Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#6110
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

желтоқсан

жұма

16

№97 (1298)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

2-бетте

ИГІЛІК

ДАМУ

Тəуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық армандаған асыл мұраты. Оған жету жолында 

Ұлы  Дала  не  көрмеді  десеңші?  Талай  қилы  заманды  бастан  өткеріп,  талай  асуларды 

бағындыруға  тура  келді.  Бодандық,  бір  үзім  нанға  зар  еткен  аштық,  əділетсіздіктің 

құрбаны болып, жазықсыз жер құшқандар, жойқын соғыс, кешегі желтоқсан ызғары... 

Міне,  осының  бəрі  Атамекен  үшін,  еркін 

ел болу үшін жасалған батыл қадам мен көзсіз 

ерліктер  екенін  ешкім  жоққа  шығара  алмас. 

Сары даланы ұстағанның қолында, тістегеннің 

аузында кетпес үшін өмірлері ат үстінде өткен 

бабаларерлігін ұмыту əсте мүмкін емес.

Тарих  қатпарын  ашып,  оған  терең 

бойлаған  сайын  бейбіт  те  еркін  өмірдің 

құны артып, оның қанша қыршын ғұмырдың 

өтеуі  болғандығын  ұғына  түсеміз.  Халықтың 

жігерін  құм  етіп  жасытқан  сонау  «Елім-ай», 

«Ақтабан  шұбырындыны»  былай  қойғанда, 

қылышынан  қан  тамған  жалғыз  Кеңес 

дəуірінің өзінде қазақ көп нəрседен қол үзді.

Ал,  кешегі  қаншама  жауқазын  ғұмырды 

жалмап кеткен Желтоқсан оқиғасының ызғары 

бір  бөлек.  Талай  өрімдей  жастың  өмірін  ой-

ран  еткен  сол  күн  қазақ  үшін  бір  қайғы,  бір 

қуаныш  болып  мəңгі  есте  қалды.  Қуанышы 

сол, азаттықтың ақ таңы атты, еркіндіктің көк 

туы желбіреді.

Тəңірден  тілеген  тілегіміз  орындалып, 

егемен  ел  болдық.  Болашаққа  жол  бастар 

Көшбасшымыз, ұшқан құстың қанаты талатын 

Алтайдан  Атырауға  дейінгі  сайын  даламыз, 

межеленген шекарамыз, елдігіміздің белгісіне 

айналған рəмізіміз, тұтастығымыздың кепілі – 

Ата заңымыз бар.

Жұмыр  жер  бетінде  бостандықты  бе-

кем  ұстап,  байрағымызды  көкте  желбіретіп, 

көкжиегіміз кеңейген кемел шақтың келгеніне 

биыл  ширек  ғасыр  толып  отыр.  Еліміз  үшін 

бүгінгі  қуаныштың,  дəл  қазіргі  шаттықтың 

орны  ерекше.  Тарих  үшін  ауыз  толтырып 

айтарлықтай  уақыт  емес.  Алайда,  біршама 

жарқын істердің куəсі болдық. Дұшпанымыз 

күйініп, досымыз сүйсінетіндей жетістіктерге 

қол  жетті.  Өркениетке  бет  түзеп,  дамудың 

даңғыл  жолына  түсіп  келеміз.  Бəрін  айта  та 

бірін  айт,  ерке  Есіл  жағасында  көз  сүйсінер 

əсем  қала – Астананы  айтсаңшы.  Аз  ғана 

жылда  аспан  астын  жайнатып,  шырайы 

келіскен  шаһар  тұрғыздық.  Шаңы  шығып 

жатқан сары далаға зəулім-зəулім ғимараттар 

салып,  шырайлы  қала  соғу  тақыр  жерге  тау 

тұрғызғанмен бірдей. Он-он бес жылға кейін 

шегініп, салыстырсақ, бүгінгі тоғыз жолдың 

торабында  қанатын  кеңге  жайған  арман 

қаланы  көреміз.  Тұтастай  Қазақстанның  да-

муын  жалғыз  Астананың  өзі-ақ  əлемге  паш 

етіп  тұрғандай.  Маңызды  шешімдер  мен 

бағдарламалар,  дəстүрлі  түрде  халыққа  жол 

тартатын  Елбасы  Жолдауы  жылдан-жылға 

экономика  қуаттылығын  арттыруға  негіз 

қалап  келеді.  Оны  Мемлекет  басшысының 

сарабдал  саясатының  жемісі  деп  білеміз. 

Тыныштық  пен  бейбітшіліктің  биік  үлгісін 

көрсетіп, төрткүл дүниені өзімізге қараттық.  

ЕҚЫҰ  тізгінін  ұстап,  ДСҰ-ға  мүшелікке 

енгеніміздің  өзі  қандай  ғажап.  Астанадағы 

дүниежүзі 

Көшбасшыларының 

басын  


қосқан  саммит  еліміздің  əлемдік  деңгейдегі 

беделін  зеңгір  көкке  бір  көтеріп  тастағаны 

рас. Ал, мемлекетіміз үшін алдағы маңызды 

шаралардың  бірі – EXPO-2017 көрмесі. 

Түркі əлемінің ең жас елордасы жəне қазіргі 

таңдағы  қуатты  Қазақстанның  символы-

на  айналған  Астана  төрінде  өтетін  атал-

мыш  көрменің  орны  айрықша.  Қазақ  елін 

дүниежүзі  етене  тани  түсуде  бұл  үлкен 

мүмкіндік болмақ.

Ал, 

егеменді 



еліміздің 

əлеуметтік-

экономикалық 

қуаттылығының 

артуы-

на  Алаштың  анасы  атанған – Сыр  өңірінің 



де  қосып  келе  жатқан  үлесі  зор.  Тəуелсіздік 

алған  ширек  ғасыр  ішінде  Сыр  өңірінің 

əлеуеті  нығайып,  келбеті  көріктенді.  Сан 

түрлі  өнеркəсіп  орындары  ашылып,  жан-

жақты  жанданған  аймаққа  айналды.  Облыс  

орталығынан  шалғай  жатқан  аудандар  да 

мемлекеттік  ерекше  қолдауға  ие.  Елбасының 

тікелей  тапсырмасы  бойынша  қолға  алынған 

«Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде облыстың 

Арал ауданында үлкен жұмыстар атқарылды. 

Елбасы  аймаққа  жасаған  сапары  барысын-

да Арал қаласындағы таза суға қол жеткізген 

қуаныштың  ортасында  болды.  Жалпы,  бұл 

бағыттағы игілікті істер жылма-жыл жалғасып 

келеді. 

Азаттықтың ақ таңы атқалы бері Сыр өңірі дамудың даңғыл 

жолына  түсті.  Əсіресе,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бас-

тамасымен  қабылданған  индустриалдық  реформалар  аймақ 

дамуына  жаңа өріс ашты. Осындай серпінді жобаларды ел на-

зарына  ұсынған  «Тəуелсіздік  таруы»  телекөпіріне  облыс  əкімі 

Қырымбек Көшербаев қатысты. 

ТҰҒЫРЛЫ КЕЗЕҢДЕГІ 

ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАР

Ұлы даланың ұлық мерекесі – Тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында сұлу Сырдың бойында орналасқан Қызылорда жұртшылығына тағы бір толым-

ды тарту жасалды. Қаланың сол жақ жағалауын игеру бағдарламасы аясында салынып жатқан үш көпірдің алғашқысы ел игілігіне айналды.

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРҒА 

БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА КӨПІР

ӨСКЕН ҰЛТ ТАРИХЫН 

ТАСқа ЖАЗАДЫ

Жиында аймақтың тəуелсіздік жылда рындағы негізгі əлеуметтік-

экономикалық даму деңгейі сараланды. Осы ширек ғасыр ішінде біздің 

өңір экономика мен өнеркəсіптің барлық салаларында тұрақты дамуға 

қол жеткізді. Мəселен, тəуелсіздік жылдары 109 денсаулық сақтау, 198 

білім беру нысаны салынды. Сондай-ақ, Аралдың солтүстік бөлігінің 

қалпына  келуі, «Байқоңыр»  ғарыш  айлағының  дамуы,  мұнай-газ 

жəне  уран  өндірісінің  құрылуы,  өңірдің  көлік-логистикалық  əлеуе-

тін  қалыптастыру,  қазақ  халқының  рухани  мұраларының  жаңғыруы 

Елбасының айрықша еңбегі ретінде атап өтілді.

–  Сыр  өңірінде  тəуелсіздік  жылдарының  ен шісіне  тиесілі 

жетістіктер  аз  емес.  Халықтың  əлеуметтік  маңызды  мəселелерін 

шешудегі  жұмыстар  оң  нəтиже  берді.  Облыс  аграрлық  аймақтан 

индустриялық-аграрлық аймаққа айналды. Бүгінде Қызылорда өңдеу 

өнеркəсібінің  даму  қарқыны  жөнінен  көш  басында  тұр.  Тəуелсіздік 

жылдары  жалпы  өнім  бірнеше  есеге  артты. 2017 жылдан  бастап 

облыста   Қазақстандағы  алғашқы  шыны  зауыты  жұмысын  бастай-

ды.  Болашақта  аймақтық  экономиканың  тірегіне  айналуы  тиіс  тау-

кен  металлургия  өнеркəсібі  дамуда.  Бұл  жетістіктердің  барлығына 

Елбасының  сарабдал  саясаты  мен  күш-жігерінің,  халқымыздың 

бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткіздік, – деді облыс əкімі.

Сонымен  қатар,  тəуелсіздік  жылдарының  жемісі  САРАТС 

жобасының алғашқы сатысы аймақта балық шаруашылығының қайта 

жандануына  ықпал етті. Соңғы екі жылда балық өнімін экспорттау 

көлемі 45 пайызға өсіп, биылдың өзінде Еуродаққа экспорт көлемін 

2 есеге арттырды.

Сондай-ақ,  шарада  түрлі  салаларда  еңбек  етіп  жүрген 79 адам 

орден,  медальдармен  марапатталып,  Қазақстан  Республикасының 

Құрмет  грамоталарына  жəне 4 ардагер  «Қызылорда  облысының 

Құрметті азаматы» атағына ие болды. 

Салтанатты кеш соңы белгілі орындаушылар мен шығармашылық 

ұжымдардың  қатысуымен    мерекелік  концертке  ұласты.  Осылайша, 

Сыр елі  Тəуелсіздік тойын дүркіретіп өткізді.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

АЗАТ КҮНІМ

БІЗГЕ БОЛҒАН 

БАЯНДЫ

Қадірменді қала тұрғындары, 

ардақты ағайын!

Барша  арманымыздың  асқары,  бақы-

тымыздың  бастауы  болған  ұлы  мереке – 

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы-

мен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ата-бабаларымыздың  арма-

ны  ақиқатқа  айналып,  елдігіміздің  еңсесі 

биіктеп, егемендігімізге қолымыз жеткен аса 

қасиетті  күн.  Бұл – ұрпақтарымыздың  ұлы 

болашағы  үшін,  халқымыздың  теңдігі  мен 

тəуелсіздігіне жол ашылған қастерлі күн. 

Бұл – тіліміз  бен  дініміз,  дəстүр-

салтымыз,  əдет-ғұрпымыз  қайта  жаң-

ғырған, тарихымызды түгендеп, елдігімізді 

талайға мойындатқан ұлы күн. 

Тəуелсіздік – бұл 

ұлтымыздың 

ұлылығын ұлықтаған, ұлы бақыт. 

Еліміз  тəуелсіздік  алып,  ел  болып 

еңсесін  тіктеген  ширек  ғасыр  ішінде, 

барын   бағамдап,  асылын  ардақтаған  Ұлы 

елге айналды.

Бір  шаңырақ  астында  түйіскен  ұлт-

аралық татулық, еліміздегі тыныштық пен 

тұрақтылық, экономикалық даму Елбасы-

мыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың 

сындарлы саясатының жемісі.

Елбасы  еркін  Қазақстанның  іргесін 

қалап, шекарасын бекітті, төрткүл дүние ге 

танымал етті. 

Соның  ішінде,  біздің  өңірімізде  то-

лайым  табыстар  мен  жетістіктерге  қол 

жеткізіп, айтулы белестерді бағындырды.

Құрметті жерлестер!

Елдік  пен  еркіндіктің  бастауы  болып 

табылатын  осы  салтанатты  күні  Сіздерге 

игілік пен бақыт, бақ-дəулет, ырыс тілеймін. 

Тəуелсіз  еліміздің  іргесін  бекемдеп, 

айбынын  асқақтату  жолындағы  еңбек-

теріңізге  толағай  табыс,  дендеріңізге 

саулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға 

бақ-береке тілеймін.

Ізгі ниетпен, 

Қызылорда қаласының əкімі 

Нұрлыбек Машбекұлы Нəлібаев.

Оған  облыс  əкімі  Қырымбек 

Көшербаев 

пен 


Қа зақстан 

Республи касының  Ұлттық  эко-

номика 

вице-министрі 



Айдар  

Əріпханов  қа тысты.  Осылайша  

Сырдарияның  сол  жа   ғалауын дағы 

жасампаз жаңа қала құ рылысының 

алғашқы іргетасына негіз қа ланды.

Осыдан екі жыл бұрын қазығы 

қағылған нысанды «№25 А.Рязанов 

атындағы көпір құрылысы отряды» 

ЖШС  жүргізді.  Бүгінде  құрылыс 

жұмыстары  толық  орындалды. 

Ұзындығы 387, ені 22,4 метрді 

құрайтын көпір 4 жолақтан тұрады. 

Сондай-ақ, 180 тонна  жүк  көтеру 

мүмкіндігіне  ие.  Бас  мердігер  бо-

лып  табылатын  серіктестік  ди-

ректоры 


Тимур  

Накусовтың 

сөзінше,  өзен  үстіне  салынған 

еліміздегі 

үлкен 

көпірлердің 



ондығына  кіретін  нысанның  жал-

пы  сметалық  құны 5 млрд. 820 

млн. теңгені құрайды. Ал, құрылыс 

жұмыстарының басым көпшілігіне 

отандық өнім пайдаланылған.

2-бетте

–  Білім,  ғылым,  мəдениет,  денсаулық 

сақтау  салалары  жоғары  деңгейге  қол 

жеткізді.  Тəуелсіз  еліміздің  ең  биік 

жетістігінің  бірі – достық,  сенім,  ынтымақ. 

Расында,  еліміздің  нышаны,  халқымыздың 

абыройы  мен  айғағы – бірлікте.  Елба-

сы  бастамасымен  өмірге  келген  жаңа 

бағдарламалар 

мен 


тың 

идеялардың 

ықпалымен осы жылдар ішінде Сыр өңірінің 

орталығы – Қызылордада  аса  маңызды 

ауқымды  мəселелер  шешімін  тауып,  

халықтың  жайлы  тұрмыс  кешуіне  барын-

ша жағдай жасалуда. Қазіргі кезде қаламыз 

жаңашыл бастамалармен көш бас тап келеді, 

– деді қала əкімі. 

Шара барысында  түрлі салаларда еңбек 

етіп жүрген 63 адам «ҚР Тəуелсіздігіне 25 

жыл» мерекелік медалімен, марапатталып 

жəне өзге де сый-сияпаттанға қол жеткізді.

А.ОЛЖАБАЕВА.

Оны  өңірдегі  мəслихат  депутаттары,  Қазақстан  халқы 

ассамблеясының, ардагерлер, шығармашылық, жастар ұйымдарының 

өкілдері  мен  білім  жəне  медицина  саласының  қызметкерлері  тама-

шалады.

Астанадағы  салтанатты  жиында  сөз  алған  Елбасы  Нұрсұлтан 



Назарбаев   қазақстандықтарды  мерейлі  мерекемен  құттықтап,  еліміздің 

ширек ғасыр ішіндегі жетістіктерін атап өтті.  

–  Біз  терең  тарихымыз  бен  мыңжылдық  болашағымызды 

сабақтастырып, мəңгілік ел болудың дара жолына түстік. Ана тілімізді 

түлетіп,  ата  дінімізді  оралтқан  айшықты  елміз.  Тағылымды  тарихы-

мызды түгендеген жоралғы жұртпыз. Бар қазақтың басын біріктірген 

пəтуалы ұлтпыз. Тəуелсіздігіміз тұғырлы, болаша ғымыз жарқын бол-

сын, – деді.

Сонымен бірге, Елбасы білім мен ғылым, медицина, өнер, эко-

номика саласындағы өрелі өзгерістерді тілге тиек етті.

Тəуелсіздік  жылдарында  қайта  түлеген  Сыр  өңірінің  халқы  да 

мемлекетіміздің 25 жылдағы жетістігіне куə.

–  Бүгінгі  салтанатты  жиыннан  үлкен  əсер  алып  отырмын.  Білім 

саласында  көп жылдан бері қызмет атқарып келемін. Егемендік алғанға 

дейінгі  кезең  мен  тəуелсіздік  алған  жылдарды  салыс тырып  қарасақ, 

білім саласындағы зор жетістіктерді анық аңғаруға болады. Бұл ширек 

ғасыр ішіндегі азаттығымыздың жемісі, – дейді М.Мəметова атындағы 

педагогикалық колледж директоры Əлима Əбдіхалықова. 

Шара соңында тікелей көрсетілімді тамашалаушылар ширек ғасырда 

аймағы мызда атқарылған жұмыстар жайында пікірлерін білдірді.



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ. 

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 

МАҚСАТЫ БИІК

Облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында  Тəуелсіздіктің 25 

жылдығына  орай  Астанадағы  «Тəуелсіздік  сарайында»  өтіп 

жатқан салтанатты жиыннан тікелей көрсетілім болып өтті.

ТҰҒЫРЫ БИІК, ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ ТƏУЕЛСІЗДІК!

СЕРПІН

ҚАЛА ƏКІМІНІҢ 

ҚҰТТЫҚТАУЫ

А.Тоқмағамбетов атындағы 

мəдениет үйінде ҚР Тəуелсіздігінің 

25 жылдығына орай мерекелік 

шара өтті. Оған қала əкімі 

Нұрлыбек Нəлібаев қатысты. 

Айтулы 

ЖЫЛДАР 


АЙШЫҚТАРЫ

2-бетте

Н.Бекежанов  атындағы  драма  театрында  ҚР  Тəуелсіздігінің 

25  жылдығы  құрметіне  арналған  салтанатты  шара  өтті.  Оған 

облыс əкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ұлттық экономика вице-

министрі Айдар Əріпханов, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ бас 

директоры Құрманғазы Ісқазиев қатысты.  

Телекөпір  барысында  облыстың  егемендік  тұсындағы  жет-

кен  жетістігін  түйіндеп,  саралап,  өңірде  жүзеге  асырылған  бірегей 

индустриалды-инновациялық  жобаларды  халыққа  таныстырды. 

Биылғы жылдың 10 айының қорытындысымен бірінші бесжылдықта 

іске асырылған 17 жобаның 13 жобасы  тұрақты түрде өнім өндіруді 

қамтамасыз  етуде.  Сонымен  қатар,  атқарылған  жұмыс  нəтижесінде 

инвес тиция құны 246 млрд. теңге құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба 

республикалық картаға енді. Осылайша Сыр елі ин дустрияны инно-

вациялау арқылы өн діріс түрлерін əртараптандыру бағы тында табиғи 

байлықтарды ел игілігіне жаратудың бастамасын қолға алды. 

–  Аймақта  шикізатқа  тəуелділікті  төмендету  үшін  метал-

лургиялық  клас терді  жəне  басқа  да  индустриалды  жобалар-

ды  дамытуды  əлі  де  жалғастыра  береміз.  Бұған  келесі  жылы  іске 

қосылуы  жоспарланып  отырған  шыны  зауыты  нақты  мысал  бола 

алады, – деді аймақ басшысы.


ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹97      16 ÆÅËÒÎҚÑÀÍ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

Басы 1-бетте

МЕРЕЙ

МӘСЛИХАТ

КЕЛБЕТ

Күн тəртібіне 14 мəселе ұсынылды. 

2017-2019  жылдарға  арналған  қалалық 

бюджет  туралы  мəселе  бойынша 

қалалық  экономика  жəне  бюджеттік 

жос парлау  бөлімінің  басшысы  Гүлнар 

Баймаханова  баяндама  жасады.  Өт-

кен    үш  жылдық  бюджетте  қаланың 

тайқазаны  облыстық  бюджетке  екі 

салықтың түрінен 31,1 пайыз əлеуметтік 

салықтан  аударым  жасап  келсе,  енді 

алдағы  үш  жылдағы  ерекшелігі  жеке 

табыс  жəне əлеуметтік салықтар бойын-

ша  нормативтік  аударым  төмендегідей 

пайыздармен  реттелуі  жобалануда. 

Мəселен,  жеке  табыс  салығы  бойын-

ша 70 пайызы – қалалық  бюджетке, 

30  пайызы – облыстық  бюджетке  деп 

жос парлануда.  Сонымен  қатар, 2017-

2019  жылдары  қайтарылатын  кредит-

тер 2017 жылы – 555 958, 2018 жылы 

– 6 233 485, 2019 жылы – 510 488 мың 

теңге жəне сыйақылар 2017 жылы – 10 

527, 2018 жылы – 10505, 2019 жылы – 

970 мың теңгені құрайды.

Биыл  қалалық  мəслихатқа 19 де-

путат  сайланып,  оның  құрамы 70 

пайызға жаңарды. Əрбір депутаттың 10 

мыңға дейін сайлаушысы бар. Қалалық 

мəслихат  хатшысы  Роза  Боханова  осы 

орайда  биыл  атқарылған  жұмыстарға 

тоқталып өтті. Есепті мерзім ішінде де-

путаттар 20-дан  астам  рейдтік  шараға 

шығып,  халықпен  кездесті.  Көтерілген 

бірқатар  мəселелерді  жедел  шешу-

ге  ықпал  жасады.  Ел  Тəуелсіздігінің 

25 жылдығына орай қалалық мəслихат 

«Жиырма  бес  іс-шара  жоспарын» 

бекітіп,  сол  бойынша  түрлі  бағытта 

игі  істерді  ұйымдастыруда.  Қалалық 

мəслихат  депутаттары  Ұлы  Отан 

соғысының  ардагерлеріне  құрмет  көр-

сетіп,  халықаралық  балаларды  қор-

ғау  күні  мерекесінде 200-ден  астам 

тұрмысы  төмен  отбасыдан  шыққан 

жəне  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 

мерекелік  шаралар  өткізді.  Сондай-

ақ,  облыс  əкімі  жариялаған  «Жүрек 

жылуы»,  

«Тəуелсіздік 

шапағаты» 

атты  қайырымдылық  шарасына  халық 

қалаулылары белсене қатысты. 

Келесі  кезекте  қозғалған  «Жергі-

лікті  полиция  қызметінің 2016 жыл-

дың  екінші  жарты  жылдығындағы 

қорытынды  есебі»  жайында  қалалық 

ішкі  істер  басқармасы  жергілікті  по-

лиция  қызметінің  басшысы  Қуаныш 

Шүкіров  баяндама  жасады.  Депутат-

тар бұл бағытта атқарылған жұмыс ба-

рысын  қанағаттанарлық  деп  бағалады. 

Одан  кейін  халық  қалаулылары  сот 

шешімімен  коммуналдық  меншікке 

түскен  болып  танылған  иесіз  қал-

дықтарды басқару қағидаларды бекітті. 

Ал,  шаһардың,  ауылдық  округ  пен 

кенттердің  кейбір  көшелеріне,  жаңа 

көпір  мен  шағын  ауданға  атау  беру 

жəне «Қызылорда қаласының құрметті 

азаматы»  атағын  беру  мəселелері  ая-

сында қалалық мəдениет жəне тілдерді 

дамыту  бөлімінің  басшысы  Ғалым 

Баймырзаевтың баяндамасы тыңдалды.

Сессияны  қала  əкімі  Нұрлыбек 

Нəлібаев қорытындылады.

–  Осыдан 20 жыл  бұрын  Тəуелсіз-

діктің  алғашқы  кезеңінде  қаланың 

тайқазаны 6 млрд. 300 млн.  теңге  бо-

латын. 2016 жылға  арналған  Қызыл-

орданың  бюджеті  жыл  басында 31,2 

млрд.  теңге  көлемінде  бекітілсе, 

қосымша  қаржы  тарту  арқылы  бюд-

жет 60 млрд. теңгеден асты. Бұл қаржы 

көрсеткіші 10 есеге  артқандығын 

айғақтайды. Оның ішінде өз кірістеріміз 

3  есеге  артып, 16,5 млрд.  теңгеге 

ұлғайды.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Осы  аптада  VІ  шақырылған 

қалалық  мəслихат  депутаттарының 

кезекті  тоғызыншы  сессиясы  өтті. 

Оған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев, 

қалалық  мəслихат  хатшысы  Роза 

Боханова,   халық  қалаулылары  мен 

ауылдық  округ,  кент  əкімдері,  сала 

басшылары қатысты.

АЛДАҒЫ 


МІНДЕТТЕР 

НАҚТЫЛАНДЫ

–  Менің  өмірге  келген  күнім  тарихи 

кезеңмен тұспа-тұс келді. Əсерімді сөзбен 

жеткізе  алмаймын.  Халқымыз  небір 

зұлматты  көрсе  де,  рухын  жоғалтпаған, 

намысын  таптатпаған  қайсар  ел.  Сон-

дықтан  бұл  күнді  қазақтың  өр  рухты 

ұл-қызының  жеңіске  жеткен  сəті  деп  бі-

лемін.  Сондай  өршіл  жастардың  рухы-

мен  қол  жеткен  Тəуелсіздікті  қастерлеу 

–  біздің  міндет.  Ес  білгенімнен  ата-анам 

осындай  ұғымдарды  санама  құйып 

келеді.  Мен  елімнің  патриотымын.  Дəл 

осы  күні  мемлекетіміз  тəуелсіз  деп  та-

нылып, жарқын болашаққа қадам басты. 

Осындай айтулы сəтте дүниеге келгеніме 

қуанамын, – дейді  ол бізбен əңгімесінде.

Нұржігіт  Тасбөгет  кентіндегі  №11 

мектеп-лицейді 7 сыныпқа дейін оқыған. 

Кейін  Алматыға  қоныс  аударғанымен 

дəм-тұзы  тартып  туған  жерге  орал-

ды.  Жастайынан  тарих  пəнін  сүйіп 

оқыған  ол  Қазақ  гуманитарлық  Заң 

колледжіне  оқуға  түсті.  Мектеп  жасы-

нан  оқу  озаты,  қоғамдық  жұмыстардың 

белсендісі, түрлі облыстық байқаулардың 

жеңімпазы. Бүгінгі уақыт талабы білімді 

жетік  меңгерген  білікті  маман  болу. 

Мұны  жіті  түсінген  ол  білімін  əрі 

қарай  жетілдіруді  көздейді.  Бұл  ретте 

«Болашақ»  университетін  мемлекеттік 

жəне жергілікті басқару мамандығы бой-

ынша тəмамдайды. 

– Таңдаған саламда қызмет жасаудың 

əзірге сəті келмей тұр. Басқа бағытқа бет 

бұрдым. Қазір Алматыдағы ірі зауыттың 

қаладағы сауда өкілімін. Алдағы уақытта 

қаладағы  кəсіптік  саланың  дамуына 

өзіндік  үлесімді  қоссам  деген  ниетім 

бар. Егемендіктің 25 жылында кездескен 

қиындыққа  қарамастан  мемлекетіміз 

аяққа  нық  тұрып,  өзін  əлемге  мойында-

та білді. Қызылорда қаласы да ауыз тол-

тырып  айтарлықтай  жетістікке  жетті.  

Бұған  егемендіктің  арқасында  қол 

жеткіздік.  Осы  орайда  тəуелсіздіктің 

төл  құрдастарымен  жыл  сайын  кезде-

су ұйымдастырып, сый-сияпат жасайтын 

жергілікті  басшылыққа  алғыс  айтқым 

келеді. Ал, Тəуелсіздік күніне орай алған 

сыйлықтардың  орны  ерекше.  Сондай 

үлкен  сыйдың  бірі 20 жылдық  мерейтой 

қарсаңында  алған  «Абай  жолы»  роман-

эпопеясы төрімде сақтаулы тұр.  Сондай-

ақ,  алғыс  хаттар  мен  бала  кездегі  бер-

ген  ойыншықтар  жинақталған, – деген 

Нұржігіт  əрқашан  бейбіт  заман  болсын 

деп тілегін білдірді. 

Қазіргі  таңда  Нұржігіт  жары – 

Жансұлумен бірге үлкен шаңырақ түтінін 

түтетіп отыр. Өмірдегі басты құндылық – 

елінің, отбасының амандығы, ауызбірлік 

пен тату-тəтті өмір сүру өмірдің мəні деп 

түсінеді.

Қалада  Нұржігіт  сынды  оннан 

астам  Тəуелсіздік  күнінде  дүниеге  жас-

тар  бар.  Олардың  əрқайсысы    қоғамда 

өз  орындарын  қалыптастырған,  əр 

саланың  тұтқасын  ұстаған  маман-

дар.  Олар  бұл  күнді  меншікті  мерекесі 

емес,  Тəуелсіздіктің  ақ  таңы  атқан  күн 

деп  біледі.  Бұған  кейіпкеріміздің  «Біз 

тəуелсіз  елдің  құрдастары  бұл  сөздің 

мəн-мағынасын, астарын жіті түсінеміз» 

деген сөзі дəлел. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет