Ақпараттық логистика



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі100,74 Kb.
#56004
  1   2   3

Ақпараттық логистика

Советайқызы Аида

Жоспар:

  • Логистикадағы ақпараттық ағымдар және ақпараттық жүйелер.
  • Ақпараттық жүйелердің түрлері және оларды құрудың принциптері.
  • Логистикада штрих-кодтарды автоматтандырылған идентификациялау технологиясын қолдану.
  • Жүк пакетін машинамен оқылатын кодпен маркілеу.

Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті болатын логистикалық жүйеде, логистикалық жүйемен сыртқы орта арасындағы айналатын хабарлар жиынтығы. Ақпараттық ағым қағаз және электрондық құжаттар түрінде болады. Логистикада ақпарттық ағымдардың келесі түрлері болады: ағыммен байланыстырылып жатқан жүйелердің түріне байланысты: горизанталдік және вертикалдік; өту орнына байланысты: сыртқы және ішкі; логистикалық жүйеге қатысты бағытына байланысты: кіріс және шығыс.

Ақпараттық ағым материалдық ағымның алдында оған қарсы, сонымен қатар, соңынан жүруі мүмкін

  • қарсы бағытта жүретін ақпараттық ағым тапсырыс туралы мәліметтерді қамтиды;
  • материалдық ағымның алдында жүретін ақпараттық ағым – бұл жүктің келетіндігі туралы алдын-ала мәліметтер;
  • материалдық ағыммен қатар, бірге жүретін ақпараттық ағым – бұл материалдық ағымның сандық және сапалық параметрлері туралы ақпаратты қамтиды;
  • материалдық ағымнан кейін қарсы жаққа жүкті қабылдау нәтижелері туралы ақпарат, әртүрлі талаптар жүреді.

Ақпараттық ағымның көрсеткіші мен әдісі:

  • Ақпараттық ағым келесі көрсеткіштермен сипатталады:
  • пайда болу көздері;
  • ағымның бағыты;
  • беру және қабылдау жылдамдығы;
  • ағымның интенсивтілігі және т.б.
  • Ақпараттық ағымды келесі әдістермен басқаруға болады:
  • ағымның бағытын өзгерту;
  • беру жылдамдығын қабылдау жылдамдығына дейін шектету;
  • ағымның көлемін жеке учаскенің өткізу қабілетінің шамасына дейін шектету.
  • Ақпараттық ағым уақыт бірлігінде өңделетін немесе берілетін ақпараттың санымен өлшенеді (бит, байт,килобайт, мегабайт). Шаруашылық практикада өңделетін немесе берілетін құжаттардың санымен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет