«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы


МҰНАЙДЫ ТЕРМИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ӨНДІРУДІҢ БАЛАМАЛЫ КӨЗДЕРІ



жүктеу 1.99 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата22.12.2016
өлшемі1.99 Mb.
1   2   3

МҰНАЙДЫ ТЕРМИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ӨНДІРУДІҢ БАЛАМАЛЫ КӨЗДЕРІ: 

«ЫСТЫҚ СУДЫ АЙДАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»

Қаражанбас  кен  орны  20%  дейін  шайырлар  және  асфальтендер  ерітілген  өте  қанық 

мұнай тұтқырлығының жоғары дәрежесімен сипатталады. 

Тұтқырлығы  жоғары  мұнай  кен  орындарын  өндіру  үрдістерінің  тиімділігін  арттыру  - 

мұнайдың  термодинамикалық  сипаттамаларын  ескеруді  қажет  етеді,  себебі  қабаттың  темпе-

ратурасын  арттырған  кезде,  мұнайдың  тұтқырлығы  азаяды  да,  жылжымалылығы  арта  түседі, 

қабат ішіндегі гидродинамикалық қарсыласулар кемиді, бұл - өндіру ұңғымаларына флюидтердің 

ағылуын арттырады. 

Өкінішке орай, тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты, түрлі себептермен Қаражанбас 

кен орнын өндіру барысында, қабатқа суық суды (25-30С) айдамалау салдарынан кен орынның 

орталық  және  батыс  бөліктерінде  өнімді  қабаттардың  салқындауы  байқалады,  бұл  арада  бу 

айдалатын  кен  орынның  шығыс  бөлігіндегі  учаскелерде  бұл  жағдай  жоқ.  Ғылыми  дәлел  бой-

ынша,  қабаттық  температура  мұнайдың  қанығу  температурасынан  төмендеген  кезде,  шайыр-

асфальтендік  компоненттер  тұнады,  бұл  -  ұңғымалардың  мұнай  кені  жанындағы  аймақтардың 

кольмотациялануына  әкеледі  және  бұл  жағдай  ығыстыру  үрдісін  қиындатады  да,  мұнай  беру 

өнімділігін азайтады. 

 «НИПИМұнайГаз» жобалық институты әзірлеген, Қаражанбас кен орны үшін бекітілген 

мұнайды  алу  коэффициентінің  техникалық-экономикалық  негіздеуінің  (МАК  ТЭН)  негізінде, 

мұнайды  алу  коэффициентін  есептеу  Қаражанбас  кен  орнының  керндік  материалдарының 

үлгісінде  суық, ыстық сумен және бумен мұнайды ығыстыру бойынша сарапшылардың нәтижесі 

бойынша анықталған болатын:

 25-30С температурасы бар сумен ығыстыру – К2= 0.692 бірлік үлесі

 80-90С температурасы бар сумен ығыстыру – К2 = 0.74 бірлік үлесі

Бумен  ығыстыру  коэффициенті  Технологиялық  сызбада  және  Әзірлеу  жобада 

қабылданған К2=0.85 бірлік үлесіне сәйкес келеді. 

Сондай-ақ  температураны  80-90С  дейін  арттырған  кезде  тұтқырлықтың  50мПа*с  дейін 

күрт  төмендеуі  іске  асады  да,  бұл  температурадан  жоғары  мұнайдың  тұтқырлығы  болмашы 

өзгереді, сондықтан өндірудің технологиялық көрсеткіштерін есептеген кезде қабатты 80С дейін 

қыздыру - қабаттық мұнайдың тұтқырлығын төмендетуге мүмкіндік беретіні және сол себептен 

қабаттардың айтарлықтай мұнайды бөлуін қамтамасыз ететіні белгіленді. 

 Будың үздіксіз бу және жылумен әсер етуі Қаражанбас кен орнындағы жоғары тұтқырлы 

қою мұнайды өндірудің аса тиімді әдісі болып табылады. Бірақ бумен ықпал ету технологиясы 

өте қымбат технология болып табылатындығын ескерген жөн, оның үстіне қазірдің өзінде біздің 

негізгі жеткізушілеріміз – «ММГ» және «КТО» компаниялары бу шығару үшін қажет табиғи газ бен 

техникалық  су  бойынша  «Қаражанбасмұнайдың»  қажеттіліктерін  толық  көлемде  қамти  алмай 

отыр.  


Сондай-ақ мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту мақсатында 80С дейін тартылатын тауар 

асты суды қыздыру технологиясы Технологиялық Сызбада және Кен орынды пайдалану жоба-

сында, сондай-ақ Қаражанбас кен орнының Жұмыс бағдарламасында және Стратегиялық даму-

ында қарастырылды. 

 Жер астына айдалатын қабат суын қыздыру мақсатында және қабаттардың мұнай беруін 

арттыру  үшін  Жаңа  техника  және  технологиялар  департаменті  ұзақ  ізденіс  жүргізіп,  бүгінде 

Материалдық техникалық жабдықтау базасына Қаражанбас кен орнында тәжірибелік-өндірістік 

сынақтарды өткізу үшін, шетелдік  MKJ-1000/730 маркалы қыздыру қондырғысы жеткізілді. Бұл 

қондырғы Industrial Engineering and Equipment Company (INDEECO, АҚШ) өндірушісінің өнімін та-

рату  құқығы  бар,  Өзбекстан,  Қазақстан,  Татарстанда  және  Ресей  Федерациясында  кеңселері 

бар, Швейцарияда орналасқан ENCE GmbH (Engineering of Chemical Equipment) компаниясының 

мәскеулік бөлімшесі арқылы жеткізілген еді.  

Бүгінгі  күні  кен  орынның  батыс  бөлігінде  тәжірибелік-өндірістік  сынақтарды  өткізу  үшін 

телім  таңдалды  және  Қыздыру  қондырғысының  өзі  тәжірибелік-өндірістік  сынақтардан  өтетін 

инфрақұрылым әзірленді, сондай-ақ шығу температурасы 90 градусқа тең, тәулігіне көлемі  1000 

м3 қыздырылған тауар асты суы 12 айдамалау ұңғымаға айдалатын болады  және оның тиімділігі 

91 өндіру ұңғымасы бойынша талданады. 

Жақсы нәтижелерге қол жеткізген жағдайда, келешегі зор бұл жоба бу айдау техноло-

гиясына  байланысты  елеулі  қаржылық  шығындарсыз,  мұнай  өндіру  коэффициентін  арттыруға 

мүмкіндік берер еді. 

Хусайын С.Х.

9

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы



2015 жылғы 13 мамыр  №4 шығарылым

БИІК ТҰЛҒАЛЫ ГЕОЛОГ  

Құрметті геолог Б.Ахмет ұлы



10

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 13 мамыр  №4 шығарылым

ПАВЛОДАРДА «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ ЖАСТАР 

КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 

ЖАС МАМАНДАР КЕҢЕСІ -

«БУ ӨНДІРУ ЦЕХЫНДА» 

2015  жылдың  сәуір  айының  16-17  жұлдызында  Павлодар  қаласындағы  «Павлодар 

мұнайхимиялық  зауыт»  ЖШС-нің  базасында  «ҚазМұнайГаз»  ҰК»  АҚ  Жастар  кеңесінің  оты-

рысы  өтті.    Отырыстың  негізі  тақырыбы  –  мұнай  мен  газ  саласында  жұмыс  жасап  жүрген  жас 

мамандардың өндіріске бейімделуі, жастардың кәсіби тұрғыдан өсуі үшін жағдайлар туғызу. 

Айта кету керек, аталмыш шараға еліміздің әр түкпірінен 100-ден астам жас мұнайшылар 

жиналып, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш отырысқа маңғыстаулық делегаттар-

мен бірге «Қаражанбасмұнай» АҚ  Әлеуметтік жұмыс департаментінің аға маманы, Жас маман-

дар кеңесінің сыртқы және ішкі байланыс бойынша Төраға орынбасары Марат Оразбаев қатысып 

келді. «Жастар кеңесінің мәжілісі өте жоғары деңгейде өтті. Алған әсеріміз зор. Кәсіби өсуімізге 

өте пайдалы мағлұматтар алып, тәжірибе алмасып қайттық» - деді Марат Оразбаев.

Жиынға  қатысқан  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  адам  ресурстары  және  еңбекақы  жөніндегі 

басқарма директоры Серік Әбденов мырза жастармен пікір алмасу кезінде тәжірибе жинақтаудың 

маңыздылығына тоқталды. «Мұндай шаралар жастардың әлеуетін арттырып, мүмкіндіктерін ашуға 

ықпал етеді. Өзара қарым қатынас – компания ішіндегі корпоративті мәдениеттің қалыптасуына 

да көмектеседі деп ойлаймын», - деді Серік Әбденов.  Мәжілісте «Павлодар мұнайхимиялық за-

уыт» және «Атырау мұнай өңдеу зауыт» ЖШС-гі жұмыс тәжірибелері тыңдалды. Сонымен қатар 

жастар Павлодардың мұнай-химия зауытының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

АҒАШ ЕГУ - 

ҮЛКЕН ТӘЛІМ - ТӘРБИЕ

Ағымдағы  жылдың  30  сəуірінде  «Жас  мамандар 

кеңесі» ҚБ мүшелері 2015 жылға межеленген тəжірибе алмасу 

бағдарламасының  аясында  Бу  Өндіру  Цехында  болды.  Қою 

мұнайды  өндіру  үшін  қабатқа    бу  айдайтын  Қаражанбас  кен 

орнының  үздіксіз  өндіріс  үдерісінде  Бу  өндіру  цехының  алар 

орны  үлкен.  Арнайы    цех  жұмысымен  танысқан  мамандар, 

алдыңғы  аға  буын  мұнайшылармен  жүздесіп,тәжірибе  алма-

сты.  Цех  технологиясымен  және  жұмыс  барысымен  ауысым 

технологы  Қайкенов  Мұхтар  Әбуғалиұлы  жəне  СПГУ    бөлім 

бастығы  Шернияз  Рустем  таныстырды.  «Іс-шара  жоғары 

деңгейде ұйымдастырылды.Алдағы уақытта да жалғасын та-

бады деген сенімдеміз», - дейді жас мамандар.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» -  деген бабалар 

сөзіне амал еткен Қаражанбас  жұмысшылары да кен орнын-

да  уақыттарын бос өткізбейді. Олар жатахана ауласына тал 

отырғызып, жер қопсытып, көшеттер егуді, әрбір жас өскіннің 

түбіне су құюды қолға алуда. 

«Кен орны - біздің екінші үйіміздей болып кетті. Өзіміз 

тұратын  жатаханамыздың  көркеюіне үлес қосу - әрбіріміздің 

міндетіміз. Сондықтан қолымыз қалт еткенде  жатақхана ай-

наласын  көгалдандыруға,  абаттандыруға  әріптестерімізбен 

бірге үлес қосқымыз келеді» - дейді КҚБ инженерлері Тумы-

шев Айбек пен Калиев Самат.  

Мұсылманға  әр  отырғызған  тал  үшін  сауап  бар! 

Мұнайшылар  көгалдандыру  шарасына  белсене  араласуда. 

Бұл  іске  әрбір  талдың  жапырағындай  сауап  беріледі.  Ертең 

бұл ағаштар көктеп өскенде оның саясында демалғаны үшін, 

оның жемісін жегені үшін әрбір егушіге жақсылық жазылмақ. 

Алланың  ризалығы  болсын  оларға  ,  жақсылығын  ұрпақтары 

көрсін.  Ағаш егу -  үлкен тәлім тәрбие.

Көптілеу Ізтұрғанұлы

КҚБ инженері

АРДАГЕРЛЕР-АТАЛАР!

Ассаламуғалейкум! Қаһармандар!

Ұлы Отан  Соғысының  батырлары!

Мын өліп, мың тірілген ұлт болдыңдар!

41 мен 45-тің ардагер аталары! 

70 жыл  жойқын соғыс тоқтағаны,

Қыршын  кетті  қазақтың қырандары.

Жәннат тілеп оларға  дің мұсылман,

Дұға оқып бағыштайды  ұрпақтары.

Қанды соғыс салып кетті жойқындарды,

Еліме оралмады Боздақтары. 

Келмесін арамызға зұлмат соғыс,

Аман жүрсін аталардың ұрпақтары. 

Алла деп Аталарым ел қорғады,

Шаңырақтар қараусыз, ессіз қалды.

Қара қағаз қайғы сап жүректерге,

Отағасыз отбасы  жесір қалды.

Көзі көрді ардагерлер көп шындықты,

Өмір менен өлімнің айқасқанын.

Ерлікпен қаза болып жау қолынан,

Жер құшқан жас Қазақтан белгі қалды.  

Соғыста өртке оранды қалаларым,  

Қирап жатты тарихы бар далаларым 

Қайдасыңдар , белгісіз солдаттарым ?

Жыр арнайды  ұрпақтарың - балаларың. 

Қан майданнан тірі келді оралғандар,

Сенбеді «9-МАЙ ЖЕҢІС» - деп жылағандар. 

«Артымызда Москва» -деп   жауға шауып,

Алға басты 28 панфиловшы  батырлардан!

Көз жаспен еске алады  шындықтарын, 

Ардагерлер  соғыстағы ерліктерін.

Ұрпағы бар,  әжімі бар  аталарға,

 Бір Алла қайғы-мұңды көрсетпесін.

Көз жастары жібермесін  зұлымдарды,

Қанша адам қан майданнан оралмады.

Қайғы-мұң  салып кеткен қу соғысқа,

Мәңгілік Құдай атсын дұшпандарды. 

Сиреп қалды ардагерлер қатарлардан 

Аман келген  соғыстан  сынақтардан,

Қауқарсыз 90-ға келіп  аталарым,   

Көз жасын сығып отыр жанарлардан.

Ардагерлер,  отаншылсың, батырсыңдар!

Ардагерлер, енді қалған соңғысыңдар !

Ардагерлер қорғап қалған сіз бен бізді!

Ардагерлер, қаһармансың, ұлысыңдар!

9-МАЙ! ЖЕҢІС!-деп  70-жылдан, 

Ел - жұртым ән арнайды  қуанғаннан!

Ұрпаққа   Жеңіс, Бейбіт деп аттар қойып,

Дұға тілеп сұраймыз Жаратқаннан!

Көптілеу Ізтұрғанұлы

КҚБ инженері


МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ

09/05/1965

Баялиев Болат Маратович

Пайдалану 

жабдықтарын 

икемдеу-


жөндеу цехы

Шебер


09/05/1965

Тузелбаев Есир Койшыгулович

Бу өндіру цехы

Мұнайлы  қабаттарға  бу  айдау 

бу 

генератор 



қондырғылары 

машинисі


10/05/1965

Бисалиев Ниеткали Багитович

№1 Мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

01/05/1960

Кушманов Самиолла Хайдарович

Электр цехы

Релелік  қорғау және автоматика 

аппаратурасын  жөндеу  электро-

монтер


07/05/1960

Оспанова Камия

Құрылыс-жөндеу цехы

Сырлаушы


07/05/1960

Дрозд Александр Петрович

Электр цехы

Электр  жабдықтарын  күту  және 

жөндеу электр монтері

07/05/1960

Тюлебаев Маут Гарифуллаевич

Электр цехы

Шебер

24/05/1960



Накенова Маржан Тлепбергеновна

Тұрғын-жаймен қамтамасыз ету учаскесі Тазалаушы

24/05/1960

Чуакова Шара Кемаловна

Әлеуметтік жұмыс және  Ішкі коммуника-

ция бөлімі

Әлеуметтік сұрақтар бойынша аға  

маман


27/05/1960

Сергазиев Хамит Садвокасович

Пайдалану 

жабдықтарын 

икемдеу-

жөндеу цехы

Шебер

15/05/1955



Есбоганов Даулетбай Жолдасбаевич Жылу және сумен қамту цехы

Бу  қазандары  орнының  операто-

ры

Құттықтаймыз!



50 жас

55 жас


60 жас

11

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы



2015 жылғы 13 мамыр  №4 шығарылым

«КАЗСТРОЙСЕРВИС СК» ЖШС -ДЕГІ БОС ЖҰМЫС 

ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ  

ҚБМ


Қ

Б

М 



з е й н е т -

керлері


АТС

ТМС ТК  және 

ҰҚКБ

М е м л .



о р г а н -

дар


Жеке  тұлға-

л а р д ы ң 

өтінімдері 

78

17



5

3

3



66

180


ҚБМ

ҚБМ зейнеткерлері

АТС 

ТМС


ТК және ҰҚКБ

Мемл.органдар

Жеке тұлғалардың өтінімдері 

Бос жұмыс орындарының 

атауы

Бос жұмыс



орындарының

саны


Үміткерлер қаралды

Бос жұмыс орындары жабылды

ҚБМ 

қ ы з м е т -



керлерінің 

резюмесі 

бойынша

Т М С , 


АТС,  ТК 

ж ә н е 


Ұ Қ К Б 

қызмет-


к е р л е -

рінен


Ж ұ м ы с -

пен қамту 

орталығы 

ж ә н е 


м е м л . 

орган-дан 

Ж е к е  

тұлға-


л а р 

өтінім-


д е р і 

б о й -


ынша

Б а р -


лығы

Қ Б М 


қызмет-

к е р л е р і 

резюмесі 

б/ша


Т М С , 

А Т С 


ж ә н е 

ТК және 


ҰҚКБ 

Жұмыспен 

қ а м т у 

о р т а л ы ғ ы 

және  мемл. 

орган-дан

Ж е к е 

тұлғалар 

ө т і н і м -

дері бой-

ынша

Бар-


лығы

Аумақты тазарту 

жұмыскері

12

0



0

Стропальщик

4

1

14



15

1

2



3

ҚҚҰ Операторы 

6

8

2



4

5

19



1

2

3



БАРЛЫҒЫ

22

9



2

18

5



34

2

0



2

2

6



ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТАҢДАУ КРИТЕРИЯЛАРЫ

1. Үміткерге талаптар

1.1. Біліктілігіне сай болуы (білімі, кәсіби куәліктері) - минималды талап ;

1.2. Жұмыс тәжірибесі - үміткерді әңгімелесуге шақыру үшін резюмені қарау кезінде артықшылық береді;

1.3.  Әлеуметтік  мәртебе  -  әңгімелесуге  шақыру  үшін  үміткердің  ауыр  материалдық  жағдайы  оның  резюмесін,  оған 

жалғанған құжаттарды қарау кезінде ескеріледі. 

2. Үміткерлер ҚБМ АҚ жұмыс мамандықтары бойынша резюме базасынан таңдалып, шақырылады

2.1. Резюме базасы келесі үміткерлерден тұрады:

- ҚБМ жұмыскерлерінен үміткерлер;

- АТС, ТМС, ТК және ҰҚКБ жұмыскерлерінен үміткерлер;

-Жұмыспен қамту орталығы және мемл.органдардан;

- Жеке тұлғалар өтінімдері.



12

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 13 мамыр  №4 шығарылым

«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы

Баспагер: «Қаражанбасмұнай» АҚ

Баспагер мекен - жайы: 130000

Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы,

15 ш/а, №8 ғимарат.

ТОО  «Сredos  ltd»  типографиясында  басылып  шығарылды. 

Мекен  –жайы:  Қазақстан  Республикасы,  Алматы  қаласы,  

Шарипов  көшесі, 144 үй

Жобаның бастығы:

Әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры –

Нүсіпбеков Қ.Е.

Жобаға жауапты:

Әлеуметтік жұмыс және ішкі байланыс бөлімінің бастығы – 

Рысжанова Г.Б.

Телефон: +7 (7292) 473140.

Пошталық мекен - жайы: G_Riszhanova@kbm.kz

Журналист – Меңдіхан А.Ж.

Телефон: +7 (7292) 473147.

Пошталық мекен -жайы: A_Mendikhan@kbm.kz

Таралымы - 500 дана

БІЗДІҢ ТАЛАНТТАР 



БЕЛГІЛІ МҰНАЙШЫ, «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН 

ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БІРІ БЕКБОЛАТ ІЗТҰРҒАНҰЛЫ ӨМІРДЕН ОЗДЫ 

«Біздің таланттар» айдарының бүгінгі кейіпкері - Қалмұрат Мамырұлы. Жас та болса бас 

болып жүрген Қалмұратты Маңғыстау облысының шығармашылық ортасы жақсы таниды. Сту-

дент бола жүріп, алғаш рет қолға қалам алған ол бүгінде поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы 

бар жас ақындардың қатарында. «Талап, білім, терең ой, қанағат, рахым, ойлап қой» - деп Абай 

атамыз жырлағандай, өлеңге жаны құмар Қалмұрат талаптың қанатына мініп, түрлі тақырыпқа 

өлеңдер жазып жүр. Өзіне жақын тақырыптардың ішінде – ел, туған жер, отансүйгіштік сияқты 

тақырыптар басты орынды алады. Көк байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстанның ұланы,  елім 

десе жүрегі елжіреп тұратын азаматтардың бірі де - осы Қалмұрат батыр.  

  Бүгінгі таңда оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып жүр. Әсіресе, белгілі музы-

кант Ақылбек Исамбергеновпен бірге бірнеше әндер шығарды. Бүгінде ол әндер, әсіресе, жастар 

арасында танымал. 

  Қалмұраттың  өзі  1983  жылы  23  қаңтарда  Маңғыстау  ауданы,  Жармыш  ауылында 

дүниеге келген. 1991-2002 жылдар аралығында Жармыштағы орта мектепті бітіріп, арман қуып 

Маңғыстау – мекенім киелі !

Болып келген қашаннан елге жай,

Маңғыстауым, арта берсін мәртебең.

Қасиетті қойнауың кенге бай,

Әулиелер жатқан және әр төбең.

Сендей өлке жоқ маған ғаламда,

Маңғыстауым, құдіретің бар ізгі.

Толып жатыр жәдігерлер далаңда,

Аспан асты мұражайы тәрізді.

Маңғыстау – мекенім киелі,

Мақтансын өзіңде туғандар.

Бастарын еріксіз иеді,

Ат басын өлкеге бұрғандар.

Тап келсе де қиындық қайдағы,

Маңғыстауым, мойымайтын халқың нар.

Бұзылмаған бүгінде де қаймағы,

Қазаққа тән ата - дәстүр, салтың бар.

Көшіп-қонған жеті жұрт тарихың,

Маңғыстауым, басталады тереңнен.

Бүкіл әлем атыңды танитын,

Кемелденіп келер күнге сенем мен.

Қазақ елі

Қарсы тұрып талайдың қыспағына,

Жаурағанның айналған қыстағына.

Міне, сондай ғажайып елі барда,

Бар әлем сүйсінеді Елордаға.

Астанасы көрікті Ұлы елімнің,

Бейнесіндей құрлықтың жүрегінің.

Бейбітшілік үндейтін әрқашанда,

Татумыз Елбасының арқасында.

Қазақ елін мекендеген ұлыстар,

Секілді бір-біріне туыстар.

Татулық айнасы – дархан халық,

Жаһанданып жатқан дамып.

Барша ұлтқа құшақты ашқан едің,

Бауырына жатсынбай басқан елім.

Отан үшін, ел үшін, жер үшін деп,

Еңбек етіп, жүрейік жемісін жеп.

Мәңгі ел боп түрілсін түндігіміз,

Бір үйдің баласындай бірлігіміз.

Ынтымағы бар жердің берекесі

Қашпайды, шайқалмайды ел іргесі.

Қалмұрат Мамырұлы

 № 2 МӨЦ қызметкері

оқуға түседі. Екі бірдей жоғары білімі бар. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар 

және инжиниринг университетінде оқып, «Машина жасау технологиясы» мен «Мемлекеттік және 

жергілікті басқару» деген екі мамандықты алып шығады. 

  «Қаражанбасмұнай» компаниясына 3 жыл бұрын келді. 2012 жылдың қыркүйек айынан 

бастап № 2 Мұнай өндіру цехында сорапты құрылғының машинисі болып жұмыс жасайды. 

  Біз  Қалмұрат  Мамырұлына  алдағы  уақытта  да  шалқар  шабыт  тілей  отыра, 

назарларыңызға жас ақынның туындыларын ұсынамыз. 

2015 жылдың 21 сәуірінде 74 жасқа қараған шағында 

елімізге  танымал,  Қаражанбас  кен  орнының  ардагері,  Боза-

шы түбегін игеруші мұнайшылар тобының жетекшісі Бекболат 

Ізтұрғанұлы дүниеден озды.

Бекболат  аға  –  Маңғыстау  өңіріне  ғана  емес,  бүкіл 

қазақ  жұртына,  елімізге  танымал  азамат  еді.  Ұлағатты 

ұстаз, Бозашы түбегін алғаш игерушілер қатарындағы кәсіби 

шебірлігі мығым мұнайшы болатын. 

  Бекболат  Ізтұрғанұлы  -  1941  жылы  маусым  айының 

30  жұлдызында  Форт  Шевченко  қаласында  дүниеге  келді. 

1966  жылы  Қазақстан  жоғарғы  оқу  орындарының  алғашқы 

дайындаған  мұнайшы  мамандары  қатарында  оқуын  бітіріп,  

жаңадан  ашылған  Өзен  мұнай  кен  орнына  келген  болатын. 

Қатардағы  оператордан  қызметін  бастаған  жас  маман  Өзен 

кен  орнындағы  мұнай  өндірісінің  шебері,  учаске  бастығы, 

өндірістік қызмет көрсету базасының орынбасары, аймақтық 

инженерлік-технологиялық  қызмет  бастығы  болып  қызмет 

атқарды. 

Кеңес одағы коммунистік партиясының  стратегиялық 

даму саясатына байланысты жаңадан игерілуге тиіс Бозашы 

түбегінің мұнай – газ кен орындарының игерілуіне басшылық 

жасап,  1979  жылы  жаңадан  ашылған  «Комсомольскнефть» 

МГӨБ алғашқы басшысы болды.

Мұнайлы  түбектегі  мұнай  –  газ  өндірісі  саласындағы 

өндірістік  жұмыстарды  жетік  білуінің  негізінде  оларды 

ұйымдастыру  мәселелеріндегі  өнеркәсіптік  қауіпсіздік,  

еңбекті қорғау, оның қауіпсіздігі бағытында көптеген қомақты 

жұмыстар  атқарды.  Міне,  осы  бағытта  қызмет  жасап, 

«Қаражанбасмұнай» (1985 – 1999 ж.ж.), «Бузачи Оперейтинг» 

(1999  –  2007  ж.ж.)  компанияларының  негізін  салушылардың 

бірі болды. 

Оның  еселі  еңбегі  Кеңес  одағының  көптеген  орден, 

медальдарымен аталды. 

Бекболат Ізтұрғанұлы – әрдайым өзіндік ұстанымы бар, 

көзқарасы айқын азамат болатын. Ол қоғамдық жұмыстарға 

белсене араласып, халық көкейінде жүрген көптеген түйіткілді 

мәселелерді  республикалық  ақпарат  көздерінде  көтеріп, 

оң  шешім  қабылдануына  атсалысты.  Сондай  мәселелердің 

қатарында  -  Бозашы  түбегінің  кен  орындарын  игеру,  облыс 

орталығына  Ақтау  атауын  беру,  алғашқы  ревком  Тобанияз 

Әлниязұлының ескерткішін қою, Маңғыстауға Еуропаның атом 

қалдықтарын жерлеуден бас тарту, Маңғыстауға экологиялық 

таза энергетикалық  көздерін салу сияқты мәселелер бар бо-

латын.

Бекболат  аға  елінің  адал  ұлы  және  бір  әулеттің  бас-



шысы бола білді. Оның мұнай мен газ кен орындарын игеру 

бағытындағы игілікті істерін Қаражанбас кен орнында Рахим, 

Нагим, Мейрам атты ұлдары жалғастыруда. Асыл азаматтың 

бейнесі мәңгі есімізде қалады. Елі үшін атқарған жұмыстары 

кейінгі ұрпақтың жадында қалары сөзсіз.

Қаражанбасмұнай» 

компаниясының 

атынан 


марқұмның  жанұясына,  балаларына,  ағайын-тумаларына 

қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қайырлы қаза болғай.

Құрметпен, 

«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы



Жас ақын Қ.Мамырұлы



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет