Ақпараттық технологиялар факультеті



Дата06.01.2022
өлшемі27,4 Kb.
#12167

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет

Ақпараттық технологиялар факультеті

Бизнес аналитика және Big Data мамандығы

СРС
Тақырыбы: Ғылымдағы дәстүрлер мәселесі, Т.Кунның «ғылымдағы дәстүрлер концепциясы

Орындаған:Тұрғынбек С.М.

.

Алматы 2019 ж.


Кун
Томас Сэмюель Кун (1922-1996) – американдық философ және ғылыми тарихшысы, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б.
Тарихтың рөлі
Тарих, егер оны жай хронологиялық тәртіппен орналасқан анекдоттар мен деректердің қоймасы ретінде ғана қарастырмайтын болсақ, онда ол ғылым туралы бізде қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан түсініктерді бел буып, қайта құру үшін негіз бола алар еді. Бұл түсініктер (тіпті ғылымдардың өзінде де) басты түрде классикалық еңбектерде немесе кейініректе оқулықтарда тұнып тұрған ғылыми жетістіктерді зерделеу негізінде пайда болған; бұл еңбектер мен оқулықтар бойынша ғылыми жұмыскерлердің әрбір жаңа ұрпағы өз ісінің практикасында оқып-үйренетіні белгілі. Бірақ мұндай кітаптардың мақсаты олардың өз жаратылысы бойынша материалды сенімді әрі түсінікті баяндау болып табылады. Солардан қорытылған ғылым ұғымының, ықтимал, ғылыми зерттеудің шын практикасында сәйкестігі туристер үшін жарнамалық проспектілерден немесе тіл бойынша оқулықтардан влынған мәліметтердің ұлттық мәдениеттің реалдық бейнесіне сәйкестігінен асып кетпейді. Ұсынылып отырған очеркте ғылым туралы мұндай түсініктердің ғылымның магистралдық жолдарынан жаңылдырып жіберетінін көрсетуге талпыныс жасалады. Оның мақсаты ғылыми қызметтің өзін зерттеудегі тарихи келістен айқындалатын ғыымның мүлде басқа тұғырнамасын (концепциясын) сұлба түрінде болсын бейнелеп беруде.
Алайда, егер тарихи берілгендердің ізделуі мен талдауын басты түрде классикалық еңбектер мен оқулықтар негізінде қалыптасқан антитарихи стереотиптің шеңберінде қойылған сұрақтарға жауап беру үшін жалғастырар болсақ, онда тіпті тарихты қаншама зерделегенмен жаңа тұғырнама туындамайды. Мысалы, бұл еңбектерден көбіне ғылымның бар мазмұны тек солардың беттерінде суреттелетін бақылаулармен, заңдармен және теориялыармен ғана анықталады деген қорытындыны сұранып тұрады. Жоғарыда айтылған кітаптар, көбінесе, ғылыми әдістер оқулық үшін берілгендерді іріктеу әдістемесімен және бұл берілгендерді оқулықтың теориялық қорытындыларымен байланыстыру үшін қолданылатын логикалық операциялармен тура ғана сай келетіндей трғыда түсініледі. Нәтижесінде ғылымның табиғаты мен дамуына қатынасты ойдан туындаған жорамалдар мен алдын ала қалыптасқан түсініктердің үлесі тым көп болатындай ғылымның тұғырнамасы пайда болады.
Егер ғылымды қолданыстағы оқулықтарда жинастырылған фактілердің, теоиялардың және әдістердің жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда мұндай жағдайда ғалымдар – бұл осы жиынтықты жасауға аз болсын не көп болсын табысты түрде өз үлестерін қосатын адамдар. Мұндай көзқараста ғылымның дамуы – бұл ғылыми методология мен білімді айшықтайтын жетістіктердің барған сайын ұлғаятын қорына фактілердің, теориялардың және әдістердің біртіндеп құйылу процесі. Мұндайда ғылымның тарихы осы біртіндеген өсуді де, білімнің жинақталуына бөгет болған қиындықтарды да тіркейтін пәнге айналады. Бұған ғылымның дамуына құлық қоятын тарихшының өз алдына екі басты міндет қоятыны анықталады. Бір жағынан, ол әрбір ғылыми фактіні, заңды және теорияны кімнің және қашан ашқанын не тапқанын анықтауы тиіс. Екінші жағынан, ол қазіргі ғылыми білімнің құрамдас бөліктерінің тезделіп қорлануына бөгет жасаған аумақты қателердің, әпсаналардың және соқыр сенімдердің болғанын суреттеуі әрі түсіндіруі тиіс. Көптеген зерттеулер осылай жүргізілген болатын, ал кейбіреулері қазір де осы мақсаттарды көздейді.
Алайда кейінгі жылдары ғылым тарихшыларының кейбіріне ғылымның қорлану арқылы даму тұғырнамасының оларға жіктелмейтін функцияларын орындау барған сайын қиынға соғуда. Өздеріне ғылыми білімнің қорлануын тіркемелеушінің рөлін алған олар, зерттеу алға басқан сайын кейбір сұрақтарға, мысалы, оттегі қашан ашылды не кім бірінші болып энергияның сақталуын тапты деген сияты, жауап беру оңайланудың орнына, қиындала түсетінін байқастайды. Біртіндеп олардың кейбіріне мұндай сұрақтардың тұжырымдалуы дұрыс емес пе деген және ғылымның дамуы – бұл, мүмкін, жекелеген ашылымдар мен өнертабыстардың жай ғана қорлануы емес пе деген күдік күшейе түседі.
Ғылыми төңкерістердің ең көрнекті мысалдарына ғылым дамуындағы баяғыдан революциялар деп аталып келе жатқан әйгілі эпизодтар жатады. Бұл жаңалықтардың әрқайсысы ғылыми қауымдастықтың ғасырлар бойы қасиеттеліп келген әлдебір ғылыми теориядан онымен үйлеспейтін басқа теорияның пайдасына ба тартуына қажетті түрде апарған болатын. Олардың әрқайсысы тәптішті ғылыми зерттеуге жататын мәселелердің және кәсіпті ғалым әлдебір мәселенің құқылы немесе оның әлдебір шешуінің заңды деп табуға болматын-болмайтынын анықтауға көмектесетін стандарттардың ілгерідегі тайқуын туғызды. Сөйтіп бұл жаңалықтардың әрқайсысының ғылыми қиялды түрлендіргені соншалық, біз мұны түптің түбінде ғылыми жұмыс жүргізілетін әлемнің трансформациялануы деп мойындауға тиіспіз. Бұл өзгерістер, олармен әрдайым серіктесетін дискуссияларды қоса алғанда, ғылыми революциялардың негізгі сипаттамаларын анықтайды.
Бұл сипаттамалар, айталық, Ньютон іске асырған төңкерісті не химиядағы төңкерісті зерделегенде ерекше айқын байқалады. Алайда, сол бір сипаттамаларды ғылым дамуындағы соншама айқын өрнектелген революциялық мәні жоқ деген басқа эпизодтарды зерделегенде де табуға болады (бұл жұмыстың негізгі қағидаларының бірі осында жатыр). Ғылыми мүдделерін, айталық, электромагниттік теорияның жасалуы шалып өткен әлдеқайда тар кәсіптік топтар үшін, Максвеллдің теңдеулері Эйнштейннің теорияларынан кем революцияшы, төңкерісшіл болып соққан жоқ және олардың қабылдануына деген кедергі де еш әлсіз болған жоқ. Басқа да жаңа теориялардың жасалуы, түсінікті себептер бойынша, олар құзіреттілік саласын шалып өтетін мамандар жағынан дәл сондай реакцияны дүниеге келтіреді. Бұл мамандар үшін жаңа теория нормалдық ғылым практикасында ғалымдар осы уақытқа дейін пайдаланып келген ережелердің өзгеруін топшылайды. Демек, жаңа теория бұл мамандар табысты аяқтаған ғылыми жұмыстың кең ауқымына қайтсе де әсері тигізбей қоймайды. Міне, қай себептен ол, оның қолдану аясы қаншалықты айрықша болғанымен, ешқашанда бұрыннан белгіліге жай ғана үстеме бола салмайды (немесе, қалай болғанда да, өте сирек болады). Жаңа теорияны игеру бұрынғы теорияның қайта құрылуын және бұрынғы фактілердің қайта бағалануын, бір ғалымның қолынан сирек келетін және ешқашан бір күнде тынбайтын іштейгі революциялық процесті талап етеді. Ғылым тарихшыларына бұл ұзаққа созылатын процестің дәл датасын анықтаудың әжептәуір қиынға соғатынында сондақтан таңқаларлық ештеңе жоқ, бірақта олардың терминологиясының өзі оны әлдебір бөлектенген құбылыс ретінде көруге мәжбүр етсе-дағы.
Одан бетер, жаңа теориялардың жасалуы бұл теориялардың пайда болатын салаларындағы революцилық түрлендірулерге мамандарды шабыттандыратын ғылымдағы оқиғалардың жалғыз категориясы емес. Нормалдық ғылымды басқаратын нұсқамалар дүниеліктердің тек универсумның өзінде бар болатын түрлерін ғана анықтап қоймайды, бірақ, айқын емес түрде, онда жоқты да анықтайды. Бұдан (бұл көзқарас бұдан кеңірек талқылауды талап етсе дағы) оттегінің не ренгтендік сәулелердің ашылуы сияқты жаңалықтардың ғалымдар дүниесіне тағы да білімнің қандай да бір мөлшерін қосумен ғана тынбайтыны анықталады. Түптің түбінде бұл шынында да орын алады. Бірақ кәсіпқой ғалымдар қауымдасығы дәстүрлі эксперименталдық процедуралардың мәнін қайта бағалап, ол дүниеліктер туралы баяғыда үйреншікті болып алған өз ұғымын өзгертіп, және бұл қайта құру процесінде өзі дүниені соынң жүзінде қабылдайтын теориялық сұлбаға да өзгерістер енгізіп болғаннан бұрын емес. Ғылыми факті мен теория шындығында бір-бірінен тас қабырғамен бөлінбейді, ал мұндай бөліну нормалдық ғылымның дәстүрлі практикасында кездессе дағы. Алдын ала болжалынбаған жаңалықтардың жай ғана фактілерді кіргізу болып табылмайтындығы міне осыдан. Осы себептен де іргелі жаңа фактілер мен теориялар ғалым дүниесін қаншама сандық жағынан байытса, соншама да сапалық жағынан түрлендіреді.
Кейбір оқушыларды нақтылы тарихи зерттеулердің бұл жұмыстың мақсаты болып отырған тұғырнамалық түрленуге мүмкіндік туғызща алар-алмасы жөніндегі сұрақтың бұрын да қызықтырғанында еш күмән жоқ. Формалды түрде пайымдай келе, бұл мақсатқа тарихи әдістермен жету мүмкін емес деген қорытындыға келуге болады. Біз тым жиі айтанымыздай, тарих таза суреттегіш пән болып табылады. Ал жоғарыда ұсынылған тезистер көбіне интерпретацияға ұқсайды, ал кейде нормативтік сипатқа ие. Одан бетер, менің жалпылауларымның көбісі ғылымның социологиясы  не ғалымдардың әлеуметтік психологиясы саласына қатынастылы, ал менің қорытындаларымның ең кемінде бірнешеуінің логиканың немесе эпистемологияның дәстүрлеріне сай жасалғаны және бар. Алдыңғы мазмұндамада менің қазіргі кезде кеңінен мойындалған «ашылу контексті» мен «негіздемелеу контексті» арасындағы бөлінуді бұзғандай болып көрінуім мүмкін. Ғылымның және ғылыми мүдделердің әртүрлі салаларының бұл араластырылуы шатасудан басқа әлденені тудыра алар ма екен?
 
Нормалдық ғылымға барар жолда
«Нормалдық ғылым» термині бір не бірнеше өткен ғылыми жеістіктерге мығым сүйенеін зерттеуді білдіреді; бұл жетістіктер біраз уақыт бойы белгілі ғылыми қауымдастықпен оның әрмен қарайғы практикалық іс-әрекеттің негізі ретінде моындалатын болды. Біздің уақытымызда мұндай жетістіктер элементарлық не жетілдірілген типтегі оқулықтарда баяндалады, алайда олардың алғашқы формасында сирек болса-дағы. Бұл оқулықтар қабылданған теорияның мәнін түсіндіріп, оның көптеген не барлық табыста қолданыстарын безендіріп, бұларды типтілік бақылаулар және эксперименттер салыстырады. Мұндай оқулықтар кеңінен қанат жайып кеткенге дейін, ал бұл ХІХ жүзжылдықтың басында орын алған болатын (ал жаңадан қалыптасқан ғылымдар үшін тіпті кейініректе), ұқсас қызметті ғалымдардың әйгілі классикалық еңбектері орындаған: Аристотельдің «Физикасы», Птоломейдің «Альмагесті», Ньютонның «Бастамалары» мен «Оптикасы», Франклиннің «Электричествосы», Лавуазьенің «Химиясы», Лайельдің «Геологиясы» және көптеген басқалары. Ұзақ уақыт бойы олар келесі ұрпақтар үшін ғылымның әрбір саласында мәселелер мен әдістердің құқылығын астыртын түрде анықтап отырды. Осы еңбектердің екі мәнді ерекшеліктері арасында бұл мүмкін болатын. Ғылыми зерттеулердің бәсекелес бағыттарынан жақтастар тобын ұзақ уақытқа өзіне тартарлықтай, олардың жасалып шығуның өзі жеткілікті түрде бұрындары кездеспеген жайсаң жаңалық болатын. Ғалымдардың жаңа ұрпақтары өздеріне кез-келген түрдегі шешілмеген мәселелерді олардың шеңберінде таба алатындай, олар әрі жеткілікті түрде ашық болатын.
Осы екі сипаттарға ие жетістіктерді мен әрмен қарай «парадигмалар» деп атайтын боламын, ал бұл термин «нормалдық ғылым» ұғымымен тығыз байланысты. Ғылыми зерттеулердің фактілік практикасының кейбір жалпы қабылданған мысалдары, – ал олар өздерінде заңды, теорияны, олардың практикалық қолдануын және қажетті құрал-жабдықты кіргізеді, - барлығы жиыла келе, бізге ғылыми зерттеудің нақтылы дәстүрлері туындайтын модельдерді береді. Ғылым тарихшыларының «Птоломей (немесе Коперник) астрономиясы», «Аристотельдік (немесе Ньютондық) динамика», «корпускулярлық (немесе толқындық) оптика» және тағы сондай айдар тағып суреттейтін дәстүрлері сондайлық.
Парадигмаларды, соның ішінде мұнда мен безендіру мақсатында атап кеткендерден әлдеқайда арнайыланған парадигмаларды, зерделеу – студентті әйтеуір бір ғылыми қауымдастықтың мүшелігіне басты түрде дайындайтын міне сол. Осылайша ол өздерінің ғылыми саласының негіздерін дәл сол нақтылы мдельдерде зерделеген адамдарға қосылатындықтан, оның ғылыми зерттеудегі арғы практикасы фундаменталдық принциптермен соншалықты жиі айырмашылққа бара қоймайды. Ғылыми іс-әрекеті бірдей парадигмалар негізінде құрылатын ғалымдар ғылыми практиканың сол бірғана ережелері мен стандарттарына сүйенеді. Нұсқамалардың бұл жалпылығы және олар қамтамасыз ететін көзге ұрып тұрған үйлесімділік нормалдық ғылым үшін, яғни зертеудің әлде бір бағытының дәстүріндегі генезис пен сабақтастық үшін, алғышарттар болып табылады.
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы электрлік қбылыстарды зерттеу тарихы, өзінің алғашқы жалпы мойындалатын парадигмасын қалыптастырғанша, ғылымның қалай дамитынының нақтырақ және белгілірек мысалын береді. Осы кезең бойында электрліктің табиғатына қатынастылы, бұл салада қанша әйгілі экспериментаторлар, — Хауксби, Грей, Дезагюлье, Дюфе, Ноллет, Уотсон, Франклин және басқалары сияқтыларын қосқанда, – болса, электрліктің табиғаты туралы соншама дерлік пікірлері де болған. Электрліктің олар жасаған көптеген тұғырнамаларының бәрі ортақ әлденеге ие болатын – белгілі дәрежеде олар сол уақыттағы барлық ғылыми зертеулер басшылыққа алған корпускулярық-механикалық философияның қайсы бір нұсқасынан туындайтын. Одан бетер, олардың бәрі шын ғылыми теориялардың компоненттері болатын, – ал бұл теориялар, бір жағынан, эксперимент пен бақылаудан туындаса, екінші жағынан, олардың өздері зерттеуге жататын арғы мәселелердің таңдалуы мен интерпретациялануын анықтайтын еді. Барлық эксперименттердің электрлік құбылыстарды зерделеуге бағытталғанына және экспериментаторлардың көбі өз әріптестерінің жұмыстарымен таныс болғанына қарамастан, олардың теориялары бір-бірімен тым жалпы ұқсастыққа ғана ие болатын.
Ғылымның әлдебір саласын өңдейтін топтың құрылымында парадигманың пайда болуы қалайша әсер ететінін қысқаша болсын атап өту қажет. Жараылыстану ғылымының дамуында жеке ғалым не зерттеушілер тобы алғаш болып, зерттеушілердің келесі ұрпағының өкілдерін өзіне қарата алатын қабілеті бар синтетикалық теорияны жасаған кезде, бұрынғы мектептер біртіндеп құри бастайды. Бұл мектептердің құруы бір жағынан олардың мүшелерінің жаңа парадигмаға өтуіне байланысты. Бірақ әрқашан әлдебір ескірген көзқарасқа берілген ғалымдар қалатын болады. Олар өз кәсібінің өкілдерінің әрмен қарайғы бірлескен әрекеттерінен жайдан-жай сырт қалатын болады; осы уақыттан бастап бұлардың барлық қарекеттері көзге де ілінбей қалып отырады. Жаңа парадигма зерттеу саласының жаңа, айқынырақ анықталуын да топшылайды. Ал өз жұмысын жаңа парадигмаға бейімдей алмайтын не бейімдегісі келмейтіндер басқа топқа өтуі тиіс, әйтпесе олардың бөлектеніп қалуға қаупі бар.
Тарихи тұрғыдан алғанда, көбіне олар өз кезінде талай арнайы ғылымдарға өмір берген философияның шытырман жолында сол бұрынғыша қала беетін болған. Бұл пайымдаулар мынандай ойға жетелейді: бұрындары табиғатты зерделеумен жай ғана әуестіктен айналысқан топ, парадигманы қабылдау арқасында кәсіптік болып қалыптасады, ал оның ынтыққан нәрсесі ғылыми пәнге айналады. Ғылымда (рас, медицина, техникалық ғылымдар, юриспруденция сияқты принципиалдық raison d`etreci әлеуметтік қажеттілікпен қамтамасыз етілген салаларда емес) парадигманың алғаш қабылдануымен арнайы журналдардың ашылуы, ғылыми қоғамдардың ұйымдастырылуы, академиялық беруде арнайы курстың бөлінуі туралы талаптар байланысты. Ең кемінде соңғы бір жарым ғасыр бойы, ғылыми мамандандыру алғаш институционалдық формаға ене бастаған кезден мамандандыру дәрежесі ғалымдар үшін мәртебелік мәселеге айналған қазіргі уақытқа дейін де іс осылай болуда.
Қазіргі жаратылыстану ғылымдарында кітаптар не оқулықтарға, не ғылыми өмірдің әлдебір қыры туралы ретроспективтік ой кешулерге жатады. Кітап жазатын ғалымның кәсіптік мәртебесі оның тосқанынан шықпай, өсудің орнына қайта құлдырап кетуі мүмкін. Әдетте ғылымдардың ертеректегі, парадигмаға дейінгі сатыларында ғана кітап кәсіптік жетістіктерге, әлі де шығармашылықтың кейбір салаларында сақталып келе жатқан қатынасын беретін еді. Тек кітап мақалалармен қатар не оларсыз бұрынғыдай зерттеушілер арасындағы комуникацияның құралы болып қалатын салаларда ғана мамандандыру жолдары сипатталуының анық еместігі соншалық, ғалым-зерттеушілердің шынайы хабарламаларын оқи отырып, әуесқой өзіне-өзі прогресті бақылап отырмын деген үмітпен жарамсақтана алады. Математика мен астрономияда зерттеушілік хабарламалар антика заманында-ақ кең аудиторияға түсінікті болудан қалған еді. Динамикада зерттеу эзотерикалық типке орта ғасырлардың соңында жақындады және жұрттың бәріне де түсінікті-ау деген формасына, рас қысқа кезеңге ғана, ХVII ғасырдың басында, жаңа парадигма динамиканың орта ғасырлар дәуірінде қолданып келген парадигмасының орнынын басқан кезде, қайтадан иелік жасады. Электр құбылыстарын зерттеулер маман еместерге түсіндірілмеуді XVIII ғасыр соңында талап ете бастады, ал физика ғылымының басқа салаларының көбісі кең мағынасындағы оқырманға ХІХ ғасырда түсінікті болудан қалған-ды. Сол екі жүзжылдықтар бойы мұндай түрленулерді биологиялық ғылымдардың әртүрлі бөлімдерінде де бақылауға болатын. Әлеуметтік ғылымдарда бүгінде соларды кездестіруге болады. Кәсіптік ғылым мен оны басқа салалардағы әріптестерін барған сайын қаттырақ бөлетін олардың тереңдей түсуіне орай өкініштер әдетке және әбден орынды болуға айналып жатса-дағы, ордың осы тереңдеу процесі мен ғылым дамуының ішкі тетіктері арасындағы өзара байланысқа назар тым аз аударылады.
Қалыпты ғылымның табиғаты
Ғалымдар тобы бірыңғай парадигманы қабылдағаннан кейін мүмкін болатын кәсібиірек және эзотерикалырақ зерттеудің табиғаты қандай екен? Егер парадигма бірде және бәрі үшін тындырылған жұмыс болып табылса, онда ол бұл топқа әрі қарай шешуге қандай мәселелерді қалдырады екен? – деген сұрақ туындайды. Егер біз бұған дейін қолданған терминдеріміздің қай жағынан жаңсақтыққа соқтыратынын көрсетсек бұл сұрақтарды кейінггіге қалдыруға болмайтыны анықтала түсері сөзсіз. Өзінің қалыптасқан қолданылуында парадигма ұғымы қабылданған модель немесе үлгіні білдіреді; «парадигма» сөзі мәнінің дәл осы аспектісі одан артықтың болмағандығынан менің оны осында пайдалануыма жол ашады. Бірақ, жуыр арада айқындалатынындай, объектіге сәйкестікке меңзейтін «үлгі» және «үлгі» сөздерінің мағынасы парадигманың анықтамасын түгелімен жаба алмайды. Мысалы, грамматикада “amo, amas, amat” парадигма болады, себебі бұл модельді латынша етістіктердің көп саны жіктелетін үлгі ретінде пайдалануға болады: мысалы, осы жолмен “lando, landas, landaf” және тағы басқа формаларды құруға болады. Бұл стандарттық қолданысында парадигма әрқайсысы принципінде оны алмастыра алатын мысалдарды көшірмелеуге рұқсат есебінде қызмет жасайды. Ғылымда, екінші жағынан, парадигманың көшірме объектісі болуы сирек кездеседі. Мұның орнына соттың жалпы заң шеңберінде қабылдаған шешіміне ұқсап, ол жаңа не қиынырақ жағдайларда одан әрі жасақтандыру мен нақтыландырудың объектісі болып табылады.
Кемел ғылым арнасындағы зерттеушілердің санасына жатпайтындардың ішінен парадигма шеңберінде осы тектес күнделікті жұмыстың қаншама көп жасалатынын немесе мұндай жұмыстың қандай тартымды болатынын сезінетіндер көп емес. Ал мұны түсінген дұрыс болар еді. Ғалымдардың көбісі өз ғылыми іс-әрекетінің барысында дәл осы тәртіп орнықтырумен айналысады. Менің осында нормалдық ғылым деп атайтынымды міне осы құрайды. Бұл іс-әрекетті жақынырақтан қарастырғанда (тарихи контекстіде не қазіргі лабораторияда), табиғатты парадигмаға, алдын-ала жасалынған және недәуір тар сияқты қорапқа, «тыққыштауға» тырысып жатқандай әсер қалады. Қалыптық, яғни нормалдық ғылымның мақсаты құбылыстардың жаңа түрлерін болжауды ешқандай да талап етпейді: бұл қорапқа сиыспайтын құбылыстар көбіне, мәнісінде, көзден жалпы таса қалады. Нормалдық ғылымның арнасында ғалымдар алдарына жаңа теория жасауды мақсат қылып қоймайды, сонымен бірге олар әдетте мұндай теорияларды басқалардың да жасауына төзімсіздік білдіреді. Керісінше, нормалдық ғылымдағы зерттеу парадигма өмір сүретінін алдын-ала топшылайтын құбылыстар мен теорияларды жасақтауға бағытталады.
Мүмкін, мұны кемшіліктер санатына жатқызу керек болар. Әрине, нормалдық ғылым зерттейтін облыстар тым үлкен емес, және біз қазір талқыоап отырған нормалдық ісінің бәрі де тым дерлік шектелген. Бірақ бұл парадигмаға сенімділіктен туатын шектеулер ғылымның дамуы үшін маңызды болып табылады. Назарды қатынастылы түрдегі эзотерикалық мәселелердің соншама үлкен емес облысына шоғырландырып, парадигма ғалымдарды табиғаттың әлдебір фрагментін басқа жағдаяттарда мұндайды ойлағау да мұрша келмейтіндей етіп тәптіштеп әрі тереңдетіп зерттеуге мәжбүрлейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет