Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78

Tapqan – то же, что и деревянная кровать, род беседки. Встречается в разговорном 

русском  языке,  функционирует  в  среднеазиатском  регионе.  В  словарях  современного 

уйгурского,  казахского,  узбекского  языков  слово  топчан  не  зафиксировано.  Возможно, 

оно функционирует в их определенных диалектах. В словаре Шиповой Е.Н. также оно не 

отмечено. 

В «Диване…» М.Кашгари слово трактуется как треножник, похожий на стол. Его 

используют при сборе винограда[14]. В русском языке слово топчан приобрело значение 

деревянной кровати, беседки без крыши. В уйгурском языке в этом значении используется 

заимствованное из арабского айван или пешайван. Слово тапчан, топчан в названных 

языках используется лишь как заимствование из русского языка

Шашлык – кушанье из зажаренных кусочков баранины, нанизанных на вертел.[15] 

В  соврменном  уйгурском  языке  вместо  этого  слова  используется  заимствованное  из 

персидского кавап, в казахском кэуап. Слово шашлык воспринимается как заимствование 

из русского языка. Бытует мнение , что слово образовано  от таджикского шаш, которое 

имеет  значение  шесть.  Однако  в  словаре  тюркизмов  Шиповой  Е.Н.  приводятся 

высказывания  и  безоговорочные  доказательства  тюркского  происхождения  слова 

шашлык. Все авторы считают, что слово произошло от six – lik,где первая часть означает 

вертел,  палка,  копье,  или  мясо  на  вертеле,  на  палке.  «Слово  старое,  известное  еще  со 

времен  Махмуда  Кашгарского:  šiš…  почему  по­русски  шашлык,  а  не  шишлик  –  не 

известно» ­ отмечал Дмитриев[16]. Махмуд Кашгари зафиксировал слово šiš и его вариант 

six со значением  палка, палочка, а также заметил, что доска, на которой раскладывается 

лапша для просушки, также называется six. Et šiška takildi  ­ мясо нанизано на палочки, et 



sixka takdurdi – мясо нанизали на палочки. Сами шашлычные палочки в уйгурском языке 

называются  зик,  в  узбекском  сих,  казахском  істік  следовательно?  Слово  образовано  от 

шиш  ­шаш  –зик­сик  –  палочки,  вертел  и  словообразовательного  аффикса  –  лик, 

выражающего принадлежность – зиклик – мясо, необходимое нанизать на палочки. 

Сейчас это популярное кушанье имеет русское звучание шашлык и производгные 

от  него  шашлычная,  шашлычник  и  др.  В  уйгурском  языке  кавап,  кавапчи,  кавапдан. 

Уйгуры  постсоветского  пространства  используют  наряду  со  словом  кавап  и  слово 

шашлык  или  его  уйгурский  вариант  шəшлик,  а  в  языке  уйгуров  СУАР  КНР  это  слово 

совершенно отсутствует и для уйгуров является чужеродным и непонятным. 

 

Заключение 

Таким образом, эти и ряд других  слов, зафиксированные еще в 11 веке великим 

ученым Махмудов Кашгари, в современных тюркских языках, в частности уйгурском, уже 

не используются и даже не входят в разряд архаизмов. Лишь некоторые из них, такие как 



башмак, кирпич, штан сохранены в некоторых диалектах. 

Русский  язык  во  все  времена  оказывал  влияние  на  языки  соседних  народов 

обогащая, порой нещадно засоряя их. Однако близкое взаимодействие тюркских языков с 

русским  имело  и  положительные  стороны.  Одним  из  таких  моментов  является 

заимствование  русским  языком  целого  пласта  тюркских  слов  и  сохранение  их  в  своем 

лексическом  фонде,  не  позволяя  им  бесследно  исчезнуть.  Со  временем  произошло 

обратное заимствование.  

На  современном  этапе  своего  развития  тюркские  языки  принимают  из  русского 

языка  исконно  тюркские  слова  как  вторичные  заимствования.  Отдаленность  русского 

языка  и  русскоязычного  населения  от  уйгуров  СУАР  КНР  не  способствует  влиянию  на 



133 

 

уйгурский  язык,  вследствие  чего  в  уйгурском  языке  этого  региона  отсутствуют  так 



называемые вторичные заимствования. 

 

Список литературы: 

1 Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке.­ Алма­Ата:  Наука,1976. ­ С.173. 

2 Махмут Кашкари. Тюркий тиллар дивани. – Урумчи: Хəлиқ нəшрияти,1981, т.3,­ С.149. 

3 Шипова Е.Н. ­С.72 

4 Махмут Кашкари. С.609, 399 

5 Махмут Кашкари.­ С. 93. 

6 Махмут Кашкари.­ С. 469. 

7 Русско­казахский словарь. Алматы:Дайк Пресс, 2995,­ С.1011. 

8 Шипова Е.Н.­С.183 

9 Махмут Кашкари –С.594.  

10 Махмут Кашкари –С.263. 

11 Шипова Е.Н. –С.423. 

12 Шипова Е.Н.­ С.423 

13 Уйғур тилиниң изаһлиқ луғити. Урумчи: Хəлиқ нəшрияти, 199, ­С.1338. 

14 Махмут Кашкари.­ С. 567. 

15 Шипова Е.Н. С.415. 

16 Шипова Е.Н. С.415. 

 

УДК 82 (091) 



Көпбаева М. Р. 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, қаласы, Тараз 

Сүлейменов көшесі, №7 А 

meruert_orleu@mail.ru

  

 

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ КӨРКЕМ ДИСКУРСЫНДАҒЫ ДАЛА 



КОНЦЕПТІСІНІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Abstract. In this article the concept of the field in the literary translation (by the discourse of 

Sh.Aytmatov)  the  prose  in  Shyngys  Aytmatov`s  translations`  discourse  “The  image  of  the 

writer's  language”  the  national  values  of  the  author  in  the  world  of  cognition  was  clearly 

described. 

To  show  Shyngys  Aytmatov`s  language`s  identity  was  made  the  model  of  cognitive 

concept  of  field,  the  structure  of  cognitive  was  determined,  the  main  concepts  of  specific 

examples was proven.  



Key words: discourse, cognitive, linguistics, linguistics,concept mentality. 

ХХ  ғасыр  əдебиеті  мен  мəдениетіне  ерекше  құбылыс  болып  енген  Шыңғыс 

Айтматовтың  шығармалары  əлемнің  көптеген  тілдеріне  аударылды.Əсіресе  социалистік 

қоғамда  өмір  сүрген  елдер  əдебиетінде  Айтматовша  жазу  үрдісі  бізді  бірте­бірте  кез 

келген  қолға  түскен  кітапты  бас  алмай  оқудан  тыйды.  Шыңғыс  Айтматовтың 

шығармаларын  оқығанда  тұтас  дүниеден  жанымызға  тым  жақын  етене  өмір  ағысын 



134 

 

суретке  сыйғызып,  сезінте  жазу  шеберлігінің  байқала  бермес  қуатын  сезінеміз,  сөз 



өнерінің құпиясына дендей енеміз. 

Жалпы  көркем  шығармаға  дискурстық  талдау  жүргізуде  автор  –  мəтін  –  оқырман 

үштігінің  бірлестігі  маңызды  орынға  ие.  Мұндай  пікірге  келуімізге  ғалым  Н.  Уəлидің 

көркем  шығарма  дискурсын  оқырманға  тигізер  ықпалы,  оқырманның  зерделеу  əрекеті 

тұрғысынан  зерттеудің  маңыздылығына  баса  назар  аударып,  антропоцентристік 

өзектілігіне  ерекше  мəн  беруі  себепші  болады.  Ғалым  оқырманға  бір  жақты  басымдық 

беріп қоймау керектігін де ескертеді [31, 32­б].  

«Дискурс  дəстүрлі,  когнитивті,  лингвомəдениеттану  ғылымдарының  зерттелуіне 

арқау  бола  алады,  бірақ  əр  ғылым  өзінше  жіктеп,  өзінше  бағалайды.  Дискурс  –  тілдік 

тұлғаның  қасиетін  көрсететін  тілдік  факті.  Дискурста  тілдік  тұлғаның  мынадай 

ерекшеліктері  байқалады:  1.  Сөйленіс  деңгейі.  2.  Ұлттық  таным  деңгейі.  3.  Сөз  қорыту, 

түсінік, ұғыну, сезіну деңгейі. 4. Қоғамдық ойының сипаты. 5. Интеллект деңгейі» [27,10­

б].  

Дискурста əлемнің тілдік бейнесі деп аталатын құрылым, ой көрінеді. Əлемнің тілдік 



бейнесі  күрделі  ұғымдық  құрылым  болғандықтан,  оның  табиғатын  ашып  түсіндіруді  əр 

зерттеуші өзіндік тұрғысынан шешеді. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне 

құрап,  адамның  дүниені,  əлемді  көзі,  тілі  арқылы  тани  алатынын  тұңғыш  рет  неміс 

ғалымы Л. Вайсгербер əлемнің тілдік бейнесі теориясын ұсынды [94]. Ол сөздік қор, яғни 

тіл рөлін тым əсірелеп, сөз арқылы əлемді танып­білуге болады деген қағиданы ұстанды. 

Бұл қанша тіл болса, сонша қоршаған əлемнің көрінісі бар деген сөз.  

Ш.Айтматов  дискурсындағы  əлемнің  тілдік  бейнесі  ұлттық  менталитеттің  өзіндік 

ерекшелігімен  айқындалады.  Тілдің  көркемдік­əдеби  тəсілдері  автордың  дүниеге  деген 

қатынасын суреттеп, ұлтымызға тəн ойлау үрдісінің негізгі ерекшеліктерінен хабар береді. 

Жазушы тіліндегі сөз қолданыстары – образдар əлемнің (шындық болмыс) тілдік бейнесін 

жасауға негіз болатын тілдік бірліктер.  

     Мақалада  негізгі  нысаны  ретінде  Ш.  Айтматовтың  «Боранды  бекет»  романы, 

«Бетпе­бет»,  «Қош бол, Гүлсары!» повестрі жəне  «Жəмилə»  əңгімесі алынады. Талдауға 

алынған «Боранды бекет» романының орыс тіліндегі түпнұсқасының авторы Ш.Айтматов,  

қазақ  тіліне  аударған  Ш.Мұртаза,  «Бетпе­бет»  повестінің  орыс  тіліндегі  аудармасының 

авторы  А.Дроздов,  қазақ  тіліне  аударған  Қ.Нұрмаханов,  «Қош  бол,  Гүлсары!»  повесті 

орыс  тіліндегі  түпнұсқа  авторы  Ш.Айтматов,  қазақ  тіліне  аударған  Ш.Мұртаза    жəне 

«Жəмилə»  əңгімесі  орыс  тіліне  аударған  А.Дмитриева,  қазақ  тіліне  аударған 

Қ.Нұрмаханов.Аталған 

шығармаларды 

талдау 

барысында 



Ш.Айтматов 

шығармаларындағы  көркем  дискурсындағы  дала  концептісі  жəне  оның  аудармадағы 

көрінісіне жан­жақты талдау жасалады. 

     «Дала»  концептісі  қазақтың  тілдік  санасында  сөздік  мақалаларының  түсіндірмесінің 

мағыналарынан  əлдеқайда  кең.  Бетегелі  далаларда  «қан  майдан  ұрыс»  болып,  халықтың 

тағдыры шешілді. Дала тарих сияқты, эпикалық мағынасы бар сөз.  

  Жалпы  «дала»  концептісінің  Ш.  Айтматовтың  «Боранды  бекет»  романы,  «Бетпе­

бет», «Қош бол, Гүлсары!» повестрі жəне «Жəмилə» əңгімесінде аударылуында түпнұсқа 

мен  аударманың  арасында  айтарлықтай  үлкен  айымашылық  жоқ  деуге  болады. 

Жоғарыдағы  авторлар  шығармаларды  аударғанда  көркем  шығарманы  аударудың 

талаптарын мұқият сақтағаныын атап өтуге тиіспіз. 

  Белгілі  лингвист  ғалым  Ж.М.Қоңыратбаева  Ш.  Айтматов  дискурсындағы  «дала» 

концептісінің когнитивтік моделін зерттей келе мынандай тұжырымға келеді: 


135 

 

 «Ш. Айтматов дискурсындағы «дала» концептісі когнитивтік моделінің кең бөлігін 



тыныштық–жалғыздық–сағыныш  үштағаны  құрайды.  Айтылар  ойдың  өрісінде  бұл 

үшеуі бір­бірімен жарыса, қат­қабат келіп, жазушының дала əлемі туралы индивидуалды­

авторлық  бейнесін  жасайды.  Сарыөзектің  созылып  жатқан  «алып  даласы»  үнсіз,  тып­

типыл: «көз жеткісіз жердің бəрі жымыңдаған жазира тыныштық»;  «əлемде желсіз, 



ың-жыңсыз,  ұлы  тұнжыр  тыныштық  мүлгіп  тұр»;  «айнала  құлаққа  ұрған  танадай 

тына  қалғаны  сонша,  ол  тек  өз  демін,  əуеде  ұшып  жүрген  масаның  ызыңын 

естіді...əлдене  болатындай  тып-тыныш-ау,  тып-тыныш...,  ал  адамдары  ой  түбіне 

шомған,  үнсіз  сағынышпен  əлдебір  нəрсені  іздейді:  «Едіге  жападан-жалғыз  көңілі 



құлазып,  жетімсірейді.  Айнала  тырс  етпейді,  ақ  түнектен  басқа  түк  көрінбейді. 

Қаранар  ара-тұра  басына  үйіріліп  қалған  қарды  сілкіп  түсіріп,  айнала  тыныштықты 

селт еткізгендей болады. Ал үстіндегі иесінің көңілі әлем-жәлем» [98].    

 Алдымен авторлар ұстанған талаптардың теориялық негіздеріне тоқтала кетейік. 

     «Боранды  бекет»  романының    орыс  тіліндегі  түпнұсқадағы  басталуының  өзі 

қазақтың құлазыған шөл даласының бейнесін беруден басталады.  

 Түпнұсқада: 

«Требовалась  большое  терпение  в  поисках  добычи  по  иссохшим,  буеракам  и 

облысевшим логам.  Выслеживая запутаннные до головокружения, суетливые  пробежки 

мелкой  землеройной  твари,  то  лихорадочно  разгребая  сусликовую  нору,  то  выжидая, 

чтобы притаившийся под обмыском старой  промоины  крохотной  тушканчик выпругнул  

наконец на открытое место, где его можно было бы  придавить  в два счета, мышкующая 

голодная  лисица  медленно  и  неуклонно приблежалась  издали  к  железной  дороге, той 

темнеющей  ровнопротяженной  насыпной  грядке  в  степи,  которая  ее  и  манила  и 

отпугивала  одновременно,  по  которой  то  в  одну,  то  в  другую  сторону,  тяжко  содрогая 

землю  окрест,  проносились  громыхающие  поезда,  оставляя  по  себе    с  дымом  и  гарью 

сильные  раздражающие  запахи,  гонимые  по  земле  ветром»  («И  дольше  века  длится 

день»ром,65-с.).  

Аудармада: 

«Тандыры кепкен өзектер мен тақыр жыраулардан қу құлқынға талғау табу үшін зор 

шыдам  керек.  Біресе  ін  қазғыш  мақұлықтың  шиыр­шимай  шалағай  ізін  кесіп,  біресе 

саршұнақтың  інін  апыл­ғұпыл  қазып,  енді  бірде  жырының  тұмсығына  тығылып  қалған 

атжалман  алаңқайға  секіріп  шықса  мүлт  жібермей  бас  салмақшы  болып  зарыға  аңдып, 

кəкір­шүкір  аулап  ақсиған  аш  түлкі  бүлкіл  жортақпен  алыстан  көрінген  темір  жолға 

қараса  жақындап  келе  жатты.  Даланы  қар  жарып,  ұзыннан­ұзақ  бозамықтана  жонданып 

жатқан шойын жол аш түлкіні əрі ынтықтырып, əрі үрейленгендей. Жерге жел ықтырған 

ащы кермек түтінін будақтатып, əудем жерді дүрсілдетіп, дүр сілкіндіріп иə шығысқа, иə 

батысқа қарай пойыздар зулап өтіп жатыр» («Боранды бекет» ром.14-б.)

Аудармада  пейзаждық  дала  бейнесі  мен  поэтикалық  ырғақ  дəл  берілген. 

Ш.Айтыматов  романына  арқау  болған  оқиға  қазақ  жерінде  өткендіктен  аудармашы  Ш. 

Мұртаза  барынша  қазақтың  ұлттық  ұғымына  сай  етіп  алуды  мақсат  еткенін  көреміз. 

Мысалы: «по иссохшим, буеракам и облысевшим логам» деген автор сөзінің қазақшадағы 

«Тандыры  кепкен  өзектер  мен  тақыр  жыралардан...»  деген  аудармасы  түпнұсқадағыдан 

əлде қайда əсерлі шыққан  жəне «дала» концетісінің тура мағынасымен шектеліп қоймай, 

концептінің  денотат  түрлерін  ала  отырып  танымдық  жəне  көркемдік  берілуін  орынды 

тапқан.  Романдағы  «тушканчик»  дегенді  аудармашы  қазақ  тілін  жетік  білетіндіктен 


136 

 

«сарышұнақ»,  «атжалман»  деп  дəл  атауларымен  алу  арқылы  да  даланың  келбті  туралы 



ұғымды келістіре түскен. 

Қазақтың  сайын  даласындағы  тыныштықты  барынша  орыс  тілінде  көркемдікпен 

берген  Ш.Айтматовта:  «В  перерывах  между  поездами  в  степи  наступала  внезапная 

тишина,  как  после  обвала,  и  в  той  абсолютной  тишине  лисица  улавливала  в  воздухе 

настораживающий ее какой­то невнятый высотный звук, витавщий над сумерчной степью, 

едва слышный, никаму не принадлижащий. То была игра воздушных течений, то было к 

скорой перемене погоды. Зверек инстинктивно чувствовал  это и горько замирал, застывал 

в  неподвижности,  ему  хотелось  взвыть  в  голос,  затявкать  от  смутного  предощущения 

некой  общей  беды. Но голод заглушал даже  этот  предупреждающий   сигнал  природы» 

(«И  дольше  века  длится  день»ром,65-с.).деген  жолдарды  аударуда  да  аудармашы 

түпнұсқадан  алшақтамайды,  қазақтың  сөз  байлығы  мен  тұрақты  тіркестерін  орынды 

қолдана отырп, əсерлі  жеткізеді: 

«Пойыз өтіп кетіп, келесі пойыз келгенше дала құлаққа ұрған танадай тына қалады 

да, сол əрі тылсым сəтте түлкі бұлдыр дала үстінде ғайыптан талып естілген болжаусыз, 

иесіз  заңғар  дыбысты  құлағы  шалып,  секемшіл  халге  ұшырайды.  Ол  ауаның  көзге 

шалынбас ағысы, ауа райының кешікпей өзгерер құбылысының хабары еді. Сорлы түлкі 

соны сезіп, тұла бойы азынап, қаһардан қалшиып, əлемге төнген əлдебір нəубетті əлсін­

əлсін аңлағандай, үнін шығарып жылағысы, шəу­шəу етіп үргісі келеді. Бірақ табиғаттың 

өзі аян бергендей осы бір үрейді аштық сезім жеңіп кете берді» («Боранды бекет» ром.15-



б.)

Түпнұсқадағы  «степи  наступала внезапная тишина» ауармада:  «дала құлаққа ұрған 

танадай  тына  қалады»  деп  қазақы  қалыптасқан  тіркес  арқылы  даланың  тыныш  қалін 

шыншыл бйнелеген.  

 Ш.  Айтматовтың  осы  романдағы  суреткерлік  дискурсына  назар  салсақ  көтеген 

тарихи  мəселелердің  астары  ашыла  түседі.«Боранды  бекет»  романы  –  қазақ  даласына 

қуаныштан  гөрі  қасіретті  көбірек  алып  келген  космосты  игеру  мəселесіне  алғаш  сүрлеу 

салған  тың  туынды.  Ел,  жер,  халық  тағдыры  жайлы  жазылған  бұл  шығарманың  тарихи 

шындықты  көркемдік  шындыққа,  өмірлік  ақиқатты  көркемдік  ақиқатқа  айналдырғанын 

аңғаруға  тиіспіз.  Жалпыадамзаттық  мың  жылғы  уайым  «Боранды  бекетте»  Боранды 

Едігенің  тұтас  ғұмыры  айнала  қауым­ел,  алма­кезек  құбылған  аласапыран  дəуір,  бітіп, 

таусылмайтын шексіздікпен ұласқан өмір əнінің төгілген адамзат ұғымымен белгіленген 

өлшемі шартты бір күннің аясында мазмұн түзеді.  

Шығарма  қазақтың  ұлы  даласының  қиян  шеттегі  бір  қолтығы  –  құла  түздегі  жан 

жүйені қозғамай қалмайтын етене көріністі тірілте баяндап басталады.  

«Тандыры кепкен өзектер мен тақыр жыралардан қу құлқынға талғау табу үшін зор 

шыдам  керек.  Біресе  ін  қазғыш  мақұлықтың  шиыр­шимай  шалағай  ізін  кесіп,  біресе 

сарышұнақтың  інін  апыл­ғұпыл  қазып,  енді  бірде  жыраның  тұмсығына  тығылып  қалған 

атжалман  алаңқайға  секіріп  шықса,  мүлт  жібермей  бас  салмақшы  болып  зарыға  аңдып, 

кəкір­шүкір  аулап  ақсиған  аш  түлкі  бүлкіл  жортақпен  алыстан  көрінген  темір  жолға 

қосара  жақындап  келе  жатты.  Даланы  қақ  жарып,  ұзыннан­ұзақ  бозамықтана  жонданып 

жатқан  шойын  жол  аш  түлкіні  əрі  ынтықтырып,  əрі  үрейлендіргендей.  Жерге  жел 

ықтырған  ащы  кермек  түтінін  будақтатып,  əудем  жерді  дүрсілдетіп,  дүр  сілкіндіріп  ия 

шығысқа, ия батысқа қарай пойыздар зулап өтіп жатыр» («Боранды бекет» ром.14-б.).. 

Шыңғыс Айтматов Жер əлемнің қай нүктесі де – орталық нүкте, маңызды екендігін 

меңзей  отырып,  алапат  ғалам  кеңістігіндегі  адам  қалпын  арқау  ету  арқылы  болмыс 



137 

 

заңдарымен  санасып  ғұмыр  кешу  міндетін  құлаққағыс  ете  отырып,  сана  жетпес 



құбылыстар, жойқын сезімдер, жүрдек түйсіктер құрсауындағы пенде баласының бейпана 

көрінгенімен,  жаратқан  иесіне  ғана  мəлім  тіршілік  тұғыры  туралы  атам  заманнан  бергі 

толғақты күй – жалпыадамзаттық таусылмайтын, сар­қылмайтын дастанды жалғастырады. 

Едіге  –  теория  тілімен  айтқанда,  типтік  бейне,  тұлға.  Бұған  Едіге  дəмдес  болып 

жүрген, Едіге əңгіме құрған, Едігемен еңбек жолында ұшырасқан жан иелерінің барлығын 

да  қосуымызға  болады.  Жазу  өнерінің  шеберлік  шыңдарын  мақсаткерлікпен  жаулаған 

Шыңғыс  Айтматов  шығармаларында  осал  ешкім  жоқ,  ештеңе  жоқ  екендігіне  осы 

«Боранды бекетті» қайта оқып шыққанда жəне бір мəрте түйсіне түскенім рас. 

Шыңғыс Айтматов жаратқан жарық дүниедегі жанды­жансыздың барлығын қармап 

отырғанда осылардың барлығын ұлы құдіретке бағышталған махаббатпен баурапты. 

Тылсым  жұмбақ  жаратылыстың  бір  ұстыны  –  Қаранар.  Аққұйрық  қара  сұңқардың 

зеңгір көктен қадалып төмендегі тым төмендеп кеткен тіршілікті бақылауы. Жемтік іздеп, 

дала төсіне бауырын басып, жандалбаса сенделіп жүрген түнгі түлкі. Батыстан шығысқа, 

шығыстан батысқа тынымсыз сабылып жататын пойыздар. 

Шыңғыс  Айтматов  дүниенің  «қарапайым»  құбылыстарын  əлемдік  құрылым 

заңдылықтарымен астасып жатқан мəн аясында таниды.  

Ғасырдан  да  ұзақ  күн  батқанда  қазақ  даласынан  аспанға  қарай  бірінен  соң  бірі 

атылып шығып бірнеше зымыран ұшқан. Əлі де ұшып жатыр... 

Айтматов  адамзат  ақыл­ойының  арамға  беттесе,  арзанды  қуса  алапат  қырғынға 

апарып  соғар  сойқанын  ұсақ­түйектің  тасасынан  да,  іргелі  істер  саналатын,  Ана­Бейітке 

кешегі  тұлғалы  елдің  бүгінгі  тұқымының  мүрдесін  өткізбеуге  шейін  жеткен 

«маңыздысынан»  да  өрбітіп  отырып,  адамзатқа  апат  өзінен  келетінін  айтпасқа  амалы 

қалмағандықтан, жан суыра жазылған туындысын ұсынып еді.  

Шыңғыс  Айтматовтың  қазақ  даласын  аялауы,  қазақтардың  өткен  тарихын 

қастерлеуі, қазақтардың ұлттық болмысындағы адамшылық қасиеттердің қанық бояуына 

шомылған  осы  шығармасына  қаламгердің  жалпы  адам  баласын  сүюдің  шуағымен 

шұғылаланған жан­жүрек ізгілігі дарыған. 

Жазушы  қаламы  жұмбақ  жаратылыстың  тілімен  сөйлеуге  оңтайлы  дей  салсақ, 

жадағай  айтылған  ой  болар  еді.  Мың  құбылған  тылсымды  тірі  күйімен  Айтматовша 

құйқылжыта жазу – тек Айтматовтың ғана қолынан шығатын өнер. 

«Сол түні далада ызғырық жел жалаңдап тұрған. Аяз қатая түскен. Қаранар қалап өз 

қамқорлығына алған, төрт інген бір пəкелеу төбенің тасасында сайда ықтап тұр еді. 

...Қаранар тыным таппады. Қос өркешті, иір мойын, дударбас, бақырауық қара айуан 

қар  суырған  қатқақ  жерді  таптай  береді,  таптай  береді.  Неткен  таусылмайтын  күш 

десеңші!  Ол  дəл  қазір  де  махаббат  машақатына  малтымақшы  болып,  біресе  ана  інгенге, 

біресе  мына  інгенге  барып  тиісіп,  қоңынан,  сауырынан  аямай  тістеп,  бір­бірінен 

ажыратып берекесін кетіреді. Оның мұнысы тойымсыздық, əрине. Інгендер оның дегеніне 

ынты­шынтысымен  күндіз  көнгендері  де  əбден  жетіп  жатыр,  ал  түнде  саябыр  тыныш 

тілейді.  Сондықтан  олар  да  бураның  тиісе  бергенін  жақтырмай  бақырып,  одан  азар  да 

безер  болып,  орынсыз  тілекті  орындамай,  мына  түн  баласына  тыныштық  тілейді» 



(«Боранды бекет» ром.79-б.)

Жан  иесінің  ішінде  Адам  баласына  бұйырған  əдеп,  ынсап  ұғымдарына  бағынбас 

табиғи  дүлей  түйсік  боларын  Қаранар  бураның  қаңтардың  қақаған  суығында  қаңғып 

кеткен, елді қан қақсатқан құмарлық хикаясымен əдіптеп отырып, əңгіменің бір ұшығын 

қайран Едіге ердің жан жүйесіндегі жарияға болмайтын жағдайдың күйімен жалғайды. 


138 

 

Романда  заман  ағысындағы  тарихи  бір  кезеңнің  адамның  басын  доп  қып  ойнатқан 



қитұрқы  құбылыстары  жалпыадамзаттық  кеңістік  аясында  барша  рухани  зардаптарымен 

бой  көтеріп  оты­рады.  Жазушы  белгілі  бір  басқару  жүйесі,  мемлекеттік  аппарат 

жаратылыстың əу бастан адамды аялаған заңдылықтарын бұзып­жарып, дүние үйлесімін 

тас­талқан  етіп  бүлдіруге  кірісіп  кеткен  сұмдық  алапаттардың  жан  суырған  азапты 

күйлерін  жеке  бас  тағдырлармен  бетпе­бет  келген  қоғамдық  машинаның  аяусыз 

қаттылығын  жаңғыртуда  жаңа  бір  əлемдік  көркемдік  кеңістік  түзеді.  Адамзат  тарихына 

кеңестік жүйе ұғымымен енген мемлекеттік құрылымның белгілі бір уақыт аралығындағы 

ғана  емес,  тұтас  тұйыққа  тірелген  қондырмасын  жалпыадамзаттық  мұраттардың  жолдан 

тайған  бақсыз  баяндылығымен  ұштастыра  отырып,  ой  жетпестей  өлшемдерді  қайырып 

əкеп бір тоқтамға астарлау шеберлігі керемет. 

Мыңдаған  жылдар  бойы  көшпелі  жұрттың  өмір  сүруінің  көзі  болған  төрт  түліктің 

қасиетті  мекені  қазақ  жерінің  төсін  шынжыр  табан  алпауыттардың  жүн  түткендей 

жұлмалай  бастағанын  көріп  күйзелмеген  жан  болмайды.  Осы  мəселені  көтеру  арқылы 

жазушының  ұлттық  мінезі  мен  ұлттық  менталитеті  қалыптасқаны  аңғарылады. 

Ш.Айтматов  тіліндегі  қазақ  ұлтының  кейпі  оның  прозалық  шығармаларындағы  əлемнің 

ұлттық  тілдік  бейнесі  ретінде  көрінеді.  Осы  орайда  тілші­ғалым  Г.  Смағұлова:  «Тіл  бір 

адамның  меншігі  емес  десек  те,  сол  тілде  сөйлейтін  жеке  адам  өз  ұлтының  бүкіл  бітім­

болмысы,  өмірлік  тəжірибесін,  дəстүрлерін  меңгеру,  сіңіру  арқылы  ол  да  өз  тарапынан 

ұжымдық  мəдениетке  үлесін  қосады.  Осындай  ерекшеліктер  арқылы  тұлға  ретінде  ұлт 

өкілі боп сақталады» [55,145­б].  

Жазушының  «Боранды  бекет»  романы  мəтін  тілінде  ұйымдастырылған  көркемдік 

əдеби  тəсілдер  жүйесі  кейіпкерлердің  ішкі  жан  дүниесін  суреттеп,  ішкі  дүниетанымын 

білдіреді.  «Пойыз  өтіп  кетіп,  келесі  пойыз  келгенше  дала  құлаққа  ұрған  танадай  тына 

қалады  да,  сол  əлі  тылсым  сəтте  түлкі  бұлдыр  дала  үстінде  ғайыптан  талып  естілген 

болжаусыз, иесіз заңғар дыбысты құлағы шалып, секемшіл қалге ұшырайды» («Боранды 

бекет» ром.16 -б.)

Осы  үзіндіден  байқағанымыздай,  жазушы  танымы  сыртқы  дүние  заттарына 

бағытталған тəрізді көрінгенімен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан 

бағдарласақ,  айтылған  үрдіс  үнемі  адамның  ішкі  дүниесінің  күрделі  құрылымдарын 

тудырып,  сондай­ақ  соған  сəйкес  оның  сипаты  да  өзгеріп  отырады.  Осыдан  танымның 

жүрісін  адам  баласының  ішкі  қажеттіліктер  дəрежесі  белгілейтінін  аңғарамыз.Айтматов 

талантының  сапалы  бір  ерекшелігі  ол  əрбір  кезекті  шығармасында  тың  өмірлік 

материалды  ала  отырып,  соны  стильдік,  композициялық  форма  пайдаланып,  жаңа 

образдар,  тосын  тұлғалар  тудырып,  ерекше    көркемдік  əлем  ашады.  Айрықша  ескерер 

жəйт  —  күні  бүгінге  дейін  ол  бір  шығармасында  қолданған  баяндау  тəсілін, 

архитектоника элементтерін екінші рет қайталаған жоқ. Үнемі, тұрақты қайталанатын бір­

ақ нəрсе бар. Айтматовтың барлық туындысының темірқазығы — адам, ауыр тағдырлы, 

трагедиялық қаһарман. Жəмиладан басталған осы арна Танабай, Едігеге жетіп, енді Авдий 

Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасып барады. 

Жазушы  творчствосындағы  ең  үлкен  сарын,  басты  пафос  өмірдің  сұсты  келбетін, 

тіршіліктің  қаһарлы  сырын  реалистік  дəлдікпен,  азаматтық  адалдықпен,  суреткерлік 

шыншылдықпен,  қаламгерлік  тереңдікпен  бейнелеу,  адамдар  тағдырындағы 

диалектикалық  қайшылықтарды  ашу,  өмір  мен  өлімнің  мəңгілік  тайталасындағы  жеке 

адамның орнын көрсету; жазушы науқандық, өткінші ұрандарға бой алдырмай, көркемдік, 

идеялық,  шыншылдық  талаптарын  берік  те  қатал  ұстанады.  Əдебиет  тарихы  қанша 



139 

 

тереңде  жатқанымен,  жазба    ескерткіштері  мол  болғанымен,  қазақ,  қырғызда  реалистік 



əңгіме,  повесть,  роман  дəстүрінің  шағындығы  əр  кезде  шаң  беріп  қалады.  Біреулер 

фольклорлық сарындарға түсіп кетсе, екіншілер əдеби схемаларға құрылады. Аңыз, миф 

байлығы мен реализм мектебіндегі шеберлік сырларын əлеуметтік,   психологиялық  проза   

сабақтарына     берік ұластырып, қазіргі заманның күрделі шындықтарын ашатын, ұлттық 

бояуы  қанық,  интернационалдық  байлығы  мол,  философиялық  терең  мазмұнды 

формасымен  көз  тартатын  жүзіктің  көзінен  өткендей  көркем,  ықшам,  қорғасындай 

салмақты туындылардың тұтас галереясын жасады. 

Белгілі бір тілде сөйлеушілердің дүниесі оның ұлттық салт­дəстүрі мен сөз əдебінде, 

наным­сенімінде, діни ұғымында көрініс тапқан – əлем жайлы мағлұматтар жиынтығы – 

əлемнің  тілдік  бейнесін  қалыптастырады.  Сол  себепті  Ш.Айтыматовьң  прозалық 

шығармаларында  əлем  бейнесінің  тілдік  көрінісін  жасауда  дала  концептісі  танымдық 

лингвомəдени  маңызға  ие  деген  қорытындыға  келдік.  Қазақ  халқының  таным­түсінігі 

бойынша  жас  ерекшелігінде  алшақтық  бар  туыстар  арасындағы  қалжыңның  өзінде 

эвфемистік  қолданыстарды  орынды  пайдалану  сыйластық  пен  жоғары  мəдениеттілікті 

аңғартады.  Жазушы  қарым­қатынастың  экстралингвистикалық  жағдайында  сөйлеушінің 

көзқарасы  бойынша  айтуға  əбестеу  көрінетін  сөздерді  эмоциялық  бояуы  жағымды 

атаулармен  шебер  ауыстырған.  Қаламгердің  эвфемизмдерді  кейіпкерлер  тілінде 

жұмсауынан  оның  тілді  жоғары  эстетикалық  талғаммен  пайдаланғаны,  халқымыздың 

ұлттық  сөз  əдебі  нормасының,  адамның  жеке  мəдениетінің  қалыптасуына  өз  ықпалын 

тигізгені деп тұжырымдаймыз.  

 Ш.Айтыматов  халық  тілі  байлығын,  ұлт  тілінің  табиғатын  өзінің  көркемдік 

құралдарының  бірі  ретінде  жəне  кейіпкер  бейнесін  (салт­дəстүрін,  мінез­құлқын, 

дүниетанымын,  тыныс­тіршілігін)  таныта  түсу  үшін  қолданған.  Жазушының  қолданған 

дəстүрлі дүниетанымдық лексикасы, мəдени лексика элементтері тіл мен ұлттың бірлігін 

көрсетеді,  ұлт  тіршілігінің  тілдегі  бейнесі  болып  табылады.  Осыған  орай  Ш.Айтыматов 

тілінде қалыптасқан символдық жүйені əлемнің тілдік бейнесі деп қарастырдық.  

 Жазушы  Ш.Айтыматовтың  қолданысындағы  метафоралардың  бойынан  бейнелілік,  экспрессивтік, 

баға берушілік, танымдық сияқты қасиеттерді байқауға болады.  

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет