Қаныш Сәтпаев несімен белгілі: Жезқазған кен орнын ашуы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президент



Дата31.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#64170

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


Қаныш Сәтпаев несімен белгілі:Жезқазған кен орнын ашуы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президент

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


Қазақ ұлттық техникалық университеті — Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді.
Қазақстанда геология, тау-кен ісі, металлургия саласында ғылыми және практикалық қызметтің қалыптасып, дамуы барысында институт өте маңызды роль атқарды. Институт базасында қалыптасқан ғылыми мектеп республикада шикізат кені базасын дамытуға, тау-кен және металлургиялық өндірісте жаңа технологияларды ұйымдастыруға сүбелі үлес қосты.
Сәтбаев университеті – Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Қ. И. Сәтбаев атындағы университеттің – республикадағы инженерлік білім беретін ең басты оқу ордасының тарихы мемлекеттің тарихымен, оның ғылымымен, мәдениетімен, жоғары білім беру жүйесімен сабақтасып, ұштасып жатыр.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен Университетке ерекше мәртебе беріліп, 2014 жылы - «Ұлттық зерттеу техникалық университеті» дәрежесі берілді. 2017 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Сәтпаев университеті (Satbayev University) болып өзгертілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет