Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет34/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері:
1.Ауызекі сөйлеу тілі лексикасында күнделікті, тұрмыста 
қолданылып жүрген сөздер жиі ұшырасады. Бұл сөйлеу формас-
ына, әдеттегідей, күнделікті тұрмыстық сипат береді. Форманың 
халықтылығын, қалың көпшілікке тән екендігін көрсетеді. Мы-
салы, «Бөбежан, деді тоқтатып, – оған асығыс. Бөлшебектік бір 
асығыс шаруасымен жүр екен. Азаматым аман оралғасын, әлі 
шай да ішілер, ет те желінер. Қазір айналайын, нан ауыз тигіз. 
Қысылатын түгі жоқ. Ия, ия ... Бұндайда ырымын істесең болғаны 
(Ә.Нұрпейісов).


59
2.Ауызекі сөйлеу формасында күнделікті тұрмыста қолда-
нылатын қарапайым сөздер жиі кездеседі. Мысалы, – Бала мен 
бүгін де шөпті өндіре алмадым. 
– Кем талапсың, шөп қайдан өнсін. Арқасынан күн өткен 
ешкі құсап, үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің 
(Ә.Нұрпейісов).
3.Кейде ауызекі сөйлеу формасында тұрпайы сөздер де кезде-
седі. Өйткені, айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сиғызуға 
тырысады. Мысалы,
– Мылжыңдап барасың, антұрған. 
Құдай ақы, рас. Біздің қатынның...
4.Ауызекі сөйлеу тіліндегі диалектизмдер де кездеседі.
– Сен тағын, тағын бастадың ба? Қанша үрмет қылсам да 
болмай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты. 
5.Ауыз екі сөйлеу тілінде кәсіби сөздер де жиі ұшырасады. 
– Есеп бар ма? Мен бүгін сүген ұстадым. Бұйрық дегенді 
қойсаңшы, аудың жаңғыз көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен.
6.Сөйлеу тілінде ауыспалы мағынада келтірілген бейнелі сөздер 
көп қолданылады
– Жоқ. Ел-аға, көңіл кірі айтса кетеді. Әйтпесе, іргелес отырған 
ағайыныңмен жауласпа, бір-біріңнен есіктеріңнен бас сұғып
жүзіңді жылытып ал деп талай кеңес бердім.
7.Сөйлеу тілінде фразеологизмдер де көбірек қолданылады.
– Қалқам, араздықты қой... Мені ренжітпеймін дейтінің қайда?
Сен үйге бармаған соң, мен тірі өліп жүрмін ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет