Амтамасыздандыру



бет19/51
Дата07.09.2022
өлшемі484.5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
main ()
{
char ch;
int i; float fl;
fl=i=ch='A';
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl);
// ch=A i=65 fl= 65.00
ch=ch+1; // ch=66
i=fl+2*ch; // i=65.00+2*66=197
fl=2.0*ch+1; // fl=2*66+1=133
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl);}
// ch=B i=197 fl=133.00



  1. Келтіру операциясы. Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады. Мәліметтердің көрсетілген қажетті типіне келтіру үшін Си тілінде арнайы бір тәсіл бар. Бұл тәсілде типтердің кел­тірілуі келесідей түрде қолданылады: айнымалының алдында дөңге­лек жақшада қажетті типтің аты жазылады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады: (тип)өрнек. Мысалы:

int m;
float x,y;
y=pow(x,2)+sqrt((double)m);



  1. Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылуы мүмкін. Си тіліндегі қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==, !=, <, <=, >, >=,

Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақиқат болса, шарттық өрнектің мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарттық өрнек мәні 0-ге тең болады. Қатынас операциясының приоритеті арифметикалық операция­лар­ға қарағанда, төмен және меншіктеу операторымен салыстырғанда жоға­ры болады. Ал қатынас операцияларын приоритет­теріне сәйкес етіп екі топқа бөлуге болады. Мұнда соңғы 4 операция­ның приоритеті 1-ші және 2-ші опе­ра­циялар приоритетімен салыстыр­ғанда жоғары болады.



  1. Логикалық оператор. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық опе­ра­торлар бар:

    1. және (&&) операциясы; fl1 && fl2

2) немесе   (or) операциясы; fl1   fl2 (код | - 124)

  1. терістеу (not) операциясы. !fl2

Терістеу (емес, қарсылық) операциясының приоритеті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады. && операциясы­ның проритеті | | (or) операциясымен салыстырғанда жоғары, ал осы екеуі­нің приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншік­теу операциясынан жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет