АРҚалағанымыз алтын, жегеніміз жантақ болса да



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата22.12.2016
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒАСЫР БҰРЫН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРДАН ҚАНДАЙ ТАҒЫЛЫМ 

ТҮЙЕМІЗ 

Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  атауына,  қазақ  ұғымына,  қазақ 

сөзіне айрықша мән берген. Оның бүкіл ғұмыр жолы, тағдыр-талайы, білім, 

ілім  баспалдағындағы  ізденісі  мен  іркілісі  қазақтың  мұңы  мен  жоғын 

жоқтаудың,  арына  араша  түсудің,  намысын  қайраудың  ескерткіші  іспетті. 

Ақиқатында,  дәл  солай!  Бірде  ол  көңілі  ортайып,  іштей  налығанда,  «Қазақ 

салты» деп аталатын өлең жазып, ел-жұртына былайша үн қатты. Ұлт ұстазы 

Ахмет Байтұрсынов қазақ атауына, қазақ ұғымына, қазақ сөзіне айрықша мән 

берген. Оның бүкіл ғұмыр жолы, тағдыр-талайы, білім, ілім баспалдағындағы 

ізденісі  мен  іркілісі  қазақтың  мұңы  мен  жоғын  жоқтаудың,  арына  араша 

түсудің,  намысын  қайраудың  ескерткіші  іспетті.  Ақиқатында,  дәл  солай! 

Бірде ол көңілі ортайып, іштей налығанда, «Қазақ салты» деп аталатын өлең 

жазып, ел-жұртына 

 

былайша   үн   қатты. 



«Қаз   едік   қатар 

 

ұшып 



 

қаңқылдаған, 

Сахара көлге қонып салқындаған. 

Бір өртке қаудан шыққан душар болып, 

Не қалды тәнімізде шарпылмаған? 

Алаштың адамының бәрі мәлім: 

Кім қалды таразыға тартылмаған? 

Дегендер: мен жақсымын, толып жатыр, 

Жақсылық өз басынан артылмаған. 

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, 

Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған. 

Бос белбеу, босаң туған бозбала көп, 

Киіздей шала басып, қарпылмаған. 

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, 

Телміріп бір тойғанын ар қылмаған. 

Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, 

Есептеп азын көпке, аңқылдаған. 

Қайырсыз неше сараң байлар да бар, 

Қайықтай толқындағы қалтылдаған. 

Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп, 

Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған. 

Солардың қатарында біз де жүрміз, 

Мәз болып құр түймеге жарқылдаған. 

Не пайда өнерің мен біліміңнен, 

Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?! 

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған, 

Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. 

Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт боп, 

Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан». 


 

           

Осы  өлеңнің  жазылғанына  тура  бір  ғасыр  өтіпті.  Алғаш  1911  жылы 

Орынбор қаласында жарық көрген «Маса» деп аталатын жинағына енген бұл 

туынды  қалың  оқырман  қауымның,  әдебиет  зерттеушілерінің  де  зор 

ықыласын тудырды. 

Неге?  Негесі  сол,  Ахаң  осы  бір  жеті  шумақ  өлеңі  арқылы 

жиырмасыншы  ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамының  болмыс-бітімін,  бет-

пердесін дәлме-дәл хаттап берді. Сөйтіп, оны кейінірек өзі бас болып қолға 

алған,  дала  қоңыраушысы  атанған  «Қазаққа»  бастырды.  Өлең  мәтіні бірден 

бірге жетіп, ел ішін шарлап кетті. 

Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жақсылары мұны жиылған топты ортада 

жатқа  айтатын  болды.  Бұған  тіксіне  қарап,  тіс  қайрағандар  да  табылып 

жатты. 


«Қазақ  салтының»  ғибраты  сол  –  осы  өлең  жолдарының  бір  ғасыр 

уақыт өтсе де, әлі өз мәнін жоймай тұрғандығы. Қоғамдық формацияның түрі 

өзгергенімен, ел ішіндегі кесел құбылыс сол мазмұнда қалғанын ешкім жоққа 

шығара алмайды. Мәселен: 

 

 

«Дегендер: мен жақсымын толып жатыр, 



Жақсылық өз басынан артылмаған». 

Немесе: 


«Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, 

Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған». 

Ол аз болса: 

«Қайырсыз неше сараң байлар да бар, 

Қайықтай толқындағы қалтылдаған», – деген жолдардың персонаждары 

біздің арамызда әлі де тайраң қағып жүр… 

 

Ахаң ойшылдығының, өз дәуіріне деген сыншылдығының әлі де өз мәнін жо-



ғалтпағанын  осы  бір  мысалдардан  айқын  аңғаруға  болады.  Ұлы  ұстаз  осы 

бағыттағы көзқарасын «Қазақ» газеті арқылы насихаттаудан жалыққан емес. 

Бұл  дәстүр  кейінірек  бүкіл  исі  қазақ  баспасөзі  қызметінің  барометріне 

айналды. Бұл – ақ пен қарадай шындық. Ахаң «Қазақ салтындағы» ой түйінін 

«Қазақ қалпы» деген өлеңінде тереңдете  түсті. Оқып 

 

көріңіз. 



 

«Қалтылдақ 

 

қайық 


 

мініп  еспесі 

 

жоқ,  


Теңізде жүрміз қалып, кешпесі жоқ. 

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру, 

Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. 

Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, 

Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. 

Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз

Алалық алты бақан дертпен кірдік. 

Бейне бір құдіретті сынағандай, 



«Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. 

Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп, 

Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. 

Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, 

Еліріп ерегеске екі-үш күндік. 

Кіреді тентек есі түстен кейін, 

Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. 

Әлі де саңылаусыз салтын бағып,  

Түрі жоқ іс ететін пәлен дерлік. 

«Ұлы той – көппен көрген» жалғыз мен бе, – деп отыр, не болса да жұртпен 

көрдік». 

Қоғам  өмірінің  суретін  айнытпай  хаттап,  әлеуметке  үн  қатқан  ұлт 

ұстазы  –  ұлы  бабамыз  Ахаң  бұл  өлеңді  де  «Қазақ»  газетінде  жариялады. 

Сөйтіп, ол өзі уығын қадап, шаңырағын көтерген басылымның әр нөмірі елге 

пайдасы  тиер  деген  ниетпен  қалтқысыз  қызмет  қылды  осылайша.  1913 

жылдың  наурызынан  1917  жылдың  қыркүйегіне  дейін  оның  бас  редакторы 

болған көсемсөздің кемеңгері мамандыққа адалдықтың нағыз үлгісін көрсете 

білді! 


Қазақтың  ұшқыр  ойлы,  дарынды  ғалым  қыздарының  бірі 

Шәмшиябану  Сәтбаеваның  айтуынша: «Алғашқы  шыққан  жылының 

соңында-ақ  оның  («Қазақтың»  –  Ж.К.) 3000-нан  астам  жаздырып  алушысы 

болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген. 

Және тиражы 8000-ға жеткен». Қарап отырсақ, осы бір деректерден-ақ қазақ 

топырағында газетті басқару, оның қызметін ұйымдастыру я болмаса, бүгінгі 

тілмен  айтқанда,  оның  менеджментіне,  маркетингіне  айрықша  назар 

аударудың  озық  үлгілері  болған.  «Қазақ»  газетінің  тағдыр-талайы,  міне, 

осының айқын дәлелі. 

«

Бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, «Қазақ» пен «Айқаптың» мысалына 



жүгіне  беруіміздің  сыры  неде»  деген  сауал  қойылғанда  қазақ 

журналистикасындағы  дәстүршілдіктен  бастау  алатын  алтын  арнаға  ден 

қоюымыздың өзі өте орынды. 

 

Дәстүршілдік дәні мен сабақтастық салтын өзінің бүкіл құрылымдық 



жүйесіне өзек етіп алған ұлт басылымдары жоқ емес, бар! Өткен ғасырдың 70 

жылы бойына  сартап  идеологияның  құрсауында отырса да,  ұлттық рух  пен 

сабақтастық дәстүріне адалдықтың үлгісін көрсеткен ана тіліміздегі газеттер 

мен 


журналдардың 

тағдыр-талайы 

– 

бұған 


айқын 

дәлел. 


Қылышынан  қан  тамған  шолақ  саясат  кезінде  қазақ  басылымдары  ұлттық 

сананың,  мәдениет  пен  тарихтың  талайлы  мәселелеріне  орай  ретін  тауып 

мақалалар  жариялай  білді.  Көкейдегіні  астарлап  жеткізу,  меңзей  жазу 

арқылы  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  азаматтарға  ой  салып  отырды.  Осы  дәстүр 

қаламгерлер әлеуметінде ағадан ініге бойтұмардай табысталды. 

Өзінің  шаңырақ  көтергеніне  он  екінші  жылға  аяқ  басқан  «Қазақ 

газеттері»  Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  мен  оның  құрамындағы 

мерзімді  басылымдар  да  аға  ұрпақ  дәстүріне  адалдықтың  үлгісін  көрсетіп 

келеді.  Бұл  қаламгерлеріміздің  туған  топырағымызды,  Қазақ  Елін  ең  асыл 


құндылығымыз  деп  сезініп-тұшынуынан,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ізгілікті 

қадамына  шын  қуанып,  толағай  табысын  әспеттеп,  әуезелей  білуінен,  ұлт 

мұратын ұлықтау жолындағы кешенді шаруаға білек сыбана кірісуінен айқын 

байқалады. 

Біз қазір Ахаң армандаған қоғамда өмір сүріп отырмыз. Қазақ елінің 

атақ-даңқы  жер-жаһанға  мәлім  болды.  Тәуелсіздік  атты  қастерлі  ұғымның 

қадірін  сезініп-тұшынып  келеміз.  Ал  бірақ  қоғамдық  дамуда  ешқашан 

тақтайдай  жол  болмайтыны  тағы  шындық.  Оның  кедір-бұдыры,  қисық-

бұралаңы кездесетіні – заңдылық. Міне, соның бәрінен ақылмен асу, биіктікті 

бағындыру шын шеберлердің ғана қолынан келген. 

Кемшіліксіз,  қиындықсыз  қоғамда  өмір  сүрем  деу  –  әншейін  қиял 

ғана.  Қаламгерлеріміздің  осы  ақиқатты  жүректің  көзінен  өткізіп,  көп 

мәселеге  мемлекетшілдік  сана  тұрғысынан  зер  салатыны,  ойлап 

топшылайтыны қуантады. 

Әрине,  кемшілікті  көре  тұрып,  оған  көзжұмбайлықпен  қарауға 

болмайды.  Өткір  сын  жазылу  керек.  Қоғамды  жегідей  жеп  отырған 

жемқорлық  пен  сыбайластық  қасіретіне  қарсы  қоғам  болып  күресудің 

жолында  құлшыныс  таныту  қажет.  Ал  бірақ  сын  топшылдық  пен 

жікшілдіктің,  өш  алудың  құралына  айналмауы  тиіс.  Бұл  –  Серіктестік 

басшылығы ұстанып отырған бағыттарының бірі. 

«Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  Төртеу  түгел  болса,  төбедегі 

келеді» деген қанатты қағиданы Серіктестікке қарасты еңбек ұжымдарының 

әрқайсысы  өз  тыныс-тіршілігінің  өзегіне  айналдыра  білген.  Осы  өлшемдер 

тұрғысынан келгенде, «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты еңбек ұжымдары 

былтырғы  және  биылғы  наурыз  аралығында  ауыз  толтырып  айтарлықтай 

жұмыс атқарғанын атап айтуға болады. 

«Ана  тілі»  –  ұлт  газеті.  Өткен  жыл  осы  басылымның  жиырма 

жылдығын атап өтуімен есте қалғандығы рас. 1990 жылы 22 наурызда өзінің 

алғашқы нөмірі оқырман қауымға жол тартқан бұл газет күні бүгінге дейін ел 

ішінің  көзқуанышына  айналып  келеді.  Газет  осынау  жылдар  ішінде  буыны 

қатайып,  тәуелсіздігімізбен  бірге  есейіп,  ержетіп,  нағыз  халықтық  мінберге 

айналды.  Қоғам  өміріндегі  өзекжарды  мәселелерге  үн  қосып,  қөзқарасын 

білдіріп  отыру  басылымның  өзіндік  бет-пердесін  айқындай  білді.  Ел 

тағдырындағы  елеулі  оқиғаларға  орайлас  жаңа  тақырыптар  дүниеге  келіп, 

мұның өзі редакция ұжымында шығармашылық серпілістер туғыза бастады. 

Осы  орайда  редакцияның  қонақжай  шаңырағында  зиялы  қауым  өкілдерінің 

басын  қосып,  дөңгелек  үстел  басында  өзекжарды  мәселелерге  орай 

сұхбаттасу  дәстүрге  айналды.  Айталық,  «Ендігі  керегі  –нақты  іс»  (18-31 

наурыз,  2010  жыл),  «Тіл  рухының  алдаспаны»  (21-27  қаңтар,  2010  жыл), 

«Тіл. Ұлт және тәуелсіздік» (3-19 маусым, 2010 жыл) деген тақырыптардағы 

өткізген  сұхбаттар  оқырман  қауымның  көкейіндегі  көптеген  мәселелерді 

қозғағаны  сөзсіз.  Газеттің  жиырма  жылдығы  ауқымында  редакция 

қызметкерлерінің  Маңғыстау,  Қарағанды,  Алматы  облыстарындағы 

кездесулері  нәтижелі  болды.  Оның  бір  айқын  айғағы,  осы  аймақтардағы 

оқырмандар қатары анағұрлым артты. 


Газеттің өзін жарнамалаудағы үлкен бір жобасы – «Ана тілінің» аруы» 

және  «Ана  тілінің»  сұлтаны».  Өткен  жылы  осы  екі  республикалық  байқау 

Ақмола  облысының  орталығы  Көкшетау  қаласында  өткізілді.  Жылда  бұл 

өнер  сайысы  Алматыда  ұйымдастырылатын.  Ал  былтырғы  шешім  өзінің 

ұрымталдығымен  оқырмандар  мен  осы  жобаның  жанашырларының 

көкейінен шыққаны сөзсіз. Себебі бұл екі жобада да ана тіліміздің мың сан 

құпиясы мен бояуы барынша паш етіліп, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-

санасына  байланысты  орындаушылар  өнері  әділқазылар  сарабына  түседі. 

Осы тұрғыдан келгенде, бұл өнер байқауының республикамыздың солтүстік 

облыстарда  өткізілуінің  үлкен  мәні  бар  еді.  Себебі  мемлекеттік  тіліміздің 

көкжиегі  әлі  де  болса  кестелене  қоймаған  осы  өңірлерде  тіл  саясатының 

насихатын осындай жобалар арқылы жүргізудың пайдасы ұшан-теңіз болмақ. 

Ал алдағы атқарылар жұмыс ауқымы мұнан да зор деп білеміз. Ел көлемінде 

жарияланған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

бағдарламасын  кезең-кезеңмен  жүзеге  асыруда  қыруар  күш-жігер 

жұмсалмақ. Осы орайда облыстардағы Тіл басқармалармен бірлесе отырып, 

Тәуелсіздіктің  20  жылдығына  орай  бірнеше  акция  қолға  алынбақ.  Соның 

ішінде  ең  елеулісі  Қазақстанмен  шекаралас  елдерде  тұратын  ағайындардың 

салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын,  рухани  дамуының  мәселелерін  зерттейтін 

экспедиция  өз  жұмысын  бастамақ.  Бұның  сыртында  ел  аймақтарында, 

әсіресе, түкпірдегі ауыл тағдырының әлеуметтік өзекжарды проблемаларына 

арналған рейдтер ұйымдастырылатын болады. Бұл акцияны редакция Қазақ 

телевизиясымен  және  радиосымен  бірлесіп  өткізеді.  Сонымен  қатар  2011-

2020  жылдарға  арналған  Тіл  бағдарламасына  орай  халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция ұйымдастырылады. 

Өткен  жылды  «Экономика»  газетінің  редакциясы  да  татымды 

қорытындылады  деп  есептейміз.  Редакция  жанынан  құрылған  ақылдастар 

алқасының  жұмысы  нәтижелі  болды.  Соның  бір  айқын  айғағы,  газеттің 

шығармашылық  ұжымы  жоғары  оқу  орындары  студенттерімен,  іргелі 

кәсіпорындар  қызметкерлерімен  ауық-ауық  кездесулер  өткізуді  дәстүрге 

айналдырды.  Мұның  нәтижесі  –  басылым  беттерінде  оқырмандарды  ойға 

жетелейтін мақалалар жариялана бастады. Айталық, «Біздің қоғамға білімді 

әрі рухани бай маман қажет» ( 27 мамыр, 2010 жыл), «Қазақ баспасөзіндегі 

экономика  тақырыбы:  тарих  тағылымы»  (14  қазан,  2010  жыл),  «Брендтің 

пайда  болуы  мен  дамуы»  (30  желтоқсан,  2010  жыл)  деп  аталатын 

материалдарда  авторлардың  ізденісі,  мәселені  бүгінгі  күнмен  қабыстыруға 

деген ұмтылысы айқын байқалады. 

«Экономика»  газетінің  редакциясы  болашақта  да  республикамыздың 

беделді,  белгілі  жоғары  оқу  орындарымен  орнатқан  тығыз  байланысын 

баянды етпек. Әсіресе, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Қ.Сәтбаев 

атындағы  Қазақ  политехникалық  университетінің  экономистері  газет  оқыр-

мандары  үшін  сырттай  сабақ  өткізуді  қолға  алмақ.  Республикамыздың 

маңызды  өндіріс  ошақтарындағы  құрылыс  жұмыстарын  журналистер 

бақылауына алып, бұл туралы сараптамалық мақалалар жазады. 

«Уйғур  авази»  газеті  –  негізінен,  халықтар  достығын,  ұлттар 


жарасымдылығын  кеңінен  толғап  жазудың  өзіндік  дәстүрін  қалыптастырып 

келе  жатқан  басылым.  Шыға  бастағанына  жарты  ғасырдан  артық  уақыт 

болған газеттің  шығармашылық ұжымы бүгінгі  күннің ең  өзекті  мәселелері 

төңірегінде оқырманмен ойласуды дәстүрге айналдырған. Осы орайда «Ұлы 

Жібек  жолында  түйіскен  достық»  (29  қазан,  2010  жыл),  «Отанды  сүю 

отбасынан  басталады»  (27  шілде,  2010  жыл),  «Еліммен  мақтанамын»  (  12 

қараша,  2010  жыл)  деп  аталатын  мақалаларды  атап  өтуге  болады. 

Серіктестікке  қарасты  қоғамдық-саяси  теориялық  «Ақиқат»  және  «Мысль» 

журналдары – ел тарихымен бірге жасасып келе жатқан басылымдар. Өткен 

2010 жылы республика көлемінде «Мысль» журналының шыға бастағанына 

90 

жылдығы  аталып  өтсе,  биыл  осындай  қуанышты  «Ақиқат»  журналының 



еңбек ұжымы өз оқырмандарымен бөліспек. 

«Мысль»  журналының  90  жылдығына  орай  республикалық  ғылыми-

теориялық конференция өтіп, онда ел өміріндегі толғаулы тақырыптарға орай 

баяндамалар  жасалды.  Шығармашылық  ұжым  мүшелеріне  сый-сияпат 

жасалып,  мемлекеттік  наградаларға  ие  болды.  Журналдың  арнаулы  нөмірі 

жарыққа шығып, оқырмандардың көзқуанышына айналды. Мұның сыртында 

нөмір  сайын  әлеуметті  тұшынтатын  мақалалар  жарияланып  отырды.  Бұл 

ретте  «Религия,  қоғам,  экономика»  (№4,  2010  жыл),  «Қазақстандағы 

этникааралық және дінаралық қатынастар: социологиялық талдау» (№5, 2010 

жыл), «Жаһандану жағдайындағы ақпараттық егемендік» (№8, 2010 жыл) деп 

аталатын материалдарды атап өтуге болады. 

Үстіміздегі жылы «Ақиқат» журналы өзінің 90 жылдығын тойламақ. 

Бұған дайындықты редакция алқасы өткен жылдан-ақ бастап кеткен еді. Осы 

оқиғаға орайлас журналдың арнаулы нөмірін шығару, халықаралық ғылыми-

тәжірибелік  конференция  өткізу,  республикамыздың  бірқатар  өңірінде 

басылымның  оқырмандармен  дидарласуы  секілді  іргелі  шаралар 

ұйымдастырылмақ.  Ал  өткен  жылы  журнал  бетінде  еліміздің  зиялы  қауым 

өкілдері  сөз  алып,  елдік,  бірлік  тақырыбы  төңірегінде  ой  бөлісті.  Әсіресе, 

«ЕҚЫҰ-ға төрағалық – Еуразиялық Қазақстанның өркениеттегі еншісі» (№1, 

2010  жыл),  «Шоқанды  қызықтырған  қолжазбалар»  (№5,  2010  жыл), 

«Мәдениет  пен  өркениет  хақында»  (№3,  2010  жыл)  деп  аталатын 

материалдар  мәселеге  терең  бойлай  білуімен  ерекшеленді.  Шыға 

бастағанына  3  жылға  жетер-жетпес  уақыт  болса  да,  «Үркер»  журналы  өз 

оқырмандарын  тауып,  олардың  көзқуанышына  айнала  білді.  Алдыңғы 

жылмен  салыстырғанда  оның  таралым  ауқымы  ұлғайды,  тиражы  өсті. 

Шығармашыл  жастардың  басылымы  болғандықтан,  жыл  басынан  «Үркер  – 

үміт» бәйгесі жарияланып, мәреге жетті. Жақын күндері оның жеңімпаздары 

да анықталатын болады. Журналдың негізгі мақсаты – жас таланттарды іздеп 

тауып, олардың талабына қанат бітіру. Осы тұрғыдан келгенде, редакцияның 

қызметкерлері журналға ықылас білдірген авторлардың қай-қайсымен де тіл 

табысып,  олардың  талабына  жол  ашуды  мақсат  етеді.  Бұл  ретте  жас 

таланттар  Айдана  Нұрмұханның  («Адам  болып  кету  –  парызың»,  №5,  2010 

жыл),  Эльмира  Оралбаеваның  («Сағыныш»,  №6,  2010  жыл),  Эльмира 

Ерікқызының  («Дүние  –  жарық»,  №11,  2010  жыл),  Кәусар  Лескенқызының 



(«Бұзылған уәде», №12, 2010 жыл) шығармашылығына редакция тарапынан 

сәт-сапар айтылды. 

«Қазақ  газеттері»  ЖШС-на  қарасты  газеттер  мен  журналдар 

республикамыздың  ақпараттық  кеңістігінде  өзіндік  орнын  айқындаған 

басылымдар  болып  есептеледі.  Олай  болса,  ел  өміріндегі  ұлылы-кішілі 

оқиғалар  қоғамдық  өміріміздің  айнасы  болып  табылатын  бұл 

басылымдардың беттерінде лайықты көрініс тауып келеді. Осы үрдіс алдағы 

уақытта да жалғаспақ. 

Биыл  –  ел  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы.  Оны  лайықты  қарсы  алу  – 

әрқайсысымыздың үлкен парызымыз. Президент Н.Ә.Назарбаев осы оқиғаға 

орай:  «Бұл  біз  үшін  тек  мерейтойлық  оқиға  ғана  емес,  жетістігімізді  де, 

кемшілігімізді  де  саралайтын,  болашақты  бағдарлайтын  кез»  деп  атап 

көрсеткені  белгілі.  Бұл  сөз  Елбасының  өзімізге-өзіміз  сын  көзбен  қарай 

білейік,  кемшілігімізді  біліп,  оны  шұғыл  түзету  амалын  қарастыра  білейік 

дейтін  талабынан  туындайтын  іс-қимылымыздың  бағдаршамы  болмақ. 

Демек, қазақ зиялы қауымының табиғатындағы сыншылдық дәстүрінің нақты 

мысалы  осы  тұста  айқын  көрініс  тауып  тұр.  Біз  сөз  басындағы  Ахаң  өлеңі 

әлеміне  бойлағанымызда  осы  бір  қасиетті  ойға  түйген  едік. 

Ахаң  өз  ұлтын  шексіз  сүйген.  Оның  туған  еліне  қалтқысыз  махаббаты, 

кіршіксіз  көңілі,  қазағы  үшін  отқа  да,  суға  да  түсіп,  оның  мұңын  мұңдап, 

жоғын  жоқтауынан-ақ  байқалған.  Ал  «Қазақ  салты»  мен  «Қазақ  қалпын» 

жазғанда  ұлтым  ұлы  болса  екен,  мешеу  қалпынан  арылса  екен  деп,  оның 

намысын  оятам  деп  үн  қатты.  Елін  жан-тәнімен  сүймеген  адам  бұлайша 

жанға  батыра  айта  алмас  еді.  Өз  арбам  көшке  ілессе  болды  деп 

мысықтілеумен  отыра  берер  еді.  Ал  Ахаң  өйтпеді.  Қазағын  қайрау  үшін 

«Қазағына» арқа сүйеді. Өз кезегінде «Қазақ» болса сахарада әр үйдің есігін 

қағып,  жаңалықтың  жаршысы,  демократиялық  көзқарастың  қоңыраушысы 

бола білді. 

Осы  үрдіс,  тағылымды  дәстүр  бүгінде  бүтіндей  қазақ 

басылымдарының  рухына  тән  болып  отырғанын  мақтанышпен  айтуға 

болады. Өйткені ұлы ұстаздың өз тілімен айтқанда: «Газет – халықтың көзі, 

құлағы һәм тілі» 

Ал  біздер,  журналистер,  өз  ұстаханамыздың  әрдайым  осынау  баға 

өлшемінен көрінуіне қызмет етуге тиіспіз. Халыққа қалтқысыз қызмет етуден 

асқан абыройлы шаруа болмас, сірә?! 

 

2011 жыл 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

                      

ТҰЛПАР МІНІП, ТУ ҰСТАҒАН 

                   

ағалар дәстүріне адалдық – парызымыз 

 

Тағдырдың  тайталасында  мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ  тарихының 



айнасы  —  баспасөзі.    Халқымыздың  сәби  көңіл  шаттығы  мен  куанышы,   

кайғысы  мен  мұң-зары,  дамуының  күнгейі  мен  көлеңкелі  кезеңі  таска 

басылған  сөзбен  өрнектеліп,  акыл-ой  мәйегімен  әдіптелген.    Ал  алаш  елі 

қашаннан  тасқа  басылған  сөзге  тәңірдің  өзіндей  сенген!  Міне,  баспасөз 

атаулының қүдірет-күші кайда жатыр дегенде осы бір ой орамдарына еріксіз 

тәк тұратынымыз хақ. 

Осынау  өлшем  биігінен  көріне  біліп,  өзінің  бастауын  сонау  XX 

ғасырдың  алғашқы  жиырма  жылдығындағы  «Қазақ»,  «Айқап»,  «Алап» 

«Сарыарқа»  тұрпатты  басылымдардан  бастау  алатын  бүгінгі  Қазакстан  газе 

журналдары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,  Мұхамеджан Сералин 

сынды  алыптар  мен  арыстар  тізгінін  ұстаған  көшті  лайықты  жалғастырып 

келеді! 


«Қазақ»  пен  «Айқап  «Оян,  қазақ!»  деп  жар  салып  ағартушылық 

міндетке  адалдық  танытса,  XX  ғасырдың  90-жылдарындағы  солардың 

мұрагерлері  халқыныңой-сана  үрдісіндегі  жаңғыртушылық  миссиясын 

мәртебелі орындады. 

Қазақ  елінің  тарихындағы  алмағайып  тұстарда  өтпелі  кезең  дейтін 

өлара шақта елдік мұрат биігінен көрінген ана тіліміздегі басылымдар туралы 

бүгінде қалай мадақтасақ та жарасымды. 

Егемендік пен тәуелсіздік жолындағы тайталастар да мемлекетшілдік, 

отаншылдық позициядан тайқымаған біздің әріптестеріміз қоғамдық сананы 

жаңғыртушылық  ролін  бертін  жаңартушылық,  жасампаздық  істерді    ортақ 

игілікке  айналдырсақ деген мақсат жолындағы үрдіске ұластырды. 

Тәуелсіздігіміздің  жылдық  тарихындағы  қандай  да  бір  толғаулы, 

тұлғалы  мәселе  қолға  алына  қалды  десек,  міне,  сол  үрдісте  иненің 

жасауындай  болса  да  қазақ  баспасөзінің  өз  үлесін  қосқаны  сөзсіз.  Бұл  – 

бұлтартпас  ақиқат!  Он  бес  жылдағы  өсуіміз  бен  өркендеуіміздің, 

ілгерілеуіміз бен іркілісіміздің 

М

әні мен маңызы газет сөзі болып қатталып, 



шежіредей сақталып сыр шертіп тұрғаны тағы мәлім! 

Қазір  бізге  Уақыт  шебер  жаңа  міндеттер      жүктеп  отыр.  Халық  пен 

билік  бұтақтары,  арасындағы  мәмілегершілік,  бітімгершілік  позицияны 

нығайту бүгінде қай кезеңдегіден де ауадай қажет болып



 

тұр. Ал Халыктан 

ұлы ешкім жоқ. Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін көсіліп жатқан 

кең даланы мекендеген қазақ этносы болмаса, Казақ елі мемлекеті де болмас 

еді.  Қазақ  мемлекеті  болмаса  жамағатқа  уәзипалы  сөз  айтатын  билік 

бұтақтары да болмас еді. 

Кербез    кеңселерде    іс  басындағы  кейбір  азаматтардың  кекірік  ата 

көсемсініп,  кердең-кердең  басып    жүргені  де  осы  Ұлы  Халықтың  арқасы. 



Алайда  Бейімбет  ағамыз  айтыпты  дейтін  «Ұлық  болсаң,  кішік  болды»  ел 

ішіндегі атқа мінерлердің ұдайы еске сақтай бермейтіндігі өкінішті-ақ... 

Осы төңіректе ой өрбіткенде баспасөздің бұқарашылдығына айырыша 

назар  аудару  қажет  екендігін  еске  аламыз.  Себебі  бізге  қазір  керегі  ат 

төбеліндей белгілі бір топтың ғана мүддесін насихаттайтын, соның ғана сөзін 

сөйлейтін  баспасөз  емес,  халқының  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтайтын, 

ертеңгі кеш елінің қамын жеп жүрген Елбасының төңірегіне қалың әлеуметті 

топтастыра  алатын,  елдік  мінберіне  айналған  баспасөз  керек.  Өйткені,  сөз 

бостандығы,  ой  еркіндігі,  демократия  даңғылы  деген  ұғымдарды  әркім  әр 

қалай  өзінше  өлшеп-пішіп,  баспасөзді  ұпай  жинау,  өш  алу  құралына 

айналдыру дәстүрге айналып барады... 

Еркіндік деген, әрине, жақсы. Бұл туралы француз ағартушысы Шарль 

Луй  Монтеське  былай  деп жазды:  «Мемлекетте, яғни  заңдары бар  коғамда, 

еркіндік тек өзінің калауға тиіс емес нәрсесін жасауға мәжбүрленбей, өзінің 

қалауы  тиіс  нәрсесін  жасау  мүмкіншілігіне  ие  болудан  тұрады.  Ненің 

тәуелсіздік,  ненің  еркіндік  екенін  түсіне  білу  қажет.  Еркіндік  дегеніміз, 

зандар  рұксат  еткеннің  бәрін  жасау  құқығы.  Егер  азамат  зандармен  тыйым 

салынған  нәрселерді  жасай  алатын  болса,  онда  оның  еркіндігі  болмас, 

өйткені калған азаматтар да соны жасай алатын еді. («Заңдар рухы туралы» 

А., 2004 ж. 180 б.) 

Қазір  қалың  бұқара,  Қазақстанның  елу  елдің  қатарыиа  кіру 

бағытындағы максатты міндеттерді қолдап отыр. Олар Жолдаудағы: 

— 

Әлеуметтік қоғам құрамыз деген идеядан; 



—  

Жемкорлық пен сыбайластыкқа қарсы күрес туралы бастамадан; 

— 

Елде  Демократиялық  реформаларды  жүзеге  асыру  туралы 



мемлекеттік комиссияның жұмысынан зор үміт күтеді. 

Осынау  ауқымды  мәселелер  күн  құрғатпай  назар  аударатын 

тақырыптарға  айналды.  Сондыктан  Елдік  мұраттарға  адалдық,  мемле-

кетімізде реттілік пен тәртіпті орнықтыру, сөйтіп өркениетті елдер қатарына 

қосылу  жөніндегі  мақсатты  идеяны  жүзеге  асыру  бағытында  менің 

әріптестерім,  бұқаралық  ақпарат  кұралдарының  өкілдері  де  өздерінің 

күшкуатын, қалам-қайратын жұмсайтындығы сөзсіз. 

Бұл ретте, қадірменді оқырман, өзіңіз бүгін үстіміздегі жылғы бірінші 

нөмірін  алып  отырған  қоғамдык-саяси  «Ақикат»  журналында  еңбек  етіп 

жүрген қызметкерлерге де едәуір міндет жүктелетіні белгілі. Өзінің алғашқы 

нөмірі  сонау  1921  жылдың  қыркүйек  айында  шыққаннан  бергі  кезеңде 

қоғамдық  өмірдің  айнасына  айналып  келе  жатқан  журнал  Уақыт  шежіресі 

десе де болатындай. 

Қазақ  зиялыларының  талай  ұрпағы  көз  майын  тауыса  окып,  бойына 

қуат,  ойына  шуақ  жиған  бұл  журнал  биыл  қандай  мәселелерге  назар 

аударады? Ең алдымен айтарымыз, «Акиқатта» саясат, экономика, руханият 

мәселелері төңірегіндегі толғамды ой орамдары бүгінгі күннің ең өзекжарды 

деген такырыптарымен әдіптеліп отырмақ. Айталык, «Мемлекетшілдік сана 

стратегиясы», «Ізгілікті коғамға барар жолда», «Елулікке енгенің — ертеніңе 

сенгенің»,  «Экономика,  бәсекелестік  белестері».  «Нарыктық  жүгін  нар 



көтерер»,  «Экономика  кластерлік  қадамдар»,  «Кеудесі  ағалардың  алтын 

сандық»,  «Қазақтану:  көсегелі  істің  көшінде»,  «Дін:  тылсым  дүние», 

«Дүниетаным:  сыр  сандықты  ашып  қара»  деп  аталатын  айдарлар  өздерінің 

атауынан-ақ байқалып тұрғанындай мазмұны жағынан бірін бірі толықтырып 

журналдың ажарын аша түспек. 

Осы  орайда  редакцияның  жанынан  ақпараттық  қолдау  орталығы 

құрылып,  ол  іргелі  ғылыми-зерттеу  институттары  және  жоғары  оқу 

орындарымен  бірлесе  отырып,  бірнеше  жобаларды  жүзеге  асырмақ.  Ел 

аймақтарында «Ақиқат» журналының күндерін өткізу жоспары тұр. Мүның 

бәрі  айналып  келгенде,  кезінде  Тұлпар  мініп,  ту  ұстаған  ағаларымыз  қол 

қойып, әр нөміріне өздерінің күш-қуатын, жүрек лүпілін арнаған журналдағы 

дәстүрге адалдық танытсақ, деген оймен өрелесіп жатқаны сөзсіз. 

 2007  

 


Каталог: blog -> wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы
blog -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blog -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blog -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blog -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blog -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blog -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blog -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
2013 -> Әуезе етіп айтар сөз иесін тапқан ән айдарлы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет