Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



жүктеу 10.6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі10.6 Mb.
  1   2   3   4

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

6-бет

2-бет


Жалғасы 5-бетте

Жалғасы 2-бетте

Новое НаучНое 

издаНие На базе 

КазНу


биомедициНа: 

бүгіНі меН болашағы

Тағылымы 

мол мобилЬді

медиа меКТеП 

3-стр.


№ 17 (1610) 

24 мамыр

2016 жыл

Ағымдағы жылдың 19 мамырында әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-да шығыстану факультеті, 

қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен 

«Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі: 

Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің 

ынтымақтастығы және тұрақты дамуы» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция 

өтті.  

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні өткен ректорат мәжілісінде университеттің стратегиялық даму жөніндегі 

жол картасы және ҚР жоғары оқу орындарының мамандарды дайындау бағыттары мен деңгейлері 

рейтингісі күн тәртібіндегі басты мәселелер ретінде талқыланды. Ректорат мүшелері бас қосқан жиынды 

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлы ашты. 

Шараның мақсаты – Жібек жолы бойындағы 

мемлекеттердің ынтымақтастығын және тұрақты дамуын 

ілгерілету, «Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі» 

жобасы аясындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, 

өзекті мәселелері және даму болашағын талқылау, 

халықаралық ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасу, 

мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты 

нығайту.       

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ 

университеті» баспа үйінің ұйымдастыруымен 

17 мамыр күні университет кітапханасында 

көрнекті ғалым-этнолог, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Аманжол Боранбайұлы 

Қалыштың ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе 

жатқан ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ретінде, 

соңғы екі жылда аталмыш баспадан жарық 

көрген кітаптар топтамасының – «Пути интеграции 

оралманов в Казахстанское общество: реалии 

и вызовы»; «Этнологияның іргелі мәселелері»; 

«Поле и смыслы социокультурной интеграции 

этнических репатриантов»; «Моңғолиядағы қазақ 

диаспорасының тарихы»; «Миграции казахов: 

вызовы этнической репатриации в условиях 

глобализации»; «Репатрианты Казахстана»; 

«Проблемы устойчивости и конфликтности 

браков в Южном Казахстане» атты еңбектерінің 

тұсаукесер рәсімі өтті. 

Тұсаукесер рәсіміне «Қазақ университеті» баспа 

үйінің директоры А.Т. Асан,  тарих, археология және 

этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент А.Қ. 

Жұмаділ, т.ғ.д., профессор Б.Б. Кәрібаев, БАИ директоры 

Б.А. Шайкенов, археология, этнология және музеология 

кафедрасының профессорлары: т.ғ.д., профессор 

Ә. Төлеубаев, т.ғ.д., профессор М.Е. Елеуов,  т.ғ.д., 

профессор Б.К. Қалшабаева және кафедра оқытушылары 

мен баспа қызметкерлері қатысты.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған факультет деканы, 

т.ғ.к., доцент Арман Жұмаділ отандық ғылымда 

этникалық, этномәдени және этнодемографиялық 

үдерістер саласында, неке және отбасы қатынастары, 

репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделу 

мәселелерінен, көп этносты Қазақстан халқының, қазақ 

халқының рухани және материалдық мәдениетін зерттеп 

жүрген жетекші этнолог-ғалымның ғылымға қосқан 

сүбелі еңбегіне тоқталды. 

Мәжілісте университеттің стратегиялық даму 

жөніндегі жол картасы туралы хабарлама оқу 

үшін алғашқылардың бірі болып Аналитикалық 

зерттеулер және стратегиялық даму орталығының 

директоры А.М. Абсаметова мінбеге көтерілді. Ол: 

«Биылғы жылы ҚазҰУ QS рейтингісі бойынша 

топ-300 университеттер арасында 275-орынға 

табан тіреді. Ал, ТМД елдер қатарында үздік 

университеттер тізімінде алғашқы үштікке ілінді. 

Бұл көрсеткішке қол жеткізуде университет мүддесі 

үшін қызмет ететін әр маманның рөлі ерекше. 

Қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем 

бойынша ЖОО-ларға түсу талаптары күшеюде. 

Бакалавр, магистратура,  докторантура сатылары әр 

кезең сайын қиындай түсуде. Сондықтан, рейтинг 

бойынша жеткен нәтижені одан әрі өркендете 

білуіміз қажет», - деп сөз бастады. Университетті 

дамыту жөнінде стратегиялық өсу бағыттары мен 

өркендеудің тиімді жолдарына кеңінен тоқталып өтті. 

Сөз соңында ректорат мүшелерін университеттің 

стратегиялық даму жөніндегі 2015-2020 жылдар 

аралығына бекітілген жоспарымен таныстырып өтті. 

ҚазҰУ-дың стратегиялық дамуы жөнінен 

хабардар болғаннан кейін, көпшілік алдына 

университеттің бірінші проректоры М.М. 

Бүркітбаев шықты. ҚР жоғары оқу орындарының 

мамандарды дайындау бағыттары және деңгейлері 

бойынша 2016 жылғы тәуелсіз рейтингісі туралы 

оқыған хабарламасында проректор Мұхамбетқали 

Мырзабайұлы: «ҚР ЖОО-ларында мамандар 

дайындау бағыттары мен деңгейлерін анықтауда 

тәуелсіз рейтингтің нәтижесі бойынша әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-да оқытылатын бакалавр, 

магистратура және докторантура сатыларына тиісті 

146 мамандықтың деңгейі анықталды. Нәтижесінде, 

бакалавр және магистратура сатылары бойынша 

бірінші орынға тұрақтасақ, докторантура сатысы 

бойынша екінші орындамыз», - деді. Сонан соң 

еліміздің университеттерінде оқытылатын білім 

бағдарламалары рейтингісі бойынша құқық, 

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, 

техникалық ғылымдар және технологиялар 

мамандықтары бойынша үздік деп танылғандығымыз 

жөнінен және белгілі бір бағыт бойынша мамандар 

даярлау бөлімі бойынша педогогика және 

психология, философия, филология, халықаралық 

қатынастар және құқықтану мамандықтары 

бойынша өзге университеттерден оқ бойы озық 

тұрғандығымызды тілге тиек етті. 

Күн тәртібіндегі мәселелердің жай-күйімен 

құлағдар болғаннан кейін ректорат отырысына 

қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, 

басшылық тарапынан қос мәселеге қатысты 

факультет декандары, кафедра меңгерушілері және 

профессор-ұстаздар қауымына арнайы тапсырмалар 

берілді. 

Қаламқос АМАНҚОСОВА


2

№17 (1610) 24 мамыр 2016 жыл

ақпарат


Прошла международная научно-практическая конференция «Экономический пояс Нового 

Шелкового Пути: сотрудничество и устойчивое развитие сопредельных государств»

қысқа-нұсқа



Жалғасы. Басы 1-бетте

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан өркендеуі халық 

денсаулығы мен тұрмыс-жағдайына тікелей байланысты екендігі даусыз. 

Елбасымыз халыққа Жолдауларында білім, ғылым салаларымен қатар, осы 

бағытқа ерекше басымдық беріп келеді.  Елімізде денсаулық саласына, оның 

ішінде білікті, білімді дәрігер мамандар дайындауға қыруар қаржы бөлінуде. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтанұлының қолдауымен 

медицина және биомедицина салаларында кадр дайындау ісі қолға алынып 

жатыр. 

Алматы қаласындағы Қытай Халық 

Республикасы бас консулдығының 

қолдауымен жүзеге асқан конференцияға 

Қазақстандағы Халықаралық  және 

аймақтық ынтымақтастықты зерттеу 

институтынан, ҚР Президенті 

жанындағы Қазақстан стратегиялық 

зерттеулер институтынан, Сүлеймен 

Демирел атындағы университеттен, 

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану 

институтынан т.б. ғылыми зерттеу 

орталықтарынан келген отандық 

мамандармен қатар, Қытай, Ресей, 

Үндістан елінің белді ғалымдары қатысты. 

Конференцияның пленарлық мәжілісінде 

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры 

М.Бүркітбаев шараның ашылуымен 

құттықтап, Алматы қаласындағы Қытай 

Халық Республикасы бас консулы 

Чжан Вэй мырзаға аталған іс-шараны 

 

 



ұйымдастыруға атсалысқаны үшін 

 

университет басшылығы атынан  алғыс 



білдірді. Өз кезегінде бас консул Чжан 

Вэй мырза бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп 

жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы 

мен Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» 

стратегиялық бағдарламасының 

өзектілігін атап өтіп, болашақта бұл екі 

жоба сабақтаса отырып іске асса, үлкен 

жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын 

айтты.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті, 



қытайтану кафедрасының меңгерушісі 

т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметханұлы 

мен Пекин педагогикалық университеті 

тарих факультетінің профессоры 

Чжан Цзянхуа тізгінін ұстаған жиын 

Жібек жолы бойындағы мемлекеттерді 

экономикалық дамуға біріктіретін Жібек 

жолы экономикалық белдеуінің аса 

маңызды жаһандық бастамалардың бірі 

екендігін сөз етті. Қытай ғалымдары 

«Жібек жолының экономикалық 

белдеуі» жобасы өңірдегі мемлекеттер 

арасындағы экономикалық, саяси 

және гуманитарлық салаларда жақын 

кешенді қарым-қатынас қалыптастыруға 

бағытталғанын, Қазақстан Президенті 

Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» 

бағдарламасы мен ҚХР төрағасы Си 

Цзинпиннің алға тартқан «Жаңа Жібек 

жолы экономикалық белдеуі» бастамасы 

өзара сәйкестік тапқанын тілге тиек 

етті.  Ғалымдар өз баяндамаларында бұл 

мәселеге өз тараптарынан терең талдау 

жасап, өзіндік тұжырымдарымен жан-

жақты таныстырып өтті. 

А. КЕНЖЕБАЕВА, 

Н. ШАРЫПҚАЗЫ,

 шығыстану факультеті 

қытайтану кафедрасының

оқытушылары

Осы орайда 18 мамыр күні ҚазҰУ-

дың биология және биотехнология 

факультетінің биофизика және 

биомедицина кафедрасы «G-global» 

интерактивті алаңында  шетелдік 

ғалымдармен тәжірибе алмасу 

мақсатында «Биомедицина: бүгіні 

мен болашағы» тақырыбында онлайн 

видеоконференциясын өткізді. 

Шараны 

ашқан 


профессор                        

С.Т. Төлеу 

ханов университетімізде, 

оның ішінде биофизика және 

биомедицина кафедрасында осы 

бағытта атқарылып жатқан ғылыми 

зерттеулерге тоқтала келіп, өзекті 

мәселелер төңірегінде шетелдік 

ғалымдармен ой бөлісті. Сондай-ақ 

видеоконференция барысында «Адам 

өмірін ұзартудың жолдары, яғни 

геронтология», табиғи өсімдіктерден 

алынған дәрі-дәрмектерді сынаққа алу 

арқылы ауруға пайдалану жолдары, 

хрономедицинаның адам денсаулығын 

сауықтырудағы рөлі және қатерлі 

ісік ауруларын қарастырып зерттеп 

анықтау мен емдеудің биофизикалық 

әдістерін қолдану жайы сөз болды.

Аталған мәселелер бойынша 

пікіралмасуға хрономедицина, хроно-

биология саласының Қазақстандағы 

алғашқы іргетасын қалаушы, 

кафедра меңгеруші, профессор С.Т. 

Төлеуханов  тың 

жетекшілігімен 

кафедра про фессорлары мен ғылыми 

қызмет 


керлері, докторанттары, ма-

гистрант тары және Лондондағы ИСЛ 

университеті (Англия), Негевтегі 

Бен-Гурион университеті (Израиль), 

Новосібірдегі Цитология және 

генетика институтының (Pесей), 

Токио университетінің медицина 

факультетінің (Жапония) ғалымдары 

қатысып, сұхбаттасу екі сағатқа жуық 

уақытқа созылды. Конференция 

қатысушылары өзара сұрақтар қойып, 

биомедицинаның бүгіні мен болашағы 

жайлы пікірлерін ортаға салды. 

Отандық және шетелдік ғалымдар үздік 

нәтижеге жету мақсатында болашақта 

да бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.   



Н.Т. ТОРМАНОВ,

биофизика және биомедицина 

кафедрасының профессоры 

Филология және әлем тілдері 

факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға 

тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Ай-

Ару» рухани-танымдық  студент қыздар 

орталығы мен «Инабат» рухани-

мәдени орталығы Қазақстанның  халық 

жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері 

Сафуан Шаймерденұлының «Ағалардың 

алақаны» кітабы бойынша дөңгелек үстел 

өткізді. 

Шара барысында студенттер кітаптан 

алған әсерімен бөлісіп, әріптестері 

мен отбасы мүшелері атынан кейіпкер 

өмірінен ғибратты  әңгімелер айтылды. 

Сонымен қатар университет ректоры 

Ғ. Мұтановтың  бұйрығымен жазушы 

отбасындағы  өмір өнегесі, білім беру 

саласындағы  ұзақ жылдар бойғы еңбегі 

үшін  Бағдат Көлұзаққызы ҚазҰУ-

дың 80 жылдығы мерекелік медалімен 

 

марапатталып, жазушы отбасы 



атынан 2 студентке атаулы шәкіртақы 

тағайындалды. 



Қ. МӘДІБАЙ,

Г. ОСПАНОВА

***


ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасының 

конференц-залында Алматы қаласы 

Жастар саясаты басқармасының 

ұйымдастыруымен «Студенттердің тұрғын 

үй мәселелері және оларды шешу жолдары» 

атты кеңейтілген жиын өтті. Жиынға 

Алматы қаласы ЖОО-ның тәрбие жұмысы 

жөніндегі проректорлары және жастар 

ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Университет проректорлары аталған 

тақырыпқа байланысты өз университетінде 

атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. 

Сәйкесінше, контингенті бойынша ең 

алдыңғы қатардағы университет, қара 

шаңырағымыз әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі 

проректоры Ш.Е. Жаманбалаева 

университет тәжірибесімен бөлісті, елеулі 

ұсыныстар айтты. Алматы мәслихатының 

депутаты А. Төлепов, «Болашақ» жастар 

қозғалысының жетекшісі Д. Бабамұратов, 

блогер Б. Бухарбаев, Алматы қалалық 

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы 

А. Байзаханов тың ойларымен бөлісті. 



М. МАУЛЬШАРИФ,

әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс 

кафедрасының доценті

***

«Бауыржан Момышұлының руxани 

мұрасы» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

ұйымдастырған онлайн конференцияда 

№131 Бауыржан Момышұлы атындағы 

мектеп-лицей, Мұхаммед Хайдар Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 

Бауыржан Момышұлының мемориалдық 

мұражайы университетімізбен онлайн 

байланысқа шықты. 

Конференцияда Б. Момышұлының 

батырлығымен қоса, әдебиет пен 

мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесі атап 

өтіліп, мол рухани мұрасына талдау 

жасалды. Жиынға Б. Момышұлы 

атындағы қордың президенті Оралжан 

Жақанұлы, «Алма-Ата» әдебиет үйінің 

директоры Райхан Бектемісова, Қайрат 

Бейсен, филология және әлем тілдері 

кафедрасының меңгерушісі Алуа 

Берікбайқызы және факультеттің ардақты 

ұстаздары - Жұмат Тілепов, Анарбай 

Бұлдыбай, Раушан Әбдіқұлова, Пазылбек 

Бисенбаев, Сәлима Қалқабаева, Нұрлан 

Сағындық, Еркінгүл Солтанаева, Райхан 

Имаханбет, Ақнұр Оспанова қатысты. 

Батыр баба туралы деректер мен естеліктер 

айтылып, батырға арналған жырлар 

оқылды. Онлайн байланысқа шыққан 

мектеп оқушылары да тақырыпқа сай өз 

ықыластарын білдірді. 



Г.Т. ОСПАНОВА,

қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы 

кафедрасының аға оқытушысы

3

№17 (1610) 24 мамыр 2016 жыл

информация



«G-Global» интерактивті алаңында биомедицина мәселелеріне арналған онлайн конференция өтті

В начале 1911 года в Троицке увидел свет первый номер казахского 

журнала «Айқап». Мухамеджан Сералин (1872-1929) - организатор и 

издатель, идейный руководитель и редактор, педагог, литератор заложил 

основы первого национального периодического издания в формате 

журнала.

Ныне прерывистая  линия жизни 

«Айқап», благодаря инициативе ректора 

КазНУ академика Г.М. Мутанова, обретает 

новый абрис: журнал «Айқап» видится 

коммуникационной площадкой для 

размещения результатов фундаментальных 

исследований отечественных и 

зарубежных ученых. Презентация нового 

номера «Айқап» состоялась в стенах 

университета в апреле этого года на 

пленарном заседании Конференции к 

150-летию А. Букейханова с участием 

госсекретаря Республики Казахстан 

Г. Абдыкаликовой, акима г. Алматы Б. 

Байбек, депутатов Сената парламента 

РК, профессорско-преподавательского 

состава и студенчества.

Издание отличает широкий спектр и 

глубина отражения богатой сокровищницы 

национально-культурного наследия, в 

русле патриотического акта «Мәңгілік Ел» 

вопросы тюркологии Евразии, истории и 

этнокультуры Казахстана, межкультурных 

контактов Центральной Азии с внешним 

миром, архивные материалы, поэзия и 

проза молодых дарований и т.д.

Номер открывают обращение главного 

редактора, ректора КазНУ о концепции 

журнала и интервью с известным 

поэтом и общественным деятелем 

О.О. Сулейменовым. Представляют 

интерес обзор тюркоязычных 

коллекций в зарубежных архивах, 

тематические материалы к 1000-летию 

Юсуфа Баласагуни и 150-летию А. 

Букейханова,  170-летию Жамбыла, 

оригинальные публикации тюркологов, 

поэтов и журналистов Казахстана, 

Великобритании, США, Турции, 

Венгрии, России. Журнал иллюстрирован 

раритетными фотоснимками и факсимиле 

страниц «Айқап», что вышли из 

типографии столетием ранее.

Отрадно, что журнал обрел новый 

импульс в юбилейный год празднования 

25-летия Республики Казахстан, 

символизируя конкурентоспособность 

казахской передовой интеллигенции, 

ее достойное место в интеллектуальной 

истории мира. Редакционная 

коллегия уверена, что издание обретет 

массовую читательскую аудиторию, 

заинтересованную в поступательном 

развитии Қазақ Елі и продвижении 

достижений культуры, образования и 

науки Республики Казахстан в мировом 

информационном пространстве. 

Периодичность издания: четыре номера 

в год. Подписаться на журнал «Айқап» 

скоро можно будет в отделениях связи РК.

Гюльнар МУКАНОВА,

кандидат исторических наук, доцент 

Недавно военной кафедрой КазНУ 

в гимназии “Самопознание” 

Национального центра “Бобек” 

был проведен  Урок мужества

посвященный Дню защитника 

Отечества и 71-й годовщине 

Великой Победы.

Перед началом мероприятия 

представители военной кафедры 

университета были в качестве почетных 

гостей  на торжественном Круге радости, 

посвященном чествованию защитников 

Отечества, где в яркой театральной форме 

школьники показали все этапы Великой 

Отечественной войны.

Урок мужества по тематике делился 

на три части: "Батыры земли казахской", 

"Герои среди нас" и "Защитницы Отечества". 

Преподаватели военной кафедры полковник  

запаса Б.М. Иханбаев, подполковник Р.Н. 

Крыкпаев, подполковник Б.Б. Смагулова 

рассказали школьникам о героическом 

прошлом нашего народа,  Вооруженных 

Силах Республики Казахстан, защитниках 

и защитницах Отечества.  Большой интерес 

у детей вызвали выступления отличников 

учебы, студентов военной кафедры  Д. 

Тохтар  и  А. Серикболовой. Проникновенно 

прозвучали песенные композиции 

"Журавли" и "Майский вальс" в исполнении 

преподавателя военной кафедры 

подполковника в отставке А.Т. Болгова. 

В заключительной части Урока мужества 

выступил начальник военной кафедры 

КазНУ полковник О.В. Ажимов, который 

рассказал о выдающейся роли и вкладе в дело 

строительства и становления Вооруженных 

Сил независимого Казахстана  Президента 

– Верховного Главнокомандующего 

Вооруженными Силами Республики 

Казахстан Н.А. Назарбаева.

На память о встрече полковник О.В. 

Ажимов вручил руководству гимназии 

памятные подарки.



Эльнара БЕЙСЕТБАЕВА, 

начальник отдела военно-

патриотической и оборонно-

массовой работы военной кафедры 

В КазНУ прошел IV Международный Конгресс Казахстанской Ассоциации 

Медицинской Лабораторной Диагностики (КАМЛД) «Современная 

лабораторная медицина: инновационные технологии лабораторного 

анализа и новые возможности их клинического применения в Казахстане», 

организаторами которого выступили КАМЛД, КазНУ им. аль-Фараби, КазНМУ 

им. А.С. Асфендиярова, НИИ ФиПМ, Алматинский филиал Центра судебной 

медицины, Российская Ассоциация Медицинской Лабораторной Диагностики 

(РАМЛД).

Само проведение IV Международного 

Конгресса по проблемам медицины и 

биомедицины является символичным, так 

как впервые проводится на базе КазНУ, 

в работе которого приняли активное 

участие коллективы факультета биологии и 

биотехнологии и медицинского факультета, 

Казахстанско-Корейского медицинского 

центра и формирования здорового образа 

жизни КазНУ.

В секционных заседаниях участвовали 

более 350 человек, в том числе 12 

представителей из США, Франции, 

Российской Федерации и Узбекистана. 

При IV Международном Конгрессе была 

организована Международная выставка 

оборудования, техники, приборов, 

расходных материалов и реагентов для 

лабораторной диагностики и биомедицины 

«Интермедлаб», в котрой приняли участие 10 

компаний.

Актуальность темы конгресса обусловлена 

необходимостью мультидисциплинарного 

подхода и интеграции на республиканском 

и международном уровнях учёных и 

специалистов биомедицинской науки, 

практической лабораторной медицины 

для разработки и внедрения новых 

инновационных технологий лабораторного 

анализа, использования возможности их 

клинического применения и подготовка 

кадров нового типа для медицины и 

биомедицины.

В рамках конгресса в формате научных 

дискуссий были обсуждены: актуальные 

вопросы становления и развития 

лабораторной медицины; инновационные 

технологии лабораторного анализа и новые 

возможности их клинического применения 

в Казахстане; проблемы подготовки кадров и 

вопросов лабораторной службы РК; вопросы 

судебной медицины; актуальные проблемы 

современной биомедицины и другие.

Также  в рамках конгресса на 

круглом столе  «Подготовка кадров и 

организационные вопросы лабораторной 

службы Республики Казахстан» были 

рассмотрены актуальные проблемы, 

профессиональные и образовательные 

стандарты современной лабораторной 

диагностики. Проведено 3 секционных 

заседани по направлениям биомедицины, 

лабораторной и судебной медицины, где 

были рассмотрены современные вопросы 

хронобиологии и хрономедицины, 

особенности биофотоники. Постерная 

сессия была представлена 17 докладами. 

В них рассмотрены актуальные вопросы 

специалистов КДЛ по различным аспектам 

клинической лабораторной диагностики и 

биомедицины.

Итогом завершения конгресса стало 

принятие Резолюции о совместной работе 

специалистов в области медицинской 

лабораторной диагностики и биомедицины. 

Участники мероприятия назвали конгресс 

чрезвычайно «важным и актуальным 

мероприятием для дальнейшего 

продвижения современной лабораторной 

медицины и биомедицины на основе 

новейших достижений современных 

естественнонаучных дисциплин». 

Поддержка КазНУ идеи проведения 

конгресса такого масштаба служит хорошим 

началом становления и развития медико-

биологического кластера нового типа в 

университете.





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет