Аманкелді аманкелді


тенантпын. «сынақшы-ұшқыш»  болғым  келеді.  Оған



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата30.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#796
1   2   3   4   5

тенантпын. «сынақшы-ұшқыш»  болғым  келеді.  Оған 

денсаулығым  да,  білімім  де  жетеді.  Барлық  сынақты 

ойдағыдай  тапсырдым.  Бірақ  Қорғаныс  Министрлігі 

мені жіберетін емес. Қазақтың бір баласы «сынақшы-

ұшқыш» болса, несі жаман? Маған қол ұшын беріңіз...!» 

дейді.


      Бұл  хат  Д.А.Қонаевқа  қатты  əсер  етеді.  Одақта  беделі 

зор жəне СССР-дің басшысы Л.И.Брежневпен дос болған 

ол сол сəтте СССР Қорғаныс Министрі Л.Гречкоға Тоқтар 

Əубəкіров  деген  қазақтың  үздік  ұшқыш  жас  жігітін 

«сынақшы-ұшқыштыққа»  қабылдатуды  сұрайды.  Ол  сөз 

айтпайды.  Сөйтіп,  А.Гречконың  тікелей  араласуымен 

Тоқтар Мəскеудегі «МиГ» авиация фирмасына ауыстыры-

лады. Осылайша, оның «МиГ-23»-тен басталған сынақтары 

«МиГ-29»-да  жалғасты.  Ол  осы  сынақтарды  қазақ  деген 

ұлттың  ұлылығы  мен  ұлағатын,  ар-намысының  биіктігін, 

ересен ерлігін көрсете білді. Керек десеңіз – оған шекесінен 

қарап, менсінбей келген орыс авиациясының генералдары 

қайран қалды. Оның үздіктігін еріксіз мойындады. Өйткені 

бұл  кезде  оған  тең  келетін  орыс  ұшқышы  болмады.  Бұл 

жəйт  орыстардың  ашу-ызасын,  іштарлығын  оятты.  Бірақ 

бəрібір Тоқтарға тең келетін бірде-бір ұшқыштары болма-

ды.

        Енді  Тоқтардың  жасаған  ерлігіне  келсек, 1988  жылы 



Тоқтар ССР тарихында тұңғыш рет жерге қонбай, əуе 

кеңістігінде ұшаққа 2 мəрте жанармай құйдыру арқылы 

Солтүстік  полюске  ұшу  сапарын  ерекше  ерлікпен 

орындады. Оны айтасыз, реактивті ұшақтардың 50-ден 

аса жаңа түрлерін сынақтан өте сəтті өткізді.

      Сол  уақытта  ССРО-дің  Басшысы  М.С.Горбачев  Саяси 

Бюро мəжілісінде алып елдің бас конструкторы Р.Беляковқа: 

    - Біз қазір орыс əуе флотының тарихын жазып жа-



тырмыз.  Бірақ  ертең  əлемдік  авиацияда  тұңғыш  рет 

əскери кемеге ұшақ қондырып, ұшыруға «МиГ» фир-

масы сынақшыларының арасынан бір орыс фамилия-

сы неге табылмады? - дейді.

    Сонда Беляков сескенбестен:

  - Егер біз орыстың əуе флотының тарихы қанмен жа-

зылмасын десек, бұл ұшақты крейсерге 1-ші сыныпты 

ұшқыш Тоқтар Əубəкіров қана қондыра алады. Менің 

мұнан басқа айтарым жоқ! - деп жауап береді.

    Бұл – нені көрсетеді? Əрине, сол жылдарда алып ел СССР-



де  Тоқтардай  үздік  сынақшы-ұшқыш  болмағанын 

көрсетеді.  Ең  бастысы – жайшылықты  кеудесін  ұратын 

орыс  халқы  арасынан  оған  тең  келетін  бір  ұшқыштың 

болмағанын айғақтайды.

        (Тоқтар  Əубəкірұлы  паспортта  Оңғарбайұлы  болып 

ХАЛЫҚ  ҚАҺАРМАНДАРЫ

 ТОҚТАР БАТЫР



Оқырман сұранымына орай

жазылғанымен, өзінің айтуынша туған əкесі Əубəкір екен. 

Негізі  ол  Тоқтар  Əубəкірұлы    Оңғарбаев  болып  жазылуы 

керек екен).

    1989 жылдың 1 қарашасы күні бірінші болып ави-

атасушы  крейсердің  алаңқайына  «МиГ-29»  реактивті 

ұшағын  шеберлікпен  дəл  қондырып,  бүкіл  СССР-ді 

таңқалдырды.  Осы  еңбегі  үшін  «Гиннестің  рекорд-

тар  кітабына»  енді.  Оның  бүл  ерлігі – таңғажайып 

шеберліктің  өзі  еді.  Өйткені,  ол  ұшақты  көзді  ашып-

жұмғанша  қондырып,  қайта  ұшып  шықты.  Бұлай  істеуге 

басқа ұшқыштардың бірде-бірінің жүрегі дауаламаған еді.

      Тоқтар  Əубəкіровке 1988 жылы 31 қазанда  «Совет-

тер Одағының Батыры» атағы берілді. Ал 1989 жылғы 

ерен ерлігіне бұл атақ берілмеді. Себебі, СССР басшылығы 

бұл  атақты  екінші  рет  беруді  қимады.  Ұлтшылдықтары 

жібермеді.  Əйтпесе,  осы  ерлігі  үшін  оған  Батыр  атағын 

екінші рет берулері керек еді.

      Білетіндердің  айтуынша  А.И.Микоян  атындағы  ави-

аконструкторлар 

бюросының 

құжаттарында 

бұрынғы 


СССР-

дің  аса  құпиялы  26 «сынақшы-



ұшқыштардың»  тізімі  бар  екен. 

Солардың 9-ы  сынақ  кезінде  апатқа 

ұшыраған. 

Аман 


қалғандары 

түгел  СССР  Батыры  атағын  алған. 



Солардың  арасында – қазақтан 

Тоқтар жалғыз тұр.

    АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы 



Дүниежүзілік  авиация  музейінде 

əлемдік  авиацияға  еңбегі  сіңген, 

адамзат  тарихындағы  ең  таңдаулы 

10  азаматтың  аты-жөні  мəңгілікке 

алтын  əріптермен  құйылып  жазы-

лыпты. Жаһандық деңгейде əлденеше 

рет  сүзгіден  өткізілген  сол  тізімде 

қазақтың  ешбір  батырға  ұқсамайтын 

таңғажайып  батыр  перзенті  Тоқтар 



Əубəкіровтің есімі 3-ші болып жазы-

лыпты.

      СССР-дің  тарихында 1978 жылы 

болған  ұшақ  ұрлау  оқиғасы  тура-

лы  аз  жазылған  жоқ. «МиГ»  ұшағын 

осы  жылы  Беленко  деген  тыңшы 

ұрлап  əкетіп,  Жапонияға  қондырады. 

Американдықтар  осы  ұшақтың  бар  құпиясын  біліп  ала-

ды.  Дереу  ұшақтың  кодын  өзгерту  міндеттеледі.  СССР 

басшылығының  жəне  генералитетінің  берекесі  кетеді. 

Ұйқы-күлкіден  айырылады.  Олар  қайта-қайта  ақылдаса, 

кеңесе  келе  амалсыздан  қауіптілігі  шексіз  осы  міндетті 

Тоқтар Əубəкіровке тапсыруға бірауыздан шешім жа-

сайды. 15 республика  бойынша  алғанда  бұл  міндетті 

орындап шығатын басқа сынақшы-ұшқыш болмады.

        Ал  Тоқтар  болса  Бас  штабтың  тапсырмасын  мүлтіксіз 

орындап шығады. Америка бастаған бүкіл Европаның ау-

зына құм құйылады.

  Тоқтар Əубəкіров СССР-дің абыройын аспанға шығарады. 

Амал не, оған осы ерлігі үшін 3-ші рет беруге тиіс «Совет-

тер  Одағының  Батыры»  атағы  тағы  да  берілмейді.  Егер 

оның орнында орыс ұшқышы болса, сол атақ оған сөз айт-

пастан берілетін еді.

        Тоқтардың  келесі  ерлігі – 1991 жылдың 2 қазаны 

күні  жасалғанын  қаз  басқан  қазақ  баласы  жақсы  біледі 

деп  есептейміз.  Бұл – оның  Байқоңырдан  тұңғыш 



Қазақ  ғарышкері  болып  ғарышқа  ұшуы  еді.  Осы 

күні  қуанбаған,  қуанғаннан  көзіне  жас  алып,  жан  əлемі 

тебіренбеген  қазақ  жоқ  болар.  Ю.Гагарин 1961 жылы 12 

сəуірде ғарышқа алғаш ұшқанда СССР халқы қалай қуанса, 

30 жылдан соң 1991 жылдың 2 қазаны күні Тоқтар ғарышқа 

ұшқанда Қазақ халқы сол күнді өз басынан кешірді. Осы 

ерлігі үшін Қазақ Советтік Социалистік революциясының 

құрметі  үшін  Тоқаңа 5-ші  рет  Советтер  Одағы  Батыры 

атағы берілуі керек еді. Өркөкірек СССР басшылығы өзінің 

нағыз  бет-бейнесін,  іштарлығы  мен  күншілдігін  тағы  да 

көрсетіп, Тоқтар ағамызға Батырлық атақты қимады.

     Тұңғыш Қазақ ғарышкері ғарыш кеңістігінде 7 күн, 22 

сағат, 12 минут, 40 секунд болды!

        Тоқтардың  ғарышкерлік  бақыты  мен  жеткен  жетістігі 

қаншалықты  қадірлі  болғанымен  адами  тағдыры  күрделі 

болды.  Оны  тек  орыстар  ғана  емес,  қазақтардың  өздері 

көре алмайтын жағдайлар кездесті. Талайлар қызғаныштың 

қызыл итіне айналды.

      Бірақ  Тоқаң оған бола еліне ренжіген емес. 

    Қалай десек те Аллатағала оның маңдайына тұңғыш ата-

уды жазды.

   Тоқтар – қазақтың тұңғыш ғарышкері!

   Тоқтар – қазақтың ешкімге ұқсамаған тұңғыш Батыры!

   Ол өз ерлігін аспанда да, ғарышта да жасап берді!

   Тоқтар – исі Түркі əлемінің тұңғыш ғарышкері!

    Тоқтар – барша мұсылман əлемнің де тұңғыш ғарышкері!

    Тоқтарға – түркі  əлемінде  болсын,  қазақ  елінде  болсын 

бірде-бір ғарышкер теңесе алмайды!

    Ол – тұңғыш!Ал тұңғыштың аты – қашан да – тұңғыш!

      Ол – қазақ  халқының  қандай  ұлт  екенін  ХХ  ғасырдың 

аяғында  дəлелдеді.  Егер  Алаш  арыстары  осы  ұлттың 

ұлылығын ХХ ғасырдың басында қалай дəлелдесе, Тоқтар 

да сол деңгейде дəлелдеді деуге болады.

        Тоқтар  ағаның 7-ші  ерлігі – арамызда  Аллатағала 

сыйлаған қарапайым қалпын сақтап, кеудесін кермей, бар 

қазақтың  өзіндей  болып  асып-таспай,  абыржып-саспай,  

тектілігін танытудан танбай тура жүріп келе жатқаны!

     Міне, Тоқтар Əубəкіровтің ерліктері осындай.



Д.ДƏУҒАРИН. 

  

            



    

«АА» газетінің

 редакциясына

 А.Нұрахмет

 

деген  баладан



 хат келді. Ол

 өз хатында 

Тоқтар Əубəкіров

тің қандай ер

лік жасағанын

 

білгім келеді



 деген екен. «

Жұрттың көбі

 оны 

батыр дейді. 



Бірақ қандай

 батырлық жас

ағаны 

туралы нақты



 айтпайды» - 

депті.


      Біз  бүгін 

оның  өтінішін

  аяқсыз  қалдыр

мас 


үшін КССР-дің

 батыры, Қазақст

анның Халық

 

Қаһарманы 



Тоқтар  батыр

  туралы  қа

лам 

тербегенді жөн



 көрдік.

РЕСПУБЛИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН 

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ 

ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Астана. 13 қараша. Baq.kz – Отырыста Қазақстандағы 

санитариялық-эпидемиологиялық 

жағдай 


қаралды. 

Бұл  тақырыптың  өзектілігін  бірқатар  фактор,  соның 

ішінде  əлемдегі  Эбола  вирусының  таралуына  байланы-

сты  оқиғалар  көрсетіп  отыр.  Бұл  жайында  Ақорданың 

баспасөз қызметі хабарлайды. 

    Отырысты  ашқан  Қазақстан  Президенті  халық 

денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету мемлекеттің 

басымдығы бар міндеттерінің бірі саналатынына тоқталды.

– Елімізде жұқпалы, соның ішінде əлеуметтік аурулардың, 

сондай-ақ  сібір  жарасы  мен  бруцеллезді  қоса  алғанда, 

жануарлардың  қауіпті  ауруларының  ошақтары  бар.  Со-

нымен  бірге,  Эбола  вирусының  таралуы  секілді  сыртқы 

қатерлер  де  ұлғаюда.  Тұрғындарды  түрлі  жұқпалардан 

қорғау  мəселесіне  жіті  назар  аударып,  тиісті  ша-

ралар  қабылдау  қажет.  Мемлекеттік  органдардың 

жауапкершілігін нақты айқындап, олардың іс-қимылдарын 

үйлестіруді қамтамасыз еткен жөн, – деді Нұрсұлтан На-

зарбаев.


      Бұл  ретте  Мемлекет  басшысы  қазіргі  қалыптасқан 

жақсы ахуал арқаны кеңге салуға себеп болмауы тиістігін, 

өйткені  əлемге  есігі  ашық  Қазақстанның  кең  ауқымды 

сауда-экономикалық байланыстары, азаматтардың барыс-

келістері елімізге қатерлі жұқпалардың келу қаупін жоққа 

шығармайтынын атап өтті.

    Туберкулезбен  сырқаттану  деңгейін  төмендету 

жөнінде  қабылдаған  шараларға  қарамастан,  бұл  ауру 

бұрынғысынша мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуді қажет 

етеді.  Осыған  орай,  туберкулезбен  ауырудың  барлық 

оқиғаларын  толық  анықтауды  қамтамасыз  ету  жəне  жа-

сырып  қалу  фактілерін  қатаң  жазалаудың  маңыздылығы 

айтылды.

    Қазақстан  Президенті  көршілес  елдермен  жəне 

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымымен  өзара  іс-

қимылды жəне трансшекаралық қауіптер мен биологиялық 

қатерлер  туралы  ақпарат  алмасуды  жандандыру  жөнінде 

міндет қойды.

    Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау жəне əлеуметтік 

даму,  ауыл  шаруашылығы,  білім  жəне  ғылым,  ұлттық 

экономика  министрліктерінің  ведомство  аясындағы 

мекемелерінде жұқпалы ауруларға қарсы тұру тақырыбы 

бойынша  жүргізілетін  ғылыми  зерттеулерді  үйлестіруді 

жұмыстың  маңызды  бағыты  ретінде  атады.  Болашақта 

қазақстандық  ғалымдардың  əзірленімдері  негізінде 

өзіміздің 

диагностикалық 

құралдар 

мен 

дəрілік 


препараттардың өндірісін жолға қою қажет.

      Сонымен  қатар,  Мемлекет  басшысы  қауіпті  ауру-

лар  тұрғысынан  қолайсыз  елдерге  іскерлік  жəне  жеке 

мəселелермен  шығатын  Қазақстан  азаматтарын  сақтану 

шаралары туралы ақпараттандыруды тапсырды.

    Отырыс барысында баяндама жасаған Ұлттық экономи-

ка министрі Е.Досаев пен Ауыл шаруашылығы министрі 

А.Мамытбеков  елдегі  эпидемиялық  жəне  эпизоотиялық 

ахуал  жалпы  алғанда  тұрақты  екенін  айтты. 2002-2014 

жылдары  тіркелген  оба,  тырысқақ,  сібір  жарасы,  конго-

қырым  безгегі  секілді  аса  қауіпті  жұқпалар  іс  жүзінде 

бірен-саран сипатта болды.

      Соңында  Мемлекет  басшысы  аталған  мəселелер  бой-

ынша  барлық  бағдарламалық  құжаттар  қабылданғанын, 

сондықтан  оларды  уақытылы  жəне  сапалы  жүзеге  асыру 

Үкімет  пен  атқарушы  биліктің  жергілікті  органдарының 

маңызды міндеті болып саналатынын айтты. 

 

   



ҚАЗАҚСТАНДА БИЗНЕСКЕ 

КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН 30-ҒА ТАРТА 

ШЕНЕУНІКТІҢ АТЫ-ЖӨНІ 

ЖАРИЯЛАНАДЫ 

    Ұлттық кəсіпкерлер палатасы бизнеске кедергі келтірген 

30-ға тарта шенеуніктердің аты-жөнін тиісті мемлекеттік 

органдардың  тексерісінен  кейін  жариялайтын  болады. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг ба-

рысында Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы 

Абылай Мырзахметов осылай мəлім етті

    Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

    Тоқтала кететін жайт, бұған дейін де Ұлттық кəсіпкерлер 

палатасы бизнеске кедергі келтіріп жатқан шенеуніктерге 

сын  айтып,  кəсіпкерлікке  кесірін  тигізіп  отырған  тағы 

бірқатар лауазымды тұлғалардың есімдерін жариялау уəде 

етілген  еді.  Осыған  орай,  брифинг  барысында  қойылған 

сауалға  Абылай  Мырзахметов  мырза  жауап  берген  бола-

тын.

  «Біз осы қарқынымыздан еш тайынбаймыз. Кəсіпкерлер-



дің мүддесін қорғау кеңесі нақты жұмыс жасайды, келесі 

аптада Таразда отырыс өтеді. Жылдың аяғына дейін барлық 

облыстарда  осындай  кеңестер  өтіп,  оларда  кəсіпкерлерді 

толғандыратын  мəселелердің  бəрі  көтеріледі,  нақты 

кедергі жасап отырған шенеуніктердің аты-жөні де жасала 

береді. Алматы облысында өткен отырыста да 4-5 мекеме 

басшысының  аты  аталып,  облыстық  прокуратура  біздің 

арызымыз бойынша тексерулер жүргізіп жатыр», — дейді 

Ахмет Мырзахметов.

    Сонымен қатар, ҰКП басқарма төрағасы кəсіпкерлікке 

кедергі келтіріп отырған 30-ға тарта шенеуніктің аты-жөні 

бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, палата əзірше ондай 

тұлғалардың аттарын БАҚ-та жариялай алмайды.

      «Өйткені,  ол  азаматтардың  да  құқығы  бар,  соттың 

шешімі,  лауазымды  органдардың  тексерісі  шықпастан 

олардың  атын  атап,  түсін  түстеу  жарамайды.  Деген-

мен,  біз  мемлекеттік  қызмет  істерімен  айналысатын 

жаңадан  құрылған  агенттікке  де,  прокуратураға  да  ол 

шенеуніктерлің  аты-жөнін  ұсындық.  Осы  бағыттағы 

тексерістерден  кейін  біз  оларды  жариялай  аламыз», — 

деді Мырзахметов.


7

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

СЫР СҰЛУЫ

Сыр сұлуы назданып, еркелетті,

Ыстық сезім жанымды өртеп өтті.

Маған бақыт құс болып ерте келді,

Амалым не, бірақта ерте кетті.

Кетті менен, білмеймін, жерінді ме?

Əлде ұшпақ таппасын сезінді ме?

Содан бері бір топ құс ұшып өтті,

Енді ғана бастап ем, көзімді іле.

Құйттай кеудем құс болып шырылдады,

Мұндай сұмдық көрмеп ем бұрындары.

Бір сұлудың бағына қонбақшы еді,

Бірақ ол да артына бұрылмады.

Бұрылмады,

Қолын да бұлғамады,

Сыңғырлаумен барады сырғалары,

Ал мен болсам ішімнен жылап келем,

Алынбағансəбидей құндағы əлі.

Түсінгім де келмейді, ұғынғым да,

Бар үмітім – ерттеулі құлын-жырда.

Осылайша өлеңге ғашық болдым,

Бір сұлуға ынтығып, ұрындым да.



ҚҰШТАРЛЫҚ

Сені көріп, еріксіз бұрылып ем,

Жанарыңнан жұмбақ бір сыр ұғып ем.

Мені тəтті ойларға бөлеп жүрсің,

Сезімімді оятқан қылығыңмен.

Махаббат, ол – сөнбейтін сезім бе еді?

Ұшқындардан от алам көзіңдегі.

Өліп-өшіп сүюге, өртенуге,

Құштарлыққа үйреттің өзің мені.

Сенсіз, жаным,

Қайтер ем, не істер едім?

Мұндай сезім басымнан кешпеп едім.

ПОЭЗИЯ

Шебер жандай өлеңмен тоқып жүрмін



Өмірімнің өрнекті кестелерін.

СЕНІ ІЗДЕЙМІН

Сиқырлы бір сезімнің құшағында

Қиялыммен алысқа ұшамын да,

Сені аңсаймын, ұмытып тіпті кейде

«Ажал» атты тағдырдың пышағын да.

Мені іздеймін вокзалдың бастарынан,

От боп жанған сезімнің астарынан,

Тек екеуміз білетін

Құпия əлем – 

Махаббаттың іздеймін аспанынан.

Автобусқа көз салам, көрем бе деп,

Ыстық көңілім мазалап, елеңдемек,

Ыстық сезім өзіңді көрген сайын

Жүрегімнің түбіне тереңдемек.

Ғажайып бір сезімнің құшағында

Қиялыммен алысқа ұшамын да.

Сені сүйіп тұрғанда, өлмес едім

«Ажал» атты тағдырдың пышағында.



СƏТСІЗДІК

Көзімше сүйді-ау

Сол жігіт сені, көзімше,

Сыртыңнан саған ие боп жүрсем өзімше.

Қиынның да қиыны екен,

Жүрегің


«Сүйдім» деп жүрген қызынан 

                           мүлдем безінсе.

Көзімше сүйді-ау сол жігіт сені, көзімше.

Жарылмай неге жатырсың, 

                                        сорлы жүрегім,

Келмейді-ау ұйқы,

Көзімді зорға ілемін,

Жете алмай жүрген биігіме

Шыққан біреудің

Аяғының астында қалды-ау тілегім.

Жарылмай неге жатырсың, 

                                       сорлы жүрегім...



СЕН СЫЙЛАСАҢ

Сенің көзің – түпсіз терең, тұңғиық,

Құдай өзі қойды ма екен нұр құйып.

Адал оймен тура қарай алмаған

Қаншама еркек құлады екен қылжиып.

Сенің ернің – балдай тəтті, шекер-ақ,

«Қарсыласым көп-ау» деймін секем ап.

Шыдамсызбын, мақтаса да жұрт мені:

«Осы жігіт сезіміне бекем-ақ».

Сенің шашың – шаш емес, ол – мақпал-ды,

Кім жек көрсін сипап оны жатқанды.

Хош иісті құшағыңды армандап,

Қаншама жан саған сырын ақтарды.

Сенің күлкің – күлкі емес, ол – бұлақ қой!

Тентек болсам, құлағымды бұрап қой.

«Өлтіремін» деген үнің тым нəзік,

Мен өлгенде, есіңе ал да, жылап қой.

Сенің жүзің – ажарлы һəм көркемді!

Сорлы жүрек қаншама рет өртенді?

Бір сен үшін бəрі-бəрін ұмытты,

Ойламастан қонар бақты ертеңгі.

Кеш таныстық, кеш табыстық, білем мен,

Шайдай аштың көңілімді түнерген,

Қос шаһарды бір сұлудың меңіне

Хафиз шайыр айырбастап жіберген.

Кешір, жүрсем, жүрегіңді жаралап,

Пейіш – сенсің!

Сенсің маған – саябақ!

Сен сыйласаң, теңдесі жоқ сезімді

Өтер едім өлгенімше мəпелеп.



ҒАШЫҚ ЕМ

Өткір едің, қылыштайын қырқатын,

Сен күлгенде, жазылатын сырқатым.

Нəзік едің,

Əдемі едің,

Көрікті ең,

Тіл қата алмай, сорлап қалған бөрікті ем.

Ақ дидарың ақылыңа сайма-сай,

(Сенің көзің – қайғы-дертім, ол – бір ай!)

Аққу едің,

Пəк жүректі, гүл-көңіл,

Сен жүргенде, жайнаушы еді бұл өңір...



БІРІ ҒАНА ШЫҒАРМЫН

Саған мені қай Құдай кезіктірген,

Бір үміттің туарын сезіп, білгем.

Сені сүйген сезімнің сағынышы

Жүрегімді барады езіп мүлдем.

Саған мені қай Құдай теліп қойған,

Таусылмапты-ау əлі де желік-қоймам.

Қиялымда – үлде мен бүлдеге орап,

Əсем жырмен шашыңды өріп қойғам.

Маған мені қай Құдай жолықтырған,

(Жағдайым жоқ менің де оңып тұрған.)

Бəлкім, бірі шығармын жігіттердің

Тек өзіңді сүйетін болып туған.

КЕТКЕНІҢ БЕ?

Шыныменен қайрылмай кеткенің бе?

Өкпем өшіп, соңыңнан жеткенімде.

Əлде мүлдем байқамай қалдым ба екен,

Махаббаттың жылыстап өткенін де.

Жырларымды білмедім, күлерімді,

Естігенде ең соңғы тілегіңді,

Сол сөздерің жаныштап жатыр əлі

Менің нəзік, бейкүнə жүрегімді.

Саған еріп кеткендей бар арманым,

Тұрдым үнсіз, соңыңнан бара алмадым.

Ұқтым сонда аққудай пəк жаныңның

Сұлулық пен қайғыдан жаралғанын.

Шыдай алмай, сезімнің ұшқындары

Жыр-кеудеме еніп ап, сыпсыңдады.

... Ал сəлден соң пыр-пырлап ұшып 

                                                   жатты

Шаттығыма жиналған құстың бəрі...



СҰЛУЛЫҚ

Əні де əсем, тұлғасы, өзі де əсем,

Мөлдіреген ботадай көзі де əсем.

Қызыл тілде шама жоқ суреттеуге,

Əттең, əттең... бұлайша сөз қылмас ем.

Бейне бір жайнап гүл сияқты,

Лебізі жарқыраған нұр сияқты,

Жүрегі неткен жұмсақ,

Неткен нəзік,

Шапағын шашып тұрған Күн сияқты.

Қызыл тіл!

Сайра, сайра, сал, күшіңді,

Кейіннен мол аларсың алғысыңды,

Жұмыр бас, Сұлулыққа ізет білдір,

Қоя тұр тірлік дейтін тартысыңды.

Сұлулық келеді əне,

Қарсы алыңдар,

Маңайға қуансын деп жар салыңдар.

Ей, пенде! Сұлулықтан əулие емессің,

Ғалымың, академик, маршалың бар.

Өзім де бір сұлуға елтіп қалдым,

Ойымды талай жерге ертіп бардым.

Жүректің ең бір нəзік сезім-жібін

Еріксіз байқаусызда шертіп қалдым.

Бебеулеп, құлазып тұр көңіл жылап,

Сұлудан сөз күтеді қонымдырақ.

Алдында Сұлулықтың санам отыр,

Тағдырдан махаббат пен өмір сұрап.

      Құрметті редакция!  Мен, Күлəш Ма-

хамбетова  аудандық  ауруханада  көп  жыл-

дан  бері  жарты  ставкамен  постель  жуу-

шы  болып  келемін.  Айлық  жалақым – 13 

035  теңге.  Өзім  жалғызбасты  анамын. 

Ұлым  Серік  Қостанай  индустриалдық 

колледжінде 3 курста  оқып  жүр.  Соған 

ауруханадан 

медициналық 

анықтама 

алу  үшін  бухгалтерияға  барсам 3000 

теңге  төле  дейді.  Амал  жоқ,  төледім. 

«Осы 3000 теңгені  жеңілдетіп  төлеуге 

көмектесіңіздер, 

жағдайымды 

жақсы 


білесіздер» - деп  аурухана  басшыларына 

айттым. Олар көмектеспеді.

   Айтайын дегенім – мен сияқты жалақысы 

аз  жəне  көптен  бері  абыройлы  жұмыс 

істеп  келе  жатқан  жалғызбасты  анаға 

көмектесуге болмай ма екен?

  Тиісті мамандардан осыны білгім келеді. 

Егер  ондай  қамқорлық  жасауға  болатын 

болса,  соны  көргім  келеді.  Менің  сұрау 

салуым  заңсыз  болса,  алдын-ала  кешірім 

сұраймын.

Күлəш МАХАМБЕТОВА,

аудан тұрғыны.

Редакцияға хат

ЖЕҢІЛДІКПЕН ТӨЛЕУІМЕ 

БОЛМАЙ МА?

ҒАЖАЙЫП БІР СЕЗІМНІҢ ҚҰШАҒЫНДА

    Кез-келген ұлттың мəдени құндылықтaры мен 

менталитетінің aстарындa сол халықтың рухaни 

негізі  болып  тaбылатын,  дүниені  қaбылдау 

жəне  ойлaу  жүйесін  көрсететін  ерекшеліктері 

бaр.  Ұлттық  мінез-құлықтың  қaлыптасуынa 

əсер ететін жəне дəстүрлі тұрмыс-тіршілігіндегі 

мəдени  белгілерінде  көрініс  тaбaтын  рухaни 

құбылыс – діни  нaным-сенімдердің  негізінде 

сaнадa  қалыптасқaн  киелі  ұғымдaр  мен 

түсініктер.  Бұл  ұғымдар  сaкралданып,  ұлттық 

сананың терең қатпарларында сақталады жəне 

ұлттық  мəдениеттің  рухани  түп-тамырына  ай-

налады.  Қазақ  халқының  дүниетанымында 

архетип  ретінде  көрініс  тапқан  жəне  ұлттық 

дəстүрлерде  сақталған  киелі  ұғымдарды 

айқындап,  оларды  қазақ  мəдениетіне  тəн 

құбылыс ретінде көрсету болып отыр.    

    Біріншіден Қазақ қоғамының дүниетанымында 

тəңіршілдік-зороастралық  сенімдер  мен  салт-

жоралар  белгілері  арқылы  айқын  көрініс 

тапқан. Қазақ мəдениеті мен салт-дəстүрлерінде 

тəңіршілдік айырықша орынға ие болған.

  Исламға  дейін  қазақ  халқының  дүниетан-

ымында 


тəңіршілдік 

түсінігі 

өзінің 

құлшылығымен,  қасиеттілігімен,  шіркеулік, 



храмдық 

құрлыстарымен, 

дəстүрімен 

монотеистік дін болуы мүмкін еді. Бірақ Ислам 



Дініміз - демеушіміз

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҰҒЫМДАР

дінінің қазақ жеріне келуі мен таралуы салдары-

нан тəңіршілдік өз мəнін жоғалтты, кейін халық 

арасында  Тəңір  ұғымы  Алла  ұғымын  меңзейтін 

болды. 


    Қазақ халқының дүниетанымында шамандық 

ұғым  да  қалыптасқан.  Шаманизм  қазақ 

мəдениетіне  өз  əсерін  тигізген  діни  жүйе 

жəне  бақсылық  формасында  көрініс  тапқан. 

Шамандық  (бақсылық,  балгерлік) – рухтармен 

ерекше  байланыс  жасау  арқылы  адамдардың 

виртуалдық  (тылсымдық)  дүниесіне  əсер  етудің 

ерекше бір тəсілі ретінде қолданылған.

   Шаманизмді зерттеу барысында қазақстандық 

ғалымдар  екі  көзқарасты  ұстанады.  Мысалы: 

Ғалым Қ.Ш.Шүлембаев шаманизмді Қазақстанда 

кең  тараған  діни  наным-сенімдердің  бірегейі 

деп  санады. «Шаманизм  анимизм  мен  магия 

элементтері  басым  “пұттық”  діндердің  күрделі 

қоспасы»  деп  қарастырған  болса.  Ғ.  Есімнің 

«Шамандық  деген  не?»  атты  мақаласында 

«шамандық пен бақсылықты əр түрлі, үш қайнаса 

сорпасы қосылмайтын құбылыс деп қарастырып, 

шамандық туралы: «...шамандық деген дін жоқ... 

шаманизм  діндердің  синкретизмінен  туған, 

қолдан жасалған түсінік» деп түсіндіреді. 

     Екіншіден - қазақ мəдениетіндегі төлтума ата-

тектік  діни  түсініктер  мен  наным-сенімдердің 

діни дүниетанымдағы орны жəне мəні. 

    Келесі  қазақ  халқының  дүниетанымындағы 

ұғымдардың  бірі  «Ырыс»  ұғымы.  Ырыс – 

дəстүрлі қазақ дүниетанымындағы материялдық 

ерекшеліктері  мен  киесін  анықтайтын  ұғым. 

Халық санасында адамға бақ қонудың көрінісі 

абройының артуы, істеген ісінің ақталып, еңбегі 

жануын  ырыс  деп  түсінген.  Дəстүрлі  қазақ 

дүниетанымында молшылыққа кенелуінің шар-

ты  береке-бірліктің  артыуымен  түсіндіреді,  ал 

жеке тұлғаға ырысты болуы жеке адамгершілік 

қасиеттерінің жоғары болуы деп есептеген. Бұл 

ұғым  атадан  балаға  берілу  арқылы  ғасырлар 

бойы жалғасын тауып отырған.

        Ұлттық  қазақ  дүниетанымында  дəл  осы 

сияқты  ұғымдар  мен  тиымдар  толып  жатыр, 

осы  уақытта  олардың  діни  тұрғыдағы  ұқсас 

жақтарын  талдап  негізгі  мəнін  ашып  көрсету 

керек.


    Елбасымыз Н.Назарбаев «Тарих толқынында»  

атты еңбегінде «тұтас ұлт, ел болу үшін халық 

руханиятының 

бастауларын 

түсінгеніміз 

жөн,  ал  оған  барар  жол  халық  даналығының 

негізінде», – деп көрсеткен. 

        Сонымен,  қазақ  діни  дүниетанымындағы 

ислам діні негізінде қалыптасқан ұғымдар мен 

рухани  құндылықтар  өзара  тығыз  ұштасып 

байланыса  келе,  қазақ  халқының  тілі  мен 

ділінде,  күнделікті  өмір  салты  мен  мəдени 

дəстүрлерінде берік орын алғанын байқаймыз.

Төлеу ҒИБАДАТ,

МДХО аға сарапшысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет