Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы


 тақырып: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (XVIII-XX ғғ.)



жүктеу 331.52 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата22.12.2016
өлшемі331.52 Kb.
1   2   3

 

6 тақырып: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (XVIII-XX ғғ.) 

XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің 

теориялық  аспектілері.  Дәуірлеу.  Тарихнамасы  мен  деректері.  XVIII  ғ.  біріншіширегіндегі 

Қазақстанның  ішкі  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  Қазақстанға  жасалған 

жоңғар  шапқыншылығы.  «Ақтабан  шұбырынды».  Қазақ-жоңғар  соғыстары.  Жоңғар 

шапқыншылығы кезінде қазақ қоғамының топтасуы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ 

халқының  жасақтарын  басқарған  қолбасшылар  мен  идеологтар.  Бұланты  Аңырақай 

шайқастары.  Жоңғар  шапқыншылығының  зардаптары.  Қазақ-жоңғар  соғыстарының 

халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.  



Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. XV-XVII ғасырлардағы қазақ-орыс 

қарым-қатынасының  алғышарттары.  XVIII  ғ.  Бірінші  ширегіндегі  қазақ-орыс  қарым-

қатынасы. I Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Қазақ отарлауы. 

Қазақстанның  Ресейге  бодандыққа  өтуінің  басталуы:  тарихнамасы  және  деректер. 

Әбілхайыр  хан  мемлекеттік,  саяси  қайраткер  және  қолбасшы.  XVIII  ғ.  екінші  ширегіндегі 

Ресейдің сыртқы саясаты шеңберіндегі Қазақстан.  



Қазақстан  отаршылдық  кезеңінің  басталуы.  XVIII  ғ.  екінші  ширегіндегі 

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы. Қазақстанның ішкі және сыртқы 

саяси  дамуындағы  өзгерістер.  Циндік  Қытай  және  Жоңғария.  Патшалық  Ресейдің 

Қазақстандағы отарлау саясаты. 

Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік. Қазақстандағы ішкі және сыртқы 

саяси жағдай. Абылай ханның егемендікке ұмтылып, біртұтас тәуелсіз қазақ мемлекетін құру 

әрекеті. Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси 

жағдайдың динамикасы мен трансформациясы. 

XVIII  ғ.  соңы  XIX  ғ.  екінші  жартысы  аралығындағы  Қазақстан  және  Орта  Азиялық 

мемлекеттер.  Жоңғар  хандығының  әлсіреуі.  Қазақ-Жоңғар  қатынастары.  Ресей  мен 

Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстан және Жоңғария. 

XVIII  ғасырдағы  қазақ  қоғамы.  Көшпелі  мал  өсіру  қазақ  қоғамының  материалдық 

өндірісінің  негізі.  Қазақ  көші.  Егіншіліктің  даму  ерекшеліктері.  Қолөнердің  жайы. 

Экономикадағы  өзгерістер.  Сыртқы  сауда.  Қазақтардың  қоғамдық  құрылымы.  Әлеуметтік 

бөлініс. «Ақ сүйек», «қара сүйек» ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы. 

Абылай  заманындағы  Қазақстанның  мемлекеттілігі.Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы 

саяси  жағдайы.  Абылай  хан  саяси  және  мемлекеттік  қайраткер,  оның  саяси  тәуелсіздікке, 

егемендікке ұмтылуы. Абылайдың Ресеймен, Цин империясымен қарым-қатынасы. 

Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII  ғ. соңындағы Орталық  Азиядағы геосаяси 

жағдайлардың динамикасы мен трансформациясы. XVIII ғ. соңындағы Қазақстанның сыртқы 

саяси жағдайындағы өзгеріс. 

XVIII  ғ.  соңы  мен  XIX  ғ.  бірінші  жартасындағы  Қазақстан  және  Ортаазиялық 

мемлекеттер. Абылай ханның мұрагерлері басқару дәуіріндегі (XVIIIғ. 80 жылдарынан 1821 

ж. дейін) Орта жүз территориясындағы саяси ситуация. Ресей және Англияның отаршылдық 

экспансиясы  жағдайында  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  егемендік  пен  тәуелсіздікті  сақтап 

қалу  проблемалары.  Ресейдің  Қазақстандағы  әкімшілік  реформалары.  Қазақстанда  хандық 

биліктің  жойылуы.  XVIII  ғ.  мен  XX  ғ.  басы  аралығында  қазақ  халқының  егемендігі  мен 

мемлекеттілік  тәуелсіздігінен  айырылған  кездегі  ұлт-азаттық  қозғалысы.  Негізгі  кезеңдері, 

қорытындылары, проблемалары. 

Қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалысының  бірінші  кезеңі  (1731-1837  жж.). 

Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы 

мен Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы 



бастаған  көтерілістер.  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  басталу  кезеңінің 

идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері. 

 

7  тақырып:  XIX  ғасырдағы  және  XX  ғ.  басындағы  ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ДАМУЫ 

1905-


1907  жж.  Орыс  революциясының  халықаралық  маңызы  және  оның  Қазақстанға 

әсері.  Патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  күшеюі.  Жұмысшы  қозғалысының  басталуы, 

қазақ  шаруаларының  оппозициялық  қозғалысының  өршуі.  1905  ж.  Қарқаралы  петициясы. 

Қазақтардың  Ресейдің  I-III  Мемлекеттік  Думаларының  қызметіне  қатысуы.  Халық  азаттық 

қозғалысындағы  қазақ  интеллигенциясының  рөлі.  Парламенттік  және  ұлттық  автономия 

идеялары. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қайта өркендеу, өсу проблемасы. 

XX  ғ.  басында  Қазақстанда  ұлттық-демократиялық,  реформаторлық  қозғалыстардың 

қайта  көтерілуі.  Қазақтың  саяси,  интеллектуалды,  рухани  элитасы.  (Ә.Бөкейханов, 

М.Дулатов,  А.Байтұрсынов,  ағайынды  Досмұхамедовтер,  М.Тынышбаев,  Ш.Құдайбердиев, 

т.б).  Ұлттық  өзіндік  сананың  қалыптасуындағы  «Қазақ»  газеті  мен  «Айқап»  журналының 

рөлі. 

Метрополия Ресей және отар Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыста. Қазақстандағы 



1916  ж.  оқиғалар:  себептері,  сипаты,  сабақтары.  Қозғалыстың  негізгі  ошақтары  және 

қозғалыстың  лидерлері.  Патшаның  1916  ж.  15  июндегі  жарлығына  түрлі  әлеуметтік 

слойлардың қатынасы. Қозғалыстың жеңілу себептері, тарихи маңызы. 

1917  ж.  Қазақстан.  Ұлт-азаттық  және  ұлттық  демократиялық  қозғалыстар.  Ресейдегі 

буржуазиялық-демократиялық  революция,  оның  Қазақстанға  жасаған  ықпалының 

ерекшеліктері. В.И. Лениннің қоғамдық-саяси қызметі. Кеңес органдарының құрылуы. 1917 

ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, 

«Алаш» қозғалысы және партиясы, «Үш жүз», «Шуро- и улемия» т.б. 

Жаңа заман кезіндегі ұлттық идея мен ұлттық мемлекеттіліктің эволюциясы. XVIII ғ. 

басынан XX ғ. бас кезіне дейінгі аралықта қазақ халқының өзіндік ұлттық санасының өсуі. 

Дүние  жүзі  халықтарының  жаңа  замандағы  ұлттық  қайта  өрлеу  тарихи  тасқынындағы 

Қазақстанның орны. 

 

8 тақырып: ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 

1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының 

революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері 

(Отарлық  революция),  «Қаланың  революциясы»  т.б.  мәселелер  бойынша  туралы 

дискуссиялар.  Қазақстанда  Кеңес  өкіметі  орнауының  ерекшеліктері.  Өлкедегі  саяси  - 

әлеуметтік  ситуация.  Азаматтық  карсыласудың  басталуы.  II  жалпы  қазақ  съезі  және  оның 

ұлттық  автономия  туралы  шешімі.  «Алаш»  партиясы  –  саяси  күрес  факторы.  «Қоқан 

автономиясын» талқандау. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оны қоғамның қабылдауы. 

Азамат  соғысы  (1918-1920  жж.)  халық  трагедиясы.  Саяси  ситуацияның  ушыға  түсуі, 

азаматтық  карсыласудың  одан  әрі  өршуі.  Қазақстанның  солтүстігі  мен  Солтүстік  – 

шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің 

батысы  мен  оңтүстігіндегі  оқиғалар.  Жетісу,  Орал,  Ақтөбе,  Түркістан  майдандарының 

құрылуы.  Халық  баррикадалардың  әр  түрлі  жақтарында:  азамат  соғысы  кезінде  қоғамның 

соғыс  –  саяси  жағынан  дифференциялануы.  «Ақ»  және  «Қызыл»  террор.  Соғыс 

жылдарындағы  саяси  партиялар  мен  қозғалыстардың  ролі  мен  орны.  «Революциялық», 

«контрреволюциялық» өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі. Азамат соғысының 

әлеуметтік – экономикалық және саяси қорытындылары. 

Қазақ  кеңестік  мемлекеттілігінің  құрылуы.  Қазақ  өлкесін  басқару  жөніндегі  

Революциялық  комитеттің  құрылуы.  Ревкомдардан  Кеңестерге  көшу.  РСФСР  БОАК  мен 

ХКК-нің  Түркістан  ісі  жөніндегі  Комиссиясының  қызметі.  Кеңес  Үкіметінің  1920  ж.  26 

тамыздағы  «Автономиялы  Қырғыз  (Қазақ)  Социалистік  Кеңестік  республикасын  құру 

туралы»  Декреті.  ҚАКСР  Кеңестерінің  Құрылтай  съезі.    «Қазақ  АКСР  еңбекшілері 


праволарының  Декларациясы»  жіне  оның  мазмұны.  Республикасының  Орталық  Атқару 

Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылуы. 



Қазақстандағы  «Соғыс  коммунизм»  саясаты  (1918-1921  ж.  наурыз)«Соғыс 

коммунизм»  большевиктердің  «тауарсыз  утопиясын»  іске  асырудағы  алғашқы  әрекеті. 

Өнеркәсіпті  национализациялау.  Тауар-ақша  қатынастарын  тоқтату  (еркін  саудаға  тиым 

салу,  еңбек  ақы  төлеуді  наатуралдандыру  т.б.)  Экономиканы  басқаруды  орталықтандыру. 

Азық-түлік  диктатурасын  ендіру  (Мемлекеттің  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  дайындауға, 

бөлуге монополия орнатуы –алым-салық салғырты). Өндіріс құралдарын (жер, жұмыс көлігі, 

еңбек  құралдары)  арендаға  беруге,  жұмыс  күшін  жалға  беру  (жалдамалы  еңбек) 

қатынастарына тыйым салу. 

«Таптық  террордың  »  күшеюі.  Экономиқалық  дағдарыс  –  «Соғыс  коммунизм» 

саясатына бағытталған реакция. Өнеркәсіптің құлдырауы. Ауыл шаруашылығы өнімінің кері 

кетуі. 1921-1922 жж. Аштықтың кайыршылық масштабы. Қоғамда әлеуметтік шиеленісудің 

өсуі  және  саяси  дағдарыс.  Шаруалардың  қарсылық  қозғалыстары:  өлкедегі  кеңесе  карсы 

көтерілістер. 

Қазақстандағы  ЖЭС.  ЖЭС-ке  көшудің  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси 

алғышарттары.  Орта  және  ұсақ  өнеркәсіпорындарын  денационализациялау.  Тауар-ақша 

қатынастары қызметінің ұлғаюы (саудаға еркіндік беру, еңбекке заттай ақы төлеуді ақшамен 

ауыстыру,  1922-1924  жж.  Ақша  реформасы).  Азық-түлік  диктатурасын  жою  (алым-салық 

салғыртын салық қатынастарымен ауыстыру). 

Социалистік,  капиталистікке  дейінгі  және  стихиялық-рыноктық  тенденциялардың 

күресі:  «кім-кімді»  мәселесі.  Экономикада  көп  укладты  құрылымның  қалытасуы. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы және оның нәтижесі. 



Өлкедегі  Кеңестік  мемлекет  құрылысы.  Территориялық-әкімшілік  орналасу.  Қазақ 

жерлерін  ҚКАСР  құрамына  біріктіру.  Демографиялық  ситуация:  1926  ж.  халық  санағы. 

Мемлекеттің  жер  қатынастары  саласындағы  реттеушілік  акциясы  (Қазақстанның 

оңтүстігіндегі 1921-1922 жж. Жер-су реформасы). 

Қоғамдық-саяси  оппозиция.  «Кеңестік-таптық»  реформалар  ауылда  қалыптасқан 

дәстүрлі әлеуметтік және экономикалық құрылымға берілген алғашқы соққы: жайылымдық-

егістік жерлерді кайта бөлу, ірі  «байлар мен  жартылай феодалдардың» малдарын тәркілеу, 

кредиттік және салықтық саясаттағы большевиктік «әлеуметтік әділдік» идеясы. 

Өлкедегі  қағамдық-саяси  және  идеялық  күрес.  «Кіші  Октябрь»  және  қазақ  ауылын 

күштеп  кеңестендіру  саясаты:  Ф.И.Голощекин  және  оның  креатурасы.  Оппозиция. 

Республиканың  әлеуметтік-экономикалық  даму  жолдары  туралы  дискуссиялар:  мал  және 

астық  шаруашылығының  келешегі,  индустриализациялау  және  мәдени  құрылыс  т.б. 

проблемаларды талқылау. 

ЖЭС-тің  әлеуметтік-экономикалық  қорытындылары.  Өнеркәсіпті,  транспортты 

және ауылшаруашылығын қалпына келтірудің басталуы. Кооператив қозғалысы. Сауданың 

дамуы. Тарихнамадағы ЖЭС-тің аяқталу кезеңі туралы мәселе. 

ЖЭС-тің  идеологиясынан  шегінудің  басталуы.  1927-1928  жж.  Ауылшаруашылық 

өнімдерін  дайындаудағы  дағдарыс.  Ауыл  шаруашылық  өнімдерін  дайындауды  күштеуге 

көшу. Салық режимінің күшеюі. Шаруаларға қарсы жаппай репресияның өрістей бастауы. 

Өлкедегі  мәдени  өмір.  Ұлттық  интеллигенцияның  идеялық  көзқарастары: 

М.Жұмабаевтың,  А.Байтұрсыновтың,  Ж.Аймауытовтың,  М.Дулатовтың,  Ә.Бөкейхановтың, 

Ш.Құдайбердіұлының 

қызметтері 

мен 

творчествосы. 



Жаңа 

кеңестік 

қазақ 

интеллигенциясының қалыптасуы. 



Ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру  –  Қазақстан  шаруаларның  трагедиясы. 

«Сталиндік аграрлық ревволюция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын 

мемлекет карамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу 

проблемасының  механизмі.  Көшпелілер  мен  жартылай  көшпелілерді  отырықшылыққа 

көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық, 

экономикалық  мақсаттылық  және  әлеуметтік  тиімділік  мәселелері  туралы.  Көшпелілерді 



отырықшыландыруға  ауыстырудың  экономикалық  және  саяси  мақсаттары:  «Таптық 

қыспақтың»  өршуі.  Кулактар  мен  байлардың  шаруашылығын  жоюға  бағыт  алу. 

«Кулактарды»  жою.  Қазақстанның  дәстүрлі  құрылымын  біржолата  бұзу  және  оның 

трагедиялық  салдары.  1932-1933  жж.  Аштық.  Халықтың  жаппай  қоныс  аударуы. 

Шаруалардың  қарсылық  қозғалыстары.  Шаруалардың  бас  көтерулерін  кеңестік  режимінің 

басып жаншуы. 



Индустрализациялау:  сипаты,  қарқыны,  масштабы.  КСРО-ның  халық 

шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны. 

Республиканың  өнеркәсіп  инфраструктурасының  ұлғаюы.  Өндіргіш  күш  құрылымы 

өндіруші  сектор-доминант  (шикізат  өндіруге  бағыт  алу).  Жұмысшы  табы  кадрлары 

қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі. 

Қоғамдық-саяси  ситуация.  Саяси  және  иделялық  оппозицияны  жазалау. 

Идеологиялық және саяси террордың одан әрі өршуі. Саяси репрессиялар. 

Халыққа  білім  беру.  Ересек  адамдардың  сауатсыздығын  жою.  Латындандырылған 

алфавитке  көшу.  20-30  жж.  Халық  ағартудың  ұлттық  жүйесін  жасауға  интеллигенцияның 

қосқан  үлесі.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  жетістіктері.  Орта  арнаулы  оку  орындары. 

Қазақстанның  алғашқы  жоғары  оқу  орындары.  Ғылымның  және  ғылыми  мекемелердің 

қалыптасуы. Қазақстан зерттеу қоғамы. КСРО- ҒА Қазақ филиалының қызметі (ҒА ҚазФ). 

Қаз  АССР  Наркомпросы.  А.Байтұрсынов  пен  басқа  да  мәдегиет  өайраткерлерінің  ұлттық 

шығармашылық интеллигенцияны топтастырудағы рөлі. 

Қазақ  кеңес  әдебиетінің  қалыптасуы.  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Ж.Аймауытов, 

М.Дулатов,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  М.Жұмабаев,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов  т.б.  И.Анов, 

И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, Х.Хамраев т.б. жазушылардың шығармашылығы. 

Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Халық театрларының, клубтарының пайда болуы. 

Композиторлар  А.В.Затаевичтің  және  Е.Г.Брусиловскийдің  Қазақстанның  музыка  және 

опера  өнерін  дамытудағы  орны  мен  ролі.  А.Қашаубаев  аса  көрнекті  қазақ  әншісі.  Қазақ 

өнерінің  көрнекті  қайраткерлері:  К.Байсейітова,  К.Жандарбеков,  Ж.Шанин  т.б.  Ұлттық 

драмалық театрдың қалыптасуы. 

1936  ж.қазақ  өнерінің  Мәскеудегі  тұңғыш  декадасы.  Бейнелеу  өнері  (Н.Хлудов, 

Ә.Қастеев).  Кітап  басып  шығару  және  баспасөз.  Қазақстандағы  мәдени  құрылыстың 

тәжірибесі.  Мәдени  құрылыстың  келеңсіз  және  жағымды  жақтары.  Ұлттық 

интеллигенцияның трагедиялық тағдыры. 

Қазақстан  1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысы  дәуірінде.  Фашистік  Германияның 

СССР-ге  шабуылы.  Соғыстың  басталуы,  оның  сипаты.  Қазақстан  фашистік  Германияның 

жоспарларында.  Қазақстандықтар  майданда.  Брест  қамалы  қорғаушыларының  ерліктері. 

Қазақстандықтардың  Мәскеу  мен  Ленинград  үшін  шайқастардағы  ерліктері.  Алғашқы 

Қазақстандық батырлар. 28-панфиловшылар. 

Қазақстан  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысының  барысындағы  түбірлі  өзгеріс 

кезеңінде  (1942ж.  қараша  1943  ж.).  Қазақстандықтардың  неміс  әскерлерін  Сталинград 

түбіндегі  талқандаудағы  ерліктері.  Неміс  фашист  әскерлерін  Курскі  доғасында  талқандау 

және  оған  қазақстандықтардың  қатысуы.  Қазақстандықтардың  Украинаны  және  басқа  да 

туысқан республикалардың территорияларын босатуға қатысуы. 

Қазақстанның  адам  және  экономикалық  ресурстарын  жауға  соқты  беруге 

мобилизациялау.  Әскери  бөлімдердің  қалыптасуы.  Қазақстан  –  біртұтас  соғыс  лагерінің 

құрамдас  бөлігі.  Өлкенің  экономикасын  соғыс  мүддесіне    лайық  қайта  құру.  Кеңес 

мемлекетінің  Қазақстанда    соғыс  өнеркәсібін  дамыту  жөніндегі  шаралары.  Тылда  да 

майдандағыдай.  Жұмысшылар  мен  шаруалардың  еңбектегі  ерліктері.  Қазақстанның  халық 

шаруашылығындағы  әйелдер  мен  жастардың  рөлі.  Қазақстанға  эвакуациялау.  Қоныс 

аударған  кәсіпорындарды,  халықты  және  мәдени  құндылықтарды  қабылдау,  орналастыру. 

Кеңес ғылыми мен мәдениетінің Қазақстандағы қайраткерлері. 

Майданға 

бүкілхалықтық 

көмек. 

Қорғаныс 



қорына 

қаржы 


жинау. 

Қазақстандықтардың  танк  колонналарын,  авиация  эскадрилаларын  құруға  қатысуы. 



Қазақстанның  азат  етілген  аудандардың  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіруге 

көмектесуі. Соғыс жылдарында репрессияға ұшыраған халықтардың Қазақстанға келуі және 

олардың орналасуы. 

  

Оккупацияланған  аудандардағы  партизандық  және  Еуропадағы  қарсыласу 



қозғалыстарына қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандық партизандардың Украинаның, 

Белоруссияның және РСФСР-дің солтүстік батыс облыстарын босатуға қосқан үлесі. 

Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталу  кезеңінде  (1944-1945  жж.). 

Қазақстандықтардың  Орталық  және  Оңтүстік  шығыс  Еуропа  халықтарын  фашистік 

оккупанттардан азат ету шайқастарына және Берлинге штрум жасауға қатысуы. 

Қазақстан  соғыстан  кейінгі  жылдарда  (1946-1953  жж.).  Республикадағы 

әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық 

қайта  құру.  Қазақстан  территориясында  ядролық  полигондардың  салынуы.  Саяси 

репрессияның жалғасуы. Е.Бекмаханов ісі. «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг т.б.). 



Қазақстан  «Хрущев  декадасы»  жылдарында  (1953-1964  жж.).  Ауыл 

шаруашылығын  реформалауға  бағыт  алу  (1953  ж.  қыркүйек),  КПСС  Орталық  Комитет 

пленумы  және  оның  шешімдері  (ауыл  шаруашылық  өнімдерін  сатып  алу  бағасының  өсуі, 

ауыл  шаруашылығы  салықтарының  кемуі).  КПСС  ХХ  съезі  –  Сталиннің  жеке  басына 

табынуды  айыптау,  тікелей  Сталинизмнен  бастарту  емес.  Экономиканы  басқаруды 

реформалау.  Совнархоздар  –  халық  шаруашылығын  территориялық-өндірістік  басқару 

принципі. 

Қазақстанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  экономиканы  экстенцифтендіру 

бағытының жалғасы. «Тыңның» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары. 

Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы. Қала құрылысын құрастырушы өндірістің және 

жаңа қалалардың қалыптасуы. Соғыс-өнеркәсіп комплексі: «Байқоныр» космодромын салу. 

Халықты  урбанизациялау  процесінің  дамуы.  Хрущевтік  әлеуметтік  қиял  («Американы  ет, 

сүт,  май  өндіруден  қуып  жетіп,  басып  озу»,  «қала  мен  деревня  арасындағы  алшақтықты 

теңестіру» т.б.). 

Қоғамның  әл-аухат  саласындағы  жылжуы  (тұрғын  үй-комуналдық  құрлыс,  халық 

тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту, оның ассортиментін көбейту т.б.). Қоғамдық-саяси 

өмірдегі «жылымық». Ғылым мен мәдениеттің дамуы. 

Қазақстан  1960  ж.  екінші  жартысы  мен  1980  жылдар  –  бірінші  жартысында. 

Әмірлік-әкімшілік жүйенің кемшіліктерінің көбеюі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 

экстенсивті сипаты. Экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктер. Қоғамды басқару аймағын 

одан әрі бюрократияландыру. Одақтық халық шаруашылығы комплексінде Қазақстан ролінің 

арта  түсуі.  Халықтың  орналасу  құрылымындағы  әлеуметтік  өзгерістер.  Өмір  сүру  сапасын 

стагнациялау. Дефицит проблемасының өсуі. Экологиялық ситуацияның шиеленісуі. Ғылым, 

білім, мәдениет. 

 

9 тақырып: ҚАЗАҚСТАН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДА (1985-1991 жж.)  

«Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. Реформаларға 

көнбейтін  әміршіл-әкімшіл  жүйе:  реформалардың  сәтсіздікке  ұшырауы  және  жүйелі 

дағдарыстың  өршуі.  1986  ж.  Алматыдағы  Желтоқсандағы  демонстрация  –  Кеңес 

мемлекетінің этноцентристік саясатының дағдарысы. Мемлекеттік тоталитризм жағдайында 

қоғамдық қатынастарды демократияландыру туралы иллюцияның күлі көкке ұшты. 

 

10 тақырып: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН 

Одақтық  келісімнің  күшін  жою  және  ТМД  құру  туралы.  Кеңестен  кейінгі  тәуелсіз 

мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол  қоюы, 

ТМД  құру  туралы  Алматы  декларациясы  (1991ж).  Тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш 

Конституциясы (1993ж.). Президент Н.Ә. Назарбаевтың  «Ұлттық валютаны енгізу туралы» 

жарлығы  (1993ж.).  Қазақстан  халықтарының  келісімі    мен  біртұтастығы  қоғамдық 



институтының  Президент  жанында  консультативтік  және  келісімшілік  орган  Қазақстан 

халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері. 

Бүкіл халықтық рефрендум, ҚР қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау 

(1995 ж.). Екі палаталы парламенттің сайлаулары. Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш 

жолдауы. Ел Президентінің Жолдауы.  

 

11 тақырып: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ 

«Қазақстан  -2030.  Барлық  Қазақстандықтардың  гүлденуі,  қауіпсіздігі,  әл-аухатының 

жақсаруы»,  ҚР  ұзақ  мерзімге  арналған  маңызды  мақсатты  бағыттары  (1997  ж).  Астананы 

Алматыдан Астанаға көшіру, 1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу. 

«Жүз  жылға  тең  он  жыл»  -  Н.Ә.  Назарбаевтың  2001  ж.  16  желтоқсанда  Астанада 

тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. 

Экономикалық  даму.  Егемендік  жолындағы  қиындықтар:  экономикалық  дағдарыс, 

әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деігейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. 

Оларды жою шаралары: экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік бағдарлы рынок құру, 

бағаны жекешелендіру және либерализациялау, инвестициялық саясат. 

БҰҰ  даму  Бағдарламасы  (ПРООН),  адамның  даму  мәселесі  туралы  есептер,  Адам 

дамуының  интексі  (ИЧР).  Қазақстанда  Адам  дамуы  туралы  Есептің  тұңғыш  басылымы. 

ПРООН Қазақстанда ИЧР-дің өсуі туралы.  

Экономиканың  өнеркәсіп,  аграрлық  және  финанс-банк  секторларын  басымдықпен 

дамытудың  келешегі.  Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  экономикасын    реформалау  бағыттарын  – 

экономиканы  дамытудың  –  кластерлік  принципі,  индустриалы-инновациялық  технология, 

инвестиция, салық, аграрлық-индустриалық саясат, инфраструктураны, әсіресе транспортпен 

байланысты дамыту. Қазақстанды ВТО-ға кіруге дайындау. 

 

Н.Ә.Назарбаев «Көтерілген тың – достық пен жасампаздық символы», Астанада 2004 



ж.  6  ақпанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игерудің  50  жылдығына  арналған  салтанатты 

мәжілісте  сөйлеген  сөзі.  Президенттің  елдің  халқына    Жолдауы  (2004  ж.  19  наурыз): 

«Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» (19 

наурыз 2004 ж.). 

 

Қоғамдық  –  саяси  даму.  Қазақтардың  дүниежүзілік  тұңғыш  құрылтайы.  Қазақстан 



халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар. 

 

Қазақстандағы  демографиялық,  миграциялық  процестер,  халықтың  әлеуметтік 



құрылымындағы өзгерістер. Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы (1999 ж.) және 

оның  қорытындылары.  Қазақстан  халықтарының  ұлтаралық  келісімі  -  ҚР  тәуелсіздікті, 

демократияны нығайтудың кепілі. 

 

Демократиялық  процестердің  дамуы,  Парламент  сайлауларына  пропорционалдық 



жүйені енгізу, партиялық тізім бойынша өткен сайлаулардың нәтижелері. 

 

Азаматтық қоғам институттарының дамуы - үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар. I 



Азаматтық форум және оның маңызы. «Қазақстан халықтары ассамблеясының таяу кезеңге 

арналған  стратегиясы».  ҚР  ақпараттық  саясаты,  СМИ-дің  дамуы.  Қазақтсан 

Республикасының  Ұлттық  Кеңесінің    қызметі.  Азаматтық  қоғамды  одан  әрі  дамыту  және 

демократияландыру  жөнінде  ұсыныстар  дайындайтын  Мәжілістің  тұрақты  жұмыс  істейтін 

ұйымы.  Демократияландыру  және  азаматтық  қоғам  мәселелері  жөніндегі  Ұлттық 

комиссияның қызметі. 

 

Құқық  қорғау  және  сот  орындарының  қызметін  жетілдіру.  Қазақстан  Президенті 



жанындағы  адам  құқықтары    бойынша  Комиссия  және  оның  қызметі.  ҚР  адам  құқықтары 

бойынша  өкілдік  институттарын  (Омбудсмена)  енгізу.  Өлім  жазасына  моратория  енгізу. 

Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар;  азаматтық  және  саяси 

құқықтары бойынша халықаралық фактілерді ратификациялауы.  

 

Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған  «Қазақстан  экономика, 



әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Жолдауы (18 ақпан 2005ж.) 

 

Рухани  даму.  Білім,  ғылым  жүйесіндегі  реформалар.  1997  ж.,  Ұлттық  бірлік  және 

жаппай саяси репрессиялар құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж., Ұлттық тарих жылы. 1999 

ж., Ұрпақтар сабақтастығы жылы. 2000 ж., мәдениетті қолдау жылы. 

 

Дүниежүзілік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  Астанада  өткен  (2003  ж.)  тұңғыш 



съезі.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  еңбегі.  «Мәдени  мұра  Мемлекеттік 

бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім 

аймақтарын дамыту; мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету, оны тиімді пайдалану. 

 

Тарих,  архитектуралық  ескерткіштерді  қалпына  келтіру;  мәдени  мұраны  оқып-



зерттейтін – фольклорды, дәстүрді, әдет-ғұрыпты тұтас жүйе жасау; мемлекеттік тілде толық 

мәніндегі гуманитарлық білім қорын жасау. 

 

ҚР  сыртқы  саясаты.  Егеменді  Қазақстанды  дүниежүзілік  қауымдастықтың  тануы, 



оның  БҰҰ-а  қабылдануы.  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-

сессиясында сөйлеуі. Оның: «Әрбір елдің жүрек жардылығы – планетаның аман-саулығының 

кепілі» сөзі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы. 

 

ҚР  Азиядағы  өзара  қарым-қатынас  және  сенім  шараларына  арналған  Кеңесті 



ұйымдастырудағы  бастамасы  (СВМДА)  (1992  ж.)  СВМДА  қатысушы  мемлекеттер  сыртқы 

саясат  ведомостысы  басшыларының  тұңғыш  кездесуі.  «СВМДА  мүше  мемлекеттер 

арасындағы  қатынастарды  реттеу  принциптерінің  Декларациясы»  (1999  ж.).  СВМДА 

қатысушы  елдер  басшыларының  тұңғыш  саммиті,  терроризмді  аластау  және  өркениеттер 

арасындағы диалогке ықпал етудің Алматы актісі мен СМВДА Декларациясы (2002 ж.). 

 

Қазақстанның  ЮНЕСКО,  ЮНИСЕФ,  ЭКОСОС  т.б.  халықаралық  ұйымдармен, 



сондай-ақ МБР, МВФ, ОБСЕ мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ОЭС, ЦАЭС, ОДКБ, ШОС 

сияқты  ғаламдық  және  регионалдық  масштабтағы  интеграциялық  процестерге  қатысуы. 

Алматыдағы  Бейбітшілік  және  келісім  туралы  тұңғыш  халықаралық  конференция,  оған 

қатысушылар қабылдаған «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа» Декларациясы (2003 ж.). 

ҚР  Президентінің  Ресей  Федерациясына  тұңғыш  ресми  сапары,  Ломоносов  атындағы 

ММУ – де сөз сөйлеуі, евразиялық идеясы. АҚШ-та 2001ж. 11 қыркүйекте болған теракты, 

АҚШ-тың  Ауғаныстанға  антитеррорлық  акциясы.  Ирактағы  соғыс.  ҚР-ның  бұл  оқиғалар 

жөніндегі позициясы. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі. 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет