Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов



Дата07.01.2022
өлшемі15,8 Kb.
#17165

Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов

Өнерімен бүкіл республика жұртшылығына танылған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998), күйші, әнші, сазгер, "Құрмет" Орденінің иегері - Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов 1956 жылы 26 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қайнар ауылында, өнерлі-өнегелі әулетте  дүниеге келген. Әкесі – Жолдыбай Құдайбергенұлы ағаштан түйін түйген шебер, Ілебасы өңірінің атақты ұсталарының бірі, шешесі – Үміт Шоғанбайқызы ауыз екі айтысқа ойланбай түсе беретін әнші, шежіреші, ұлттық өнер насихаттаушысы болған. Домбырамен ән айту, күй шерту нағашы атасы Шоғанбайдан дарып, ана тәрбиесінен нәр алған.

Отбасында алты ағайынды. Үйінің үлкені Қанат. Өзінен кейінгі інісі Қайрат Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы ГИТИС-ті "театр және киноактер" мамандығы бойынша бітірген. Ол да музыкалық аспаптардың бірнеше түрінде ойнайтын сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз. Одан кейінгі қарындасы Бибігүл Қаскелең қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітіріп сонда музыка мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Інісі – Талғат, қарындастары – Бибінұр және Нұргүл мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ балауса талантымен танылған жастар.

Қанат Құдайбергенов 1973 жылы Текес орта мектебін бітіріп, 1975 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясында профессор Құбыш Мұхитовтан домбырашы-күйші мамандығы бойынша тәлім алды. 1976 жылы Айткүлмен отау құрады. 1977 жылы оқуды үздік бітіріп, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қарағанды облыстық филармониясының жанындағы "Гәкку" жастар эстрадалық ансамблінде қызмет етті.



1983 жылдан мемлекеттік "Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті. Жұбайы Айткүл екеуі бүкілодақтық жастар творчествосы байқауының лауреаты болды. 1989 жылдан Алматы облыстық филармониясына отбасылық топ болып жұмысқа тұрды. 1998 жылы Елбасының жарлығымен Айткүл екеуіне "Қазақстан Ресбуликасына еңбек сіңірген әртісі" атағы берілді.

Бүгінде олар еліміздің еңбек сіңірген әртістері, «Құрмет» орденінің иегерлері Құдайбергеновтар әулеті ата жолын жалғастырып, қазақтың дәстүрлі ұлттық өнерін насихаттап келеді. Киелі сахнада қос аққудай болып, қазақтың әндерін домбырамен нақышына келтіріп, бірлесе орындап жүріп, өмірге үш ұл мен бір қызды әкелді. Сөйтіп олар өнер жолында шығармашылықтарымен айналыса жүріп, перзенттеріне тәлім-тәрбие мен заман талабына сай білім беріп, оларды да өнерге баулып, шыңға шығуға сүбелі үлестерін қосты. Осылайша бүгінде төрт баласы да ата-анасының ізін басып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет