Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



жүктеу 11.66 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата30.03.2017
өлшемі11.66 Mb.
  1   2   3   4

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

5-бет

2-стр.


Жақсының 

әрқашан да 

Жөні бөлек...

сакура - 

символ труда и 

сотрудничества

рухты ректор

3-бет


Продолжение на 4 стр.

Имя Умирбека Арислановича Джолдасбекова 

– ректора КазГУ им. С. М. Кирова в 1970-

1986 г.г., академика, доктора технических 

наук, профессора, лауреата Государственной 

премии КазССР, заслуженного деятеля 

науки КазССР вписано золотыми буквами в 

историю Казахстана. Сегодня во всех отраслях 

республики и за рубежом трудятся выпускники 

нашего университета, которым он открыл 

дорогу в большую жизнь. К 85-летию академика 

в Казахском национальном университете 

имени аль-Фараби состоялось торжественное 

мероприятие, посвященное этой юбилейной 

дате. В память о знаменитом ученом и 

талантливом руководителе Большому залу 

механико-математического факультета было 

присвоено имя У. Джолдасбекова.

Ғaлым МҰТAНОВ,

әл-Фaрaби aтындaғы ҚaзҰУ ректоры

Құрметті ҚaзҰУ aрулaры мен aяулы aнaлaр!

Сіздерді келе жатқан 8 нaурыз – 

Хaлықaрaлық әйелдер мерекесімен шын 

жүректен құттықтaймын!

8 нaурыз – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді 

тербеткен aсыл жaндaрдың төл мерекесі. Бaршa 

тіршілік aтaулығa өзгеше жaн бітіріп, тaбиғaт-

aнaның көркемдігін айшықтайтын шұғылaлы 

көктемнің aлғaшқы мерекесі деп белгіленген 

күн – әйел зaтының нәзік жaрaтылысымен 

ерекше үйлесімділік тaпқaндaй. Сұлулық пен 

қaйрaттылықтың дa символынa aйнaлып үлгерген 

aнa есімі әрқaшaн да биік, қыз қaдірі әрқaшaн 

дa қымбaт. Ұлт мәселесі мен ұрпaқ тәрбиесінде, 

тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуінде, ғылым мен 

білімнің дaмуындa aнaлaрымыз бен aрулaрымыздың 

сіңірген еңбегі ұшaн-теңіз. 

ҚaзҰУ aтты озық білім ошaғының мерейін үстем 

етіп, бәсекеге қaбілетті мaмaн дaярлaудa ұстaз-

aнaлaрымыз сүбелі үлес қосып келеді. Оқу-білімді 

үйлестіруде, ұжым бірлігін aрттыруда, тәрбие 

мен тәлімнің үлгісін көрсетуде, қызмет сaпaсын 

көтеруде олардың еңбегі зор.

Кешегі Қыз Жібек пен Бaян сұлулaрдың 

ізбaсaрлaры, тaл бойынa әдемілік пен нәзіктікті 

жия білген, aқылынa көркі сaй қыздaрымыз бен aяулы 

ұстaздaрымызды, отбaсынa мейірімін төгіп қaнa 

қоймaй, мемлекеттік қызметке, сaясaтқa 

aрaлaсып, өзге де сaлaлaрдың шебері aтaнып 

жүрген, қоғaмдa белсенділік тaнытудa 

үлгі-өнеге болa білген бaршa әйелдер 

қaуымын осы бір ғaжaйып мерекемен 

құттықтaймын. Дендеріңізге 

сaулық, отбaсылaрыңызғa 

aмaндық тілеймін! 

Өмірлеріңізге бaқ-береке 

мәңгі тұрaқтaп, 

е ң б е к т е р і ң і з 

жaнa берсін!

№ 9 (1603) 

1 наурыз

2016 жыл

Уважаемые преподаватели, сотрудники и студенты!

Поздравляю Вас с важным праздником - 

Днем благодарности! Как отметил Президент РК 

Нурсултан Назарбаев, этот день является символом 

дружбы, любви и благодарности всех этносов друг к 

другу и казахам, проявившим милосердие к людям, 

не по своей воле оказавшихся на этой земле. Каждый 

из нас ощущает себя нужной и важной частью 

нашего общества. Все мы, казахстанцы, должны 

быть благодарны друг другу за то, что сплоченно и в 

единстве живём в своей любимой стране. За то, что 

вместе с нашим Президентом являемся могучей и 

несокрушимой созидательной силой, на которой 

держится развитие и процветание Казахстана. 

В этот торжественный день считаю своим 

высоким долгом выразить глубокую и сердечную 

благодарность всем коллегам – профессорско-

преподавательскому составу и сотрудникам, 

а также студентам нашего многотысячного и 

многонационального коллектива. 

Благодаря вашему неустанному труду, 

 

стремлению к повышению профессионализма и 



единству в достижении общей цели, университет 

достиг больших  успехов. За короткое время КазНУ 

продвинулся на 350 позиций в международном 

рейтинге QS и первым среди вузов  Центральной 

Азии вошел в топ-300,  заняв 275-е место среди 

лучших 800 вузов мира. Такого феноменального 

продвижения в международном рейтинге 

университет добился благодаря проведению 

комплексной структурной модернизации. 

Внедрен процессный менеджмент, основанный 

на управлении, ориентированном на результат, 

реализована рейтинговая система оценки труда. 

На примере ведущих университетов мира в КазНУ 

разработаны и внедрены экспериментальные 

образовательные программы, соответствующие 

высоким международным стандартам и прошедшие 

международную аккредитацию. За последние 

годы в университете создана современная научно-

инновационная инфраструктура, эффективно 

функционирует технологический коридор «от 

генерирования идеи до ее коммерциализации». 

Росту мирового авторитета способствовало 

 

признание КазНУ региональным хабом ЮНЕСКО 



по Центрально-Азиатскому региону и глобальным 

хабом ООН по проблемам устойчивого развития 

в мире.  Стремясь стать субъектом экономики, 

основанной на знаниях, КазНУ на принципах 

государственно-частного партнерства привлекает 

инвестиции со стороны ведущих компаний 

Южной Кореи, Гонконга и Сингапура на развитие 

инновационного и биомедицинского кластеров. 

Все эти достижения – наш общий реальный 

вклад в успешное развитие образования и 

науки нашей страны. Желаю всем крепкого 

здоровья, благополучия, счастья и  плодотворной 

деятельности!

Ректор Г. МуТаНОВ


2

№9 (1603) 1 наурыз 2016 жыл

ақпарат


ҚазҰУ басшылығы Жапонияның дипломатиялық өкілеттілігі аяқталған ҚР-дағы 

төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёсимен кездесті

ҚысҚа-нұсҚа



В КазНУ прошла встреча  

руководства университета с 

полномочным и чрезвычайным 

послом Японии Камохара 

Масаёси по случаю завершения 

его дипломатической миссии  в 

Казахстане. 

ректорат


За время своей дипломатической 

миссии, г-н посол принимал 

непосредственное участие для 

налаживания тесных контактов в 

научной и образовательной сферах между 

КазНУ и японскими университетами. 

Это способствовало созданию основы 

двухстороннего сотрудничества, в 

результате  которого появились новые 

технологические партнеры, состоялся 

запуск новых совместных проектов. Один 

из них: «Разработка и формирование 

компьютерной базы данных по ядерным 

реакциям в рамках международной 

сети МАГАТЭ. «Во время стажировки 

исполнители проекта работали со средой 

программного обеспечения Webble-

World, базой данных университета 

Хоккайдо, а также провели работу с 

экспериментальными установками 

института физико-химических 

исследований (RIKEN) в Токио. 

 

Подготовлены национальные кадры. 



Пять магистрантов, прошедшие научную 

подготовку в Токийском университете, 

осуществили проектирование, сборку и 

запуск первого казахстанского нано – 

спутника»,  отметил ректор КазНУ Галым 

Мутанов.


 Стороны выразили удовлетворение 

текущей динамикой развития 

двустороннего сотрудничества. По 

словам г-на К. Масаёси, он очень рад, 

что японские студенты, которые учатся 

в КазНУ, удовлетворены жизнью в 

Казахстане, и  они хотят приезжать 

сюда как можно чаще. «В прошлом году 

визит японского премьер – министра в 

Казахстан и его встреча с президентом 

Н. Назарбаевым, стали стимулом для 

развития совместных проектов между 

нашими странами», - сказал г-н посол. 

Обсуждая вопросы сотрудничества 

были также озвучены результаты 

совместных проектов. В частности, 

при поддержке посольства Японии в 

Казахстане прошел конкурс по японскому 

языку. Большая работа проводится 

фондом Japan Foundation. Также в 

рамках диалога культур в 16 раз в КазНУ 

приезжают студенты из университета 

Васэда. Примечательно, что студентами 

университета являются не только японцы, 

но и резиденты из ОАЭ и Китая. 

Следует отметить, что ученые 

КазНУ совместно с японскими 

университетами  проводят научные 

исследования по изучению свойств 

бериллиевых отражателей и проведению 

расчетов для использования в 

ядерной энергетике. В рамках другого 

проекта проводились исследования 

высокотемпературной коррозии  графита 

ВТГР (высокотемпературный газо-

охлаждаемый реактор) в парах воды.  

Обе стороны подытожили встречу 

планами на дальнейшее сотрудничество. 

Ректор  университета Галым Мутанов 

сравнил результаты совместного труда 

с сакурой, которая три года назад была 

посажена им возле библиотеки КазНУ 

им. аль – Фараби. Данный факт теперь 

символизирует дружеские и партнерские 

связи между посольством страны 

восходящего солнца и ведущим вузом 

республики. 

анвар уШуРОВ 

Ақпан айының соңғы күнінде өткен Ғылыми кеңес және ректорат отырысында 

ҚазҰУ-дың 2015 жылғы ғылыми-зерттеу және инновациялық бағытта 

атқарылған жұмыстарының қорытындыларымен танысу және жыл сайын 

өтетін дәстүрлі ІІІ Фараби оқуларына дайындық мәселелері күн тәртібіне 

шықты. Ректорат мүшелерінің қатысуымен өткен жиын университет ректоры 

Ғалым Мұтанұлы Мұтановтың сөзімен бастау алды. 

Ғылыми-зерттеу және инновациялық 

қызметтің өткен жылдағы 

қорытындылары және университеттің 

ғылыми-инновациялық құрамдас 

бөлігін көбейту жолдары жайында 

баяндамасын оқу мақсатында мінбеге 

алғашқы болып ғылыми-инновациялық 

қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл 

Сәбитұлы Рамазанов көтерілді. Ол: 

«Университетімізде 2015 жылы ғылыми-

инновациялық бағытта атқарылған 

жұмыстар деңгейі өте жоғары деңгейде. 

Жоспарланған 430-ге жуық жоба өз 

мәресіне жетті. Жобаларды жүзеге 

асыру кезінде «Математика және 

математикалық модельдеу институты», 

«Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және 

өнер институты», «Әлкей Марғұлан 

атындағы археология институты» және 

«Экономика» институттары ерекше 

белсенділік танытты. Атқарылған 

жобаларда университетіміздің 

экономикалық, қаржылық, әлеуметтік 

 

мәселелері толықтай қарастырылып, 



кадр дайындау, өндірістік тәжірибеден 

өту, шетелдік оқу орындарымен тәжірибе 

алмасу, халықаралық конференция, 

семинарларға қатысу және оны өткізу 

сынды жұмыстар сапалы орындалды», – 

деп сөз бастады. Сонымен қатар баяндама 

барысында ғылыми бағытта даму үшін 

көптеген шетелдік үздік универсиеттермен 

байланыс, озық мамандармен тәжірибе 

алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары 

және оқытушы профессорлар 

құрамының отандық, шетелдік ғылыми 

басылымдарда жарияланған мақалалары, 

ғылыми студенттік үйірмелердің жеткен 

жетістіктері жайында толық мағлұмат 

берілді. Осы тұста әлем бойынша 

оқу ордамыздың рейтингін көтеру 

мақсатында шетелдік басылымдарға 

мақалалар жариялау жайында ұстаздар 

мен басшылық арасында біраз пікір-

талас туындады. Бұл жөнінде факультет 

декандары мен кафедра меңгерушілері 

тарапынан шешу жолдары мен жаңаша 

ұсыныстар айтылды. Сонан соң ғылыми-

инновациялық қызмет жөніндегі 

проректор Тілекқабыл Сәбитұлы сәуір 

айына жоспарланып отырған, дәстүрлі 

түрде өтетін ІІІ Фараби оқуларына 

дайындық туралы жоспарымен көпшілікті 

құлағдар етті. 

Күн тәртібінде белгіленген мәселелердің 

жайы айқын болғаннан кейін мінбеге 

«Парасат» қызметкерлер кәсіподағының 

төрағасы Талғат Құмарғалиұлы Мекебаев 

шығып, ҚазҰУ-да ректордың қолдауымен 

жыл сайын өткізіліп келе жатқан тазалық 

апталығы өткізілетіндігі туралы хабарлама 

жасады. Хабарламада ол апталықтың 

шарттары мен әр факультеттің міндеттерін 

толықтай атап өтті. 



Қаламқас аМаНҚОСОВа

«Өрлеу» ұлттық республикалық 

біліктілікті арттыру институтының 

қолдауымен журналистика факультетінде 

Баспасөз және электронды БаҚ 

кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби 

білім берудегі интернет-сауаттылық: әдістер 

мен шешімдер» атты III республикалық 

семинар өтті. 

Семинар екі сессиядан тұрды. Бірінші 

сессияда ашылу салтанаты және  қатысуға 

келген қонақтарға арналған лекциялар 

мен тренингтер,  екінші сессияда Оnline 

дәрістер оқылды. Мектеп мұғалімдерінің 

біліктілігін арттыруда уақытты үнемдеу 

мақсатында ұйымдастырылып отырған 

шараға Алматы қаласы мектептері 

мен колледждері, ЖОО оқытушылары 

қатысты. Семинар қазақ тілі және шет 

тілдері мен әдебиеті, этнопедагогика және 

білім берудегі тұлғааралық  коммуникация  

модульдеріне негізделді. 



алма ҚҰРМаНБаЕВа,

 журналистика факультеті

 

***



Жуырда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ 

ұлттық техникалық зерттеу университетінде 

республикалық деңгейде "Techno cup I" 

пікірсайыс турнирі өтті. Тартысты турнирге 

университетіміздің намысын қорғауда 

«алтын Сапа» интеллектуалды пікірсайыс 

клубының атынан қос команда қатысты. 

ҚазҰТЗУ-да өткізіліп отырған алғашқы 

республикалық турнир нәтижесіне 

сәйкес, алтынсапалық «Біз ораламыз» 

фракциясы турнир жеңімпаздары 

атанды. Фракция мүшелері халықаралық 

қатынастар факультетінің 3-курс студенті 

Өмірзақ Нұртуған мен журналистика 

факультетінің 4-курс студенті Тілеубек 

Динара 60 мың теңге көлемінде сыйақымен 

марапатталды. Финалистермен жартылай 

финалда кездескен физика-техникалық 

факультетінің стандарттау жане 

сертификаттау мамандығының 2-курс 

магистранты Алдоңғаров Құралбек пен 

халықаралық қатынастар факультетінің 

3-курс студенті Тұрсын Назеркенің 

мүшелігіндегі «Дарт Вейдер» фракциясы 

«Үздік талпыныс» номинациясын 

иеленіп, 20 мың теңге көлеміндегі 

сыйақыға ие болды.  

Рахиля БЕРКІНБаЙ,

«Алтын Сапа» ИПК мүшесі

***

Химия және химиялық технология 

факультетінің жалпы және бейорганикалық 

химия кафедрасының оқытушылары «Дені 

саудың жаны сау» жобасы аясында алматы 

қаласының тамақтану институтының 

маманы айгүл Нағашбекқызы 

Қожахметовамен кездесу ұйымдастырды.

Маман-дәрігер студент жастарға дені 

сау, еңбекқор, білімді азамат болып өсу үшін 

дұрыс тамақтана білу қажеттігін айтты. 

Тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, 

тиімсіз, жеткіліксіз болса, адам ағзасында 

метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның 

айналадағы ортаның зиянды әсеріне 

және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы 

тұрарлық қабілеті төмендейтіндігін тілге 

тиек етті. Сонымен қатар, өмірімізді 

жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша 

сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық 

денсаулық екенін ұмытпау керектігін 

түсіндірді. Денсаулығыңыз нормаларға 

сай жақсы болса, 50% сілтілі (жемістер, 

көкөністер) және 50% қышқылды (бидай 

дақылдары, бал, қант, балық, ет, сүт және 

барлық майлар) тағамды пайдалану керек, 

егер сырқат болсаңыз, сілтілі тағамды 

көбірек ішу керектігін айтып өтті. 

Б.Д. БаЛҒЫШЕВа, 

Р.Г. РЫСҚаЛИЕВа, 

жалпы және бейорганикалық химия 

кафедрасының доценттері


3

№9 (1603) 1 наурыз 2016 жыл

тыныс


В стенах профильной школы КазНУ прошла ІІІ научно-исследовательская конференция «Юный 

аль-Фараби», посвященная 25-летию независимости Республики Казахстан  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-

да «Жамбыл ақындық мұрасы 

және жамбылтанудың өзекті 

мәселелері» атты халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференция 

өтті. «Адамдықты, ерлікті, 

батырлықты, ел бірлігін сақтаған 

татулықты айтқан» келелі жиын 

ғылым мен білімнің қасиетті 

қара шаңырағында отандық 

ғалымдармен қатар, Ресей, Грузия, 

Түркия, Қырғыз елдерінен арнайы 

келген ғалымдардың басын қосты.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен 

ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы 

халықтың рухани өмірінде Жамбылдың 

алар орны ерекше болған. Ол алғашында 

ел өмірін шынайы жырға қосса, соғыс 

жылдарындағы отты өлеңдерімен 

жауынгерлердің жігерін жаныды. 

Толағай дастаншылдығы мен қисапсыз 

қисашылдығы өз алдына. Шоқтығы 

биік тағы бір өнері айтыстың да алаңын 

қыздырғандығы баршаға аян.

Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға, 

Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға. 

Жақсының әрқашан да жөні бөлек, 

Жаман адам жарамас бір қымтарға, – 

деген екен  ХХ ғасырдың гомері атанған 

қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев. 

Жөні бөлек жақсының туғанына жүз елу 

жыл толуын ЮНЕСКО ұйғарымымен 

бүкіл әлем мерейлі мерекеге айналдырған 

болатын. Биыл, міне, ақындық өнегесі 

ұрпаққа үлгі ұлы жыраудың 170 жылдығы 

да халықаралық көлемде айшықты аталып 

өтуде.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов 



Жамбыл мұраларының зерттелуі жайлы: 

«Жамбыл ақындық мұрасы және 

жамбылтанудың өзекті мәселелері ҚазҰУ 

әдебиетші ғалымдарының назарынан 

ешқашан тыс қалған емес. Академик-

жазушы Мұхтар Әуезовтен басталған бұл 

дәстүр кешегі Ханғали Сүйіншәлиев, 

Сұлтанғали Садырбаев, Алма Қыраубаева 

еңбектерінде жалғасын тапты. Бүгінде 

Жанғара Дәдебаев, Мүбәрак Үмбетаев, 

Анарбай Бұлдыбай, т.б. ғалымдар ізгі 

ізденістерді одан әрі дамытып келеді», – 

деп пікір білдірді.

Шота Руставели атындағы Грузин 

әдебиеті институтының директоры Ирма 

Ратиани Шота Руставели мен Жамбыл 

Жабаев шығармаларындағы сабақтастықты 

тілге тиек етті. ХІІ ғасырда өмір сүрген 

Грузияның мемлекет қайраткері мен 

қазақтың жыр алыбының арасын қаншама 

уақыт бөліп жатыр, дей тұрғанмен 

олардың шығармашылығындағы 

үндестік – екі ел арасындағы рухани 

жақындықтың белгісі. Себебі, поэзия 

уақытқа бағынбайды. «Жиырмасыншы 

ғасырдың екінші жартысында Грузияда 

қазақ әдебиетін оқу үлкен дәстүрге 

айналған болатын. Өкінішке орай, бүгінгі 

таңда бұл процесс сәл ақсап қалды. 

Мен Қазақстанға Жамбылдың тойына 

арнайы келдім. Дегенмен, менің тағы бір 

діттеген дипломатиялық міндетім бар. 

Ол Қазақстан мен Грузия арасында білім, 

ғылым саласындағы ынтымақтастықты 

арттыру», – деп атап өтті Шота Руставели 

елінің өкілі.

Алқалы жиында шет елден келген 

ғалымдардан бөлек, Ә.Дербісәлі, 

У.Қ. Қалижанов, А.Т. Қожамқұлов, 

Ж.Шаштайұлы, Г. Құрманбай, Н.Қапал-

бекұлы сияқты қазақтың біртуар 

азаматтары сүбелі баяндамаларын оқыды.

Конференция аясында филология 

және әлем тілдері факультетінде «Жамбыл 

атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін 

зерттеу» орталығы ашылды. Сондай-ақ, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми 

кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған 

Жамбыл Жабаевтың 2 томдық таңдамалы 

шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Жамбыл – әлемдік әдебиеттің  алтын 

қорында  мәңгілікке  қалып,  қазақ  деген 

ұғыммен  қатар  жүретін  дәрежеде  өз 

шығармалары  арқылы  биікте  тұр. Тек 

біздер,  ұрпақтары ұлыларымызды сол 

биіктен көрсете білейік, өзіміз ұсақталып 

қалмайық», – деді кітап мұражайының 

директоры, жазушы Нағашыбек 

Қапалбекұлы.

Елдана ТОҚБаЙ 

Механика-математика 

факультетінде ақпараттық 

жүйелер кафедрасы мен 

Қазақстан Ұстаздар қоғамы 

бірлесіп ұйымдастырған 

салтанатты жиын өтті. 

Жиынның шымылдығын ашқан 

факультет деканы, физика-математика 

ғылымдарының докторы, профессор 

М.Ә.Бектемесов өз сөзінде кеш 

қонақтарына жылы лебіз білдіре 

отырып, мұндай шараның университет 

қабырғасында бірінші рет өткізіліп 

отырғанын, оның факультет ұжымы үшін 

үлкен мақтаныш, жастарға үлгі-өнеге 

екенін айтты.

Шара барысында Қазақстан 

Ұстаздар қоғамының және оның құрама 

бөліктері болып табылатын Зияткерлик 

технологиялар институтының, 

Республикалық жанұялық «Игілік» 

журналының мақсаттары мен 

міндеттері жария етіліп, тыныс-тіршілігі 

таныстырылды. 

Сондай-ақ жиында факультеттің 

талантты жастары арнау өлеңдер оқып, 

өнерпаздары құйқылжыта ән салды, мың 

бұрала би биледі. «Игілік» журналының 

механика-математика факультетінің 

ғылыми жетістіктері мен оқу ордасында 

жаңа компьютерлік технологиялардың 

оқытылуы жайлы шыққан жаңа нөмірінің 

тұсаукесері жасалды.  Факультет деканы, 

кафедра меңгерушілері, профессорлар 

мен ғылым докторлары Ақтау қаласы 

мен Маңғыстау облысынан арнайы 

шақырылған үлгілі мұғалімдер мен 

колледж оқытушылары – А.Аманжолова 

мен Э.Арықбаеваға, Ә.Ақбанова 

мен Б.Жолдиеваға, Г.Өтешова мен 

Л.Көбегеноваға және С.Жұмағазиева 

мен Р.Домақбайға «Қазақстан Ұстазы» 

қоғамының атынан медальдар мен 

төсбелгілер тапсырып, дипломдар мен 

мақтау қағаздарын ұсынды.

Ал бұдан кейін қоғамдастықтың 

төрағасы, Зияткерлік технологиялар 

институтының Бас директоры, Phd 

докторы, профессор Алмас Әділбекұлы 

Өскенбаев пен Республикалық жанұялық 

«Игілік» журналының Бас редакторы, ҚР 

Журналистер одағының, ҚР Іскер әйелдер 

ассоциациясының мүшесі Меруерт 

Әбдірайымқызы Әйтенова осы қоғамның 

мүшесі болып табылатын факультеттің 

белді профессорлары – Бақыт Бөрібайұлы, 

Жанұзақ Тоқыбетов, Алтынғазы Кәрімов 

пен аға оқытушы Болат Құсайынұлына 

«Қазақстан Ұстазы» медалін тапсырды. 

Профессор М.Ә.Бектемесовтің 

пікірінше, факультетіміздің аты 

аталған педагогтарының осындай сый-

сияпатқа бөленуі өте орынды. Марапат 

иелерінің бәрі де жоғары оқу орындары 

студенттеріне сапалы білім, саналы тәрбие 

беріп келе жатқан тәжірибелі тәлімгерлер, 

еңбек ардагерлері. Әрқайсының ҚазҰУ-

дағы жұмыс өтілдері 30-40 жылдан астам. 

Осы жылдар ішінде олардың орта мектеп 

үшін тындырған еңбектері де ұшан теңіз. 

Мысалы, ҚР білім беру үздігі, ҚР 

ЖОО ассоциациясы бекіткен «Саңлақ 

автор» атағы бар ақпараттық жүйелер 

кафедрасының профессоры Б.Бөрібайұлы 

– ҚР БжҒМ ұсынған 11 оқулықтың, 50-

ден аса оқу-әдістемелік құралдардың, 7 

сөздіктің авторы. 

«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік 

грантының иегері, іргелі математика 

кафедрасының профессоры Жанұзақ 

Тоқыбетов ұзақ жылдар Абай атындағы 

ҚазҰПУ-да кафедра меңгеріп, орта 

мектеп үшін кадрлар дайындау ісіне 

белсене араласса, математикалық және 

компьютерлік моделдеу кафедрасының 

профессоры  Алтынғазы Кәрімов  – сегіз 

жыл О.Жәутіков атындағы Республикалық 

физика-математикалық мектебінде 

бағдарламалау бойынша оқу үдерісіне 

жетекшілік етіп, 1986 жылы программалау 

пәні бойынша Қазақстанның физика-

математикалық мектептеріне арналған 

оқу бағдарламасын құрастырғаны үшін 

КСРО ХШЖК-нің қола медалімен 

марапатталған.

Ақпараттық жүйелер кафедрасындағы 

аға оқытушылық қызметін он жыл бойы 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 

колледжде информатика циклі бойынша 

дәріс берумен қатар атқарып келген Болат 

Құсайынұлы – ҚР БжҒМ бекіткен жалпы 

мектептің 4, 5, 8 және 11 сыныптары 

оқушыларына арналған қазақ тіліндегі 

информатика оқулықтарының авторы.

Марапатталғандар атынан сөз 

алған профессор Ж.Тоқыбетов пен аға 

оқытушы Б.Құсайынұлы Қазақстан 

Ұстаздар қоғамына, факультет ұжымы 

мен басшыларына деген алғыстарын 

білдіріп, білім беру ісінің өзекті мәселеріне 

де тоқталды. Ал олардың жиналған 

жұрттың өтініші бойынша ән орындап, өз 

шығармашылықтарынан өлең оқып беруі 

де кеш ажарын аша түсті. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет