Ақпараттық технологиялардың даму тарихы


Kickstarter платформасында жаңа Zanco Tiny T1 жобасы пайда болды



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата07.09.2022
өлшемі2.18 Mb.
#38634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Kickstarter платформасында жаңа Zanco Tiny T1 жобасы пайда болды. 



 
HypeBeast порталы Zanco Tiny T1 жобасы аясында шығарылған гаджеттің 
таныстырылымы түсірілген видеоны көрсетті. Телефонды Clubit New Media, Ltd 
компаниясы әзірледі. Оның ұзындыңы – 47 миллиметр. 
Tiny T1 телефонына 300 адамның нөмірін, 50 хабарлама және соңғы 500 қоңырауды 
сақтауға болады. Онда оп-оңай қоңырау шалып, хабарлама жолдау мүмкіндігі бар. 
Телефонға nano-SIM салынады. Сондай-ақ байланыс құралы OLED-дисплеймен 
жабдықталған. Кішкентай телефон 13 дыбыстық тапсырманы орындайды. Ал 
батарейкасы үш күнге дейін жетеді.Samsung америкалық оператормен осымен үшінші 
жыл бірге жұмыс істеп келеді. 
Apple жаңа iOS 9 мобильдік платформасы 
 
Сурет 6.4 - Apple жаңа iOS 9 
Proactive – Siri-ді толықтыратын Google Now бәсекелесі. Бұл функция сіздің күні бойғы 
әрекеттеріңізді бақылап, ыңғайлы деген сәтте сізге керекті контентті өздігінен ұсынып 
отырады. Мәселен, егер қолданушы аптасына үш рет спортзалға барып, сол кезде 
құлаққап тағатын болса, дәл сол уақытта жаттығуға арналған әуен даярлап береді. 
Одан бөлек, Apple Maps-та қоғамдық көлік маршруттары болады, мультимедиялық 
контенті бар News жаңалықтар қосымшасы бар. Passbook қосымшасын компания Wallet 
деп өзгертті. Және ең басты өзгерістердің бірі – iPad пен iPad Air 2-де бір уақытта екі 
қосымшамен қатар жұмыс істеуге болатын мүмкіндік ашылды. Осыған дейін тек бір 
қосымшамен ғана жұмыс істеуге болатын еді. 
Apple Music музыка сервисі енді қолжетімді болмақ. Ол жерде “ақылды” іздеу жүйесі, 
Siri-мен бірлескен жұмыс, қолданушының талғамын есепке алу және Beats One атты 24-
сағаттық радио болады. Apple Music күзге қарай Apple Music платформасында да 
болады. Бірінші рет Apple бәкелесіне өз қосымшасын қосып отыр.
iOS 9 платформасы бұрын iOS 8-ді қолдаған барлық құрылғыларда жұмыс істейтін 
болады. Яғни, iPhone 4S пен iPad 2 құрылғыларында жаңарады. Apple платформа 1,3 
гигабайт жад ғана алатын болады дейді. Құрылғының жұмыс істеу уақыты 1 сағатқа 
артылған, қуат сақтау режимі қосылған. Ол режим смартфонның “ғұмырын” шамамен 3 
сағатқа сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет