Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет37/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
3.1.6 Пиджин 
Пиджин – көптілді аумақта қарым-қатынас жасау қажеттігі 
нәтижесінде пайда болған аралас тілдің түрі. Оның алғашқы 
түрі ағылшын пиджині (орысша - Пиджин инглиш, ағылшынша 
- Pidgin English) болды. Оны көбінесе «іскер» (орысша - делевой, 
ағылшынша – Pidgin is bishess) тіл деп аталады. Бұл барынша кең 
тараған тіл болды. Ол қарым-қатынаста қосалқы (подсобный) тіл 
ретінде Оңтүстік Қытайдың көптілді порттарында пайда болған. 
Оның лексикасылық, фонетикалық және мағыналық жақтан 
өзгерістерге ұшыраған ағылшын тілінен: nusi-pepa-кітап, news-
paper-газет, mary-әйел, pidjon-құс т.б. ал грамматикасы қытай тілі-
нен құралған. 
Пиджиннің әлеуметтік мәртебесін толық қанды (ана тілінің) 
тілдің мәртебесімен және оның бай жүйелілік құрылымымен 
салыстыруға келмейді.
Пиджин тіл деп белгілі бір жағдаятпен ғана шектелген комму-
никативтік қызмет атқаратын және сөйлеушілерінің ешқайсысына 
ана тілі болып саналмайтын қосалқы тілді айтады.
Іскерлік пен сауда саласында қолданудан пайда болған пиджин-
тілдің бір түрі Кяхты пиджині (Ресей мен Қытай шекарасындағы 
Кяхты қаласы) деп аталады. Бұл тілді XΙX ғасырдың орта тұсында 


66
С.И.Черепанов «Орыс тілінің қытай наречиесі» деп сипаттаған бо-
латын. Өйткені ол тілдің негізі қытайлықтардың сөйлеу дағдысына 
сәйкес барынша бұрмаланған орыс грамматикасынан, яғни септік, 
жіктік т.б. жалғауларынсыз қолданған сөздерден құралады.
Кяхты пиджинінде Кяхты қаласы жанындағы Мамачень 
қалашығындағы қытай саудагерлері мен қытай тілін білмей-
тін орыстар қарым-қатынас жасаған. Орыстар үшін мұндай «тіл 
сындырғыш» тілді пайдалану «қытайша» сөйлеу деп аталды.
Пиджиндер көпшілігінде этносаралық қарым-қатынаста екінші 
тіл ретінде Жерорта ірі қала-порттарында, алуан тілді жұмысшылар 
қызмет ететін Африка, Америка, Ямайка аралындағы қалаларда 
және ауылдық аудандарда пайда болған. Пиджин – тілдің пайда 
болу көзіне көбінесе қытай, ағылшын, француз, испан, португал 
және басқа да европа тілдері мен жергілікті этнос тілдері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет