Аралық бақылау сұрақтары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі



бет1/20
Дата07.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#55703
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Аралық бақылау сұрақтары №4

  1. Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі.

Онтогенез - (грекше ontos - болмыс және генезис - шығу, даму) – организмдердің жеке даму процесі (тарихы), филогенезден айырмашылығы - тірі организмдер әлемінің даму (эволюция) тарихы.
Онтогенез терминін 1966 жылы неміс зоологы Е.Геккель енгізген.
Онтогенетика - онтогенез жүйесіндегі зат алмасу және морфологиялық процестерге әсер етуін зерттеу жолымен жеке дамудың генетикалық негіздерін қарастырады.
Онтогенездің бірнеше типтерінің ішінде айтарлықтай зерттелгені үшеу — дернәсілдік (метаморфозбен немесе тікелей емес даму), дернәсілдік емес (түзілу жұмыртқада өтетін тікелей даму) және құрсақішілік (туылуға дейін түзілуі аналық организм ішінде, жұмыртқа жолында және жатырда жүреді). Онтогенездің соңғы типі – айтарлықтай жетілген формасы — плаценталы сүтқоректілерде.
Тірі организмдердің жеке дамуы ата-анасынан гамета арқылы алынған генотип әсерінің нәтижесінде және сыртқы орта жағдайында өтеді.
Көпжасушалы организм ұрықтанған аналық жасушадан (зигота) жасушалар санынының өсу жолымен ғана емес (пролиферация), ұрық массасының жоғарылауы (өсуінен) арқылы да дамиды. Бір мезгілде жекелеген жасушалар тағдыры да анықталады. Бұл үдеріс детерминация ретінде белгілі. Детерминацияланған жасушалар маманданады (дифференциацияланады), яғни, нақты морфологияға ие болып, нақты қызмет атқаруға қабілетті болады. Бір мезгілде морфогенез жүзеге асады – ағзалар мен дене құрылымы түзіледі. Сонымен, детерминация, дифференциация, морфогенез, пролиферация, өсу, жасушалар миграциясы, жасушалар өлімі, яғни, әртүрлі морфогенетикалық үдерістер көп жасушалы организмнің даму негізін құрайды.
Жалғыз жасушадан – ұрықтанған жұмыртқадан – көп жасушалы организмдер денесін түзетін жасушалардың көптеген түрлі типтері пайда болады.
Организмнің қалыпты дамуының, қатерлі ісікке айналуының, иммуногенезінің, қартаюының қалыпты дамуының арасындағы байланыс заманауи медицинада өзекті болып табылатындықтан онтогенез механизмдерін зерттеу мәселелері ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудыруда. Мұндай жоғары қызығушылықтың тағы бір себебі – бұл молекулалық биология мен генетиканың гендер көрінісінің механизмдері мен олардың әсерін реттеу туралы көзқарастың қалыптасқан жүйесін құрған нәтижелері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет