Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Ақпарат және үндеу саласы



Pdf көрінісі
бет49/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Ақпарат және үндеу саласы да қоғамның ілгерілемелі 
дамуының белгісі болып табылады. Оның ғылыми-техникалық 
процесті және адамның қоғамдағы аудио-визуалды әлеуметтенуі 
ретінде көп әсері бар. Жалпы ақпарат пен үндеу саласы – басқа 
салалармен салыстыра қарағанда жас сала, оны қамтамасыз ететін 
тілдерді зерттеу өте маңызды. Бұл салаға: түрлі мазмұндағы ха-
барландырулар, үндеулер, маңдайшадағы жазулар, көріністі 
ақпарат құралдары, электронды мәтінді коммуникативтік жүйе 
(бейнеқондырғы және кабельді мәтіндер), сондай-ақ ақпарат 
таратудың өзге де түрлері жатады. 
Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттарды жазып, орналастыру-
да тілдік нормалардың сақталу жағдайын реттеу мақсатында облыс 
бойынша тіл басқармасы тарапынан рейдтер ұйымдастырылады. 
Қазіргі таңда облыс көлемінде мемлекеттік тіл туралы 79 билборд, 
32 панно, 26 аспалы қондырғы, 123 стенд – барлығы 260 сыртқы 
көрнекі ақпарат құралы орнатылған [32]. 
Облыс әкімдігі жанынан жаңадан ашылатын әртүрлі нысандар-


88
ды қабылдап алу жөнінде комиссиялар құрамына тіл мамандарын 
енгізу керек. Олар нысандардың, жарнамалардың мәтіндерінің 
қазақша дұрыс, сауатты жазылуын бақылайды. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-
бап талаптарын халыққа түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолданылу 
аясын кеңейту, көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды бірізден-
діру, оларды заң талабына сәйкестендіру, тіл саясатын насихаттау 
мақсатында жергілікті «Жетісу» телеарнасы арқылы арнайы бей-
нероликтер әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылғаны жөн. 
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұсынысымен 
облыстық, аудандық газеттерде «Тіл бұзарға – тосқауыл!» атты 
айдар ашып, онда Облыстың аудандары мен қалаларындағы, 
ауылдарындағы мекемелердің, сауда үйлерінің т.б. нысандардың 
маңдайша жазулары мен жарнамалары тіл заңнамаларына сәйкес 
келмейтін нысандардың суреттері тұрақты жарияланып отыруы 
керек.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметті дамыту мүмкіндігі мол, тек 
солардың көзін аша білу керек. Әсіресе, осы салада мемлекеттік 
тілдің қолданылуына барынша күш салу мен жағдай туғызу оны 
меңгерудің қажеттілігіне айналар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет