Аманкелді аманкелді



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.03.2017
өлшемі2,15 Mb.
#10206
1   2   3   4   5

БАҚЫТСЫЗ МЕН-АҚ БОЛАЙЫН

Жарығымсың күн-айым,

Қалай ғана шыдайын.

Бақытты болсаң болғаны,

Амал жоқ не қылайын.

Өтті сенсіз жыл айым,

Сен жадыра жүр, айым!

Күрсінгенмен не пайда,

Жар болсын саған, Құдайым.

Есіме сені алайын,

Қанағат барға қылайын.

Бақытты болсаң болғаны, 

Бақытсыз мен-ақ болайын.

ҚАЙТАДАН КЕЛШІ ҚАЙТАДАН

Ғашық болу-қиямет,

Тек қана мұң сыйлайды.

Сағыш деген керемет,

Қимайды жүрек, қимайды.

Ұмыт мені ұмыт деп,

Сүйгенің айтса қайтесің?

Бір ғана жалғыз үмітпен,

Армандаумен өтесің.

Сен болсаң жаным жай табам,

Достарым да байқаған.

Құса боп мұңмен жүргенде,

Қайтадан келші, қайтадан.

Ұшырмашы бағымды,

Бақытым сен деп айта алам,

Қинамашы жанымды,

Қайтадан келші қайтадан.

ШУАҒЫМ ЕДІҢ

Түсімде көрдім, көркіңді сенің, 

Баурап алдың-ау еркімді менің.

Бойыма қуат, күш қайрат берген,

Аңсаған арман, ақ құсым едің.

Шуағым едің, жыр əнім едің,

Мəңгі сарқылмас бұлағым едің.

Жанымды жырға бөлейтұғын,

Асынған бойға тұмарым едің.

Махабат жалын, жанды да сөнді,

Қырсық шалды да, қар бұлт төнді.

Сөйлесейік деп телефон шалсам,

Көтермейсің бір  ұялы телефонды.

Смс жаздым, ақтарып сырды,

Түсінші мені отырмын мұңлы.

Жатсам да тұрсам-ойымда сенсің,

Жеткізші сəулем, бір хабарыңды.

САҒЫНЫШ

Көктем келді, жадырап таң-нұр,

Əуел бастан жазылған тағдыр.

Елес болып кеттің, қолым жетпейтін,

Шабыт бер жаным сен шабыттандыр.

Сызылған даусың,  күлім деп сіз деп,

Екіге бөлді-ау ызғарлы күз кеп.

Амалым қанша отырмын түнде,

Атыңды теріп, агенттен іздеп.

СЕНЕР МЕ ЕДІҢ, СҮЙІКТІМ?

Сүйем десем - мен сені сенер ме едің,

Бақыт құс болып қолыма келер ме едің.

Пəкпін десем - жаным-ау сенер ме едің,

Сыңарым боп -соңымнан ерер ме едің.

Ойлаймын десем, сезімге сенер ме едің,

Бір  сəт болсын мені ойлап көрер ме едің.

Қос аққудай айдында жүзейік десем,

Жүрегіңді ұсынып берер ме едің.

Мен сені Қыз Жібекке теңер едім.

Сен үшін қиындыққа көнер едім.

Махаббатың жалындап жана білсе,

Құрбан болып жолыңда өлер едім.

Сенші жаным, сен  маған сене берші,

Жанымда ақылшым боп жүре берші.

Сен мен үшін сұлусың баяғыдай,

Сүйгенімді өзіңді демеші ерсі.

ү

р



ӨМІРЛІК ӨКІНІШ 

 (әңгіме)

      Сонымен  кешке  келетін  қонақтарға  дайындық  басталып  кетті. 

Гүлдерай  білегін  сыбанып  жіберіп,  салаттың  түр-түрін  жасады. 

Қазанда  қайнап  жатқан  жылқының  еті  мұрын  жарады.  Үйдің  ішін 

жинап  жуып-жарқыратып  тастады.  Бір  тыным  таппады.  Кенже  інісі 

болғандықтан ба, Санжарды қатты жақсы көретін. Санжарда əпкесін  

құрмет тұтатын. «Гүлдерай келген соң үйдің іші толып кетті ғой» деп 

қояды  арасында...

    Сонымен кешке Санжардың достары келді. Үйдің іші  думанға то-

лып,  жақсы  тілектер  айтылды.  Əн  шырқалып,  би  биленді.  Гүлдерай 

да биледі. Кенет  жүрек тұсы тағы да шаншып кетті. Ас үйге жүгіріп 

барып орындыққа  отыра кетті. Бұны байқаған Санжар артынан келіп 

«не  болды,  бір  жерің  ауырды  ма?»  деді. «Жоқ,  жай  шаршағандікі 

гой»  деп  жауап  берді.  Ешкімге  көрсетпей  дəрісін  ішіп  алды.  Сосын 

балалардың жатын  бөлмесіне  барып жатып қалды. 

   Гүлдерай оянса сағат тілі 9-дан кетіп қапты. Үйдің іші тегіс ұйқыда. 

Əлі  оянбапты.  Тұрып  жуынып-шайынды.  Газга  шай  қойды.Түндегі 

жуылмай қалған ыдыс-аяқтарды жуды. Коқыстарды  далаға  шығарды. 

Сөйткенше балалар да ояна бастады. Санжар мен Майра да тұрды. Да-

стархан басында кешегі туған күн қызықтарын айтып, мəз болысты. 

«Енді қаланы аралаймыз» деді  Санжар. Барлығы жиналып машинаға 

мінді.  Балалардың  қуанышында  шек  жок.  Санжар  үнемі  іс-сапарда 

жүргендіктен балаларды қыдыртуға қолы тие бермейді. Бүгін соның 

сəті түскен сияқты. Олар күні бой қаланың көрнекі жерлерін аралап, 

балаларды  сырғанаққа  мінгізіп, қызыққа батты. Жақсы бір мейрамха-

надан тамақтанды. Көптен бері  үйден шықпай үй күшік болып қалған  

Гүлдерай да бір сергіп қалды. Астананың аязды ауа-райы да сол қалпы  

жарқырап тұрды.  Сөйтіп кешке мəрə-сəре болып үйге қайтты. 

      Гүлдерай    бір  апта  болып,  армансыз  қыдырды.  Қаладағы  кезінде 

қызметтес,  сыныптас  болған  құрбыларымен  бірге  болып,  өткен-

кеткенді  еске  түсіріп,  бір  жасап  қалды.  Үйдегілердің  бəрі  жұмыста, 

бабалар  балабақшада  болғандықтан  үйде  жалғыз  қалады.  Бірақ  іші 

пысқан жоқ. Қаланы аралап, қыдырып қайтады. Тіпті болмаса теле-

фон шалып, сөйлесіп тұрады. Осында  келгеннен бері  жүзі жайнап,  

реңі  кіріп қалды. 

          Бірақ    Гүлдерай  келгеннен  бері  Майра  келіннің    қабағы    кіртие 

берді. «Осы үйде тұрып қала ма» деген  ой бар сияқты. Санжар бол-

са  апасы  келгеннен  бері  көңілі  көтеріліп  қалды.  Апасының  ауылда 

жалғыз  тұрып  жатқаны  қабырғасына  батып  жүр  еді.  Оның  үстіне  

оқып, үйленіп, тіпті  осы үйді алып берген де Гүлдерай болатын.   

    Танертеңгі шай үстінде Гүлдерай ауылға қайтатын айтты. Санжар  

«Жата  тұрсаңызшы,  əпкетай,  неге  асығасың?»  деді.  Майра  жұлып 

алғандай «Нең бар, кетем деп отырған адамға» деп дүрсе қоя берді. 

Санжар үндемей тұрып кетті. 

     Гүлдерай да киімдерін жиыстырып, қайтуға жиналды.  Компьютер-

мен билетті де алып алды. Поезд жүйткіп келеді. Гүлдерай терезеден   

кең байтақ далаға қарап отыр. Көз алдынан өмірі кино лентасындай 

өтіп жатты. Көңілі құлазып, жүрегі сыздап қоя берді...

        Міне,  үйге  де  келіп  жетті.  Жауған  қар  үйдің  маңайын    басып 

қалыпты. Оппалап, кең қоршалған аулаға кіріп, құлыпты ашып, ішке 

кірді.  Көптен  бері  от  жағылмаған  үй  қара  тастай  болып  тұр  екен. 

Кезінде əкесінің  совхоз директоры болып тұрғанда  салғызған хан са-

райындай  он бөлмелі  үйінен кісі бір үзілмейтін. Топырлаған балаға 

толы  үйдің  іші  жаныңды  жадыратар    жылы  ұя  болатын.  Енді  міне,  

қаңырап,  бос  қалған,  əрбір  бөлмелерінен  ызғар  шашылып,  қабағын 

түйіп қарсы алып тұрған тəрізді.

     Сөмкесін қойып,  жаман киімдерін киіп, даладан отын əкеліп, от 

жақты. Бірнеше күннен бері суып кеткен үй жылынар емес. Шай ішті.  

Бірақ  бойы  жылынбады.  Үлкен  залдың  есігін  ашып  койды  да,  кіші 

залға келіп,  креслосына отырып,  жамылғыны үстіне жамылып, теле-

дидарды  қосты.  Қанша  отырғаны  белгізсіз  отырған  қалпы  ұйықтап 

кетіпті.  Оянса үйдің іші  алакөлеңкеленіп, кеш батып қалыпты. Теле-

дидардан  концерт  беріліп жатыр. Мейрамбек Бесбаевтың мұңды əні 

жүрек шымырлатып, жаралы жанын одан əрі ауырта түскендей. Теле-

дидарды сөндіріп тастағысы  келді. Бірақ, орнынан тұрғысы келмеді. 

Отырған  қалпы  қалшиып  отыра  берді.  Қаңырап  бос  тұрған,  бірақ, 

іші  қымбат  жиһаздарға  толы    бөлмелер,  төбе  толы  хрусталь  шам-

дар  бұған  үңіліп,  тесіліп  қарап  тұрғандай.  Бойын  қорқыныш  билеп,  

қанша қозғалғысы келсе де,  қозғала алмады. Жүрегі шаншып ауырса 

да,  дəрісін  алуға  да  тұрмады.  Ұялы  телефоны  шырылдаса  да  жауап 

бермеді. Жамылғысын қымтаған қалпы  мелшиіп отыра берді...

  

Гүлбаршын СМАЙЫЛОВА



Арулар - асыл жарлар

Əнет ЖҰМАБЕК

4

amangeldy-arai@

mail.ru

6 наурыз 2015 жыл

№ 9  (7651)

    Соңғы күндері Қазақстан Респу-

бликасы  Инвестиция  жəне  даму 

министрі Əсет Исекешов Қазақстан 

жұртшылығына  отандық  өнімдерді 

кеңінен  сатып  алуға  шақырды. 

Осы  ретте  билік  басындағылардың 

тың  ұстанымы  көңілге  жылу 

ұялатты.  Себебі,  бұл  отандық 

өнімді  шығаратын  кəсіпкерлердің 

орта  таптың  жай-күйіне    бейжай 

қарамайтын билік пайда бола баста-

майтын деген сөз.        

        «Еңбек    етсең  ерінбей,  тояды 

қарның  тіленбей»  деп  дана  баба-

ларымыз  айтпақшы  ауданымыз-

да  еселі  еңбек  етіп  жүрген    жеке 

кəсіпкерлердің  бірі - Бірсейтова 

Айнагүл 

Оспанқызы. 

Алғыс 

арқалаған    А.Оспанқызы  үлгілі 



отбасылардың  бірі.   Жолдасы 

Бірсейітов  Қанат  оңың  жұмысын  

үнемі      қолдап,  қамқоршы  болып 

жүреді.  Екеуі    төрт  бала  өсіріп

жақсы  тəрбие  беріп,  ұл-қыздарын 

жеткізуде.   Тұңғыш  ұлы    -  Ба-

тырлан.  Ол 23 жаста.  Батырлан 

компьютер  тілін  жетік  меңгеріп, 

қазіргі  таңда  Астана  қаласында 

программист  болып  жұмыс  жа-

сайды.   2-ші  ұлы  Темірлан,  ол 

студент. 3-ші баласы – Сайда. Сай-

да  Қанатқызы – Ы.Алтынсарин 

атындағы жалпы білім беретін орта 

мектептің    8-ші  сынып  оқушысы.  

Сабақты  жақсы  оқиды.  Өз  орта-

сында    сыйлы.  Құрбыларымен 

тату.  Кіші  қызы  Айша - 5 жаста. 

Айша - Б.Қолдасбаев  атындағы 

жалпы білім беретін орта мектепте 

мектепке  дейінгі  даярлық  сыны-

бында    оқиды.  Сынып  жетекшісі 

жəне  мектептегі  «Сымбат»  би 

үйірмесінің  жетекшісі  Жанар  Бе-

кенова  Айшаны 5 жаста  болса  да 

би  үйірмесіне  қабылдап,  балалар 

биін  үйретіп жүр.  Айша сонымен 

қатар  əнді  де  жақсы  шырқайды.   

Анасының  дəмді  торттарын  үнемі 

балаларға айтып, мақтап жүреді. 

      Айнагүл  Оспанқызы 2014-2015 

оқу жылында алты мектептің асха-

насын тендерден ұтып алып, бүгінгі 

таңда  жұмыс  жасауда.  Атап  айтар 

болсақ:  Ы.Алтынсарин  атындағы, 

Б.Қолдасбаев  атындағы,  Жасбуын, 

Жалдама,  А.Нұрманов  атындағы, 

Бүйректал 

орта 

мектептері. 



Қарамағында  оннан  астам    адам  

жұмыс  істейді.  Олардың  еңбек 

ақысын  уақытылы  төлеп  отыра-

ды.  Қызметкерлері  оған  дəн  риза.  

Сол  қызметкерлерінің  бірі  со-

нау  қиыншылық  уақыттан  бастап  

Айнагүл  апаймен  бірге  жүрген 

Жаңыл Асылбекова:

 - Мен 1995-ші  жылдан  бастап 

Ы.Алтынсарин 

атындағы 

орта 


мектепте  жұмыс  жасадым.  Ай-

тайын  дегенім  Айнагүлдің  осы 

кəсіпті  бастаған  жылдары  əлі 

есімде. 1996-1997-ші    жылдар  

нарықтың ең қиын кезі еді. Жұмыс 

жасағаныңмен,  еңбекақының  өзі 

кейде  беріледі,  кейде  ақшаның  ор-

Отандық өнім өндіру – уақыт талабы

КƏСІПКЕР АЙНАГҮЛ

нына бидай, мал алатын кездеріміз 

де  болды.  Айнагүл  сол  жылдары 

өз  мамандығы  «акушерлік»  бол-

сада  күнкөріс  үшін  үйден  тəтті 

тоқаштар,  бəліш  пісіріп,  бізге  сат-

тырып  жүрді.  Кейде  сол  өнімдерді 

сатуға  таласып  қалатын  кездеріміз 

де    болды.  Содан  біздің  мектептің 

шаруашылық  басшысы  Көпеев 

Жұманазар    «Осы  сендер  қандай 

кісінің  өнімдерін  таласып  са-

тып  жүрсіңдер,  көрейінші»,-  деп 

Айнагүлдің  өзімен  сөйлескен  екен.  

Содан  Айнагүл  Ы.Алтынсарин 

атындағы  орта  мектепте  асхана 

ашты. 

    Міне,  сол  жылдардан  бастап 



Айнагүл    өз  жұмысын  жете 

меңгеріп  алып  кетті.  Көпшілікпен 

жақсы  тіл  табысқан,  қарым-

қатынасы  сыпайы,  ешқандай  адам-

мен  айғайласу  дегенді  білмейді. 

Жолдасы  Бірсейітов  Қанат  та 

əрқашан  Айнагүлді  қолдап  отыра-

ды.  Күнкөріс  үшін  жұмыс  сұрап 

келген  қыз-  келіншектердің  бетін 

қайтармай, жұмыс тауып беріп жа-

тады.  Кісіге қайырым жасай жүріп, 

қолдан келген көмектерін аямайды.  

Төрт  бала  өсіріп  отырған  үлгілі, 

еңбекқор жанұя.  Менің өзім жасым 

үлкен  болса  да  осыбір  еңбекқор 

адамнан    үлгі  аламын.  Сол  бір 

қиыншылығы  мол  жылдардан  ба-

стап,  аянбай еңбек етіп келе жатқан  

жанұяға  тек  қана  жақсы  тілегімді 

айтып,  Қанат  пен  Айнагүлмен 

бірге  əлі  де  еңбек  етіп  келемін.  

«Жақсының жақсылығын айт, нұры 

тасысын» - демекші  Айнагүлдің  

алға  қойған    жоспарлары  орын-

далып,  жұмыстары  жемісті  бола 

берсін  демекпін,-  деді.  Айнагүл  

Оспанқызы  кісі  көңіліне  қарап, 

ешкімнің  көңілін  қалдырмайды. 

Асылбекова 

Жаңыл 


апайымыз 

айтып  кеткендей  алдына  жұмыс 

сұрап  келген  жастарға  жұмыс  та-

уып  беріп,  оларға  қамқор  болады. 

Сол  жастардың  бірі    -  Серікова 

Аққу.  А.Серікова    асханада  жұмыс 

істеп  жатқанына  екі  апта  болса  да, 

ол кісі жайлы жақсы пікірде екенін 

қуанышпен айтып берді. 

      -  Мен  Б.Қолдасбаев  атындағы 

жалпы білім беретін орта мектептің  

асханасында  жұмыс  істеп  жүрмін. 

Атаулы 

асхананың 



басшысы 

Айнагүл  тəте  өте  мейірімді,  жаны 

жайдары, сабырлы жан. Асханаға ең 

алғаш  келгімде  күліп  жақсы  қарсы 

алды,  атқаратын  жұмыстарымды 

айтып,  түсіндірді.  Өте  байыпты, 

жұмыс  істегенде  өте  ширақ,  өзінің 

сыпайылығымен  күлімдеп жүретін 

жарқын кісі.  Адам жанын түсінеді. 

Айнагүл апайға мереке қарсаңында 

зор  денсаулық,  отбасылық  бақыт 

жəне жұмысы жемісті болсын дегім 

келеді,- деді Аққу. 

 

Айнагүл 



апайдың 

игі 


бастамаларының  бірі - ол  сонау 

1990  жылдардан  бастап  торттар 

əзірлейді.  Торттары    дəмді,  сапа-

лы, əрі бағасы  қолжетімді. Бүгінгі 

таңда  тойларға,  арнайы  мерекелік 

кештерге  аудан  орталығынан  ғана 

емес  көршілес    Жанкелдин  ауда-

ны  мен  Арқалық  қаласынан  ар-

найы  келіп,  торттарға  тапсыры-

стар беріп жатады.  Əсіресе,  Жаңа 

жыл  мерекесі  мен  Халықаралық 

Əйелдер  күні  мерекелерінде  үлкен 

тапсырыстарға ие болады.  

    Қазіргі күні Айнагүл Оспанқызы 

көптеген 

жауапкершілігі 

мол  

жұмыстарды    атқарып,  отандық 



өнімдерді 

 

дамыту 



үстінде. 

Отандық  өнімнің  өрісін  кеңейту 

өз  қолымызда.  Себебі  «Халқыңды 

бір  тойдырғың  келсе - балық  бер, 

ал  өмір  бойы  тойып  жүрсін  десең 

–  балық  аулауға  үйрет!»  деген 

екен  бұрынғылар.  Біздің  бүгінгі 

жағдайда    еліміздің  қарқынды 

даму 

үшін 


тұрғындарымызды 

кəсіпкерлікке  баулып,  отандық 

өнімдерді  өткізу  өрісін  барынша 

кеңейтуіміз  қажет. Ол өзгеге емес, 

өзімізге байланысты. Қазақстандық 

кəсіпкерлік  пен  бизнес  дамысын 

десеңіз,  Айнагүл  апай  əзірлеген 

отандық өнімді алыңыз, ағайын.  



Əнет ЖҰМАБЕК

Суретте: белгілі кəсіпкер 

Айнагүл ОСПАНҚЫЗЫ.

    Ардақты  да  аяу-

лы 

аналар, 


апалар 

жəне  арулар!  Сіздердің 

баршаңызды 8 наурыз – 

Халықаралық 

Əйелдер 

күні 


мерекесімен 

шын 


жүректен  құттықтаймын.   

Бір  қолымен  бесікті,  бір 

қолымен  əлемді  тербеткен 

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АНАЛАР!

Құттықтау!

аналар  əрдайым  аман  бол-

сын!


   Сіздерге зор денсаулық,

   ашық аспан,

   еңбектеріңізге жеміс,

   отбасыларыңызға бақыт,

   мəнді ден сəнді ұзақ өмір,

   меркелік көңіл тілеймін.

   Жасай беріңіздер аналар!

   2015 жылдың 2 наурызы  күні 

сағат 15-те  аудандық  «Шұғыла» 

жастар  демалыс  орталығында 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының  кезектен  тыс  ХVIII  

конференциясы болып өтті. 

  Конференцияны  аудан  əкімі 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының 

төрағасы 

Ж.Қ.Таукенов  ашып,  жүргізіп 

отырды. 

    Конференцияның  күн  тəртібі 

бекітілді.  Бұл  жөнінде  ман-

дат 


комиссиясының 

төрағасы 

Н.С.Ахметов хабарлама жасады. 

    Сөз  Ы.Алтынсарин  атындағы 

орта 

мектептің 



директоры 

Г.А.Алмағанбетовке  берілді.  Ол 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенттігіне 

канди-


дат 

ретінде 


Н.Ə.Назарбаевты 

ұсынды.  Мұнан  соң  сөз  алған 

Қ.Əбенов  атындағы  мəдениет 

үйінің  əдіскері  Н.М.Ибышева

А.Иманов 

мұражайының 

директоры 

Н.М.Игіліков, 

облыстық 

мəслихаттың 

де-

путаты 


Ш.Темержанова 

сөз 


сөйлеп,  Қазақстан  Республикасы 

Президентігіне  үміткер  ретінде 

олар да Н.Ə.Назарбаевты  ұсынды. 

 

Конференция 



республика 

Президенттігіне  Н.Ə.Назарбаевты 

ұсынуға 

бірауыздан 

қаулы 

қабылдады. 



Конференцияда 

Қостанай  облыстық  филиалының 

2015 

жылдың 4 наурызын-



да  Қостанай  қаласында  өтетін 

облыстық  филиалының  кезек-

тен  тыс  ХХ  конференциясы-

на  Қарасу  ауылдық  бастауыш 

партия 

ұйымының 



хатшысы 

Ш.Т.Байдрахманның ұсынуымен 5 

делегат сайланды. 

    Конференция  күн  тəртібінде 

қаралған мəселелер жөнінде тиісті 

қаулылар қабылдаы. 

  Партияның  облыстық  филиалының  ХХ  конференциясына  мына 

төмендегі партия мүшелері делегат болып сайланды. 

1. Ж.Қ.Таукенов - аудан əкімі, партия филиалының төрағасы.

2. А.Қ.Ташимов – партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

3. Ш.Темержанова – облыстық мəслихаттың депутаты.

4. Н.М.Ибышева – Қ.Əбенов атындағы мəдениет үйніің əдіскері.

5. Қ.Ж.Темірханов – облыстық телекоммуникациялар торабының бас-

шысы.


Суреттерде: аудан əкімі Ж.Қ.Таукенов жəне республика 

Президенттігіне Н.Ə.Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған 

партия мүшелері Н.М.Ибышева, Т.Ш.Байдрахман.

Өз тілшіміз.

«НҰР ОТАН» АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ 

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХVIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

КОНФЕРЕНЦИЯ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ 

Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН

 

БІРАУЫЗДАН ҰСЫНДЫ



ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫ - 2015

   


  «АА»  газетінің  №8 (7650) нөмірінде  жарияланған  аудандық  сайлау 

комиссиясының  материалдарын  жариялау  жөніндегі  хабарландыру  баға  қайта 

тағайындалатындықтан күшін жояды.           «АА» газеті редакциясы əкімшілігі. 

      Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  мереке 8 наурыз – 

Халықаралық əйелдер күні.

        Қазақстан  отбасы,  əйелдер  мен  балалар  проблемалары  жөніндегі 

халықаралық  келісімдерді  іске  асыруға  белсенді  қатысуда.  Қазақстан 

əйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  нысандарын  жою  жөніндегі  БҰҰ 

халықаралық  конвенциясына  қосылды.  БҰҰ  Қазақстанда  жүзеге  асқан 

отбасы, əйелдер жəне балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға 

қатысты жұмысты жоғары бағалады.

        Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанында  Əйелдер  істері  жəне 

отбасылық-демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссия  жұмыс 

істейді.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының 

салалық бұйрықтарымен жəне басқа да құқықтық актілерімен əйелдердің 

құқықтары мен бостандықтарың, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған 

заңнаманың сақталуы мен қолдануын қадағалау айрықша назарға алынған.

Аманкелді  ауданының  прокуратурасымен  аудан  аумағында  Қазақстан  Ре-

спубликасы Бас Прокурорының жоғарыда аталған бағыттағы бұйрықтары 

мен  құқықтық  актілерін  орындау  мақсатында  тұрақты  түрде  қадағалау 

жұмыстары атқарылып, тиісті нəтижелерге қол жеткізіліп келеді. Бұл орай-

да, аудан прокуратурасы 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні қарсаңында 

ақ  жаулықты  аналарымыз  бен  əжелерімізді  жəне  ауданның  барлық  нəзік 

жанды аруларын, сонымен бірге аудан прокуратурасында көп жылдар бойы 

қызмет атқарған апаларымызды көктемнің алғашқы мерекесі - əйелдер күні 

мерекесімен құттықтап, олардың жеке бастарына жəне отбасыларына ашық 

аспан,  мол  бақыт,  табыс  жəне  ойлаған  мақсаттарына  жете  беруіне  тілек 

білдіреді.  Аманкелді  ауданының  прокуратурасында 1969 жылдан  бастап 

зейнет жасына дейін кеңсе меңгерушісі болып бір мекемеде ғана қызмет ет-

кен аудан прокуратурасының ардагері Жұмалина Сəуле апамызға, сондай-

ақ Тойшыбекова Қалия апамызға əрқашан құлпырып жүріп, ұзақ ғұмыр жа-

сап, отбасымен бірге бақытты өмір кешуіне ақ ниет білдіреді.

    Халықаралық əйелдер күні қарсаңында жеке өмірінде жəне еңбекте осын-

дай жетістіктерге жетіп отырған апаларымызды шын жүректен құттықтай 

отырып, балаларының, немерелері мен шөберелерінің қызығын ұзақ жыл-

дар бойы көре беруіне тілектеспіз!

Мерекелік құттықтау!

Аймұрат ТЕНТЕКОВ,

Аманкелді ауданының прокуроры, əділет кеңесшісі    

                                                                            



Шолпан ТЕМЕРЖАНОВА,

облыстық мəслихаттың депутаты.

5

amangeldy-arai@

mail.ru

6 наурыз 2015 жыл

№ 9  (7651)

 

Давлетов  Есым  Салыкович 1965 жылдың 



26  желтоқсанында  Ресей  Федерациясының  Курган 

облысының Петухово қаласында дүниеге келген. 1981 

жылы 8 жылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін    Курган 

ауылшаруашылық  техникумына  оқуға  түсіп, 1985 

жылы  аяқтаған. 1985-1987 жылдары  Совет  əскері 

қатарында  болған. 1987 жылы  Омск  мемлекеттік 

ветеринарлық  институтына  түсіп, 1992 жылы  

ветеринарлық дəрігер мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек  жолың 1992 жылы  Пашковский  совхозында 

бас ветеринарлық дəрігер болып бастаған. 1993-1994 

жылдары  Ресей  менеджмент  жəне  агробизнес  акаде-

миясында оқыған. 1994-1996 жылдары Наурзым ауда-

ны Сосновский совхозында мал дəрігері болып қызмет 

атқарды.  Наурзым  аудандық    ішкі  істер  бөлімінде 

1996-1999  жылдары  жедел  іздестіру  өкілі, 1999-2002 

жылдары  əкімшілік  полиция  бөлімшесінің  бастығы 

болған. 2002-2008 жылдары Амангелді аудандық ішкі 

істер  бөлімі  бастығының  орынбасары, 2008 -2010 

жылдары Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының 

бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.  2014 

жылдың ақпан айына дейін Амангелді аудандық  вете-

ринария  бөлімінің  бастығы  қызметін  атқарған. 2014 

жылдың  наурыз  айынан      «Аманкелді  мал  дəрігері» 

мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнында директор бо-

лып қызмет атқарады. 

 

Жанұялы, 2 баласы бар.



АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТ САЙЛАУЫ - 2015



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет