Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады



бет1/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады:
1) қанның толу дәрежісі өзгеретін — толыкқындылық (артериялық, веналық) пен қаназдық;
2) қан тамырларының өткізгіштігі өзгеретін — қан кету (қан қүйылу) мен плазмаррагия (плазма ағу);
3) қанның ағысы мен сипатының, яғни реологиясының бүзылуына негізделген — стаз, сладж-феномен, тромбоз бен эмболия.

І. Толақандылық (гиперемия). Артериялық және веналық толақандылық түрлерін ажыратады.
Артериялық толақандылық дегеніміз – артериялық қанның ағымының көбеюі салдарынан тінде, ағзада қан толудың жолдары.
Артериялық толақандылықтың жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады.

  • Жалпы артериялық толақандылық – айналымдағы (циркуляциядағы) қанның көлемінің ұлғаюы немесе эритроциттердің санының көбеюі кезінде байқалады. Мұндай жағдайда, тері жамылғысының, кілегейлі қабаттың қызыл түске боялануы және артериялық қан қысымының көтерілуі болады.

  • Көбінесе артериялық гиперемия жергілікті сипатта болады және әр түрлі себептерден дамиды.

Түрлері:
- физиологиялық
-патологиялық
Физиологиялық артериялық толақандылық – физикалық және химиялық факторлар әсер еткенде, ұялғанда, ашуланғанда (рефлекторлық гиперемия), ағзалардың қызметі күшейген жағдайда (қызметтік гиперемия) пайда болады.
Патологиялық артериялық толақандылық. Этиологиясы мен даму механизмдердің ерекшеліктеріне қарай келесі түрлерін ажыратады:
- ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия қан тамырларындағы нерв рецепторларының қозуьша байланысты.
- коллатералдық- , тромбоз, эмболия, спазм салдарынан қан тамырларының негізгі салаларында қан жүрмей қалғанда, қосымша қан тамырлары немесе анастомоздар ашылып, қан бармай қалған ағзаларды ауыр, қайтымсыз өзгерістер дамудан сақтап қалады. Егер осы бүйірлік (коллатералдық) қан тамырлар жеткіліксіз болса немесе тез арада пайда болмаса, тіндер, ағзалар некрозға үшырайды
; - анемиядан (ишемиядан) кейінгі гиперемия;
- вакаттық;- Денеге банка (лонқа) қойғанда жергілікті вакаттық гиперемия дамиды. Егер су астында (кессонда) жүмыс істеп жатқан адамды, су астынан тез көтерсе, қысымның күрт төмендеп кетуіне байланысты вакатгық гиперемия пайда болып адамның аузы-мүрнынан қан кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет