Анафилактикалық шок Орындаған: Аманкелді Баян



Дата12.10.2022
өлшемі1,55 Mb.
#42632

Анафилактикалық шок

Орындаған: Аманкелді Баян


Нұр-Сұлтан
2022
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Медицина негіздері кафедрасы

Қарастыратын сұрақтарымыз:

1.Анафилактикалық шок: алғашқы көмек

2.Анафилактикалық шок: пайда болу себебі

3.Анафилактикалық шок: клиникалық белгісі

4.Анафилактикалық шок: әсері қандай?

5.Анафилактикалық шок: емі

Бірі білсе, бірі біле бермейді, анафилактикалық шок – ең ауыр аллергиялық рекациядан туатын талма ауруының бір түрі. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адамдардың 10% анафилактикалық шоктан көз жұмады. Жыл сайын жүз мың адамның бесеуі осы дертпен күресе алмай, өмірден озады. Көбінесе бұл дертпен жастар бетпе-бет келеді.

Ең алғаш «анафилактикалық шок» сөзі 1913 жылы француз ғалымы Шарлем Ришенің зерттеуі негізінде пайда болды. Ол өзінің бұл зерттеуі арқылы Нобель сыйлығына да қол жеткізген. Ауру 5 секундтан 5 сағатқа дейінгі аралықта жалғасуы мүмкін.

Анафилактикалық шок: пайда болу себебі

Анафилактикалық шок: пайда болу себебі

Дерттің пайда болуы аллергия басталған кезде туады. Кейде тіпті дәріні қайта-қайта пайдаланғану да сеп болуы мүмкін. Ең негізгі пайда болу себептері:

Пайда болу себептері


Өзбетінше дәрі ішу
– дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек пайдалану;
– рентгенге түсу кезінде немесе диагностикалық ем қабылдау сәтінде;
– денеден қан бөлінуі;
– екпе алу кезінде;
тамақтан улану арқылы;
– жәндік шағуы;
– суыққа төзбеу.

Анафилактикалық шок: әсері қандай?

Бұл дерт пайда болған жағдайда алғашқы көмек көрсетілмесе, науқас тіл тартпай кетуі мүмкін. Бұл кезде он екі мүшенің барлығы дерлік ауырады. Әлсіреп, адам бір орында тұра алмайды. Ең жаманы анафилактикалық шок қайтадан сол сәтте қозатын болса, оның арты жақсылыққа апармайды. Жүректің соғысына кері әсерін тигізіп, жүйке жүйесіне зақым келеді.

Анафилактикалық шок: клиникалық белгісі

Дерттің басталу белгісі ішкі немесе сыртқы күш әсер етуінен көрінеді. Мәселен жүрек айну, бет қызаруы, дақтар пайда болуы, іштің ауруы, диарея секілді түрлі белгілер қабаттасып кетеді.

Анафилактикалық шок: емі

Анафилактикалық шок тумай тұрып, жоғарыда аталған белгілер байқала бастағаннан жедел жәрдем шақырыңыз. Ол келгенше аурып жатқан адамның қан қысымын өлшеуді тоқтатпаңыз. Ал егер жедел жәрдем кешігіп жатқанда тез арада мына әрекеттерді жасауға тырысыңыз:

Анафилактикалық шок емі:


– Аурып жатқан адамды тігінен жатқызыңыз. Қан қысым қалыпқа келу үшін екі аяғының астына жастық немесе биік зат төсеңіз. Төменгі иекті ары-бері қозғап тұрыңыз, тісте протез болған жағдайда алып тастаңыз;
– жүрек қағысы мен қан қысымын тексеру;
– талмаға қарсы дәрілер беріңіз. Көнбесе де тырысу керек;
– дәрігер келген соң ақпаратты дәлме-дәл жеткізіңіз;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет