Аналар үйіне барғандағы жобамызды қорытындыламай тұрып,тарихына көз жүгіртсек. Ана үйі әлеуметтік жобасының негізін белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев қалаған болатын



Дата31.12.2021
өлшемі17,05 Kb.
#22992

Аналар үйіне барғандағы жобамызды қорытындыламай тұрып,тарихына көз жүгіртсек.Ана үйі әлеуметтік жобасының негізін белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев қалаған болатын.Балаларын түрлі себеппен тастап кететін аналарға арнап өз қаражаттынан орталықтар ашты.Бұл идеяны кәсіпкердің достары қолдап, қазір олардың әрқайсысы бірнеше орталыққа жетекшілік етіп отыр.Жалпы айтқанда Ана үйі түрлі қиын жағдайларға байланысты жаңа туған баласын тастап кетуді ойлап жүрген немесе болашақта балалар үйлеріне тапсыруға бел буған жүкті әйелдер осы үйлерде пана тауып,материалдық,моральдық көмек алады.Бізде қоғамға өз үлесімізді қосу мақсатында жалғызбасты,жас аналарға көмек көрсеттік.Әрине біз материалдық тұрғыдан мықты қолдау көрсетпесекте моральдық рухани тұрғыдан қолдау көрсете алдық деп ойлаймын.Түрлі тренинг ойындар өткізіп,қолөнер бұйымдарын жасауды үйретіп,дәмді тағамдар әзірлеп,аналардың көңілін аулап,тек бір сәтке ғана қуаныш сыйламай,қоғаммен араласуына көмек қолын созып және де рухани азық бердік.Біз тек ана мен сәбилерге көмектесіп қана қоймай өзімізге де көптеген пайдамызды тигіздік.Бойымызға адамгершілік,мейірімділік,қамқорлық,жанашырлық және де тағы да басқа көптеген жақсы қасиеттерді дарыттық.Аналар үйіне барып көру арқылы көптеген тағдырлармен таныстық.Тағдыры қанша қиын болсада мойымай, жасымай,тек алға жүретін,батыл да қайсар аналарды көріп,қайран қалдық.Тобымызбен барарда біраз жүрексіндік,қалай болады,бізді қалай қабылдайды,аналарға өз пайдамызды тигізе аламыз ба,алты апталық жоспарымызды жоғары деңгейде алып шыға аламыз ба,деген сұрақтар санамызды жаулап алды.Дегенмен де аналар да іштегі апайларда бізді жақсы қарсы алды.Көтеріңкі көңіл күймен күтіп алып,алты апталық жоспарымызды жоғары дейгейде өтуіне көп көмегін тигізді.Алты апта бойы аналармен де, тобымызбен де тығыз қарым қатынаста болдық.Тобымыздағы қыздардың да түрлі өнерлерін, ашылмаған қырларын көріп таңғалдық. Барлығы да шын көңілмен көмектесіп,аналарға деген сыйластығы,ілтипатылығы көрініп тұрды.

Қорытындылай келе,біз аналар үйіне бару арқылы өзімізге де, қоғамға да кішкене болсын пайдамыз тигеніне сенімдімін. Сөз соңын қазақтың әдемі сөзімен аяқтағым келіп отыр.Қазақта жетімін жылатпаған,жесірін қаңғытпаған деген дана сөз бар.Осы сөзге сай болып туған туыстары қыздарынан теріс айналмаса,жігіттеріміз қаракөз қыздарымызды алдап уысына түсірмесе,өзіне жүктелген міндеттен қашпаса деген тілек бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет