«Ќан мен тер» романыныѕ кейіпкерлері



Дата07.02.2023
өлшемі40 Kb.
#66047
түріСабақ

«Қан мен тер» романының кейіпкерлері
(11-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Қан мен Тер» трилогиясының негізгі идеясы мен кейіпкерлерінің тартысын түсіндіру; тәрбиелік – кейіпкерлердің болмыс-бітімі мен көздеген мақсаты жолындағы ұмтылыс әрекеттерін үлгі ету, адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштікке үйрету, дамытушылық – сөз астарына үңіліп, өзекті ой тудыра білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін аттыру, таным белсенділіктерін қалыптастыру, өз бетімен ізденуге жетелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту. Әдісі: жаңа технологияларды, озат тәжірбиелерді пайдалану арқылы оқыту, талдау, әңгімелесу. Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі карталар.
Сабақтың жүрісі. Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту.
Әбдіжәміл Нұрпейісов – әдебиет әлемінің майдангері.
(Әр жылдар еңбектеріне тоқталу).

  1. «Курляндияда» әдебиет әлемімен қауышу.

  2. М.Горький атындағы әдебиет институты – қарымды қаламгерге жол сілтеуші.

  3. Жазушының кіндік кескен мекені – ұлы туындының дүниеге келуіне себепкер.

  4. Әбдіжәміл – аудармашы, сыни мақалдар авторы.

Мағынаны тану.
«Қан мен тер» әлеуметтік тартысқа түскен образдар галереясы. (Роман фабуласын түсіндіру).
Үш кітаптің («Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу») негізгі сюжеттік арқауы – кекті тартыс.
«Ымырт». Еламан – ел ішіндегі араздықтан бас көтере алмай, теперіш-тоқпаққа көндікпеген, қараңғыда тал қармаған әлсіз, шарасыз жан.
«Сергелдең». Күресте өткен аз күн көкжиегі. Еламанға дүрбелең заманның қыры мен сырын түгел түсіндірді.
«Күйреу». Балықшылар тіршілігінен мүлдем шалғай өмірдегі кек пен тартыс. Екі дүниенің өлшеулі тауқыметі.
(Оқушыларға сабақты түсіндіру барысында «Әдебиет лотосын» тарату. Оқушылар өз түсініктерін толтырып отырады.)
Үлгі:

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Қандай оқиғалармен ерекшеленеді

Сіздің тұжырымыңыз?













Жазушы сомдаған кейіпкерлер
Қарапайым еңбек адамдары: Еламан, Мөңке, Дос, Қален, Рай.
Үстем тап өкілдері: Қаратаз,Тәңірберген, Федоров, Андрей, Курнос Иван.
Ерінің ырыздық несібесін тосушылар: Ақбала, Әлия, Айғанша, Ақкемпір, т.б.
Оқиға: «Теңіз үстіндегі дауыл» (Оқушылармен әңгімелеу).
Ой қозғау бөлімі.

  1. Интерактивті тақта арқылы кесте толтыру

    Еламанның өсу жолындағы кедергілер мен қайшылықтар

    Тәңірбергеннің адасу жолындағы Еламанмен қақтығыстары

    Сіздің тұжырымыңыз










  2. Еламан мен Тәңірбергеннің сөздері арқылы екі кейіпкердің мінез тұтастығын ашу.

Әдебиеттегі типтік бейнені көрсету.

  1. Еламан бейнесін топтастыру.

  2. Еламан мен Тәңірберген бейнесін салыстыру.

  3. Үлестірме картамен жұмыс.

  1. «Қадірлі қонағына сойып беретін малы болмаса да ажарлы балықтың дөп келгеніне Еламан қуанды». Бұл эпизодтан балықшылар тұрмысы туралы не айтасыз?

  2. «Құдайменде жылқысына қасқыр шауып, жүйрік атын жарып кетті. Өші Еламанда болып, оны соққыға жықты». Еламанның осы тағдыры қандай көркем шығармамен үндеседі.

  3. «Ашық теңізге шыққан балықшыларға жаңа құралды берме». Шодыр (Федор) сөзінің не жаны бар? Ол қандай адам?

  4. «Көк жүзін қара бұлт басып, қап-қара боп түнеріп, жерге бауырын төсеп, жөңкіп көшіп жатыр. Жел де дәл қазір Темірқазықтан шығып алған. Қаптай соққан қара дауыл желді былғап, бірді-бірге соғып, ойран қып жатыр».

Шығармадағы көркемдік тәсілдерді табыңыз.

  1. «Теңіз үстінің дауылы тіпті қатты еді. Қара дауыл қу қайықты қаңбақтай ұшырып әкелді. Теңіз бетіндегі дауыл көрінісі Еламан өмірінде қалай жалғасын тапты?

Топтастырыңыз.

  1. «Мұз беті қан. Өмір үшін жанталаста қол жеткен жерді тырнағымен осып, жоса-жоса қып айырып тастапты...» Осы үзінді шығарманың атауына арқау бола ма?

Шығармашылық ойтолғау:

  1. Талауға түскен Жер-ананың ырыздық несібесі.

  2. Арал мен Жайықтың бүгінгі күнгі проблемалары үндеседі ме?

  3. Бүгінгі күні балықшылардың еңбектерін бағалап жүрміз бе?

Мұғалім қорытындысы:

  1. Романның «Қан мен тер» аталуы.

  2. Шығарманың тақырыбы мен идеясындағы арқау болатын жағдай.

  3. Бүгінгі өмірдегі роман мен роман кейіпкерлеріне қойылған мәңгілік тұғыры ескерткіш (Интернет материалдары арқылы Ақтөбедегі ескерткіш туралы мәлімет беру).

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Романнан үзінді оқу. Еламанның тағдыры мен Тәңірбергеннің адасу жолының басты себебін анықтау (пікірталас).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет