Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет40/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
Тік ішек, rectum жуан ішектің соңғы бөлігі. Тік ішектен нәжіс жиналып, соңынан организмнен шығарылып отырады. Тік ішектің ұзындығы 12-15см, диаметрі 2,5-7,5см, кіші жамбас қуысында орналасады. Mүшенің артында сегізкөз және құйымшақ, алдыңғы жағында еркектерде қуық асты безі, несеп қуығы, шәует қуықшасы мен шәует әкететін түтіктің ампуласы, ал әйелдерде жатыр және қынап орналасады.
Тік ішектің кіші жамбас қуысында орналасқан кеңейген бөлігін тік ішектің ампуласы, ampulla rectі, деп атайды. Тік ішектің шатаралық арқылы өтетін жіңішкерген бөлігін аналды өзек,canalіs analіs, деп атайды. Аналды өзек сыртқа артқы өтіс тесігі, anus, арқылы ашылады.
Тік ішектің шырышты қабатында 6-10 тұрақты қатпарлар түзіледі. Бұл тұрақты қатпарларды артқы өтіс бағандары,columnae anales, деп атайды. Артқы өтіс бағандарының арасында артқы өтіс қойнаулары,sіnus analіs, орналасады. Артқы өтіс қойнаулары көбіне ауру тудыратын микробтар енетін қақпа болып табылады.
Қойнаулар мен артқы өтіс арасындағы тіндер қабатында веналық өрім орналасады; қатты қан ағып кеңеюін геморрой деп атайды.
Бұлшықет қабаты дөңгелек және бойлық тегіс ет талшықтарынан тұрады. Ішкі дөңгелек қабаты жақсы жетілген және бұл бұлшықеттер артқы өтіс өзегінде артқы өтістің ішкі (еріксіз) қысқышын, сыртқы жағында көлденең жолақты ет талшықтарынан түзілген артқы өтістің сыртқы (ерікті) қысқышы түзіледі.


Тоқ ішектегі астың қорытылуы, дефекация жайлы түсінік.
Тоқ ішектін ішкі қабаты - кілегейлі қабық көптеген келденең орналасқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер, ойықтар, ойық жерлерде муцин шығаратын жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға, қажетті заттардың қанға сіңуіне бейімделген.
Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ, аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік заттар калдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді.
Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді. Тоқ ішектегі перистальтикалық қимылдар нәтижесінде химусты әрлі-берлі жылжытып отырып, қанға судың сүзілуін тездетеді, Осының салдарынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Адам тәулігіне бір рет үлкен дәретке отырады.
Тоқ ішекте нәжіс калыптасады. Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады. Нәжісті сыртқа шығару ас қорьту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару дефекация деп атайды.
Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар, олар, аш ішекте ыдырамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады.
Тоқ ішекке келіп түскен ақуыздарды шірітетін микробтар да бар. Шіру нәтижесінде тез қанға сіңетін улы заттар (индол, скатол т. б.) түзіледі. Олар қанға сіңіп кақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет