Амтамасыздандыру


Лекция мазмұны: 1. Құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары



бет21/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51

Лекция мазмұны: 1. Құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары


Программалау теориясында кез келген күрделі программаны 3 түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дәлелденген, олар:
сызықтық, тармақты және циклдік құрылымдар. Осы 3-еуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады.
Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бірнеше операторлардан тұрады.
Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы
Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.
Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, ; таңбасымен аяқталады.
Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты қарапайым құрылымды программа алу болып саналады. Мұндай программалар оңай оқылады, түзетіледі және керек болса, оңай өзгертіледі. Құрылымдық программалауда goto операторын қолдануға болмайды, өйткені ол программа логикасын түсінуді қиындатады. Бірақ кейде goto операторын қолдану қажет болатын кездер болады.
Программа жұмысын басқару операторларын программаның басқарушы конструкциясы деп атайды. Олар:

2. «Өрнек» немесе меншіктеу операторы


Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; .
Мысалдар:
i++;
a+=2;
x=a+b;

3. Құрама операторлар


Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда, айнымалыларды сипаттау жолдары болады. Мысалы:
{
n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}

{
int n=0;


n++; бұл блок
summa+=n;
}

КӨШУ ОПЕРАТОРЫ


Шарттсыз көшу операторы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет