Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет40/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
3.2 Тілдің қоғамдық қызметі
Тіл – адамзат қоғамында өмір сүретін әлеуметтік құбылыс. 
Демек, кез келген қоғамда тіл коммуникативтік (қарым-қатынас 
құралы), экспрессивтік (ойды жарыққа шығару құралы), конструк-
тивтік (ойлау құралы) және аккумулятивтік (тәжірибе мен білім-
нен жиналған дағды) қызметтерін атқарады. Бұлар тілдің түрлі 
кезеңдеріндегі даму деңгейлеріне тән және өзіндік жүйесінде 
өзгермейтін туа бітті компоненттері болып табылатын негізгі 
қызметтері деп аталады. Ал тілдің қоғамдық қызметі – бұл тілдің 
сол негізгі қызметтерінің түрлі әлеуметтік орталарда, қоғамдық 
өмір салаларында және әр түрлі мақсаттар мен жағдаяттарда пай-
даланылуы мен қолданылуының көрінісі.
Тіл-тілдің атқаратын қоғамдық қызметі әр түрлі деңгейде болуы 
мүмкін. Әсіресе көптілді қоғамда тілдер тұтынушылар тарапынан 


69
таңдалып, талғанып қолданылады. Міне, осыдан келіп, дүниедегі 
қай тіл болмасын өзіндік ішкі жүйелілік, құрылымдық жағынан 
өзге тілдермен артық-кем деп салыстыруға болмайтын жеке дара 
адамзаттық құндылық болып табылса да, сол аумақта (белгілі 
бір мемлекет, әкімшілік аумақ т.б.) атқаратын қоғамдық қызметі 
тұрғысынан олардың өзара теңдігі жойылып, бірінің екіншіден не 
артықшылығы, не кемдігі пайда болады. Демек, тіл атаулы ішкі 
жүйелілік, құрылымдық жағынан бір-бірімен өзара тең болады 
да, сөйлеушілерінің саны жағынан ондай теңдіктен айырылады. 
Өйткені қандай да бір тілдің ішкі құрылымдық қасиеті белгілі ша-
мада оның қоғамдық қызметімен тікелей байланысты болады. 
Тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюі оның сөздік құрамының 
ұлғаюына әсер етеді, кейде қандай да бір грамматикалық 
құбылыстың пайда болуына не бұрынғысының жетілуіне септігін 
тигізеді. Қысқасы, бір тілдің екінші тілден артықшылығы оның 
өмір салаларындағы қоғамдық қызметі мен сөйлеушілерінің саны-
на байланысты болады.
Айталық, Қазақстан Республикасында қай тілді «мықты тіл» 
немесе «ірі тіл» деп атауға болады? деген сұрақ тууы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет