Ақпараттық қауіпсіздік



Дата06.01.2022
өлшемі420,51 Kb.
#14879

Ақпараттық қауіпсіздік


Мақсаты: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялық», «тұтастық» және «қол жетімділік» терминдерінің мағынасын түсіндіру.

Ақпаратты қорғау құралдары

Ақпаратты қорғау құралдары-бұл ақпаратты қорғау бойынша әр түрлі міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын инженерлік-техникалық, электрлік, электрондық, оптикалық және басқа құрылғылар мен құрылғылардың, аспаптар мен техникалық жүйелердің жиынтығы.

Ақпаратты қорғау құралдарын топтарға бөлуге болады:
  • Техникалық;
  • * Бағдарламалық ;
  • * Аралас ;
  • • Ұйымдастырушылық .

Ақпаратты қорғаудың техникалық шараларына бейнебақылау мен дабыл жүйелерін, ақпараттың таралуы мүмкін барлық жолдарды бұғаттап, алдын алатын құралдарды жатқызуға болады.

Ақпаратты қорғаудың программалық шаралары – белгілі бір деректердің қолжетімдігіне құпиясөз орнату, мәтінді шифрлау, файлдарды уақытша жою мен қауіпті программалардан қорғауды қамтамасыз ету.

Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына байланыс арналарын оларға қол жетімдік барынша қиын болатындай етіп тарату мен ұйымның қауіпсіздік саясаты жатады.

Ақпаратты қорғау шараларының тағы бірі – шифрлау, яғни арнайы түрде кодтау. Шифрлауды ең алдымен, құпия ақпаратты қорғалмаған байланыс арналары арқылы тасымалдау кезінде қолданады. Мәтін, сурет, дыбыс, деректер қоры және басқа да ақпаратты шифрлауға болады. Деректерді шифрлау мен шифрдан ашу әдістері мен төрт мыңжылдық тарихы бар криптология ғылымы айналысады.

Ақпаратты қорғау шараларының тағы бірі – шифрлау, яғни арнайы түрде кодтау. Шифрлауды ең алдымен, құпия ақпаратты қорғалмаған байланыс арналары арқылы тасымалдау кезінде қолданады. Мәтін, сурет, дыбыс, деректер қоры және басқа да ақпаратты шифрлауға болады. Деректерді шифрлау мен шифрдан ашу әдістері мен төрт мыңжылдық тарихы бар криптология ғылымы айналысады.


Крип­тог­ра­фия – ақпаратты шифрлау әдістері туралы ғылым.

Крип­тоана­лиз­– шифрдан ашу әдіс-тәсілдері туралы ғылым.



Кілт – шифрлау алгоритмінің параметрі. Оны білу арқылы хабарламаны жасыруға және ашуға болады. Барлық шифрлар (шифрлау жүйесі) екі топқа бөлінеді: симметриялық және асимметриялық (ашық кілтпен).

Симметриялық шифр – хабарламаны шифрлау мен шифрдан ашуда бір ғана кілт қолданылатынын білдіреді.

Ассиметриялық шифрда екі кілт қолданылады: олар – бірбірімен математикалық тәуелділік арқылы байланыс қан ашық және жабық кілттер. Ақпарат барлығына белгілі ашық кілттің көмегімен шифрланады, ал шифрдан ашу хабарламаны алушыға ғана белгілі жабық кілт көмегімен орындалады.

Пікірталас

Интернетте жұмыс істеу ережелерін тұжырымдау.

Нені жасауға болады? Нені жасауға болмайды? Неге сақтықпен қарау керек?



Интернет желісінде жұмыс істеу ережелері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет