Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Әлеуметтік лингвистиканың танымдық аппараты



Pdf көрінісі
бет6/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
1.1 Әлеуметтік лингвистиканың танымдық аппараты
Жоғарыда баяндағанымыздай, әлеуметтік лингвистика-ның 
нені зерттейтіндігін біршама қарапайым мысалдар негізінде 
түсіндіруге талпындық. Енді оның өзіндік танымдық аппараты 
мен нақтылы зерттеу нысанасы жөнінде кеңірек түсінік берейік.


13
Тіл білімінде әлеуметтік лингвистикалық бағыттың пайда бо-
луынан бастап, бүгінге дейін ол түрліше атауға ие болып келді: 
бірде «тіл социологиясы» деп аталса, енді бірде «социологиялық 
лингвистика», «лингвистикалық социология» және т.б. болып атал-
ды. Бұл термин-атауларды кейбір ғалымдар әлеуметтік лингвисти-
кадан бөліп қарастырады.
Әлеуметтік лингвистика тілді қолданудағы әлеуметтік өз-
герістерді зерттеумен шұғылданса, тілді сақтау, бір тілден екінші 
тілге ауысу, тілдік жоспарлау т.б. байланысты болатын әлеуметтік-
үлгілік бағдарларды өз алдына ғылыми бағыт тіл социология-
сы зерттейді дейді Д.Фишман. Әлеуметтік лингвистика бүтіннің 
бөлшегі ретінде тіл социологиясына жатады; тіл соиологиясы 
әлеуметтанушының көзқарасы тұрғысынан тіл мен қоғамның 
өзара қатынастарын зерттейтін әлеуметтік пән деп тұжырымдайды 
Р.Гроссе мен А.Нойберт.
Қалай дегенмен тіл білімінің өзіндік бір бағыты болып табы-
латын саланы атауда «әлеуметтік лингвистика», қысқаша «со-
циолингвистика» термині қазіргі заман ғылымында біршама жиі 
қолданылады. Оны алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші 
Х.Карри пайдаланған болатын. Осы терминмен тіл білімінде тілді 
қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын бағыт аталды.
Бүгінгі таңда тіл білімінде «әлеуметтік лингвистика» және 
«социолингвистика» деген екі термин синоним ретінде қатар 
қолданылады. Жоғарыда аталған өзге терминдер өте сирек
оның өзінде олар бір мазмұнда пайдаланылмайды. Ол термин-
дердің көпшілігі әлеуметтік лингвистика тарихындағы бел-
гілі бір кезеңдерге байланысты қолданылып жүр. Мысалы, 
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында кеңес тіл білімін-
де «Социологиялық лингвистика» термині қолданылса, 40-60-жыл-
дарда «Тіл социологиясы» термині пайдаланылды. Сондай-ақ 
белгілі бір лингвистикалық мектептерде (мысалы, Француз 
социологиялық лингвистикасы) әртүрлі терминдермен аталды. Ал 
біздің қолданысымыздағы «әлеуметтік лингвистика» немесе «со-
циолингвистика» термині кеңес тіл білімі арқылы 60-жылдардың 
аяғында қабылданған.


14
Енді әлеуметтік лингвистиканың біршама танымал болған 
пәндік анықтамаларына талдау жасай отырып, оның зерттейтін 
нысанына тоқталайық.
Көрнекті филолог О.С.Ахманова «Лингвистикалық термин-
дер» атты сөздігінде «әлеуметтік лингвистика» немесе «социолин-
гвистика» терминін екі мағынада түсіндіреді:
1.Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байла-
ныстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел язы-
кознания, изучающий причинные связи между языком и фактами 
общественной жизни).
2.Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі әлеуметтік 
диалектілерін зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел 
языкознания, изучающий социальную дифференциацию языков, 
т.е. различные его социальные диалекты) [1]. 
Осында келтірілген соңғы анықтамаға қарасақ, мұнда әлеу-
меттік диалектология сөз болған. Ал әлеуметтік диалектологияны 
әлеуметтік лингвистиканың бір бөлігі ретінде танушылық бар. 
Демек, мұндай жағдайда әлеуметтік диалектологиядан (кәсіби го-
ворлар, кооперативтік жаргондар, арго т.б.) ғана емес, тілдердің 
әлеуметтік саралануының барлық түрлері қарастырылатын кең 
көлемді пәнді түсіну қажет. 
Ал алдыңғы анықтама әлеуметтік лингвистиканың тіл және 
қоғам атты басты проблемасын дұрыс көрсетеді. Бірақ онда тіл 
мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байланыстың 
бағыттары ашып көрсетілмеген.
Әлеуметтік лингвистиканың тағы бір анықтамасын 60-жыл-
дардың соңында академик В.М.Жирмунский ұсынған болатын. 
Мұнда ол әлеуметтік лингвистика өзара тығыз байланысты екі 
проблеманы қарастырады:
1) таптық қоғамның белгілі тарихи даму сатысындағы (сол та-
рихи кезеңдегі қоғамдық ұжымда) тілдердің әлеуметтік сарала-
нуын;
2) тілдің әлеуметтік даму үдерісін, оның тарихын әлеуметтік 
құбылыс ретінде қарау деп тұжырымдай келе, әлеуметтік лингви-
стика сипаттама және тарихи болып екіге бөлінеді дейді [2]. 


15
Тіл білімі бойынша оқу құралдары мен оқулықтардың, сондай-
ақ әлеуметтік лингвистика бойынша арнаулы зерттеулердің авторы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет