Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің



Дата07.03.2023
өлшемі15,85 Kb.
#72386

Қарағанды облысы білім
басқармасының
«Шахтинск қаласы білім бөлімінің
С.Асфендияров атындағы жалпы
білім беретін мектебі» КММ –ң
педагог-психологы А.Х.Баисоваға


Пікір
Баисова Алия Халматовна №9 жалпы білім беретін мектебінде 2011 жылдан (17.11.2022ж. бері С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі), мектеп ашылғалы жұмыс жасап келеді. Мектеп педагог-психологы Алия Халматовна қызым Еркеназға төртінші сыныптан бастап өзін-өзі тану пәнінен пәнінен сабақ беріп келді. Сол кезден бастап өзін-өзі тану пәнін сүйіп оқитын. Еркеназ апайының әрбір сабағына тиянақты, үлкен қызығушылықпен дайындалып баратын және Алия Халматовнаның әрбір сабағын заман талабына сай, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, топтық, жұптық жұмыстарды, сыныптан тыс жұмыстарды үнемі жүргізіп отыратынын ризашылықпен айтып отырады. Сонымен қатар, Алия Халматовн әрбір оқушының жан дүниесіне үңіліп, барлығының жағдайын сұрап, оларға психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Балаларымызды жан-жақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, талмай еңбек атқарып жүрген ұстаз-психолог. Қызымның сынып жетекшісі болмаса да кез-келген жағдайда психолог ретінде ғана емес ұлағатты ұстаз ретінде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Мен осы қасиетіне, қарым- қатынасына тәнтімін. Өз ісінің нағыз маманы ретінде өзін әрдайым көрсете біледі, мектеп оқушыларының оқу-тәрбие жұмыстары бойынша жетістіктерге жетулеріне Алия Халматовнаның психолог маманы ретінде қосып келген үлесі шексіз деп есептеймін. Себебі ол оқушыларды ешқашан алаламай, өз жұмысын, яғни білім алушыларды қолдау, сүйемелдеу жұмыстарын барынша адал атқарып келе жатқан маман екеніне бір мен ғана емес, бүкіл мектептің ата-аналар қауымы куә болып келеміз.
Қызым «ҚР Дарынды оқушысы» төсбелгісінің иегері, ҚР «100 Жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Шахтинск қаласы әкімдігі атындағы «Жастар» сыйлығының «Жылдың үздік оқушысы» номинациясының жеңімпазы, Республикалық «Дарын» телеолимпиадасының финалисті т.б.
Қызым Еркеназдың осындай жетістіктерге жетуі осындай әрі білімді, әрі ілімді мектеп педагог-психологі Алия апайының оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстырында психологиялық қолдау көрсету барысында жан-жақты білімділігі мен тынымсыз ерен еңбегінің арқасы деп ойлаймын. Алия Халматовна мектебімізде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, дамыту мақсатында тәрбие жұмыстары негізінде пандемияға дейін жыл сайын қаламыздың қарттар үйіне қамқорлық акциясын өткізіп тұратын. Осындай сбақтан тыс жұмыстарда белсене ат салысып жүрген қызым тек қана білімін ғана кеңейтіп қоюмен шектелмей, осындай қамқорлық акцияларына қызығушылығының артқаны соншалықты қазіргі кезде Қарағанды Жастар Ресурстық орталығының «VolteQ» облыстық волонтерлық ұйымының координаторы.
Алия Халматовнв әрбір жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор, өз жұмысын тиянақты орындайтын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, білімді де білікті маман деп танимын. Оқушылармен де, ата-аналармен де қарым-қатынасы өте жақсы.
Мен, Ханатбай Рыс педагог-психолог Алия Халматовнаның біліктілігі мен еңбекқорлығын мақтан етіп, сенім білдіріп, қызметіне шығармашылық табыс тілеймін.
Ата-ана: Ханатбай Рыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет