Анатомия – 120 ом



бет1/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211

АНАТОМИЯ – 120 ОМ 16.04.2020Ж

АЛЛА ҚАЛАСА ЖАҚСЫ ТАПСЫРЫҢДАР!
1.Сүйек тердің құрылысы, жіктелуі.

Сүйек – os – дененің негізгі тіреуіш мүшесі. Адамда шамамен 200-ден астам сүйтектер бар.

Сүйек құрылысына қарай: сүйектік бөліктен – pars osseae және шеміршекті бөліктен – pars cartilagines.

Сыртынан қабықшамен – periosteum – қапталған. Сыртқы қабықша сүйектік өзекшелер арқылы – canalis nutricius –сүйектің кемікті бөлігімен байланысады. Сонымен қатар ол – өсінділерді – processus, қырларды – cristae, бұдырларды – tuberi, т.б. жауып тұрады.

Сүйектік қабықша қызметі: сүйектің бетін жауып тұрады және сүйек тіндерін қоректендіреді.

Сүйктің құрылысында ұлпаның барлық түрлері кездеседі, бірақ негізгісі – сүйек ұлпасы.Сүйектің сыртқы ұлпасы тығыз (қатты), ал ішкі жағы кеуек, жұмсақ (борпылдақ) заттан тұрады. Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әртүрлі бағыттарда торланған. Сүйек қалыңдап өседі, сондықтан жасқа қарай сүйектің қалыңдығы әртүрлі болады.

Сүйек майы – medulla osseum – кеуек сүйектердің кемік затында, ал ұзын сүйектердің түтікше қуысында орналасады.ол қан жасап шығарушы мүше. Қызыл және сары май болып екіге бөлінеді.

Қызыл сүйек майы – medulla ossium rubra –қан тамырлар мен жүйке талшықтарына бай, олардың арасында қан жасап шығаратын элементтер орналасқан. Көбіне жазық, кеуек, кемік сүйектерде кездеседі. Жас адамның жілігінде қызыл жілік майы көп болады, жас ұлғайған сайын оның орнын май ұлпасы басады.

Сүйектің сары майы – medulla ossium flava – негізінен май ұлпасынан тұрады. Майдың түсіне қарай ол сары болып келеді.

Сүйектің химиялық құрылымы: 50% - судан, 2,5% - құрамында ақуызы бар органикалық заттардан, 21,5% органикалық емес минералды заттардан, 15%-і майдан тұрады. Сүйектің құрамындағы органикалық және органикалық емес заттар арасындағы арақатынасы жасына қарай өзгереді. Жастың ұлғаюына байланысты органикалық заттар азайып, бейорганикалық заттар көбейеді. Сол себептен, кәрі адамның сүйегі сынғыш болады.

Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана емес, пішіні мен құрылысына да байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет