Антрацентуындыларының химиялық құрылымдары өте ұқсас болғанымен оларды фармакологиялық әсеріне қарай ажыратуға болады



Дата20.11.2022
өлшемі248,54 Kb.
#51341
түріҚұрамы

Антрацентуындыларының химиялық құрылымдары өте ұқсас болғанымен оларды фармакологиялық әсеріне қарай ажыратуға болады.
Хризацин туындылары іш жүргізетін әсер етеді де ализарин туындылары спазмолитикалық және нефролитикалық әсер көрсетеді. Антрахинондардың бір кетотобын тотықтыру арқылы бұл заттардың қасиетін өзгертуге болады.
Мысалы, “антрон, антронол, хризофан қышқылы, фисцин және эмодин” кешенін хризаробин препаратының құрамында кейбір тері ауруларында соның ішінде псориазда қолданады. Антрацен туындыларының конденсирленген топтары (мысалы, гиперицин) шәйқурай препараттарының антибактериалдық әсерін күшейтеді.
Іш жүргізетін дәрмектердің әсері ішектің перистальтикасына рефлекторлы әсеріне негізделген. Әсер ету механизмі бойынша хризацин туындылары ішектің кілегей қабаттарының рецепторларын тітіркендіргіш іш жүргізетіндер тобына жатады. Олар тік ішектің жұмысына аздап әсер көрсетеді. Антрагликозидтердің препараттарын ұзақ уақыт пайдалануға болмайды олар тұз бен су алмасуды және ағзаның қоректенуін бұзады. Антрахинонды іш жүргізетін препараттарды неврогенді және эндокринді іш қатуларда да тағайындауға да болмайды.


Сана жапырақтары , жемістері - плоды, листья кассии - Folia, fructus Sennae
Үшкір жапырақты сана -Кассия остролистная - Cassia acutifolia Del 
Химиялық құрам. Жапырағында антрогликозидтер, оның ішінде гликоалоээмодин, глюкореин, димерлі қосындыларға жататын сеннозидтер А,В,С,Д бар. Сонымен бірге шикізаттың құрамында флаваноидты қосылыстары (изорамнетин, кемпферол, органикалық салицил, май пальмитин, сторин қышқылдары, микро-макроэлементтер кездеседі.
Фармакологиялық әсері
Іш жүргізетін және геморройға қарсы шәйлар, экстракт,таблетка түрінде, «Сенадексин», «Глаксена», «Сенаде», «Регулакс», «Кафиол»Іш жүргізетіндер.
Таралуы. Африка шөлдерінде, Қызыл теңіз, Ніл жағалауларында, Оңтүстік Аравияда, Суданда мәдени өседі. Оңтүстік Қазақстанда мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. 

Шәйқурай шөбі -трава зверобоя -Herba Hyperici


Шілтержапырақты шәйқурай – Зверобой продырявленный - Hypericum perforatum L.
Шәйқурайлар тұқымдасы –зверобойные- Hypericaceae
Сипаттама. Шәйқурай туысына жататын, биіктігі 30 см-ден 1 м-ге дейін жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік бұтақталған, жапырағы сопақша, онда безді қара дақтары болады. Гүлдері ірі, сыпыртқы кейде қалақша гүл шоғырын құрайды. Гүлінде жасыл түсті, әрі қара нүктелі 5 тостаған жапырақша, сары 5 күлте, түбі 3-ке бөлініп топталып біріккен көп аталық, 1 аналық болады. Жемісі қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанның гзгггпаич барлық жерінде таралған. Шалғынды төбелерде, ағаштар мен бұталар арасында, темір жол жағасында, таулы беткейлерде өседі.
Дайындалуы. Дәрілік мақсатта жеу үстіндегі бөлігін (Herba Hyperici) жемісі пайда болғанға дейін жинайды. Жоғарғы жағынан 25-30 см биіктікте шөбін сабағы мен кесіп алады: тамырында зақым тигізбеу керек. Ең тиімдісі 40 с температурада кептірген жөн. Химиялық құрам. Шайқурайдың шөбінде антроцентуындылары гиперицин (0,1-0,4), псевдогиперицин, протопседогиперицин, гиперин дегидродиантрон, франгулоэмодинантронол бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет