Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Ас қорыту мүшелерінің қызметтері



бет30/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Ас қорыту мүшелерінің қызметтері.
1.Секреторлық қызметі яғни сөл шығару қызметі. Оны асқорыту қызметіне қатысты сөл бөліп шығаратын бездер атқарады: сілекей бездері, ішек қарын бездері, ұйқы безі, бауыр. Жалпы осы бездерден тәулігіне 8,5 литр сөл бөлінеді. Сөл құрамында қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады. Ферменттердің қызметі ас құрамындағы күрделі заттарды кіші молекулалы заттарға ыдыратады.
2.Моторлық қызметі яғни бұлшық еттердің жиырылып жазылу қызметі. Ас қорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде ет талшықтары сақина тәрізді топталып сфинктер еттерін құрайды.Осы еттердің жиырылуынан (моторикасы) ас бір бөлімнен екінші бөлімге қарай өтеді. Ішектердің жиырылуынан яғни перистальтикасынан заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмай қалған заттар ысырылып артқы тесікке жақындап сыртқа шығарылады.
3.Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Зат алмасу процесі кезінде қажетті заттар қанға және лимфаға сіңеді. Сіңу процесі ішектің әр бөлігінде әр түрлі өтеді. Негізгі қажетті заттардың сіңірілуі аш ішекте өтеді. Тоқ ішекке келгенде су сіңіріледі. Асқазанда негізінен су, тұз, дәрі дәрмектер, спирт сіңіріледі.
4.Экскреторлық қызметі яғни қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі. Зат алмасудың қорытылмай қалған ас қалдықтары нәжіс түрінде сыртқа шығарылады. Ас қалдықтарына несеп қышқылы, мочевина, дәрі дәрмек, артық тұздар жатады.
5.Эндокриндік қызметі. Ас қазан ішек жолдарында көпеген гормондар түзіледі. Олар қанға өтіп, асқорыту, зат алмасу, өсу,даму процестерін реттеп отырады. Сол гормондардың 25 түрі белгілі. Оларға пептидтер, сонымен қатар гастрин, секретин, энтерокинин, гастрон жатады.


Ауыз қуысының кіре-берісі: ерін, ұрт, қызыл иек.
Ауыз кіре берісі: сыртқы жағынан ерін және ұртпен, ішкі жағынан тістермен шектелетін саңылау тәрізді қуыс.
Ауыздың кіре-берісі ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен байланысады. Ауыз саңылауы, rіma orіs, жоғарғы және төменгі жақтарынан еріндермен, labіum, шектеледі. Еріннің негізін ауыздың дөңгелек бұлшықеті түзеді. Еріннің сыртқы беті терімен, ішкі жағы шырышты қабықпен қапталады, ал аралық бөлігі түлемейтін эпителийден тұратын терімен қапталады.
Жоғарғы және төменгі еріннің қиылысатын жерін езу деп атайды. Жоғарғы еріннің сыртқы бетінде мұрын-ерін жүлгесі, ал төменгі еріннің сыртқы бетінде иек-ерін жүлгесі орналасады. Еріндердің ішкі бетінің орта тұсында жоғарғы және төменгі ерін үзеңгілері болады.
Ұрт, bucсаe, сыртқы жағы терімен және ішкі жағы шырышты қабықпен қапталады. Негізін ұрт бұлшықеттері түзеді. Ұрт бұлшықеті мен терінің арасында майлы дене орналасады. Ұрт бұлшықетін екінші үлкен азу тіс тұсында шықшыт безінің өзегі тесіп өтіп, ауыз кіре берісіне ашылады. Ұрттың терісі жұқа, онда тері және май бездері, шаш фолликулалары көптеп орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет