Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет44/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Өттің асқортудағы маңызы
* өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липаза ферментін әсерін күшейтеді.
* өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге бөледі эмулсияға айналдырады
* май қышқылдары мен глицерин лимфаға сіңуі үшін мицеллаға айналу қажет,мицелла эмулсияланған ен үсақ май тамшыларынан 100 есе ұсақ.
* өт ішектің қимылын күшейтеді
* өттің бактерияларды өлтіретін қасиеті бар
* өт майда еритін витаминдердің ,холестериннің сіңуін жеңілдетеді
Кезегкен жүйке өт бөліінуін күшейтеді,симпатикалық тежейді.


Ұйқы безі. Орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Ұйқы безі, pancreas аралас қызметті ас қорыту безі. Ол он екі елі ішекке тәулігіне 2 литрге жуық сөл бөледі (экзокринді қызметі). Сөлдің құрамында көмірсуларды, майларды және ақуыздарды ыдырататын ферменттер болады. Бездің паренхимасында 1,5 млн жуық панкреастық аралшалар (Ларгенганс-Соболев аралшалары) болады. Бұл аралшаларда альфа және бета жасушалары болады. Альфа жасушаларынан глюкагон, бета жасушаларынан инсулин гормондары өндіріледі. Аталған гормондар көмірсулардың жасушалармен жұтынуын реттейді (эндокринді қызметі).
Ұйқы безінің салмағы 70-80гр жуық, ұзындығы 17см, қалыңдығы 2-3см жуық. Ұйқы безі құрсақ қуысында асқазанның артында орналасады. Бездің басы, денесі және құйрығы болады. Ұйқы безінің басы, caput pancreatіs, он екі елі ішек таға тәрізді орап жатады. Ұйқы безінің денесі, corpus pancreatіs, алдыңғы, артқы және төменгі беттері болады. Ұйқы безінің құйрығы, cauda pancreatіs, көкбауыр қақпасына дейін созылады. Ұйқы безінің өне бойымен, құйрығынан басына қарай бағытталатын ұйқы безінің тұтігі, ductus pancreatіcus, орналасады. Ол он екі елі ішектің төмендеуші бөлігінің үлкен емізікшесіне жалпы өт түтігімен бірге ашылады. Бездің басы арқылы он екі елі ішектің үлкен емізікшесінен 2-3см қашықтықта орналасқан кіші емізікшеге ашылатын ұйқы безінің қосымша түтігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет