Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


социолингвистика – тілдің әлеуметтік табиғатын, қоғамдық



Pdf көрінісі
бет10/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
социолингвистика – тілдің әлеуметтік табиғатын, қоғамдық 
қызметін, қоғам өміріндегі рөлін және оның дамуына әсер 
ететін факторлар мен оларды реттеу тетіктерін т.б. кең 
көлемдік проблемаларды кешенді түрде зерттейтін ғылыми 
пән. 


19
Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтану философия
әлеуметтік психология, заң ғылымы, салауаттану, демография, та-
рих, статистика, экономика, информатика, маркетинг, география 
т.б. ғылымдар тоқайласқан жерінен орын алып, пәнаралық байла-
ныста дамиды.
Жалпы әлеуметтік лингвистиканы кейбір ғалымдар лингвис-
тиканың бір саласы ретінде қарастырса, басым көпшілігі жеке 
ғылыми пән ретінде қарайды. Ол негізсіз емес, өйткені оның 
әдіснамасы мен әдістері дәстүрлі лингвистикадан бөлек, өзіндік 
ерекшелікке ие. Басқаша айтқанда, әлеуметтік линвистиканың 
зерттеу нысанасы тіл емес, «Тіл – қоғам» деп аталатын кешенді 
жүйе, яғни тіл мен қоғамның әлеуметтік құрылысының барлық 
түрлерінің өзара байланысы болып табылады.
Әлеуметтік лингвистика өзінің ұғымдық аппаратында көр-
сетілгендей, көптеген проблемаларын пәнаралық деңгейде қа-
растырады. Мысалы, «Тіл және қоғам» проблемасы жалпы тіл 
білімі шеңберінде қарастырылса, әлеуметтік лингвистикалық 
талдаудың бастапқы түсінігі «тілдік ұжым» мәселесі әлеуметтану 
ғылымымен байланысты, ал оған қатысты тілдік белгілер тіл 
білімдік негізде анықталады.
Әлеуметтік лингвистиканың зерттейтін проблемаларының 
біріне тілдің барлық құрылым деңгейлеріндегі әлеуметтік сара-
ланулары жатады. Тілдің әлеуметтік саралануы көпқырлы бо-
лып келеді. Ол әлеуметтік құрылымның түрлерімен байланысты 
стартификациялық саралануды да, әлеуметтік көп түрлілігімен бо-
латын жағдаятты саралануды да қамтиды. Осы проблемаға тығыз 
байланысты болып келетін «тіл және ұлт» мәселесін зерттеуде 
әлеуметтік лингвистика қазіргі тіл білімінде қарастырылатын та-
рихи, экономикалық және саяси жағдайларға байланысты пайда 
болған ұлттық тіл категориясына сүйенеді т.б.


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет