінің,  табиғат-болмысының 
жиырылып,  құрысып,  тартылып  (қалуы)>  *Алдымен  белі  бүкшиіп 
Өскенбай келді, одан соң бармақтары сексеуілдің жігеріндей бырысып-
тырысып Сәмбет келді (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 148).
БЫТЫР-БЫТЫР  <ұсақ  заттардың  жерге  үзіліп  түскендегі, 
алыста  атылған  мылтықтардың  бытырлаған  дыбыстарын 
бейнелейтін еліктеуіш> *Әрқайсысынан бытыр-бытыр еткізіп алдына 
төкті  (Ғ.Мүсірепов.  Таңд.  шығ.,  2,  63).  *Асқар  көшеде  бірдемелер 
бытыр-бытыр еткенде селк ете түсіп, құлақ түре қоймады (С.Мұқанов. 
Ботагөз, 1956, 411).
 - Г -
ГУ-ГУ  <1.  желдің  толассыз  гуілдеп,  қатты  соғуын  білдіретін 
дыбыс  еліктеуіші;  2.  ауыс.  әр  жерден,  әрбір  топтанған  адамдар 
тарапынан  шыққан  және  ұзаққа  созылған  әр  түрлі  әңгіме,  сөздер> 
*Құдықтан  екі  аттам  жердегі  киіз  үйден  гу-гу  дыбыс  шығады 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 214). *Айнала гу-гу әңгіме («Жұлдыз», 
2002. №7. 96).

73
ГУ-ГУЛЕ  <«гу-гу»  дыбыс  еліктеуішінен  туындаған  еліктеуіш  етістік> 
*Түн ортасында тойда әркім билеп, гу-гулеп, тоқтаусыз ән айтып, еркінсіп кетті 
(А.Жақсыбаев. Қайырлы таң, 1970, 115).
ГYЖ-ГYЖ  <1.  қайта-қайта  гүжілдеп  шығатын  дыбыс  еліктеуіші;  2. 
Бұқаны  күйлеу  кезінде  шабытын  келтіріп,  құмарлығын  арттыра  түсу  үшін 
айтылатын сөз> *Шоферлердің жүзі көрінбейді, тек дауыстары ғана гүж-гүж 
етеді (К.Жұмабаев. Жұмбақ үй, 99). *Томырық қара бұқа гүж-гүж етіп, Қояды 
қойды  кейде  нұқып,  жекіп,  Қой,  бірақ  қабақ  шытпай  қарсы  алады,  Жатса  да 
ойсыз (С.Сейтенов. Сапар соңы, 109).
ГYЖ-ГYЖДЕ <қара.: гүж-гүж>
ГYМП-ГYМП  <өте  терең  шұңқырға,  не  терең  құдықтағы  суға  ауыр 
заттың жоғарыдан қайта-қайта құлап түскенде шығатын дыбыс сипаты> 
*Түтін де от, Гүрсілде оқ. гүмп-гүмп гүрсоқ, Көк теңіз шоқ (С.Сейфуллин. Шығ. 
ІІ том, 118). *Гүмп-гүмп піскен қара саба, Жүгірді, әне бала-шаға. Бәйбіше, ойбай, 
бұрқылдады: «Бір ішкізбей оңашада!» (Б.Майлин. Шығ. 145).
ГYР-ГYР <1. техника (машина, трактор, т.б.) моторының тоқтаусыз 
жүргенде естілетін дыбысының сипаты; 2. дауысы жуан адамның гүрілдеп 
шығатын үні> *Ол жұмыстан келгенде үй ішіне арыстан кіріп кеткендей жуан, 
зор  даусы  гүр-гүр  етіп,  солдат  етігі  жаман  еденді  сындыра  жаздап,  солқ-солқ 
басып жүреді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 392). *Бастық отыратын жақтан ер 
адамның гүр-гүрлеген жуан дауысы естіліп қалып тұр («Жұлдыз», 75, 2002. №2.).
ГYРС-ГYРС <қомақты, үлкен де ауыр заттың сынып, опырылып құлап 
түсіп  жатқан  дыбысының  сипаты>  *Гүрс-гүрс  піскен  сабаның  дауысына 
ілесе, түрулі іргеден қымыздың хош иісі аңқиды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 
279). *Ауыздығымен алысқан ақ езу тентек, көбік түкірген толқындар жағалауды 
бар пәрменімен ұрғылағанда, асау тепкіге шыдай алмаған жарқабақ гүрс-гүрс 
омырылады (О.Бөкеев. Мынау аппақ дүние, 80)
ГYРСІЛ-ДYРСІЛ  <қайта-қайта  гүрс-гүрс,  дүрс-дүрс  етіп  естілетін 
дыбыс сипаты> *Қала іші гүрсіл-дүрсіл (ҚТС, 138).
ҒЫШ-ҒЫШ <жылқы малын суарғанда айтылатын ишарат сөз>
- Д -
ДАБЫР-ДАБЫР  <жиналған  көп  адамның  бір-бірімен  дабырласып, 
дауысын  көтеріп  сөйлескендегі  қаңғыр-күңгір  үндеріне  еліктеу>  *Мәжіліс 
тарады. Жұрт дабыр-дабыр сөйлесіп үйді-үйіне қайтты (С.Бақбергенов. Адам 
және көлеңке, 355).
ДАБЫР-ДҰБЫР  <дабырласып  сөйлесіп  отырған  адамдардың  әр  түрлі 
дыбыстары>  *Бір  кезде  құлағым  даладан  әлдебір  дабыр-дұбырды  шалды 
(Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 15)
ДАБЫР-ДYБІР <сырттан естілген көп кісінің өзара қатты дауыстап, 
бейберекет сөйлегендей үндері; қар. дабыр-дыбыр>

74
ДАҚ-ДАҚ <адамның аяғын тік те нық басып жүргенде шығатын дыбыс 
еліктеуіші> *Жүсіп әскери тәртіппен сол жағымен айналып, аяғын дақ-дақ баса 
шығып кетті (ҚТТС, 3, 34).
ДАЛА-ДАЛА <әдетте, адам үстіндегі киімнің немесе денесінің тігілгенін, 
жыртылып  пәре-пәре  болуына,  қасқырға  таланып,  жарақаттанған  малдың 
денесіне  байланысты  «жыртылудың»,  «таланудың»,  «жарақаттанудың» 
дәрежесін күшейту үшін қолданылады...> *Төрт шанаға бөліп салған дүниеміз 
бар. Бетімізді үсік шалғандай дала-дала (С.Жүнісов. Жапандағы жалғыз үй, 286). 
*Өне бойын дала-дала қылған қыран шеңгелінің ең болмаса бір өткір тұяғын 
шайнап кетпек еді (М.Әуезов. Шығ. 6 том, 112).
ДАЛАҚ-ДАЛАҚ  <адамның  етек-жеңін  бос  жіберіп,  жаяу,  не  атқа 
мініп  бекер-босқа  шапқылай  беретін  әрекетін  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Ең 
алдымен ескі шекпенінің екі етегі екі шалғайға кетіп, далақ-далақ шауып келе 
жатқан  жылқышы  Кенже  екен  (Ш.Мұртазаев.  Қызыл  жебе,  177).  *Екі  етек 
екі  жақта,  далақ-далақ  етіп,  құланы  қос  өкпеге  тепкілеп  аямай  төпеп  келеді 
(Т.Жақыппайұлы. Хасан ата, 23).
ДАЛАҢ-ДАЛАҢ  <адамның  қалай  болса  солай,  мақсатсыз  етек-жеңін 
салпылдатып шапқылай беруін бейнелейтін еліктеуіш>
ДАЛАҢ-ДҰЛАҢ <қара.: далаң-далаң> *Баланы орынсыз еркелету көбіне 
опық жегізеді, далаң-дұлаң қылық содан шығады (ҚТТС, 3, 39).
ДАЛБА-ДҰЛБА  <заттың  (мата,  қағаз,  т.б.)  быт-шыт  болып 
жыртылған,  алба-жұлба,  пәре-пәре  болған  қалпы>  *Дене  бітімі 
бұрынғыдан  әлдеқайда  кішірейіп  кеткен  сияқты,  тіпті,  далба-дұлба,  тым 
қораш (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 188).
ДАЛБА-ЖҰЛБА <қара.: далба-дұлба> *...Yстінде жыртық жерлерін 
ескі шүберекпен жамаған далба-жұлба жарғақ көйлек еді (ҚТТС, 3, 39).
ДАЛБАҚ-ДҰЛБАҚ қара.: далба-дұлба>
ДАЛБАҢ-ДАЛБАҢ <1. адамның беталды, мақсатсыз қалай болса солай, 
далбаңдап  шаба  беруін,  жүгіре  беруін  бейнелейтін  еліктеуіш  2.  ~  ет:  үсті-
басы алма-жұлма, жыртық-жыртық күйінде далбаңдап жүгіруді бейнелеу>  
*Мен  жеткенше  қарақұс  далбаң-далбаң  етіп  аспанға  қайта  көтеріліп  кетті 
(Қ.Әжікеев. Саятшылық, 7).
ДАЛБАҢ-ДҰЛБАҢ <қара.: далбаң-дұлбаң>
ДАЛ-ДАЛ  <матаның,  қағаздың,  т.б.  сол  сияқты  заттардың  пәре-
пәре болып жыртылып айырылып, быт-шыты шыққан күйі> *Мысықтың 
отырысына,  өнебойына  қайтадан  көзі  түскен  сары  бәйбіше,  оның  ішкі 
көйлегінің  жағасы  дал-дал  болып  жыртылып  тұрғанын  көрді  (С.Бегалин. 
Шоқан асулары, 23). *Ершенің үстіндегі көйлегі дал-дал (ҚТТС, 3, 41).
ДАЛДЫҢ-ДҰЛДЫҢ  <жиналған  топ  адамның  өзара  қалай  болса 
солай, дабырлап қатты-қатты сөйлеп, бейберекет жүріп алуы (?)>

75
ДАЛП-ДАЛП  <етек-жеңін  далпылдатып  жүгіруді  бейнелейтін 
еліктеуіш>  *Қанатын  үсті-үстіне  сілтеп,  далп-далп  қағады  (Ә.Нұрпейісов. 
Қан мен тер, 836).
ДАҢҒЫР-ДАҢҒЫР  <темір-шелек,  ағаш  бөшке,  т.б.  осы  сияқты 
іші қуыс ыдыс-аяқтың өзара соқтығысқанда шығатын дыбыс еліктеуіш> 
*Түйе артқан тең-тең жүктің жан-жағына байлаған қазан, шелек жол бойы 
даңғыр-даңғыр етеді де отырады (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 233).
ДАҢҒЫР-ДҰҢҒЫР  <қара.:  даңғыр-даңғыр>  *Осы  кезде  мектеп 
жақтан  даңғыр-дұңғыр  сөйлескен  адамдар  дауысы  естілді  (Ә.Нұршайықов. 
Махаббат қызық мол жылдар, 111).
ДАҢ-ДҰҢ  <даңғыр,  дүңгір  еткен  әртүрлі  дыбыс  еліктеуіші>  *Боз 
көлдің айналасы қиқу, даң-дұң, ...біреуді біреу біліп болмайды (ҚТТС, 3, 49).
ДАР-ДАР  <матаның,  қағаздың,  т.б.  осы  сияқты  заттардың  қайта-
қайта  ұзына  бойымен  жыртқанда  шығатын  дыбыс  еліктеуіші>  *Тұп-
тұнық ауа дар-дар жыртылып, әкесінің алдында қара көк мөлдір шеңбер шыр 
көбелек айналады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 78). *Тоз-тоз бөлініп, дар-
дар айрылған қаралы ел қаһар шақырып, қайратын «Елім-аймен» шыңдады 
(С.Сматаев. Елім-ай, 244).
ДАРДАҢ-ДҰРДАҢ  <адамдардың  әдепсіздік  жасап,  ел  алдында 
тайраңдап, тойтаңдап, дардаңдап қалай болса солай, жүру қалпы>
ДӘЛДYҢ-ДYЛДІҢ  <ақыл-есі  аздау,  есерсоқтау,  не  айтып,  нені 
қойғанына мән бермейтін адамның сипаты>
ДЕДЕК-ДЕДЕК <~ жүгір: аяғы жерге тиер-тимей дедектеп жүгіруді 
бейнелейтін еліктеуіш>
ДЕЛБЕҢ-ДЕЛБЕҢ  <бір  нәрсенің  өзінен  өзі,  не  жүгіргенде,  жел 
тұрғанда желп-желп етіп, желбіреп, желкілдеуін бейнелейтін еліктеуіш>
ДЕЛДЕҢ-ДЕЛДЕҢ  <желпіген  желдің  әсерінен  етек-жеңнің  қайта-
қайта  жоғары  көтеріліп,  жалпылдауын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Оның 
жүрегі  ...  дірілдеп,  өкпелі  көріктей  көмпиісіп,  танауы  делдең-делдең  етті 
(ҚТТС, 3, 101).
ДЕЛЕҢ-ДЕЛЕҢ <адамның көңілі шалқып, жан-жағына қарап, қайта-
қайта алаңдап, елеңдеуін бейнелейтін еліктеуіш> *Алтын басты азаматтың 
абыройын ұрғашының делең-делең етегіне тәуелді қылған құдай шебер ай! 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 164).
ДОБАЛДАЙ-ДОБАЛДАЙ  <ебедейсіз,  рабайсыз,  қолапайсыз  тым 
үлкен заттардың сипаты>
ДОДА-ДОДА  <көкпар  ойынында  додаға  түскен  малдың  (көбінесе 
серкенің)  көкпаршы  жігіттердің  қарулы  білектерімен  жан-жаққа 
тартқылдауынан,  жыртылып,  бас-аяғы  араласып  мылжаланып  кетуіне 
салыстыра-салғастыра  бір  нәрсенің  ұйпа-тұйпа  болуын  бейнелеу...>  *– 

76
Есіктен қылтиып шашы дода-дода, орта жастардағы қатқан қарасұр қйелдің 
басы  көрінді  (М.Мағауин.  Қияндағы  қыстау,  251).  *Шашы  дода-дода 
Өмірбай анадай жерде отыр ... (ҚТТС, 3, 145)
ДОРБАҢ-ДОРБАҢ  <~  ет:  ебдегейсіз,  қолапайсыз  қимыл-әрекет 
жасауды білдіретін бейнелеуіш еліктеуіш>
ДӨҢКИІП-ДӨҢКИІП  <жер  бетінен  көтеріліп,  оқшауланып 
жататын, көзге ұрып тұратын қомпиып, дөңкиіп (тұратын заттардың 
бейнесі) > *Жағасында дөңкиіп-дөңкиіп түйе тастар жатыр (Ш.Мұртазаев. 
33).
ДУ-ДУ  <у-шу,  дабыр-дұбыр,  гу-гу  т.б.  осы  сияқты  әр  алуан 
дыбыстарды  білдіретін  еліктеуіш>  *Айғыр  жиын  ду-дудың  ортасында 
отырсын  мейлі,  төрт  жағында  төрт  ұлы  тұрсын  мейлі,  өзін-өзі  бір  түрлі 
жалғыз сезінеді (Ә.Кекілбаев. 30).
ДYБІР-ДYБІР  <сырттағы  малдың,  адамның,  т.б.  қимыл-қозғалыс, 
жүріс-тұрысынан  естілетін  дүрсіл,  тарсыл  дыбыс  еліктеуіші>  *Дәліз 
есігінің сыртында дүбір-дүбір, күтір-күтір естіледі (ҚТТС, 3, 193)
ДYК-ДYК  <сырттан,  жер  басудан  естілетін  дүк-дүк  еткен  дыбыс 
бейнелеуіші>  *Сыз  қабырғаны  дүк-дүк  ұра  бастады  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс 
топырақ, 251).
ДYМБІР-ДYМБІР  <домбыраның,  кең  күмбездің  қайта-қайта 
дүңгірлеп шығатын үнін білдіретін дыбыс еліктеуіші>
ДYМП-ДYМП  <малдың  т.б.  жүрісінен  естілетін  дүңкілдеген, 
дүрсілдеген дыбыстардың сипаты> *Па шіркін, қасқа айғырдың аяқ басуы-
ай! Жерді дүмп-дүмп еткізеді (ҚТТС, 3, 202)
ДYҢГІР-ДYҢГІР  <қоңырау,  т.б.  ұрмалы-үрмелі  аспаптарды 
(даңғыра, дауылпаз т.б.) ұрып-соққанда шығатын дыбыстарды білдіретін 
еліктеуіш>  *Түбірдегі  аттың  доғасына  ілген  үлкенді-кішілі  үш  қоңырау 
...  сыбызғы  үнді  скрипкаларға  ұқсайды;  сыңғыр-сыңғыр,  дүңгір-дүңгір 
шылдыр-шылдыр (ҚТТС, 3, 208).
ДYҢК-ДYҢК <1. даңғыра, барабан, т.б. аспаптарға ұрғанда дүңкілдеп 
шығатын дыбысты білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс: алып қашты, ел арасына 
тарап кеткен дақпыр, өсек-әңгіме> *Көк тасты дүңк-дүңк тоқпақтап жатқан 
өзге  дүрсіл  бұрынғыдан  да  күшейе  түсті  (Ә.Кекілбаев.  254).  *Жалғыз  ат 
жеккен  тасты  бидай  бауларының  үстімен  дүңк-дүңк  айналдыра  береміз... 
(Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 26).
ДYР-ДYР <қайта-қайта, не тұрақтап дүрілдеген дыбысты білдіретін 
еліктеуіш> *Бүркіттің бой жүнін түлету үшін қатты семіртсе жетіп жатыр. 
Дүр-дүр  сілкінгенде  жапырақтары  төгіліп  түсіп  қалады  (А.Сейдімбеков. 
Күңгір-күңгір  күмбездер.  137).  *Сырттан  дүр-дүр  еткен  машина  даусы 
естілді (ҚТТС, 3, 214).

77
ДYРС-ДYРС  <бір  емес,  бірнеше  қайта,  не  қайта-қайта  соғып  тұрған 
жүректің,  тамырдың,  т.б.  соған  ұқсас  заттың  шығаратын  баяу  дыбысын 
білдіретін еліктеуіш> Кенет дәл қасынан дүрс-дүрс дыбыс естілді (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 254).
ДYРСІЛ-КYРСІЛ  <аттың  жүрісінен,  ауыр  заттардың  (машина, 
трактор,  поез,  танкі  т.б.)  қозғалысынан  (жер  асты  арқылы)  естілетін 
дүрсілдеген, гүрсілдеген дыбыстар>
ДYРІЛ-КYРІЛ  <моторлы  техниканың  (трактор,  машина,  танк,  ұшақ 
т.б.),  сондай-ақ  басқа  да  дыбысы  қатты  шығатын  құралдардың  қозғалып, 
жүргенде естілетін дүрілдеген, гүрілдеген дыбыстары> *Дүріл-күріл, ызы-шу 
самсаған қол. Сары дала (М.Жұмабаев. Шығ., 2, 59).
ДYСІР-ДYСІР  <ауыр  заттардың  жоғарыдан  түскенде,  құлағанда 
шығатын  дүрсілдеген,  дүсірлеген  дыбыстары>  *Дүсір-дүсір  тұяқ  үні  анық 
естілетіндей (Ә.Кекілбаев. Yркер, 10).
ДЫБДЫР-ДЫБДЫР <жай ғана сөйлегенде баяу сыбырлаған дыбыстарды 
білдіретін  еліктеуіш>  *Жұмағұлдың  асығып-үсігіп  дыбдыр-дыбдыр  айтқан 
сөзінен еш нәрсе түсінсем бұйырмасын (ҚТТС, 3, 222)
ДЫБЫР-ДЫБЫР  <жай  сөйлескен  адамдардың  баяу  естілетін 
дыбыстарына  еліктеу>  *Көрші  үйдегі  адамдар  түнімен  дыбыр-дыбыр  етіп 
ұйықтатпай қойды (ҚТТС, 3, 222)
ДЫЗ-ДЫЗ  <1.  қара.: қыз-қыз (қайнау); 2. ~ ет: маса, ара, т.б. шағып 
алғанда удай ашып, дызылдайтын сезім сипаты> *Күні бойы суды кешіп келіп, 
артынан дыз-дыз қайнап, таң ата қайта мұздап шыға келетіні бар еді (ҚТТС, 3, 
224)
ДЫҚ-ДЫҚ  <аяғын  тік  те  нық  басқан  адамның  жүрісінен  естілетін 
бірыңғай тықылдаған дыбыс сипаты> *Қожан бір күні жолдастарымен мәжіліс 
құрып отырса, аяғын дық-дық басып, бір солдат қыз өтіп барады екен (ҚТТС, 3, 
226)
ДЫҢҒЫР-ДЫҢҒЫР  <домбыраны  жай  ғана  шертіп,  тартқанда 
шығатын  дыңғырлаған  дауысын  білдіретін  еліктеуіш  сөз>  *Құлағыма 
домбыраның дыңғыр-дыңғыр үні естілді (ҚТТС, 3, 229).
ДЫҢ-ДЫҢ  <дың-дың  етіп,  қайталап  шыққан  (сағат,  есік,  телефон 
қоңырауының)  дыбысқа  еліктеу>  *Yйден  дың-дың  домбыра  үні  келді 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 280).
ДЫҢҚ-ДЫҢҚ  <дыңқылдаған,  тыңқылдап  қайталап  шыққан  баяу 
дауысқа еліктеу> *Манадан бері сабырлық етіп, домбыраның шегін дыңқ-дыңқ 
еткізіп ... отырған Қазбектің жүрегі әлде нені сезгендей мұздап сала берді (ҚТТС, 
3, 330)
ДЫР-ДЫР  <~  айыр:  қағазды,  матаны  дар-дар  айыруды  бейнелейтін 
еліктеуіш; 2. ~ ет: қайта-қайта, үздіксіз дырылдап («дыр» дыбысын шығарып) 

78
бара жатқан трактор т.б. көлік техникасының дауысына еліктеу > *Күнге 
күйіп, жел қағып тотыққан жирен мұртын оң қолымен дыр-дыр уқалап қояды 
(С.Сейфуллин. Әңгімелер, 37). *Машинам кешеден бері дыр-дыр етіп тартпай 
қалғанды шығарды (М.Хасенов. Қайсар, 143). *Тек ылдида дыр-дыр етіп ... 
бара жатқан трактор ғана бұрын бұл атыраптың түсіне кірмеген нәрсе (ҚТТС, 
3, 232).
ДЫРДАЙ-ДЫРДАЙ  <дырдай-дырдай,  ержетіп  қалған  соқталдай-
соқталдай (жігіттер сипаты)>
ДЫРП-ДЫРП  <аяғына  киген  кең  етігін,  т.б.  аяқ  киімін  сүйрете 
басып,  жерге  қайта-қайта  дырпылдата  соққан  дауысын  бейнелейтін 
еліктеуіш> *...Сірісінен басқан көн етігін дырп-дырп сүйретіп үйден шықты 
(Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 243).
ДІК-ДІК  <~  ет:  1.  бір  нәрсенің  жүректің,  жүрістің  т.б.  «дік-дік» 
етіп  соғуын  білдіретін  қайталама  еліктеуіш;  2.  ауыс.  біреуге  қатал  да 
ожар  мінезін  көрсетіп,  дікілдеп  қатты  сөйлеу>  *Ақбөкен  орнынан  да 
жылжымапты.  Әрі-беріден  соң  дік-дік  басып,  баяу  қозғалып,  өзіне  қарсы 
жақындап келеді (С.Сматаев. Елім-ай. 49). *Аяқтары дік-дік түседі - жүз аяқ 
бір аяқтай Іле «Марсельеза» әні қаланы күңірентті (З.Шашкин. Т.Бокин, 253).
ДІКЕҢ-ДІКЕҢ <~ ет: біреуге үстемдік көрсетіп, тықақтау, қайта-
қайта дікілдей беру> *Кенжебек дікең-дікең етеді (ҚТТС, 3, 236).
ДІКІҢ-ДІКІҢ  <~  ет:  біреуге  билік  айтып,  үстемдігін  танытып, 
қоразданып қақаңдауды, менмендеуді білдіретін еліктеуіш>
ДІҢГІЛ-ДІҢГІЛ <діңкілдеген жіңішке дыбыс>
ДІҢГІР-ДІҢГІР  <домбыра,  т.б.  аспаптарды  тартқанда  шығатын 
дыңғыр-дыңғыр дыбыстың жіңішке түрі>
ДІҢК-ДІҢК <~ ет: біреуге қоқаңдай, қоқиланып, үстемдігін көрсету, 
діңкілдеп, ауыр-ауыр сөз айтып ұрысу> *– Оным солай, басқарма! Әлгі қата 
қалғыр  біригәтің  аузын  жаялықтай  кере  бергенше,  көзін  де  ашып  жүрмей 
ме, әз неме! Мені көре қалыпты ғой түге. Кеше осында маған діңк-діңк етеді 
(О.Сәрсенбаев.  Сағым,  103).  *«Мыналарың  болмас!»  дейді  маған  шүйіліп. 
Аяқ басқан сайын апшымызды қуырып барады. Қойшы, діңк-діңк, дүрс-дүрс 
(К.Ахметбеков. Алқакөл, 178).
ДІРДЕК-ДІРДЕК  <~  ет:  1.  қатты  суықтан  қалш-қалш,  дір-дір  етіп 
тоңу, тісі-тісіне тимей жаурау; 2. ауыс. денеден, мұрыннан шыққан қанның 
атқылап, тоқтамай ағуын бейнелейтін еліктеуіш > *Өзін жаудан босатып 
алып тұрған қазақтардың қолындағы салаңдаған қамшыларын көріп дірдек-
дірдек етеді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 171).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет