Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



жүктеу 11.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата20.01.2017
өлшемі11.7 Mb.
  1   2   3   4

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

8-стр.

2-бет


КӨЗ – ҚОРҚАҚ , 

ҚОЛ – БАТЫР

ЖАсЫЛ КАмпус – 

эКОЛОгияЛЫҚ 

дАмудЫң Оң шешімі 

день ОТКРЫТЫх 

двеРей

7-бет


Жалғасы 3-бетте

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті, 

жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 

ұйымдастыруымен психология ғылымдарының 

докторы, профессор С.М.Жақыповты еске алуға 

арналған дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік 

конференция өтті. 

№ 14 (1607) 

4 мамыр

2016 жыл

Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын  

арттыру мақсатында ҚазҰУ ректоры Ғалым 

Мұтановтың бастамасымен 2012 жылы 

«100 кітап» жобасы «Жас қазақ» газетінің 

ақпараттық қолдауымен әзірленді. Жоба 

аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық 

және әлемдік классиктердің шығармалары 

таңдалғаны белгілі. Осы орайда Әл-Фараби 

кітапханасы жыл оқырман-студенттер арасында 

жалпыуниверситеттік «Кітап оқу лидері» атты  

сайысын ұйымдастырып, биыл екінші рет жоғары 

деңгейде өткізді.  

Жалғасы 4-бетте

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек 

сіңірген ғылым және техника қайраткері, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 

жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазҰУ жанындағы ЭТФ ҒЗИ ғылыми жетекшісі Төлеген 

Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына 

арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің, ҚР Жоғары мектебі ҰҒА Президиумы мен ҚР ҰҒА 

Президиумының салтанатты жиналысы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан 

Байбек, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, Парламент 

Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Иқсанова, Парламент 

Сенатының депутаты Асқар Мұсаханов, Алматы 

қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, ҚР Білім 

және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, Мәдениет 

және спорт министрлігінің өкілетті хатшысы Қуатжан 

Уалиев, ҚР ЖОО-ларының ректорлары, ғылыми-

зерттеу институттарының директорлары және өзге де 

қоғам қайраткерлері қатысып, мерейтой иесіне жылы 

лебіздерін арнады.  

Салтанатты жиында сөз бастаған ҚазҰУ ректоры, 

академик  Ғалым Мұтанұлы: «Белгілі қайраткер, 

академик, ұстаз Төлеген Әбдісағиұлының еліміздің игілігі 

үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Бүгінгі ұйымдастырылып 

отырған жиында академиктің тынымсыз еңбек жолынан, 

қиын да қызықты өмірінен естеліктер айтылып, 

құттықтау-тілектер жеткізілетін болады», – деді.

«Сіз – көрнекті ғалым, білікті педагог, іскер 

ұйымдастырушы ретінде білім мен ғылым саласын 

дамытуға мол үлес қостыңыз. Жетісу мемлекеттік 

университеті мен Қазақ ұлттық университетін 

басқарып, жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие 

алуына елеулі еңбек сіңірдіңіз. Ғылым саласындағы 

айрықша жетістіктеріңіз Мемлекеттік сыйлық және 

жоғары марапаттармен атап өтілді. ҰҒА академигі 

аталып, талантты шәкірттер дайындап, ғылыми мектеп 

қалыптастыруыңыз – үздіксіз ізденістеріңіздің жемісі. 

Зерделі зерттеулеріңіз табыспен жалғаса берсін!» – 

деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ҚР 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арнайы құттықтау 

хатын оқу барысында. Сонымен қатар қала әкімі Төлеген 

Әбдісағиұлының Қазақстан ғылымының дамуына қосқан 

орасан зор үлесі мен кванттық теория саласында ашқан 

жаңалықтарына ерекше тоқталды. 

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов – өрістің кванттық 

теориясы саласындағы аса ірі маман. 1986 жылдары 

Т.Ә. Қожамқұлов КСРО-да тұңғыш болып УКСР ҒА 

Теориялық физика институтында торлық калибрлік 

теория бойынша «Калибрлеулік өрісті торларда 

стохастикалық кванттау» тақырыбында докторлық 

диссертация қорғап, 300-ге тарта ғылыми еңбектер 

жариялаған. Академик Қазақстанда ЖОО жанындағы 

алғашқы ҒЗИ болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

аясындағы Эксперименталдық және теориялық физика 

ғылыми-зерттеу институтын құрушысы және алғашқы 

директоры болып қызмет еткен. 2003 жылы қайраткер 

Италияның Болонья қаласында Университеттердің Ұлы 

Хартиясына қол қоюы нәтижесінде ҚазҰУ Қазақстан 

мен Орталық Азияда Болоньялық үрдістің толық 

құқықты қатысушысы болған тұңғыш ЖОО атанды. 

Қазақстанның Жоғары мектебінің заманауи әлемдік 

білім беру кеңістігіне тікелей интеграциялануына үлкен 

жол ашты. 2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

толағай табыстарының арқасында үздік университеттер 

қатарында алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

тапсыруымен «Алтын сапа» сыйлығын иемденген.

Ұстаздың әріптестері, достары, шәкірттері жиылған 

салтанатты шара соңында мерейтой иесі жиналған 

көпшілікке алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА

Биылғы шара «Білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті 

тұлғаны дамытудың қазіргі тенденциялары» деген тақырыпты 

арқау етті. Сондай-ақ, шара аясында ғалымның артта қалған 

ұрпақтары мен ұстаздарының демеушілігімен факультетте «С.М. 

Жақыпов атындағы аудитория» ашылды.  Аудиторияда ғалымның 

құнды еңбектері, қолжазбалары, пайдаланған заттары, өмірінен, 

қызметі    нен сыр шертетін естелік суреттер орналастырылды. 

Жастар жаппай компьютерлік технологиямен 

әуестенген кезеңде студенттер арасында рухани 

құндылықтарды өркендетуді мақсат еткен  сайыс 

қыркүйек айынан бастау алып, жыл бойына созылды. 

Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде 

кітапхана оқу залдары мен абонемент қызмет көрсету 

орталықтарына, ҚазҰУ студенттерінің «Көмек» қоғамдық 

қоры мүшелері, студенттік декандар, факультеттердің 

белсенділеріне   арнайы тапсырылған 15 сұрақтан тұратын 

сауалнама парақшалары кітапханаға келген студенттер 

арасында толтырылды. 

Сауалнама қорытындысының нәтижесінде қазақ 

әдебиетінен – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-

эпопеясы, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол 

жылдар» романы, М.Мақатаев пен М.Шахановтың 

өлеңдері,  орыс әдебиетінен – Л.Н.Толстойдың «Соғыс 

пен бейбітшілігі», әлем әдебиетінен – америкалық 

жазушы Э.Хеменгуэйдің «Шал мен теңіз» повесі, 

Д.Лондонның «Теңіз қорқауы» ҚазҰУ студенттері ең көп 

оқитын шығармалардың қатарына кірді. 

Сауалнамаларды іріктеу барысында студенттің қанша 

кітап оқығандығын және сүйікті кітаптарының қысқаша 

сипаттамасын сауатты беруі, ойының ұшқырлығы, кітап 

оқуға деген құлшынысы мен қабілеттері  ескеріліп, екінші  

кезеңге 50 үміткер өтті. 

Екінші кезеңде «100 кітап»  тізімінің  негізінде 

3 сұрақтан тұратын 100 билет дайындалып, әрбір 

қатысушыға шығармалардан үзіндіні табу және сұрақтарға 

жауап беру жүктелді. 


2

№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл

ақпарат


ҚазҰУ мен ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арасында 

өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ректорат


Осы аптаның Ғылыми кеңес және 

ректорат отырысында әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-дың жасыл кампус 

тұжырымдамасы және университет 

қызметкерлерін аттестаттаудың 

қорытындылары күн тәртібіндегі 

басты мәселелер ретінде қаралды. 

Ректорат мүшелері қатысқан 

жиынды оқу ордамыздың ректоры 

Ғалым Мұтанұлы ашты. 

4-6 апреля текущего года в КазНУ в рамках празднования 25-летия Независимости 

Республики Казахстан прошло официальное закрытие 3 этапа Республиканской 

олимпиады «Аль-Фараби-2016», которая проводилась совместно с Республиканским 

научно-практическим центром «Дарын» при содействии МОН РК. 

Жиын барысында алғашқы 

хабарламаны ҚазҰУ-дың жасыл кампус 

тұжырымдамасы туралы география және 

табиғатты пайдалану факультетінің 

деканы В.Г. Сальников оқыды. Ол: 

«Жасыл кампус тұжырымдамасын жүзеге 

асыру – қоршаған ортаны қорғауға 

салым енгізуге, өздігінен дамуға үстемдік 

орнату үшін қаржы үнемдеуге, білім мен 

тәрбие арқылы әлеуметтік әсер беруге, 

дамудың тұрақты үлгісін қалыптастыруға 

жаңа бағыттағы мүмкіндіктер туғызады. 

Жасыл университет, жасыл кампус 

құру нәтижесінде экологиялық 

инфрақұрылымдар құру, қалдықтармен 

жұмыс жасау, электр қуатын үнемдеу, 

экологиялық транспорт ұйымдастыру, 

суды үнемдеу, ұтымды тұтыну және 

экологиялық оқыту сынды жұмыстардың 

жоғары деңгейде орындалуына ықпал 

жасайды», – деп сөз бастап, одан әрі 

кампус тұжырымдамасының 2016-2025 

жылдар аралығында жоспарланған 

мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті. 

Жасыл кампус хабарламасынан 

құлағдар болғаннан кейін, маңызды 

мәселенің бірі университет 

қызметкерлерін аттестаттаудың 

қорытындылары туралы хабарлама оқуға 

«Парасат» қызметкерлер кәсіподағының 

төрағасы Т.Қ. Мекебаев мінбеге көтерілді. 

Талғат Құмарғалиұлы: «Биылғы жылы 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру, 

аттестациялау жұмыстары қарқынды 

түрде жүргізілді. Жұмыс барысын өткен 

жылмен салыстырғанда өсу бағыты айқын 

әрі қызметкерлердің жұмыс сапасын 

арттыруы мен сынға деген жауапкершілігі 

өте жоғары деңгейде. 2015 жылдың 30 

желтоқсанында бекітілген комиссия 

шешімі бойынша 300-ге жуық қызметкер 

аттестациядан өтіп, нәтижесінде сыннан 

өткендердің қатарында барлық талаптарға 

сәйкес деп танылған 2 қызметкердің 

лауазымын көтеру туралы ұсыныс 

жасалды», – деп хабарлады. Сонымен 

қатар коммиссия мүшелері тарапынан 

хабарлама барысында алдағы уақытта 

біліктілік арттыру жұмыстары бойынша 

әр түрлі салаға байланысты семинар-

тренингтерді жандандыру туралы жаңа 

идеялар айтылды.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің 

реті белгілі болғаннан кейін ректорат 

мүшелеріне 25-27 сәуір аралығында өткен 

ҚазҰУ делегациясының Әзірбайжан 

Республикасы, Баку қаласына барған 

сапарындағы «Өркениеттер Альянсының» 

гранд форумына қатысқандығы 

жайында шығыстану факультетінің 

ТҮРКСОЙ  кафедрасының  меңгерушісі                                             

А.Ә. Тұрғанбаев есеп берді. 

Ғылыми кеңесте университет ректоры 

Ғ.Мұтанұлы ҚР ҰҒА академигі, физика-

математика ғылымдарының докторы, 

профессор, Қазақстанның еңбек 

сіңірген ғылым және техника қайраткері 

Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлын 70 

жылдық мерейтойымен университет 

ұжымы атынан құттықтады. Сонымен 

қатар Әбу-Даби қаласында өткен 

бразилиялық джиу-джитсу бойынша 

кәсіби халықаралық әлем чемпионатында 

жылу физикасы және техникалық 

физика кафедрасының ассистенті Әлия 

Алдиярова 55 кг салмақ категориясында 

күміс жүлдегер атанcа, ЮНЕСКО-ның 

Қазақстандағы, Қырғызстандағы және 

Тәжікстандағы өкілі Андрей Шевелев 11 

сәуірде өткен «Жасыл көпір ұрпақтан-

ұрпаққа» студенттік форумының 

аясында жасалып, жіберілген сапалы 

суреттері үшін университет фотографы 

Марат Жүнісбековке алғыс білдірді. 

Сондай-ақ Марат Кеңесұлына Түркия 

елінен алғысхат келіп, жиын барысында 

табысталды. 



Өз тілшіМіздеН 

Первый этап Республиканской 

олимпиады «Аль-Фараби» проходил с 

10 по 11 февраля, а второй – 2 марта. 

На первом туре олимпиады количество 

участников составило 7654 школьников 

11 классов: из Атырауской области –252, 

Актюбинской – 785, Мангыстауской –261, 

Западно-Казахстанской – 165, Восточно-

Казахстанской – 517, Жамбылской 

– 344, Южно-Казахстанской – 1581, 

Кызылординской – 720, Алматинской – 

797, Карагандинской – 463, Павлодарской 

– 165, Акмолинской – 248, Северо-

Казахстанской – 228, Костанайской – 

234, г. Алматы – 817, г. Астана – 76. 

От общего количества участников 

первого тура на второй тур 

олимпиады прошли 554 участника: 

из Кызылординской области – 34, 

Павлодарской – 19, Южно-Казахстанской 

– 99, г. Алматы – 80, Алматинской – 

69, Актюбинской – 28, Жамбылской 

– 17, Западно-Казахстанской – 9, 

Акмолинской – 23, Карагандинской – 26, 

Восточно-Казахстанской – 42, г. Астана 

– 5, Костанайской – 29, Мангыстауской 

– 18, Северо-Казахстанской –26, 

Атырауской – 9. 

Второй тур прошел в режиме 

онлайн с применением современных 

дистанционных информационных 

технологий. От общего числа участников 

77 учащихся прошли на третий тур. 

На третьем этапе очного тура стали 

призерами І, ІІ, ІІІ степени 17 участников. 

Особенностью этого этапа является, 

то, что по предметам естественно-

математического направления тур 

проводится в виде решения теоретических 

и практических задач в современных 

учебно-научных лабораториях 

университета, а общественно-

гуманитарного направления в 

виде написания эссе и ответов на 

теоретические вопросы, используя 

информационные и книжные ресурсы 

Научной библиотеки «Аль-Фараби». Для 

формирования практических навыков 

научно-исследовательской работы 

участники олимпиады дополнительно 

готовят исследовательский проект-

реферат (не более 5 стр.) по предложенной 

тематике под руководством наставника-

куратора (преподавателя, ведущего 

ученого КазНУ), который оценивается 

отдельно и учитывается в итоговой сумме 

баллов. Данный комбинированный 

подход проведения тура позволит оценить 

комплексные знания школьников 

и способности к самостоятельной 

исследовательской работе.  

На всех этапах республиканской 

олимпиады организаторами и 

участниками  были соблюдены все условия 

ее проведения, регламентированные 

Правилами организации и проведения 

Республиканской олимпиады «Аль-

Фараби».

Именно заключительный тур 

олимпиады «Аль-Фараби» задает 

старт целому ряду мероприятий в виде 

международных конференций и форумов 

в рамках «Әл-Фараби оқулары», которые 

проходят в течение всего апреля месяца.  

Центр профориентационной 

работы “Абитуриент”

қысқа-нұсқа



География, жерге орналастыру 

және кадастр кафедрасының «ZemKad 

Клуб» студенттік-ғылыми үйірмесінің 

ұйымдастыруымен «Қазақстан 

Республикасының жер қорын тиімді 

пайдаланудың мәселелері» атты дөңгелек 

үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге қатысқан үйірме 

мүшелері қоғамдық өндірістің тиімділігін 

арттыру, соның нәтижесінде халықтың 

тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту 

өндірістің еңбек, материалдық және 

табиғи қорларын тиімді пайдаланумен 

тікелей байланысты екенін, сонымен 

қатар қазіргі кезде және болашақта өндіріс 

қорларының барлық түрін кешенді, үнемді 

пайдалану мәселесін шешкенде ғана 

экономиканың даму қарқынын арттыруға 

болатындығын мәлімдеді. Бұл мәселенің 

шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты 

жағдайын сақтап, оның ресурстарын 

тиімді пайдаланумен тығыз байланысты 

деген тұжырымдама жасады.

Н.К.ҚҰРМАНҒАлИеВА 

«ZemKad Клуб» үйірмесінің жетекшісі

***


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

жоғары оқу орындары арасында 

мәдениеттану мамандығы бойынша 

ұйымдастырған Республикалық пәндік 

олимпиада өз мәресіне жетті. Қазақстан 

республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл 

толуы қарсаңында өткізілген білгірлер 

сайысының сан сатылы кезеңдері  де осы 

айтулы датамен байланыстырылды. 

Бұл білім додасына алты команда 

қатысып, олардан:  С.Торайғыров 

атындағы Павлодар мемлекеттік 

университеті – «Тенгри» құрамасы, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті – «Томирис» құрамасы, 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери 

институтынан келген «Отан сақшылары» 

құрамалары жүлделі 2-орынға ие болды. 

Қазылардың шешімімен бас жүлде 

қара шаңырағымыздың студенттеріне 

бұйырды.  Мәдениеттану мамандығының 

3-курс студенттерінен құралған «Жалын» 

тобы жеңістің тұғырынан көрініп, тағы 

бір мәрте университет студенттерінің 

үздік екенін дәлелдей түсті.

К.Ә. БИЯздЫҚОВА, 

философия ғ.к., доцент;

Р.С.УтешОВА,

3-курс студенті 

***


Жақында дінтану мамандығының 

1-курс магистранттары мен 2-курс 

студенттері оқытушылар – Б.Мейірбаев 

пен М.Жекебаеваның ұйытқы болуымен 

университетімізде игі дәстүрге айналған 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 

қаламыздағы «Жанұя» балалар үйіне барып 

қайтты.

 Қазақы ғұрпымызда да, мұсылмандық 

жолымызда да мұқтаж жандарға 

көмектесу аса сауапты іс болып табылады. 

Аталған балалар мекемесіне  барғанда 

келген қонақтарды балалар үйінің 

меңгерушісі Бақыткүл Сапбекқызы күтіп 

алды. Ол ғимаратты аралатқыза отырып, 

келушілерді балалармен таныстырды. 

Жетім балаларға арналған бұл  интернат 

үйде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар 

тәрбиеленеді екен.

Магистранттар мен студенттер 

тәрбиеленушілерге түрлі тәттілер, 

жеміс-жидектер, ойыншықтар және 

қажетті тұрмыстық заттар әкеліп 

берді. Мейірімділік, имандылық 

сияқты ізгі қасиеттерді насихаттайтын 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 

университетіміздің көптеген тәлімгерлері 

қамқорлық пен мейірбандықтың жоғары 

үлгісін көрсетуде. 



Жанна ҚАҢтАРБАеВА,

Дінтану және мәдениеттану 

кафедрасы;

елнұр ӘСКеНҰлЫ,

Дінтану мамандығының 1-курс 

магистранты

3

№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл

таным


 Стартовала международная студенческая конференция – модель ООН «Новый шелковый путь»

Жалғасы. Басы 1-бетте

Ғалымға аудитория ашылды

Жиында сөз алған ҚазҰУ-дың 

философия және саясаттану факультетінің 

деканы Ә. Масалимова: «Сатыбалды 

Мұқатайұлы – біздің факультетімізде 

жиырма жылдан астам уақыт еңбек еткен 

әрі ҚазҰУ-да қазақ психологиясының 

кәсіби негізін салушылардың бірі болды. 

Биылғы конференцияның бір ерекшелігі 

– бір топ шәкірттерінің үлкен ниетпен 

ғалым ағаға арналған аудиторияны 

ашу салтанаты. Әр шәкірт  өз ұстазына 

осындай құрмет көрсетіп жатса, ол нұр 

үстіне нұр болар еді.  Өкінішке қарай, 

білікті ғалым арамыздан ерте кетіп 

қалды, бірақ ол кісі негізін салған қазақ 

психологиясының мектебі, негіздері, 

осы кафедрада қалыптасып, әлі де талай 

мықты ғалымның өсіп шығуына септігін 

тигізеді», – деген ойымен бөлісті.

«Сатыбалды Жақыпов» атындағы 

аудиторияның лентасын қиған, педагогика 

және психология ғылымдарының 

докторы, жалпы және қолданбалы 

психология кафедрасының профессоры 

Құбығұл Жарықбаев: «Жақыпов –қазақ 

психологиясының көрнекті өкілдерінің 

бірі де, бірегейі. Бізде осы ғылымда 

үш негізгі тарихи ғалым бар еді. Оның 

біріншісі педагогиканың негізін салған, 

академик Төлеген Тәжібаев болатын. 

Ол – педагогика ғылымы саласында 

Қазақстандағы тұңғыш доктор және 

академик. Екіншісі, психологияда 

артына өшпес із қалдырған Мұқанов. 

Оның 15-ке жуық еңбегі Мәскеуде 

«қазақ психологиясы» тақырыбында 

тұңғыш қорғалып, орыс ағайындарға 

АдАмзАт тыныштығы – 

Асыл мұрАт

Елбасы Н. Назарбаевтың 

Вашингтон саммитінде жасаған 

манифесі – бұдан бұрын үнемі 

қозғап жүрген ядролық соғыс 

қаупінен адамзатты құтқаруға 

арналған түбегейлі тұжырым.

Соғыс қай уақытта да адамзатқа қайғы-

қасіреттен басқа ештеңе әкелмейді. Ал 

қазіргі ядролық зымырандар, басқа да 

қуатты қарулардың зардабы ғаламды 

құртып тынатыны айқын. Адамзатты 

жаппай қырып жоятын ядролық соғыс 

қатері жер жүзі халықтарын қатты 

алаңдатып отыр. Бұл жерінде неше түрлі 

жойқын қаруы бар АҚШ, Қытай, Ресей, 

Иран, т.б. мемлекеттерге тиесілі десек 

те, баршаға қатысты, жер жүзіне ортақ 

төнер қауіп. Одан тек жаппай ауыздықтау 

арқылы ғана құтыла аламыз. Ол үшін 

уранды, т.б. пайдалы қазбаларды бейбіт 

мақсатта пайдалану қажет. Міне, оның 

адамзат үшін қандай қатерлі екенін 

сезінген Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 

әлем алдында маңызды мәлімдеме жасады. 

Ол бүгінгі жер шары үшін бейбітшілік 

басты мұрат екенін Қазақстанның ядросыз 

мемлекет ретінде жасаған қадамдары 

арқылы дәлелдей келіп, батыл бағыт 

берді. Бұл манифест әлем халықтарына 

Қазақстанның сыртқы саясатының 

беріктігін көрсетеді. 

Ендеше, Елбасының бұл қадамы 

бейбітшілік туын қолда берік ұстауға 

бекем екендігімізді білдіреді. Жер жүзінде 

әркез бейбітшілік салтанат құруы тиіс! 

Бұл – баршамыздың арман-тілегіміз, ізгі 

ниетіміз! 



Профессор Ә.С.ТАРАҚОВ, 

аға оқытушы А.Ж. ЖАПАРОВА, 

шетел филологиясы және 

аударма ісі кафедрасының 

оқытушылары 

қазақты мықтап таныстырған еді. Ал, 

С. Жақыпов осы сара жолдың жалғай 

түскен үшінші ғалымға айналды. Өзінің 

саналы ғұмырында Сатыбалды Жақыпов 

қазақ психологиясын сан жағынан 

да, сапа жағынан да дамытты. Қазіргі 

психологияның өзекті мәселелеріне 

арналған 50-ден астам кандидаттық және 

докторлық жұмысқа жетекшілік еткен 

бұдан басқа ғалым жоқ. Сондықтан, мына 

конференцияның өтуі өте орынды. Бұл 

кісінің бір ерекшелігі – этнопсихологияны 

таныту үшін орыс тілінде 20-дан астам 

ғылыми мақала жариялады. Соның 

әрқайсысында «жаңа ой» болды. Бұл 

қазақтың педагогикалық этнопсихология 

дейтін саласын Қазақстанда ғана емес, 

ТМД елдеріне жеткізген ғалым», – деп 

ғалым туралы ойын ортаға салды. 

Көзі тірісінде 2 монография, 21 оқу 

құралы, отызға жуық әдістемелік құралы 

және 280-нен астам ғылыми мақалалардың 

авторы болған ғалым Сатыбалды 

Жақыповтың ұсаздық кемеңгерлігі 

де шәкірттерінің жүрегінде. Бүгінде 

профессор, ғалым атанып жүрген белді 

психологтардың өзі ағаның мектебінен 

шыққан шәкірттер екенін мақтан 

тұтып келеді. Жалпы және қолданбалы 

психология кафедрасының профессоры, 

шәкірті Нұргүл Тоқсанбаеава: «Біздің 

кафедра ұстаздарының тең жартысы 

Сатыбалды Жақыповтың жетекшілігімен 

ғылым жолына түскен. Біз сондай тұлғаның 

парасатты білімі мен сауаттылығының 

арқасында бүгінде осындай биік 

жетістікке жеткенімізді әрқашан мақтан 

тұтамыз. Егер ізденемін деген студент 

болса, ағайдың қалдырған мұрасы өте 

көп. Ол кісі этнопсихологияны да, 

оқыту психологиясын да, экономикалық 

психологияны да, жас ерекшелігі 

психологиясын да, жалпы осы ғылымдағы 

барлық саланы қамтыған. Ағайдың 

«Бірлескен іс-әрекет жүйесінде диалогтық 

ойлау» деген негізгі тұжырымдамасы бар. 

Бұл тұжырымдама төңірегінде адам бір-

бірін түсініп, олар бірлескен әрекетке 

түскенде жұмыс та, оқыту да жетістікке 

жететіндігін дәлелдеген. Сондықтан, 

ағайдың жасаған жұмысының қай-

қайсысы болмасын ерекше», – деп атап 

көрсетті. 

Халықаралық ғылыми-әдістемелік 

конференцияда ғалымдар, оқытушылар, 

жас ғалымдар мен студенттер 

Сатыбалды Жақыповтың қазақ 

психологиясына қосқан зор үлесі туралы 

баяндамашылардың мазмұнды ойынан 

ой қорытып, конференция аясында 

шығарылған көлемді жинақтың құнды 

материалдарымен танысты. Әсіресе, жас 

ғалымдар үшін бұл конференцияның 

берері мол болды.


Каталог: content -> files -> pages -> folder3


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет