Анықтамалық Салыстырмалы немесе кереғар Дәлелдеме Аргументті Әдеби Эссе жазудың талаптары



Дата31.12.2021
өлшемі248,52 Kb.
#23585
түріАнықтамалық

Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді. Шығармашылық - танымдық іс-әрекет Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс

ЭССЕНІҢ ТҮРЛЕРІ

  • Сипаттамалық
  • Шығармашылық
  • Анықтамалық
  • Салыстырмалы немесе кереғар
  • Дәлелдеме
  • Аргументті
  • Әдеби

Эссе жазудың талаптары

1.Тақырыпты мұқият ойланып таңдаңыз.

2.Тақырыптан ауытқымаңыз

3.Негізгі бөлімді бірнеше абзацқа бөліңіз.

4.Дәлелдерді, ақпараттарды жинаңыз.

5.Идеялар тізімін жазып шығыңыз.

6.Реттілікті сақтай отырып жоспарлаңыз.

7.Кіріспе бөлімін жазыңыз, тезис ойлап табыңыз.

8.Абзацтарды байланыстырушы сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс қолданыңыз.

9.Қорытынды бөлімін жазыңыз.

10.Жазғаныңызды оқыңыз, қателеріңізді түзетіңіз.Тақырыптан ауытқымаңыз!

Эссенің құрылымдық бөлімдері

  • Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі Кіріспе
  • Тақырыпты дамыту

    • теория, фактілер, идея, ақпараттар, параллелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдеу (аргументтеу)

    Негізгі бөлім

    • Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы Қорытынды

    Кіріспе және қорытындыда ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді

Шығармашылық эссенің ерекшеліктері

  • Логикалық жүйелі ой;
  • Елестете алу қабілеті ;
  • Сипаттап жеткізе алуы;
  • Әсерлі баяндай алуы ;
  • Қуаныш, қорқыныш, таңқалу, т.б. сезімдерін жеткізе
  • алуы;

    Аудиторияны баурап алатын айшықты тіл;

  • Шығармашыл ұшқыр қиял.

«Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». (Мағжан Жұмабаев).

Аргументативті эссе

  • Аргумент дегеніміз – логикалық негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір шешім.
  • Аргументативті эссе – даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма. Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.
  • Аргументативті эссенің мақсаты - аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру және оларды өз жағына көндіру. Басқа емес, тек сол ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдау.

Аргументативті эссенің құрылымдық бөлімдері

  • КІРІСПЕ: Тақырыпты тұжырымдау; Тақырыптың өзектілігі; Біршама пікір алшақтық; Тақырып құрылымын қарастыру және негізгі ойға көшу
  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Автордың алға қойған (2-3) шешімі (дәлелдері). Шешімдерді талқылау кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау. Шешімдерді растайтын дәлелдемелер және қолдау (фактілер немесе мысалдар). Қарсы дәлелдерді немесе қайшылықты шешімдерді қарастыру (неліктен әлсіз екенін көрсету қажет, ал автордың мақұлдауы күшінде қалады).
  • ҚОРЫТЫНДЫ: Негізгі шешімді қайталау. Негізгі шешімді қорғайтын екі-үш ұсыныс сөйлем, түйінді аргументтер. Ұсынылған шешімдерді қабылдамаған жағдайдағы келетін зияндар туралы жалпы ескертулер және аталған тұжырымның пайдалы жақтары туралы жалпы қорытынды сөз.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет