Анатомия және физиология



бет1/3
Дата30.10.2022
өлшемі24,1 Kb.
#46250
  1   2   3


Анатомия және физиология
Тақырыбы: Қол мен аяқ сүйектері. Ірі буындары. Артрит және артроз.
Жоспары:
1.Қол- аяқ сүйектеріне жалпы шолу.
2.Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері.
3.Аяқ сүйектері, құрылысы, ерекшеліктері.


Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады.
Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады.
Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акромион) өсіндісіне жалғаса, көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. I қабырға мен жауырынның тұмсық өсіндісіне сіңір байламдары арқылы жалғасып тұрады. Бұғананың қызметі иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қозғалуына жағдай жасайды.
Жауырын - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сырткы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойысы дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады. Ол жауырынды жалүсті және жаласты ойыстарына бөліп тұрады. Жауырын жалы сырт жағына қарай кеңейіп келіп, иық өсіндісіне жетеді. Оны акромион деп те атайды. Сыртқы бұрышында жатқан буын ойысы тоқпан жілік басымен байланысып, иық буынын түзеді. Жауырынның жоғарғы жиегі құстұмсық өсіндісіне жалғасады. Жауырын мен бұғана өзара бір-бірімен байланысып, иық белдеуін түзеді.


Жауырынның сыртқы (А) және ішкі (Б) жағынан көрінісі
1. Жоғарғы жиегі. 2. Жоғарғы бүрышы. 3. Ортадағы жиегі. 4. Төменгі бұрышы. 5. Сыртқы жиегі. 6. Жауырын ойысы. 7. Жауырын мойыны. 8. Буын беті 9. Құстұмсық өсіндісі. 10. Иық өсіндісі. 11. Жауырын жалы. 12. Жауырын жалы. 13. Жалүсті ойыс. 14.Жаласты ойыс.
Ал қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері жатады.


Тоқпан жілік - іші куыс жілік сүйектер қатарына жатады. Оның денесі — диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Денесі сүйектің ортасында орналаскан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі белігі үш қырлы. Денесінің ортасында дельта еті жалғасатын атгас бұдыры және қан тамыры өтетін қоректік тесіктері болады. Жоғарғы эпифизінде жарты шар пішінді басы бар. Одан айнала сәл жіңішкерген жерін анатомиялық мойыны дейді. Бұдан соң үлкен және кіші төмпешіктер жатады. Екеуінің аралығында төмпешік аралық сайы болады. Диафизге өтетін жеріңде жіңішкеріп келген хирургиялық мойыны жатады. Өйткені бұл сүйек осы жерден көбірек сынады. Төменгі эпифизінде екі буын беті бар, оның ішкі шығыршық тәрізді буын беті шынтақ-жіліктің буын ойындысына, сырт жағындағы шар тәрізді буын беті кәрі жілік сүйегінің буын басына сай келеді. Осы буын беттерінің алдыңғы жағында кіші тәж ойысы, артқы жағында тереңірек шынтақ ойысы орналасқан. Бұл ойыстарға шынтақ жіліктің аттас өсінділері қолды жазып, бүккенде кіріп тұрады. Тоқпан жіліктің төменгі эпифизінің екі жағында бұлшық еттер буын сіңірлері тіркелетін ішкі және сыртқы айдаршық өсінділері жатады. Оның ішкісі сыртқысына карағанда шығыңқы келеді.


Білек сүйектері шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен түзілген.
Шынтақ сүйек білектің ішкі жағында, кәрі жілік сыртқы жағында орналасқан.
Шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінде айшық ойындысы бар. Ол тоқпан жіліктің шығыршықтәрізді буын бетімен байланысып, шынтақ буынын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет